Психология | Жануарлардың мінез-құлқы

 Психология | Жануарлардың мінез-құлқы

Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы
2.2. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы
2.3. Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы
ІІІ Қортынды бөлім
VI Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне қолданады. Ал жануарлар «құралды» тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар «құралды» қажет болар-ау деп тани алмайды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғаиа белгілі бір мәнге ие болады. Олардық заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін: Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінін, бірі — еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде менгереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларынын жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық өзгерістерге ұшырайды.
2.1. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.
Неғұрлым қарапайым омырткасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық "бағдарламалары", әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип - жүйке жүйесінің орталықтануы пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып, топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.
Құрттардың жағдайындағы жүйке жүйесінің күрделенуі олардағы неғұрлым жетілген қалыптасудың түрлерін, жаңа өздері игерген мінез-құлық түрлерін байқауға мүмкіндік береді. Мұны белгілі американдык психолог Иеркс көрсетті. Ол құрттарды сол жақ ұшына электр тоғы берілген Тәріздес түтікшеге (қарапайым лабиринт) салады. Экспериментті бірнеше рет қайталаған соң жауын құрты электр соққысынан қашуға және оңға қозғалуға "бейім" болады (150 сынақ). Егер осы төжірибені ұзақ үзілістен кейін қайталаса, "үйрену" екі есе жылдам болады (80 сынақ). Осыдан ганглиозды жүйке жүйесіндегі мінез-құлықтың жаңа түрлерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп қана қоймай, қалыптасқан бейімділіктерді сақтайды, басқаша айтқанда, жауын құртында естің белгілі бір түрі болады.
Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетін күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. Бұл әсіресе, жәндіктерден көрінеді. Яғни, жәндіктердің күрделі фоторецепторы, кейде мыңдаған жеке ұяшықтардан тұратын, фасетті көз сипатында болады. Ал омыртқалылардың фоторецепторы заттың бейнесін қабылдауға және бейнелегіш аппараттың - хрусталиктің көмегімен бейненің тұнықтығын өзгертуге мүмкіндік беретін, бізге белгілі, біртұтас көз пішінінде болады.
Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді химиялық рецепторлар , дәм сезгіш рецепторлар, вибравдялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиега келеді. Жәндіктердің мінез-құлық бағдарламаларының қызықтылығы соншалықты, тіпті арнайы қарастыруды талап етеді.
Күрделі бағдарламалардың туа бітуі мен тұқым қуалауы және инстинктивтік мінез-құлық түрінде таралуы, олардын ерекшелігі болып саналады. Бұл бағдарламаларды миллиондаған ұрпақтар қалыптастырады және дене құрылысының ерекшеліктері сияқты олар да тұқым қуалайды. Жәндіктердің туа біткен бағдарламаларының мысалдары өте көп. Олардың кейде күрделі болуы соншалықты, тіпті кейбір зерттеушілер оларды саналы мінез-құлық мысалы ретінде қарастырады. Мәселен, маса жұмыртқаларын су бетіне салады және де оларды тез кеуіп кететін кұрғақ жерге ешқашан салмайды. Офекс арасы личинкалары қорексіз қалмас үшін жұмыртқаларын жұлдыз құрт денесіне салады. Сондай-ақ тор тоқушы өрмекші жайлы, араның ұяшық жасап, оларды балмен толтырып, бетін торлап тастауы жайлы айтуға болады. Мұның бәрі көптеген авторларға инстинктерді саналы мінез-құлыққа жақындатып айтуға негіз берді.
Бұл мінез-құлықтың жұмбақ түрін этологтардың кейінгі зерттеулері ғана ашты. Олар күрделі іс-әрекеттің артында қарапайым механизмдер тұрғанын, ал инстинктивтік мінез-құлықтың бағдарламалары - бейімделгіш актілердің туа біткен циклдерін іске қосатын қарапайым талаптанулар арқылы пайда болатынын көрсетті. Осылайша, масаның жұмыртқаларын су бетіне салуы судың жылтырауына байланысты, сондықтан суды жылтыраган айнамен алмастырсақ, маса жұмыртқаларын айнаның бетіне сала бастайды. Ал өрмекшінің торға түскен шыбынға ұмтылуы шыбынның қозғалуына байланысты, егер торға камертонды тастасақ, өрмекші оған да ұмтылады.
Сипатталған механизмдер туа біткен мінез-құлық үрдістерін түсінуде айтарлықтай қадам жасауға және мінез-құлықты карапайым сипаттаудан, оныц инстинктивтік түрінің саналы түрінен қаншалықты айырмашылықта болатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық айтылған бақылаулар омыртқасыздарда болатын, туа біткен мінез-құлықтың күрделі бағдарламалары, жануардың тіршілік жағдайын білдіретін қарапайым сигналдар арқылы жүзеге асатынын анық көрсетеді. Мәселен, бал арасының балы бар гүлдерді талғауы кезінде гүлдің түсі сияқты сипат түрлеріне жауап қайтарады. Ара әр түрлі геометриялық пішіндегі суретгері бар қант ерітіндісі құйылған ыдысқа түскенде, үшбұрыш, төртбұрыш сияқты қарапайым пішіндерді әрең ажыратады, ал бес, алтыбұрышты жұлдызша тәріздес пішіндерді тез тауып алады. Бұл зерттеулер араның қажетті пішінді таңдап алуына себепші факторы болып — пішіндердің геометриялық қарапайымдылығы емес, олардың табиғи тітіркендіргіштерге - гүл пішіндеріне ұқсауы болатынын көрсетті.
Осы сияқты нәтижелерді араның түсті ажыратуына жасалған эксперименттер де көрсетті. Олар таза түстерден гөрі, гүл түсіне жақын аралас түстерді тез ажырататыны көрінді. Мұның бәрі мінез-құлықтың туа біткен бағдарламаларын іске қосатын сипаттарды бөліп алудың шешуші факторы болып тіршілік етудің табиги шарттары саналатынын білдірді.
Зоолоттар мен психологтар жасаған зерттеулер туа біткен инстинктивтік мінез-кұлықтын тағы бір маңызды ерекшелігі болатынын көруге мүмкіндік берді. Инстинктивтік мінез-құлықтың туа біткен бағдарламасы тек белгілі бір, тұрақты жағдайларда ғана мақсатты болады. Бұл жағдайларды шамалы «зерттсек, туа біткен бағдарламалар "саналы" мінезі мен мақсаттылығын жоғалтады. Мұны төмендегі мысалдардан көруге болады. Араның бір тұқымында мақсатты мінез-құлықтың қалыптасқаны байқалды. Ол өз олжасын салатын інге кірмес бұрын оны сыртқа қоя тұрып, ін ішінің бос екеніне көз жеткізген соң ғана олжасын енгізіп, ұшып кетеді.
Ара інге кіріп кеткен кезде сырттағы олжаны бірнеше сантиметрге жылжытьш қойса, іс айтарлықтай өзгереді. Бұл жағдайда ара олжаның орнында емес екенің көріп, оны қайта орнына әкеледі де, өзі жаңа ғана қарап шыққан інге кайта кіріп кетеді. Араның бұл мінез-құлқы бірнеше рет қайталана беруі мүмкін. Мұндай бақылаулар бал арасына да жасалады (ұяшықтардың түбін кесіп тастау). Мұның бәрі туа біткен мінез-құлықтың "инстинктивтік" бағдарламаларының механикалық, жанама екенін және өзінің "саналылығын" белгілі бір тұрақты жағдайларда ғана сақтайтынын керсетті.
Жануарлар тұрақты өзгеріп отыратын орта жағдайларына қалай бейімделеді? Олар салатын жұмыртқалар саны өте көп. Дүниеге келген дернәсілдердің шамасы ғана тірі қалады және де тұқым түрін сақтау үшін осы шаманың өзі жеткілікті.
Сонымен инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратьш қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.
2.2. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы
Жануарлардың жер бетіндегі тіршілікке өтуімен тіршілік түрлері де үлкен өзгеріске ұшырайды: қоректенуі қиындайды, орта құбылмалы болады, ал тұрақты түрде өзгеріп тұратын ортаға бейімделу қиындай түседі. Осымен бірге көбею түрі де өзгереді. Әрбір дернәсіл өзіне ұқсайтын 2-3, кейде 5-6 ғана еңдіреді, және жекелеген дернәсілдердің тірі қалуы тұқым түрін сактаудьщ шарты болады. Мұның бэрі жаңа, өзгергіш дара мінез-кұлықтың қалыптасуына биологиялық қажеттілік тудырады. Мінез-құлықтың бұл түрі төменгі омыртқалылардың бастапқы жаратылысында болып, эволюцияның кейінгі сатыларында үлкен орынға ие бола бастайды.
Қоршаған ортаға беймделудің қиындауы, ортаның құбылмалылығына жеке бейімделу мүмкіншіліктерінің, бейімделудің жеке құбылмалы түрлерінің пайда болуы эволюция үрдісі барысында жаңа жүйке аппараттарының қалыптасуына әкеледі. Олар сырттан сигналдарды қабылдап және туа біткен мінез-құлықтың жобаланған бағдарламаларын іске қосып қана қоймай, сонымен қатар алынған ақпараттарды талдап, мінез-құлықтың жаңа құбылмалы дара түрлерін тудыратын жаңа байланыстарды жасайды. Мұндай аппарат ретінде, құрылысы өткен эволюцияның ұзақ жолын білдіретін, бас миын айтады. Жануардың бас миы бір-бірінің үстінде тұратын деңгейлер немесе қабаттар қатарының түрінде кұрылған. Ми өзегінде орналасқан төменгі деңгейлер ағзанын ішкі күйін реттейді және олар жүйке түйіндері (ганглиелар) түрінде құрылған. Төменгі омыртқалыларда көбірек болатын бейімделудің ең қарапайым туа біткен бағдарламаларып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл деңгейлер инстинктивтік әрекегген аз ғана өзгеше болады. Мұндай ми құрылысының мысалы ретінде, инстинктивтік және аз құбылатын мінез-құлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ететін. бақа миын айтуға болады.
Неғұрлым жоғары денгейде ұйымдасқан жануарларда өзек аппаратының үстіне, қабықасты түйіндері мен көне қабыршықтан тұратын, күрделі құрылымдар, ал жоғары омыртқалыларда - көбірек дамитын және төменірек денгейдегі құрылымдарды толығымен қалыпты басқара бастайтын, үлкен жарты шарлардың жаңа қабық құрылымы орналасқан. Қабықасты құрылымдарының аппараттары құстар мен жорғалаушыларда басым бола бастап, кейінірек мінез-құлықтың туа біткен қарапайым түрлерімен байланыстағы дара құбылмалықтың сипатына ие болатын жеке мінез-кұлықтың жұмсақ түрлерін қамтамасыз ететін көне қабыршықтың аппараттары қалыптасады. Олар, әзірше, жануарға туа біткен және оның экологиясынын ерекшеліктерін білдіретін бейімділік әрекеттер түрлерінде болады.
Кейде жануарлар өмірінің қалпын кескіндейтін, өте күрделі туа біткен мінез-құлық бағдарламалары қарапайым ынталандырулар салдарынан болу мүмкіндігін талдау көрсетеді. Мысалы, жаңа туылған жануардың күрделі ему икемділігі, оның биологиялық тіршілік етуін білдіретін әр түрлі сигналдардың салдарынан болады: күшіктің ему икемділігі жұмсақ жүннің ықпалынан, қозыда -шүйдесінің қараюынан және т.б. Бұл мысалдар, бас мидың жоғары бөлігінің аппараттары жүзеге асыратын табиғи мінез-құлықтың негізгі түрлері, жануарлардың тіршілік ету жағдайларының әсерінен эволюция барысында қалыптасқан, туа біткен мінез-құлық бағдарламаларымен тығыз байланысын сақтайды.
Жоғарыда сипатталған аппараттарына, жоғары жарты шарлардың жүйке жүйесінің жоғарырақ деңгейі, дене салмагына байланысты салмағы көбірек орьш ала бастайтын, бас миының жаңа қабығының келесі аппараты бейімделеді:
Кит арыстан ит маймыл адам
1/10,000 1/540 1/250 1/100 1/40
Жануарлардың жоғары жарты шарларының эволюциялық даму өлшемі жануарлардың негізгі мінез-құлықтарының қалпын реттеуде шешуші рөл атқара бастайды. Бас миы қабығының негізгі қызметі, тек қана сигналдарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар мінез-құлықтың қалыптасқан көрнекті бағдарламаларын да іске қосуға, сыртқы ортадан түскен ақпараттарды талдауға мүмкіндік береді және де оның өзгерісіне бейімдейді, осы өзгерістерге сәйкес жаңа байланыстарды қамтып, жаңа құбылмалы-дара мінез-құлықты қалыптастырады.
Жоғары омыртқалылар эволюциясының соңғы кезеңдерінде қуатты дамитын бас мидың үлкен жарты шарларының қабығы экологиялық жағдайлардың тікелей эсер етуінен қалыптасады. Сонымен бұл - ақпаратты талдау мен жинақтаудың құрделі түрін қамтамасыз ететін аппарат және дара-құбылмалы мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі мүше. Бас миынын қабығы арқылы іске асырылатын дара - құбылмалы мінез-құлықтың механизмі инстинктивтік мінез-құлық механизмінен айтарлықтай күрделі. Нәтижесінде жануарлардың орта жағдайларына белсенді бейімделуіне ынталануларының бірі қоршаған ортадан бөлініп, жануардың қажетті мақсатқа жетуіне және төніп тұрған қауіптен сақтануына себепші болатын - мінез-құлықтың жаңа бағдарламалары мен жаңа байланыстарының пайда болуына әкеледі.
2.3. Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы
Эволюция баспалдағының шыңындағы омыртқалыларда "интеллектуалдық" мінез-кұлық деп атауға болатын мінез-құлықтың жаңа құбылмалы-дара түрлері пайда болады. Сонғысының ерекшелік мәні мынада: тапсырмаларға бсйімдслу, қозғалыс сынақтары болмай, мәселе шешімінің үлгісі қалыптаса бастайтын олардың қосымша алғы шарттары болады. Бұл уақыттағы қозғалыстар аталған күрделі әрекеттің орындаушы бөлігі ғана болады. Сонымен, эволюцияның жоғары кезеқдерінде ерекше күрделі мінез-құлық түрлері қалыптаса бастайды. Олардың күрделі кұрылымына мыналар енеді:
- мәселе шешімінің нүхқасын жасауға әкелетін бейімделуге бағытталған зерттеуші әрекет;
- мақсатқа жетуге бағытталған мінез-құлықтың құбылмалы бағдарламаларын қалыптастыру;
- орындалған әрекеттерді бастапқы ниетпен ұштастыру.
Жануарладың мінез-құлқының бұл түрін екі маңызды құбылыс ерекшелейді: экстраполяциялық рефлекс және естін күрделі түрлерінің дамуы. Кейбір жануарлар мінез-құлқынан олардың заттың тікелей қабылдануына бағынбай, оның қозғалыстарын қадағалап, күткен объектінің орын ауысуына бейімделуі эксперимент жузінде анықталған. Экстраполяциялық рефлекс құбылмалы-дара мінез-құлықтың жоғарырақ интеллектуалдық түрлерін қалыптастырудағы маңызды бастаулардың бірі болып табылады.
Интеллектуалды мінез-құлықтың қалыптасуының маңызды шартын тудыратын екінші бастау болып, қабылдаудың өспелі күрделілігі мен естін беріктігі саналады. Бұл айғақты кейінге қалдырылған реакциялар эксперименттері анық көрсеткен. Жануарды байлап, оның көзінше жәшікке жемді салады. Аз уақыттан кейін жануарды босатады: егер оның есінде із сақталса, онда ол жәшікке жүгіреді, егер сақталмаса, ешқандай әрекет жасамайды. Әр түрлі жануарлардағы бейнелі есте сақтаудың ұзақтығын мысал үшін көрсетейік:
атжалман - 10-20 сек. дейін
ит 10 мин. дейін
маймыл - 16-48 сағ.дейін.
Жоғары жануарлардың (маймылдардың) иителлектуалдық мінез-құлқын жүйелі түрде зерттеулерін белгілі неміс психологы В.Келлер бастады. Мінез-құлықтың бұл түрін зерттеу үшін, Келлер маймылдарға мақсатқа тікелей жетуге мүмкіндік бермейтін, қиын жағдайлар жасады. Маймыл тамағын алу үшін не айналмалы жолды пайдалануы, не бұл мақсатқа арнайы құралды қолдануы керек болды. Мәселен, маймылды үлкен темір торға кіргізіп, оның жемін сыртқа, қолы жетпейтін жерге қояды. Оны ол тек тордын артқы қабырғасындағы есік арқылы ғана ала алатын болады.
Келлер жасаған зерттеулер келесі көріністі байқауға мүмкіндік берді. Алдымен, маймыл тамақты тікелей алғысы келіп, оған қарай созылады немесе секіреді. Содан соң маймыл бұл табыссыз ұмтылыстарды тоқтатып, қозғалмай отырып, жағдайды бақылай бастады. Мәселе шешімі тікелей болатын сынақтар кезеңінен бакылау ұмтылыстары жағдайларының кезеңіне ауысып, маймылдың козғалысы алдын ала жасалған "шешім жобасының" орындалуы ғана болады.
Жануарлардың тапсырманы интеллектуалды тұрғыда шешуге қалай келетінін түсіндіру өте қиын және бұл үрдісті әр түрлі зерттеушілер әр түрлі сипаттайды. Кейбіреулері маймылдың мінез-құлқының бұл түрлерін адам интеллектісіне жақындатуға болады деп санап, оларды шығармашылықтың ашылу құбылысы түрінде қарастырады. Австриялық психолог К.Вюлер, маймылдың құралды қолдануын алдынғы тәжірибелерден (ағаштағы өмір сүретін маймылдар жемісті алуы үшін бұтақты тартуы керек болған) өтуінің нәтижесі ретінде қарастыру керек дейді. Қазіргі кезеңдегі зерттеушілердің пікірі бойынша, интеллектуалдық мінез-құлықтың негізін жеке заттар арасындағы күрделі қатынастардың көрінісі құрайды. Жануарлар заттар арасындағы қатынастарды ұғынып, осы жағдайдың нэтижесінен басым бола алады. Маймылдардың мінез-құлқын бақылаған И.П.Павлов олардың интеллектуалдық мінез-құлқын "қолмен ойлау" деп атады.
Сонымен жоғары сүт қоректілерге тән интеллектуалдық мінез-құлық өзінің ерекше жоғары дамуына адам тәріздес маймылдарда жатады. ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі