Курстық жұмыс: Психология | Заттық іс әрекет түсінігі

Курстық жұмыс: Психология | Заттық іс әрекет түсінігі казакша Курстық жұмыс: Психология | Заттық іс әрекет түсінігі на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................... 3
I Бөлім. Заттық іс-әрекет түсінігі, түрлері және оның даму факторлары.......................................................................................................... 4-10
1.1. Құрал-сайманмен іс-әрекет жасау........................................................... 10-11
1.2. Балаларда іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы….................... 11-15
1.3. Сана. Сананың пайда болуы. Баланың сана-сезімі............................. 15-16
II Бөлім. Заттық әрекет арқылы баланың сана-сезімін дамыту............. 17-21
2.1. Балалардың затпен әрекет жасауының жолдары............................... 21-22
2.2. Затпен әрекет жасаудың психологиялық негіздері............................ 22-23
Қорытынды............................................................................................................. 24
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................. 25


I Заттық әрекет түсінігі, түрлері және оның даму факторлары.

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, - дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ...анықтап алуға тиіспіз». Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекетің бірлігі, психиканың сі-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшіліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын, баланың түрлі қасиеттерін дамытады, қабілеті, белсенділігі өте жақсы байқалады.Ойында бала қандай болса өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан, келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.
Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет.Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да өзгеріп отырады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана-сезімімен ұғынбайынша , оған оқудағы формализмнен құтылу қиын болады.
Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер балада бірден пайда бола қоймайды.Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып келеді. Баланың жасы өскен сайын оның оқу мотивтерінің де мазмұны өседі.
Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі болып табылады. Еңбек адам тіршілігінің арқайы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К. У. Ушинский: «...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр-аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді.
Жас баланың еңбек дағдалары жанұяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш жастағы балалардың шешініп, киінуіне де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй ішіне қолғабыстигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы айтылғандардың бәрі – еңбек процесінің нақты көріністері. Баланың жасы өскен сайын, еңбек дағдылары да қалыптаса бастайды, оның шеңбері кеңейіп, мазмұны тереңдейді.
Іс-әрекет – бұл қосылу емес, субьектінің материалдық, денелік өмірінің көп молекулалы бірлігі. Тым тар мағынады айтқанда, яғни бұл – психикалық бейнелеумен жанамаланған психологиялық дәрежедегі өмір бірлігі. Оның нақты функциясы – субьектіні әрдайым заттық дүниеге бағыттап отыру. Басқаша айтқанда, іс-әрекет – бұл реакция және оның жиынтығы емес - өз дамуы, өзінің ішкі алмасуы мен айналуы, құрылымы бар жүйе. Психологияға іс-әрекет дәрежесін кірістіру психологиялық білімнің бүкіл ұғымдық құрылысын өзгертеді. Бірақ ол үшін осы категорияның маңызды байланыстылығы мәнанықтауларының барлығын толығымен алу қажет: оның құрылымын, спецификалық динамикасын, алуан түрлі формалардағы қалпын қамтыған жөн. Басқаша айтқанда, психологиядағы іс-әрекет категориясының алатын орны қандай болмақ деген мәселе қойылып отыр. Бұның өзінен бірқатар шешілмеген теориялық мәселелер туындап жатады. Әрине, менің олардың тек кейбіреуін ғана қарастыруға мүмкіндігім бар.
Адам психологиясы айналадағы адамдардың арасында, олармен бірлестікте және өзара әрекеттестікте немесе олармен тығыз, етене байланысып, айналадағы сыртқы заттар дүниесі арасында жүретін немесе ашық түрдегі ұжым жағдайындағы нақты индивидтердің іс-әрекетімен байланысты. Алайда іс-әрекет қандай жағдай мен тұрпатта өтпесін, қандай құрылымды болмасын, оны қоғамдық қатынастардан, қоғам өмірінен бөлек қарастыруға болмайды. Өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, индивидтің іс-әрекеті қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылған дүйе болып табылады. Бұл қатынастардан тыс адамның іс-әрекеті мүлдем жоқ, ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Іс-әрекеттің бейнесі, ең алдымен, материалдық және рухани қарым-қатынастың түрлері мен әдістері арқылы анықталады. Ал олар болса, өз кезегінде, өндірістің дамуы барысында қалыптасып отырады және нақты адамдардың іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
Әрине, әрбір жеке адамның іс-әрекеті оның қоғамда алып отырған орнына, жағдайы мен мүмкіндігіне тікелей байланысты.
Әсіресе адамның іс-әрекетін адам мен аған қарсы тұрған қоғам арасындағы қарым-қатынас ретінде түсінуден аулақ болған жөн. Өйткені соңғы жылдары психологиядағы белең алған позитивтік тұжырымдамалардың арқасында адамды қоғамға қарсы қою идеясы көптеп таралуда. Ол бойынша, жануар сыртқы ортасына қалай бейімделсе, адам да қоғамға «сыртқы орта»ретінде қарап, өмір сүру үшін, бұл әлемде өз орнын табу үшін бейімделуі қажет. Осы тұрғыдан адамның іс-әрекеті, мәселен, референттік топтың бағалауы арқылы көрінетін қолдаудың нәтижесінде пайда болады. Алайда қоғам – бұл адамның өз іс-әрекетін бейімдейтін сыртқы жағдайлар ғана емес, бұл сыртқы жағдайлардың өзі сол іс-әрекеттің мотиві мен мақсатына айналып болып отыр.
Жалпы айтқанда, қоғам өзін құрайтын индивидтердің іс-әрекетін айқындаумен айналысады. Әрине, іс-әрекет мұнад тек қоғамның қатынастары мен мәдениетін тұлғаландыруға бағытталған деу дұрыс емес. Өйткені оларды байланыстыратын күрделі айналулар мен алмасулар бар. Тек «индивид психикасының әлеуметтенуі» ұғымымен ғана шектеліп қалған психология үшін мұнан былайғы талдаусыз айналулар нағыз құпия күйінде қалуда. Бұл психологиялық құпия тек адам іс-әрекетінің пайда болуы мен оның ішкі құрылымын зерттеу барысында ғана ашылмақшы.
Іс-әрекеттің заттылығы оның негізгі немесе айқындаушы сипаттамасы болып есептеледі. Іс-әрекет ұғымының өзінде-ақ оның заты көрсетілген. Былайша «затсыз іс-әрекет» сөзі мағынасынан айырылған. Іс-әрекет затсыз көрінуі де мүмкін, бірақ іс-әрекеттің ғылыми зерттелуі міндетті түрде заттың анықталуын талап етеді. Сонымен, іс-әрекеттің заты екі түрлі көрінеді: алғашқыда – субьектінің қайта құрылған іс-әрекеті мен өзіне бағындырушы ретінде өзінің тәуелсіз болуы, екіншіде – заттың қасиеттерінің бейнесі ретінде психикалық бейнеленуінің жемісі ретінде субьект іс-әрекетінің нәтижесінің жүзеге асуы және басқаша жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Іс-әрекет пен психикалық бейнеленуінің пайда болуынан бастап, оның заттық табиғаты табыла бастайды. Адам денесінің құрылыс тіршілігі өзгермелі болғанымен, гомогенді ортады тек олардың өмір сүруін қолдайтын қарапайым бағдарлар жүйесінің күрделенген формасында ғана дамитыны көрсетіліп еді. Тек меңіреу тіршілікке ауысуда ғана, яғни процестердің үстіндегі заттар дүниесінің тіршілігіне ауысып, тура биотикалық мәнге ие болып, сыртқы әсерлерге жауап бере бағыттала алады. Сонымен қоса әсерлерден туындайтын процестерге ыңғайланып, бірақ олар тіршілік етпейтіндей өзінше бейтарап болуы мүмкін., дегенмен тірі дене бастапқы түрдегідей бағыттала алады. Осы процестердің қалыптасуы заттардың биотикалық қасиеттерінің үстіртін қасиеттердің, яғни битикалық қасиеттердің соңында жасырылуының есебінен болады.
Сонымен, адамзат пайда болғанға дейінгі адамның іс-әрекеті тіршілік процестерінен заттылықты тауып алғаннан басталады.
Іс-әрекеттің заттық мазмұнының дамуы өз көрінісін іс-әрекетті заттық ортада реттеп отыратын психикалық бейнелеудің дамуынан табады.
Нәрестелік шақта-ақ бала заттармен едәуір күрделі іс-әрекеттер жасайды, үлкендер көрсеткен кейбір қимылдарды үйренеді, іс-әрекеттерін басқа затқа аудара алады. Бірақ нәрестенің бұл іс-әрекеттері заттардың сыртқы қасиеттері мен қатынастарына ғана байланысты болады, мысалы, ол қасықты таяқша, қарындаш немесе кішкене күрек сияқты пайдаланады.
Нәрестелік шақтан ерте сәбилік шаққа ауысу заттар дүниесіне жаңаша көзқарастың дамуына байланысты болады- олар бала үшін тек іс-әрекет жасауға ыңғайлы обьект қана емес, сонымен бірге белгілі міндеті бар және пайдаланудың белгілі әдісі бар, яғни қоғамдық тәжірибеде оған бекітілген функциясы бар ұйымдар ретінде көріне бастайды. Баланың негізгі ынтасы затқа жаңа іс-әрекет жасауға үйренуге ауады, енді үлкендер осы істе ұстаз, көмекші, қызметші рөлін атқарады. Ерте сәбилік шақта бүкіл кезең бойына жетекші іс-әрекет болып табылатын заттық іс-әрекетке көшу жүзеге асады.
Заттық іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі мынада, мұнда бала алдында заттың қызметі алғаш рет ашылады. Нәрсенің қызметі міндеті олардың жасырын қасиеті болып табылады. Ол жай іс-әрекетпен ашылмайды. Мысалы, бала шкафтың есігін шексіз ашып-жауып, қасықпен ұзақ уақыт бойы еденді ұрғылауы мүмкін, бірақ бұл арқылы заттың қызметін, қасиетін білуде ешқандай да ілгері баспайды. Шкафтың немесе қасықтың не үшін керек екенін ажыратуға тек үлкендер ғана қабілетті.
Баланың заттардың қасиеті мен міндетін ажыратуға, мысалы маймылдың олардан бақыланатын еліктеу формасынан түбірімен өзгеше. Маймыл бақырашпен су ішіп үйренуі мүмкін, бірақ ол үшін бақыраш әрқашан сұйық нәрсе ішетін ыдыс ретінде қабылданбайды. Егер шөлдеп бақыраштан су көрсе, оны ішеді. Мал, егер дәл керек кезінде алдынан табылса суды шелектен де, немесе жердегі шалшықтан да іше береді. Дәл осы сияқты, маймыл бақырашты, су ішкісі келмеген уақытта басқа бір әрекет үшін пайдаланады: оны лақтырады, онымен әрнені соққылады т.б. Бала заттың қоғам бекіткен, сол сәттегі қажеттілікке қарай өзгермейтін тұрақты қасиетін үйрене бастайды. Әрине, одан бала аттың қасиетін үйренгеннен кейін оны тек қана сол мақсатқа пайдаланады деген ұғым шықпайды. Мысалы, ол қарындашпен қағаз сызғылауды үйрене тұра, сонымен бірге қарындашты домалатуды да, одан құдық жасауы да мүмкін. Бұл жердегі ең маңыздысы сол – бала заттың шын мағынасындағы не үшін керек екендігін біледі. Екі жасар ерке тотай бәтеңкесін басына киген кезде, өзіне-өзі күледі, себебі басқа кию емес екенін түсінеді.
Заттың іс-әрекет дамуының бастапқы кезінде қимыл мен зат өзара қатаң байланысты болады: бала өзі үйренген қимылды тек қана осыған арнаған нәрсемен орындай алады. Егер оған шыбықпен шашыңды тара немесе кубикпен су іш десе, ол мұны орындай алмайды да, іс-әрекеті босқа кетеді. Те бірте-бірте ғана қимылды заттан бөліп қарау жүзеге асады. Соның нәтижесінде сәбилік шақтағы балалар нәрсені өзінің негізгі қызметінен басқа мақсатқа пайдалануды немесе қазіргі іс-әрекетіне ыңғайланбаған нәрсемен қимыл жасауды үйренеді.
Сонымен, іс-әрекеттің затпен байланысы дамудың үш фазасынан өтеді. Оның біріншісінде бала затпен өзіне таныс іс-әрекеттің кез келгенін жасай алады. Екінші фазада зат тек өз қызметіне ғана пайдаланылады. Ақырында, үшінші фазада ескі іс-әрекетті қайталау жүзеге асады. Мұнда зат еркін бірақ мейлінше басқа дәрежеде пайдаланылады, бала заттың негізгі қызметін біледі.
Ұстап тұтатын затты пайдалану жөніндегі іс-әрекетті үйренген бала сонымен бірге осы нәрсеге байланысты қоғамдағы мінез-құлық тәртібіне де жаттығуының мәні зор. Мысалы үлкендерге ашуланған бала шыны аяқты еденге лақтырып жіберуі мүмкін. Әйтседе, сол бойда оның жүзінде үрей мен өкініш белгісі пайда болады: ол затты пайдалану тәртібін бұзғанын, ал ол тәртіпті орындау жұрттың бәріне міндетті екенін түсінеді.
Заттық қимылды игеруге байланысты баланың ол үшін жаңа жағдайдағы жаңа заттармен кездескенде бағдарлау мінезі өзгереді. Егер бала қолына таныс емес затты алып, онымен өзіне бұрыннан белгілі тәсілдерді қолданып, іс-әрекет жасаса, кейін оның назары жаңағы заттың неге керек екенін, оны қалай пайдалануға болатынын анықтауға ауады. «Бұл не?» - деген бағдар «мұнымен не істеуге болады?» дегенге ауысады.
Осы кезеңде игерген қимылдың бәрі бір типтес емес және баланың психикалық дамуы үшін оның бәрінің маңызы бірдей емес. Іс-әрекеттердің ерекшелігі, алдымен, заттың ерекшелігіне байланысты. Кейбір заттар анық белгілі бір пайдалану әдісіне ие. Олар – киім, ыдыс, т.б. Оларды пайдалану тәсілін бұрмалау мінез-құлық ережесін бұзғанмен бірдей бағаланады. Басқа заттармен әлдеқайда еркін айналысуға болады. Оған ойыншықтар жатады. Соның өзінде олардың арасындағы айырмашылық та өте үлкен. Кейбір ойыншықтар әдейі арнаулы әрекет жасауға бейімделіп жасалынған, сондай-ақ түрліше жағдайда қолдануға бола беретін ойыншықтар да бар. Баланың психикалық дамуы үшін пайдалануы біртекті заттармен іс-әрекетжасап үйрену неғұрлым маңызды.
Екінші жағынан алғанда, әр затты пайдалану әдісі де түрліше болады. Кейбір жағдайда затты пайдалану үшін жай қимыл жасаудың өзі жеткілікті. Ал, екіншіденнеғұрлым күрделі, заттың қасиетін, оның басқа заттармен байланысын есепке алуды қажет ететін қимыл керек. Психикада көбірек талап қоятын іс-әрекет психикалық дамуға көп жағдай жасайды.
Баланың ерте шақта сәбилік кезеңде игеретін қимыл-әрекетінің ішінен оның психикалық дамуына әсер ететіні өзара байланысты әрі құрал-сайманмен атқарылатын іс-әрекет болып табылады. Өзара байланысты іс-әрекет дегеніміз екі немесе бірнеше затты белгілі бір кеңістікте өзара қатынасқа келтіру. Мысалы, шығыршықтан шағын пирамидалар тұрғызу, әр түрлі құрастырмалы-жиырылмалы ойыншықтарды пайдалану, қорапшалардың қақпағын жабу.
Сәбилік шақта-ақ балалар екі түрлі нәрсемен іс-әрекет жасай бастайды – бір-бірін өткізеді, текшелейді, жабады т. б. Бұл іс-әрекеттердің ерекшелігі сол, мұнда балалар заттың қасиеттерін ескермейді – заттарды олардың формасы мен көлеміне қарап іріктемейді, оларды әлдебір ретімен алмайды. Ал, ерте балалық шақта игерілетін өзара байланысты іс-әрекет осылады есепке алуды талап етеді. Мысалы, пирамиданы дұрыс салу үшін шығыршықтардың көлемін ескеру керек: әуелі ең үлкен шығыршықты кигізіп, содан-соң рет-ретімен кішіректерін кигізе беру қажет. Матрешканы жинағанда бір тектес жартыларды іріктеп, алдымен ең кішкенесін құрастырып, сонан соң оны үлкенінің ішіне салады т. б Басқа да құрастырмалы-жиырылмалы ойыншықтармен іс-әрекет жасағанда заттардың қасиеттерін ескеру, бірдей немесе бір-біріне сай келетін элементтерді іріктеу, оларды белгілі тәртіппен орналастыру қажет.
Бұл іс-әрекеттер алынатын нәтижесімен реттелуі керек. Бірақ бала өздігінен мұндай нәтижеге жете алмайды, тіпті алғашқыда оған ұмтылмайды да. Пирамидалар тұрғызған кезде ол шығыршықтарды тік таяқшаға қалай болса солай өткізіп, қалпағын кигізгеніне мәз болады. Оған көмекке үлкен адам келеді. Ол балаға қалай, қандай тәртіппен жасау керектігін түсіндіреді. Жіберген қателігіне назар аударады, дұрыс нәтижеге қол жеткізуді үйренеді. Ақырында бала іс-әрекетті үйренеді. Бірақ ол әр түрлі жолмен орындалуы мүмкін. Бірде бала пирамиданы талдай отырып, әр шығыршықты қайда қойғанын есінде сақтай отырып, қайтадан жинаған кезде дәл бұрынғы тұрған орнына өзкізуге тырысады. Екіншіде ол байқап қарау әдісін қолданады - өзі жіберген қатесін өзі түзеп отырады. Үшіншіде қандай шығыршықты қашан, қай жерге қою керек екенін көзбен мөлшерлеп алады да, сол ретімен өткізеді.
Балаларда қалыптасатын байланысты іс-әрекеттерді орындау тәсілдері үйрену ерекшеліктеріне байланысты болады. Егер үлкендер пирамиданы баланың көз алдына қайта-қайта құрастырып, ажыратып тек қана орындау үлгісін көрсетсе, ол көбіне-көп әр шығыршықтың тұратын орнын жаттап алады. Егер үлкендер баланың назарын ооның жіберген қателерін көрсетуге және оны түзетудің жолдарына аударса, онда бала байқап қарау жолымен іс-әрекет жасайтын болады. Ақырында, шығыршықты алдын-ала өлшеп алуға, алдымен олардың ішінен ең үлкенінен іріктеуге жаттықтыру арқылы, оларды көзбен мөлшерлеуге үйретеді. Осы соңғы әдіс қана мақсатқа сай келеді, әрекетті әр түрлі жағдайда орындай алады.
Заттарды көрсету оқытудың көп таралған түрлерінің бірі болып табылады: балалар қуыршақ киімдерін, ойыншық мебельдерін, нағыз мебельдерді, ыдыстарды, үй ішінде тұтынылатын заттарды, еңбек құралдарын, сурет салу, мүсін жасау, құрастыру жабдықтарын көреді.
Тәрбиеші заттарды бәріне жақсы көрінетіндей етіп көрсетеді, ол туралы қысқа да, айқын айтып береді. Ол сәби балаларға: «Қараңыздар: мынау кішкене қылқалам, біз онымен сурет саламыз. Ол ұзын (көрсетеді), оның ұшы қыл (көрсетеді), олар үлпілдеп тұр. Қылқаламды бояуға малып аламыз да суретті саламыз» - дейді.
Заттарды көрсеткенде балалардың назарын заттың әр түрлі жақтарына, қасиеттеріне белгілі бір обьекті туралы шашыраңқы білімді біртұтас түсінікке біріктіру тәрбиешінің жетекшілік ролі болып табылады.
Суреттерді, илюстрацияларды көрсету баланың тілін дамыту, айналамен таныстыру жөніндегі жұмыстарда жиі пайдаланылады. Суреттің артықшылығы сол, балалар бақшасы жағдайында байқауға мүмкін болмайтын заттарды, құбылыстарды, осы суреттер арқылы көрсетуге болады. Суретте қандай да бір оқиға: «Демонстрацияға», «Жаңа клген қыз», «Қысқы серуен» және т. б. берілуі мүмкін. Сөйтіп суреттің балаларға жаңа білім беруде олардың бұрын кездеспеген дүние құбылыстарымен таныстыруды, алған білімдерін еске түсіріп, нығайтуға үлкен мүмкіндіктері бар.
Барлық балаларға бірдей көрсету үшін сурет үлкен, ал оған бейнеленген заттар – ірі де айқын болуға тиіс.
Тәрбиеші алдымен балаларға суреттің басты мазмұнын анықтауды, онда ненің бейнеленгенін айтуды ұсынады, содан соң балалардың назарын оның егжей-тегжейлеріне, бөлшектеріне аударады. Ол суретте балаларға бұрын болған нәрсе бейнеленгенін есепке алады; бірінші жағдайда, балалардың практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, педагог суреттің мазмұнын өзі түсіндіреді: екінші жағдайда, сурет мазмұнын олардың өздеріне айтқызады. Суреттерді көру кезінде сөздің, түсіндірудің атқаратын ролі үлкен. Тәрбиеші балалардың назарын бағыттап, суреттегі бір нәрселерді әдейілеп айтып, керекті бір нәрселерді ерекше бөліп көрсетіп, мектеп жасына дейінгілердің білімін, тәжірибесін сурет көруге жұмылдырады.

1.1. Құрал-сайманмен іс-әрекет жасау

Құрал-сайманмен іс-әрекет жасау дегеніміз бір заттың, құралдың екіншібір затқа әсет ету үшін қолдануылуы. Машиналарды айтпағанның өзінде, жай қолмен істеу құралдарын қолдану адамның табиға күшін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге оған құр қолмен атқарылуы мүмкін емес әр түрлі іс-әрекеттерді орындауға, жағдай жасайды. Құрал адамның өзі мен табиғат арасына қоятын жасанды мүшесі іспеттес. Ең болмағанда балта, қасық, ара, балға, қысқыш, сүргіні алып қарайықшы.
Әрине, бала ең қарапайым бірнеше құралдың- қасық, шыны аяқ, қалақша, күрек, қарындаштың – пайдалану жолымен танысады. Бірақ осының өзінің-ақ психикалық даму үшін маңызы зор, өйткені осы құралдарда барлық басқа құрал-жабдықтарға тән қасиеттері бар. Оларды пайдаланудың қоғам қалыптастырған әдістері бұлардың құрылымына белгіленген.
Құрал-сайман баланың қолымен ықпал жасалынатын заттың арасын байланыстырушы ролін атқарады. Бірақ бұл іс-әрекеттің қалай жасалынатыны құрал-сайманның құрылымына байлланысты. Қалақшамен топырақ қазу немесе қасықпен ботқа алу осы жұмыстарды қолмен атқарғаннан мүлдем өзгеше болатыны белгілі. Сондықтан да құрал-сайманмен іс-әрекет жасау баланың қол қимылын түгелдей қайта өзгертуді, оны құрал-сайманның құрылымына бейімдеуді талап етеді. Мұны қасықты пайдалану мысалынан талдап көрейік. Қасық құрылымы оған тамақ толтырып алғаннан кейін оны қисайтпай тік көтеріп, сол тура жолмен ауызға апаруды талап етеді. Ал қолмен ұстаған тағам олай емес, бірден ауызға апарылады. Демек, қасық ұстаған қол соған ыңғайлануы керек. Бірақ, қимылды ыңғайлау үшін бала құрал-сайманмен іс-әрекет жасалуы тиіс заттың қасық пен тағамның, қалақша мен топырақтың, қарындаш пен қағаздың-арасындағы байланысты ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Заттық іс әрекет түсінігі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Психология курстық жұмыстар, Заттық іс әрекет түсінігі, курстык Заттық іс әрекет түсінігі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Психология курстық ж, Курстық жұмыс: Психология | Заттық іс әрекет түсінігі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін