Экономика | Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері

 Экономика | Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері

Мазмұны

Кіріспе
1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мәні .
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі және оның қызметтері
2 Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
2.1 Инвестициялық жобалардың түрлері
2.2 Инвестициялық жобаларды әзірлеу және оларды экономикалық талдау
3 Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері
3.1 Инвестициялық тиімділігін бағалау әдістері және инфляция бағасына әсері
Қорытынды
Қолданылдған әдебиеттер


1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салым-дар), түрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық қүралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік қүқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы түрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты керсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уакыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
«Инвестиция» термині латынның іnvestire - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады, Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол сшқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық іабиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:
• кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
• жалпы даму стратегиялары;
• инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
• құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның иивестициялық тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңцау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі. 1.3.1 -кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру. Өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
1.3.1-кесте
Сатылары
Стратегиясы Пайда болуы Өсуі Жетілуі Ескіруі / Пайда болуы
Жалпы Нарыққа еніп, бекітілу процесінде өмір сұру Нарық сегментінің кеңеюі, іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз ету Іс-әрекеттің салалық диверсификациясы, пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасау Пайда нормасын сақтау және іс-әрекеттің бағыты мен нысандарының бір уақыттық жаңалануының қаржылық тұрақтылығы, дәстүрлі іскерліктің масштабтарын сақтау
Инвестициялық Бастапқы нақты инвестицияның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету Өндірістің және нақты қаржылық инвестиция масштабтарының кеңеюі Өндірістін техникалық қайта қамтамасыздан-дырылуы және кең масштабты қаржылық инвестицияландыру Жаңа құрылыс пен өндірістін қайта құрылуына нақтылы масштабты инвестицияландыру

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрыкдіаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

1.2. Инвестициялық жобалардың жіктелуі және оның қызметтері
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
• қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
• материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
• қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
• жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан кеп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• азаматгардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану қүқығына, басқа да мүліктік қүқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын темендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?