Педагогика | Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын оқу сабағында қолдану

 Педагогика | Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын оқу сабағында қолдану

Мазмұны
I.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
2.2. Дамыта оқыту технологиясын сабақ барысында пайдаланудың тиімді жолдары.
2.3. Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
2.4. «Дамыта оқыту технологиясы» бойынша бастауыш сынып оқушыларының жазба тілін дамытуға арналған жаттығулар.
2.5. Дамыта оқыту технологиясы бойынша сабақ үлгілері.
III. Қорытынды бөлім

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процес білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 тарауының 11 бабында осылай айтылған:
1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану;
Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады»-, деп жазылған.
Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген дамыта оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол.
Зерттеудің мақсат-міндеті:
 Еліміздегі және әлемдік білім стандарты негізінде оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялардың көзін зерделеу.
 Балалардың оқу – таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру.
 Оқу – таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету;
 Оқу – таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру;
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып (1-4 сынып) оқушылары.
Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмысын зерттеу, шығармашылық, болжамдық, практикаклық әдістер.
Жетекші идея: бастауыш білім беру үрдісіндегі шеберлікті, оқыта отырып дамытуды сабақтастыруды жүйелеу, баланың қоғам туралы дүниетанымының дұрыс қалыптасуына ықпал ету.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, тезаурустан, пайдаланған әдебиеттер мен практикамен байланыстан тұрады.
Кіріспе
Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет,ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет»-, деп атап көрсеткен.Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілік те жетерлік.
Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі;
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы;
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
- Сабаққа қызығуының төмендігі;
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы;
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін « дайын» білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Қазіргі кезде ҚР-да 12 жылдық 1-2 сыныптарында оқулықтарымен оқу әдістемелік кешендер сынақтан өтуде. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі – білімді қазығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ұлттық мектептердің кеңінен ашыла түсуі – пән мұғалімдеріне күрделі міндетті жүктеп отыр. Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді.
Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандарын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрларымен қамтамасыз ету өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру т.с.с. білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
II Негізгі бөлім
2.1 «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. К.Д Ушинский. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар № 1 кестеде көрсетілген:
№1 кесте
№ Технологиялар атауы Авторлары
1 Саралап деңгейлеп оқыту Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.
2 Модульдік оқыту технологиясы Жампеисова М.М.
3 Дамыта оқыту технологиясы Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В.,Зайцев В.
4 Проблемалық оқыту технологиясы Монахов М.
5 Ірі блокпен оқыту технологиясы Шаталов, Эрдниев П.М.
6 Жобалау әдістемесі Дж. Дьюи
7 Сын тұрғысынан ойлау Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

8 Жеделдетіп оқыту технологиясы
(тілді дамыту)
Жүнісбеков Ә.
9 Алдын-ала оқыту технологиясы Лысенкова А.
10 Тұлғалық гумандық технологиясы
Амонашвили Ш.
11 Шоғырландырып- қарқындап оқыту
(Концентрированно-интенсивноеобучение) Нұрахметов Н.Н.
Абдығалиев К.А.
12 Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы Ғалиев Т.Т.
13 Интерактивті оқыту технологиясы Каменский Я.А.
Бұл әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.
М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзінен, технология- оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:
1. Мақсат қою.
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:
 Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету
 Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі
 Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі
 Оқу үрдісін жобалау
Нәтижесінде оқу технологиясы төмендегі мақсаттарға жетуі тиіс:
 Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау;
 Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы;
 Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау;
 Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру;
 Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлілігін нақтылау;...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!