Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысы

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысы казакша Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысы на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................. 2-4
2. Негізгі бөлімі
I -тарау Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысын қалыптастыру...................................................................................................5-8
1.1 Мәтінге берілетін сипаттама мен анықтама........................................9-16
1.2 Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері....................................17-23
ІІ-тарау Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаудың дағдыларын қалыптастыру...............................................................................................24-25
II.1 Мәтінмен жұмыс істеу әдістері......................26-30
II.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
........................................................................................................................31-34
3. Қорытынды ...........................................................................................35-37
4. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................38-39

Диплом жұмысының көкейтестілігі
Бүгінгі таңда бастауыш мектепте ойлау және сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осыған орай, мектеп оқушыларының жазбаша білім, білік және дағдыларын, икемділіктерін дамыту қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы жүзеге асады. Яғни, мектепте баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін құрастырудан басталады. Сондықтан, оқушының сөйлеу тілін дамыту - мәтін туралы түсінік пен оны құрастыра білу икемділіктері мен дағдылары қалыптастыру болып табылады.
Мәтін құрастыра білу дегеніміз – мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамыту.
Тақырыптың теориялық қолданылымы
Бастауыш мектеп оқушыларының ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күн тәртібінде ең басты мәселе. Еліміздің әлеуметтік тілек-талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңарту, қоғамдық тапсырыстың талабына сәйкес дамыта оқыту, оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін енгізе отырып, өмір талабына сай жұмыс жүргізу оқытушыларға қойылатын талаптың күрделілігін сипаттайды. Сондықтан:
а) ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;
ә) мәтіннің құрылымын анықтау;
б) сөйлем қайырым ерекшелігін, мәтіннің жасалу жолдары және оның құрамды элементтерін көрсету;
в) мәтіннің түрлері туралы мәлімет беру;
г) оқушылардың мәтін құрастыру икемділіктері мен іскерлік, білім, білік дағдыларын шығарма жаза білу қабілеттерін арттыру.
Осыған орай, оқушылардың мәтін түзе білу икемділігін арттыру - мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіздің болуын қажет етеді.
Тақырыптың практикалық қолданылымы
Төменгі сыныптан ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары басталады. Олай болса, оқушының бойында сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесін дамыту - өзекті мәселе. Балаға тілді үйретіп, дамытуға қатысты А.Байтұрсынұлының ұсынып отырған тиімді әдіс-тәсілдер мен қағидалары:
1. Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
2. Мәтін көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының
ұғымына таныс және жақын болуы керек.
3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, қызық
әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
4. Тілді оқытуда тіл ұстартуға көркемсөзге де ден қойғаны дұрыс.
Қазақ тіл ғылымының негізін салуына А.Байтұрсынұлының қағидалары мен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы
Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары ана тілінің қасиеті мен байлығын бірі игертуге, екіншісі білуге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің алдындағы перзенттік борыштарымызды өтей аламыз.
Бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмыстары мынандай бағытта жүргізілсе:
1. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-
қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне
қаратып баулып алуы яғни тіл мәдениетінің жоғары болуы
шарт.
2. Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса.
3.Өтілетін мәтіндер, жаттығу жұмыстар қазақ баласының
халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы.
4. Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу.
5.Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны
іс жүзінде қолдана білу.
6.Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты
жазуға үйрету.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті
Қазіргі қазақ тіл білімінде мәтін мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі мәтін туралы білім негізін беру мектеп бағдарламасында қарала бастады. Яғни, мәтіннің құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктер туралы мәліметтер беріле бастады. Демек, мәтін туралы мәселе қазіргі тіл білімінде маңызды мәселе болып табылатындықтан, диплом жұмысы өзекті тақырыпқа арналған.
Жұмыстың мақсаты: - "Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруға дағдыландыру".
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
1. Мәтіннің сипаттамасы.
2. Мәтін, оның құрылымын анықтау.
3. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс істеу.
4. Сөздік қорды бастауыш сыныптарда дамыту ерекшеліктері.
Диплом жұмысын жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды: тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Диплом жұмысының зерттелу объектісі әдебиеттерді талдау барысында мәтіннің анықтамасы туралы бір тұрақты пікір қалыптаспағандығы анықталды.
Біздің елімізде XX ғасырдың 2-ші жартысынан бастап лингвистердің, әдіскер-ғалымдардың назарын аудара бастады.
Мәселен, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, А.Айғабылов, Х.Арғынов, Б.Шалабаев, Т.Қордабаев, А.Жаппаров сынды ғалымдар еңбегін ерекше атауға болады. Яғни, мәтіннің кейбір мәселелері өз шешімін тапқан деп айта аламыз.
Әйтсе де, мәтін синтаксисіндегі оның құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері туралы мәліметтер қазақ тіл білімінде әлі де маңызды мәселе болып табылатындықтан диплом жұмысының зерттелу объектісіне арналған.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттердің тізімі және сілетемелерден тұрады.
I -тарау Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысын қалыптастыру
1.1. Мәтінге берілетін сипаттама мен анықтама
Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: "Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда дама жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысы мен баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді", - делінген. Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты оқушыларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы, "Бұлақ көрсең - көзін аш", "Оқу өрге тартады, надандар жерге тартады", "Тіл - ақылдың өлшемі", "Тілі жеткенше сөйлеген - шешен, қолы жеткенше сөйлеген - көсем" деген этикалық ережеге айналған даналық сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту бастауыш мектеп оқушыларын тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді.
Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Ал сөйлеу ауызша және жазбаша болатын белгілі. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін құрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны құрастыра білу икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады.
Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырып, сөйлем арқылы жасалатыны белгілі. Сөйлем - синтаксиситің қарастыратын нысаны. Сөйлем жай және күрделі болады. Яғни құрмалас сөйлемнің анықтамасы: "Екі я бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді" деген пікірмен анықталады. Ал, бірнеше емес, ондаған сөйлемнің мәні де сол сөзбен түсіндіріліп, оны қайырым (абзац) деп, мәтіннің мәні ашылмай жүр. Сондықтан қазақ тіл біліміде, ғылыми әдебиеттерде, мектеп оқулықтарында мәтін туралы түрліше түсіндіру байқалады. Мәселен, мәтін түзетуі қайырымды белгілі бір үзінді, жаңа ойдың басталуы десе, мәтін сол шығарманың формасы деп те жүр.
Бұл пікірлерге қарағанда мәтін дегеніміз сөйлемдер арқылы жасалған шығарманың толық түрі, немесе мазмұнды өлшемі екендігін байқаймыз. Олай болса, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек.
Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады. Тіл дамыту жұмыстары мынандай бағытта жүргізілсе:
1. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баулап алуы яғни тыңдаушысын тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт;
2. Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса;
3. Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары,
иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық
ұғымына таныс және жеңіл болуы;
4. Тіл дамытуда мақал-мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, ойнақы
қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеп алыну керек;
5. Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу;
6. Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс-
жүзінде қолдана білу.
7. Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құрату және
ауызекі сөзде қолдана білу.
8. Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты
жазуға үйрету.
Демек: мәтін түзе білу үшін, ең алдымен, мәтіннің мазмұнына сай сөйлемдердің құралатыны туралы білім қалыптастырылады.
Ал мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін құрастыра білу қажетті мәселе. Сондықтан баланы шығарма жазуға үйретуден бүрын мәтін құрастыра білу икемділігі мен дағдысы қалыптастырылады. Ол үшін:
- Ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;
- Мәтіннің құрылымын анықтау;
- Мәтіннің жасалуы үшін оны құрайтын элементтерді, сөйлем
қайырым ерекшелігін көрсету:
- Мәтіннің түрлері туралы мәлімет беру;
- Мәтін құрастыру туралы икемділіктері;
Сондықтан бұл құралдың мақсаты баланың өз ойын жүйелі жеткізе білу үшін сөйлеудің нәтижесі мәтін құрастыру дағдылары мен икемділіктерін жетілдіру болды.
Лингвистика ғылымында мәтіннің табиғаты жайында бірнеше көзқарастар белгілі. Зерттеулердің бір тобы мәтіннің өзіндік белгілері, категориялары, тұлға, бірліктері бар нысана ретінде қарастырады. Ал, екінші тобы арнайы мәтін теориясын құрылудың қажеті жоқ деп, мәтіннің қызметін байланысқан сөйлемдерге телиді. Мәселен, А.Айғабылов «Мәтін дегеніміз бір тақырыпқа енетін мағыналық тұтастығы бар бірнеше сөйлемнің жиынтығы. Ол тақырып мазмұнына қарай ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін», - деп, мектеп оқушыларына лайықты анықтама келтіреді.
Соңғы кезде көпшілік ғалымдар мойындаған мәселе - мәтін құрайтын элементтердің бір-бірімен байланыстылығы мен мазмұн бірлігі. Олай болса, мәтіннің табиғи ерекшеліктерін ашу үшін, бұл мәселенің зерттелуін қарастырайық.
Мәтін тек соңғы он жылдықтарда ғана қолға алынып, зерттеле бастады. Сондықтан мәтіннің құрылымдық және мазмұндық жағынан зерттейтін тіл білімінің саласы мәтін лингвистикасы зерттеле бастады. Ал, лингвистикалық зерттеулердің аясының кеңеюіне байланысты осы жаңа сала шетелдердегі сияқты біздін елімізде де 60-жылдардың екінші жартысынан бастап лингвистердің назарын аудара бастады.
Мәтін ұғымы соңғы кезде мәтін лингвистканың зерттеу нысаны бола отырып, сөйлемдердің мағыналық және құрылымдық жағынан байланысқан сөйлемдердің жиынтығы деген мәселемен айтылады. Демек, зерттеушілердің назары мәтіннің бүтіндік, тұтастық жағынан, оның сөйлемдер бойынша құрылысындағы ортақ байланыстылық, заңдылықтары мен стилистикасын анықтауға аударылуда. Мұндай мәтіннің байланыстылық, тұтастық қабілеті осы терминнің этимологиясынан да аңғарылғандай-ақ: textum - латын тілінде «байланысу, тоқу» дегенді білдіреді.
Тілді үйретіп, дамытуға қатысты Ахмет Байтұрсынұлы төмендегідей тиімді тәсілдер мен қағидаларды ұсынған.
1. Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
2. Мәтін көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ
баласының ұғымына таныс және жақын болуы шарт.
3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-
жырлар, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
4. Тілді оқытуда тіл ұстартуға көркемсөзге де ден қойғаны
дұрыс.
Ахмет Байтұрсынұлы тілді дамытуда тиімді тәсіл деген әдіс-тәсілдердің әр түрін ұсынған. Әдіскер ғалым А.Байтұрсынұлының қағидалары мен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі.
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек-талабы тұрғысынан білім мазмұны жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді.
Демек, мәтін дегеніміз - өзін құрайтын сөйлемдер мен қайрымдардың жай қосындысы емес. Оның өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі тілдік категория. Яғни мәтіннің қалыптасқан өзіндік құрылымдық жүйесі бар. Яғни мәтін болу үшін оны құрайтын элементтердің олардың бір-бірімен байланыстылығын, яғни тұтас мазмұнын, жасалу құрылымын ажыратуымыз керек.
I. 2 Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері
Көптеген ғалымдар мәтін композицисын (құрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды деп Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мүны тудыратын себептер айтылады. Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін, фактілерді, іс-әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөлімінде сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін, тілек-мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс деп жүктелейді.
Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауға ғалымдардың пікірлері түрліше. Егер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп қараса, көпшілігі тек жазбаша сөйлеуді мәтінге жатқызады. Алайда мәтіннің мүшеленуі, бөлшектенуі, мағыналық тұтастық және құрылымдық байланыс сияқты белгілерді барлық зерттеулер мақұлдайды. Б.Шалабаев - оның тақырыбының болуы белгілі бір ойды хабарлауы тиянақты аяқталуы тақырыптың бірлікте тұруы, мәтін компоненттерінің жалпы бір ортақ пікірге бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы, мәтін бөліктерінің, сөйлемнің байланыстылығы, оның стильдік бірлікте болуы деген пікір айтады. Біздің ойымызша - мәтіннің жоғары айтылған белгілеріне мына төменгі белгілерді қосуға боладыдеп есептейміз. Олар: мәтіннің жүйелі басталып, жүйелі аяқталуы, оны мәтін құрайтын элементтер (сөйлем, қайырылым) арасында логикалық және грамматикалық байланыстар қамтамасыз етеді. Мәтіннің көлемдік құрылымы - тіл құралын пайдалана отырып, оның дара және универсаль мағынасының бейнеленуі, сол мағынаның қайталанбас өзіндік көрінісі. Б.Шалабаев - мәтіннің универсал мағынасына кеңістік пен уақытты жатқызады. Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не нұсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық терминдер, этнонимдер, табиғаттың не үй жайдың белгілерін бейнелейтін сөздер, мекендік үстеулер, диалектизмдер экзотиканы білдіретін сөздер және кісі аттары.
Сөздікте бұлардың біреуі емес, тек кейбіреулері мекендік мағынаны білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштердің аясы кеңиді.
Шындыққа жүгінсек, тәжірибеде көрсеткендей орыс тілді орта сынып оқушылары төменгі сыныптардан ауызша баяндау, яғни сөйлеу тілін меңгермей келеді. Ауызша сөйлеу әңгімелеу дағдысы жетілмей, мәтінді әңгімелеп, баяндап бере алмайды. Мұның себебі орыс мектебіндегі қазақ тілі - әдістемесі орыс тілді оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауын, жеткіліксіз ескереді, керісінше оқушылар да қазақ тіліне мән бермейді, мәтінге үрке қарайды. Оқушылардың ауызша сөйлеу тілі мазмұнға бай және мәнерлі, көркем болуы үшін мәтін арқылы жаттықтыруды енгізу қажет. Бұл орайда мәтін арқылы жаттықтыру - тартымды тәрбие. Себебі, қазақ тілін орыс тілді оқушыларға оқытып, үйретуде мәтіннің алатын орны, атқаратын қызметі ұшан-теңіз, жалпы ауызша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан басталады дедік. Ал басқыш жоғарылған сайын бұл мәселелер күрделене түсуге тиісті. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамытып, тілдің негізін қалыптастыру үшін мына төмендегі жағдайларды қарастырдық:
1. Мәтіннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну
2. Мәтінге тақырып беру
3. Мәтінді баяндай білу
4. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.
Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол көркем мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Шығарма мазмұнның белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік құралдар арқылы көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады (жыл, ай, күн т.б.). Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың аттары, тарихи болмыс, қызмет, адамның әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекен-ұйым, қоғамының т.б. аттары. Шығармада суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғаларды да уақыт көрсеткіштері болып табылады. Мәтінде бейнеленетін уақыт 3 түрлі: өткен шақтық, осы шақтық, келер шақтық болып келеді. Бұлардың әрқайсысының да жеке-жеке тұрғыда көркем шығарманы баяндау жоспардың негізін қарауы мүмкін. Мәселеде сөз болатын оқиға, іс-әрекет баяндау кезеңіне сай келу не оның алдында өтуі де, немесе кейін өтуі де мүмкін.
Немесе нақтылы шығарманы бейнелейтін уақыт түрлерінің бірігіп жымдасуының көптеген варианттарын кездестіреміз.
Мәтіннің құрылымдық тұлға бірліктеріне сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, қайырым жатады. Олардың арасындағы байланыстар логикалық, грамматикалық және себеп-салдарлық жүйе арқылы іске асады. Онсыз тұтастық белгісі қамтамасыз етілмейді. Мыс: «Қырағы бала».
Кешкі уақыт. Күн батып бара жатқан кез. Аспан бұлтсыз, ашық. Таң алдында жауған қар, үрлетіп боратпаған соң, әлі сол ұлпа күйінде көбіктеніп жатыр. Оның беті сәуле түскен шынындай жылтылдап көз ұялатады. Алыстан қар жамылған тау да мүнартып, бұлдырап көрінеді. Ертеңгі әбден дайындалғаннан кейін, осындай әдемі, ашық кеште сырғанақ тебуді өте ұнататын Самат бір кісілік шанасын сүйретіп, үй сыртындағы үйілген биік қарға сырғанақ тебу үшін әдемілеп шыққан еді.
Шана үстінде отырып, танымаған аңға күдіктене қарай қалған Самат одан көзін тайдырар емес. Жан-жағына жалтақтай, аяғын еппен басып, қардан басы ғана көрінетін сояу шөптердің арасынан кетіп бара жатқан аңнан көз жазып қалам ба дегендей, шұқшия түседі. Бұл мәтінде тақырыбына орай баланың қырағылығы туралы ақпарат беру үшін мәтін қайырымдарға бөлінген. Ол қайырымдағы сөйлемдер баланың бір қасиетін анықтау үшін бір-бірімен байланысқан.
Мәселен, бірінші қайырымда кіріспе, яғни оқиғаның уақыты мен орны сипатталған. 2-і қайырымда баланың тынығу, ойнау әрекетін жүргізетін орны мен уақыты хабарланады. 3-і қайырымда аңғарғыштық, байқампаздық қасиетін хабарлайды.
Нәтижеде баланың бір кеште болған әрекеті арқылы оған қорытынды баға беріледі. Демек, көлемді мәтіндер ең алдымен шағын мәтін, көлемдік мәтін, (микромәтін, макромәтін) болып бөлінеді. Ал көлемді мәтін тармаққа, тақырыпқа, ал олар қайырымға жіктеледі. Сонымен мәтін дегеніміз - сөйлеудің нәтижесі, яғни қарым-қатынастың мақсаты, түрі, стиліне қарай түрленеді.
Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Егер 1 сөйлем құрмалас сөйлем болып, өте жайылыңқы болса да, оны біз мәтін деп айта алмаймыз. Мұнда тиянақты ой болғанымен ол мәтін бола алмайды, бар болғаны - сөйлем. Ал, бұл сөйлем синтаксистің құрмалас сөйлем заңдылықтығы бойынша үйлескен, яғни мәтіннің заңдылығынан өзге. Бұл құрмалас сөйлемді жеке, тиянақты сөйлемге бөлшектеуге болмайды.
Мәтіндегі сөйлемдер де байланыс заңдылығын сатап бір-бірімен ажыратылып бөлшектеуге келмейді. Осыған орай, мәтін кемінде екі, немесе бірнеше сөйлемдерден тұрады деуге болады. Сондай-ақ көлемді мәтін бірнеше сөйлемнен түратын қайырым өзімнің бастауы - тақырыптық сөйлем және қайырымдық фраза болып табылады. Сонымен бірге мағына мен формасы жағынан тізбектеле байланысқан сөйлемнің сөйлемде аяқталған интонация мен ұзақ үзіліс арқылы беріледі. Кез-келген мәтін әдетте бірнеше сөйлемдерден тұратын жеке-жеке маңызды бөліктерге бөлген. Осындай әр бөліктер жаңа жолдан басталады, яғни жолдың басқа жағында оңға қарай бос орын қалдырылады. Бұл қайырым деп аталады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ тілі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар, Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін