Курстық жұмыс: Психология | Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту

Курстық жұмыс: Психология | Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту казакша Курстық жұмыс: Психология | Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара ынтымақтастығы
1.1 Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру 6
1.2 Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығының
түрлері 16
2 Мектепке дейінгі мекеме мен обасындағы тәрбиені
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
2.1 Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның бірлігін дамыту 19
2.2 Мектепке дейінгі мекеменің оқу – тәрбие жұмысын бақылау және
басшылық жасау 25
2.3 Балабақшада ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастырудың
маңызы 26
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33.

Кiрiспе
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Зерттеу мақсаты. Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту.
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара ынтымақтастығын күшейту;
- Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығының түрлерін қарастыру;
- Мектепке дейінгі мекеме мен обасындағы тәрбиені ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін қолдану;
- Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның бірлігін дамыту;
- Мектепке дейінгі мекеменің оқу – тәрбие жұмысын бақылау және басшылық жасау;
- Балабақшада ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыру.
Зерттеудің объектісі. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні. Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын джан-жақты дамыту.
1 Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара
ынтымақтастығы
1.1 Отбасындағы балалар тәрбиесін қалыптастыру
Қазіргі елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, өз тілі мен дінінің орнығуы, өркениетті елдер қатарына қосылуына талпыныс жасауы – ел ертеңі болашық ұрпақ тәрбиесіне жауапты қарауды көздейді. Бұл жөнінде «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасында», «Негізгі мақсат – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойына басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп атап көрсетілді.
Сол себепті нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, кемелденген азамат болып қалыптасқанынша бір мақсатты тәрбие беру үрдісі ұйымдастыру басты міндеттердің бірінен саналып, жұртшылық назарын аударуда. Бұл міндетті жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің үлесіне тиеді. өйткені баланың болашақтағы рухани және әлеуметтік дамуының негізі болатын бастапқы құлық-сана, педагогикалық қасиеттері, азаматтық бейнесі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатыны белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Баланы отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу ортақ мақсат- міндеттерге негізделеді, ол – баланың ақыл-ойын дамыту, адамшгершілік қасиеттерге баулу, көркемдік талғамын қалыптастыру, сондай- ақ денсаулығын нығайта отырып, ең негізгісі болашақта мектепке даярлау болып саналады.
Нәресте дүниеге келген күннен бастап, ата-ананың да мойындағы атқара жүгі ауырлай түседі, яғни ата-ана отбасында бала дамуына қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Баланың ой-өрісін, жан-жақты тәрбиесін дамытуда балабақшаның ата-анаға тигізер көмегі зор. Басқа да мекемелер сияқты балабақша да белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін жоспарлы түрде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып, басшылық етеді. Бала балабақшаға келген күннен бастап тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орнауы қажет.
Тәрбиеші отбасында бармас бұрын ата-анаға қандай сұрақ қояды, не жөнінде кеңес бередің. Бұл тәрбиешіге ең қажетті, маңызды мәселелерге зер салуға, отбасындағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктеріне аңғаруға, тәжірибе жинауға көмектеседі.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің кең тараған түрі және ең тиімдісі - әңгіме, кеңес өткізу. Мұндай әңгіме ата-ананың өз баласы жайлы белгісі келген сұрағынан туып кетуі де, сондай –ақ тәрбиешінің жоспарлауымен де өрбуі мүмкін. Егер тәрбиеші кейбір келеңсіз істері жөнінде айтар болса, ата-анамен бірге оны талдай отырып, баланың бұл ісіне не әсер етіп жүргенін анықтау нәтижесінде бұдан былай оны болдырмау жолдарын ақылдасқан жөн.
Атан-аналармен өткізілетін әңгіме, кеңес тақырыптарының ауқымы кең. Мысалы: «Балаларды мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттеріне тәрбиелеу», «Тілалғыштыққа тәрбиелеу туралы», «Демалыс күнді қалай ұйымдастыруға болады?», «Ұқыптылық жөнінде», «Қандай кітаптар оқып беруге болады?», «Баланы үйде мектепке даярлау үшін не істеу керек?», «Қиқарлық қайдан шығады?», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Жалғыз баланы тәрбиелеу туралы не білу керек», «Баланы сыйлау деген не?» деген тағы сол сияқтылар.
Ата-аналар жиналысын өткізу жалпы отбасымен жүргізілетін жұмыстардың іщшіндегі жиі қолданылатын және кең тараған ұжымдық формасының бірі, мұнда ата-аналар педагогикалық және ұйымдастыру мәселерімен жүйелі таныстырады. Мысалы: «Балабақша мен отбасы тәрбиесі міндеттері мен мақсаттар - біртұтас»,«Ата- аналар комитетін сайлау», «Балабақша жұмысының мазмұны», «Меңгерушінің есебі » тағы басқалар. Ата-аналар жиналысында ұйымдастыру ісін талқылаумен қатар, күн тәртібіндегі басты орын балалар тәрбиесіне бөлуге тиіс.
Жалпы жиналыста ата-аналар балабақшаның барлық қызметкерлерімен кездеседі, өзара танысады. Кейбір ата-аналарды жиналыстарда, сөз сөйлеуге тарту артық емес. Мысалы: ата-ана дәрігер болса, оған баланың гигиенасы туралы, мектеп жасына дейінгі баланың денесінің даму ерекшеліктері, бала ауруының алдын алу жөніндегі айтқызуға болады, осының нәтижесінде ортақ іске қызығушылық арта түспесе, кемімейді.
Ата-аналардың педагогикалық білімін тереңдету, педагогикалық насихат жүргізудің ең тиімді түрі кезекшілік, ашық есік күндері мен ашық сабақтар өткізу. Байланыстың мұндай түрі ата-аналарға балабақшаның көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшадағы пайдалынатын әдістерін отбасында іске асыруға да болатынын үйретуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ата-ана өз баласының өзін-өзі қалай ұстайтынын байқайды, әрі педагог ата-ана назарын баланың ойында, сабақта, тұрмыстағы балалардың өзара қарым- қатынас сипатына, олардың еңбек пен гигиеналық дағдыларына назар аударып, көргендерін бірге талдайды, балалардың мінезінде кездесіп қалатын кейбір кемшіліктердің себебін іздестіреді. Балабақшадағы арнайы бұрыш ата-анамен байланыстың бірден- бір дәнекері. Мұнда жылжымалы папкалар қойылып, онда педагогикалық тақырыптарға «қысқа» текстер, кеңестер, ата-аналар сұрақтарына жауап, балалардың балабақшадағы және отбасындағы өмірін бейнелейтін фотосуреттер, балалар жұмыстары яғни салған суреттері, жасаған мүсіндері тағы басқалар оқуға арналған педагогикалық және балалар әдебиеттерінің тізімі орналастырылады.
Ата – аналар бұрышында тақырыптық көрмелерде, жылжымалы папкаларда, еңбекте, ойында, көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана үлгісі, отбасылық дәстүрлер тағы сол сияқты мәселелер қамтылып отыруы қажет.
Жас бала – бейне талшыбық.
Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Жас ұрпақ өздерінің абзал ісін алуға апарушы, өміріміздің өркені, жалғасы,болашағымыздың жасампаз күші екенін жақсы білген. Сондықтанда баланың ыстық – суығынада сүйінбейтін – күйінбейтін ата- ана отбасы жоқ. Бүгінгі ұл ертенгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешесінен қарап бой түзеді. Тәлімді тәрбиені үйрену дұрыс жүру, ата- ананың үмітін ақтау ұлмен қыздың бұрышы. Ал ата- ана балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсірулері екі талай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата- анасына, тәрбиешілерге өте електегіш келеді, жақсыныда, жамандыда солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, балада жас кезінде үйреткенді қабылдауға өте бейім. Сондықтан олар бала тәрбиесі нәресте дүниеге келген күннен бастап, адамдық қасиеттер қалыптасқанша үздіксіз жүргізіле береді. Жастайынан берілген тәрбие жемісті болатыны жайында қазақтың дауылпаз, ұлы ақыны І.Жансүгіров: Жаста білген, басқа сінген тәлімі, өзін өлмей сүйніңнен қала алмас, - деп бүлдіршінге жастайынан берілген жемісті екенін айтады. «Ауру қалса да әдет қалмайды», «Не ексең соны орасын» деген мақал осы ойды меңзейді.
Жас балаға өз әке – шешесі қуатты зор күш. Сондықтанда олар болмашы нәрсеге өкпелеп немесе ренжіп қалса «апама айтамын», «әкеме айтамын» деп шағынады. Әке- шешенің аузынан шыққан сөз бала үшін шың, әділ, тіпті заң болып есептелінеді. Бала өте сезімтал, байқағыш, тек одан тәжірибе жеткіліксіз. Сәби бойында «анау не?», «мынау не?» деп табиғи қасиеттің болатыны белгілі. Оларға ерінбей дұрыс жауап беру, түсіндіру, ойын дамыту, тура жолға бағыттау ата-ананың, отбасы мүшелерінің парызы. Балалармен ақылдаса, пікірлесе жұмыс істеуінің тәрбиелік мәні. Зор. Мысалы, бірге қыдыру, бірге кино, театрларға бару, қыдыру, радио- теледидардан берілген хабарларды ортаға салып пікірлесу сияқты жұмыстар сыйластықты, дүниетанымды, көзқарасты тереңдете кеңейте түседі.
Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде жинақталған мол тәжірибесі бар. Бұған жаңа туған нәрестеге арнап жасалатын дәстүрлер «Шілдехана» оның алдында «Құрсақ тойы», «Жарысқазан», «Сүйінші», «ат қою» сияқты салт – дәстүрлер дәлел.
Тәрбиешіге сәбидің өсіп жетілуіндегі жас ерекшелігіне сай кезеңдерді және сол жасқа тән дене психикалық даму ерекшеліктерін жетік білудің маңызы өте зор. Бұл ата-ана, тәрбиеші, мұғалімге оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алуға, олардың ішкі дүниесі мен мінез-құлқының ерекшеліктерін терең түсінуге көмектеседі.
Балалар мектепке балабақшада, отбасынан алған бастапқы тәрбиесімен келеді. Мектепке дейінгі тәрбиенің әрқилылығы балалардың даму деңгейінен бақылып тұрады. әсіресе бірден көзге түсетін нәрсе балабақшада тәрбие алған балалардың таным, өре жағынан үрден келген балалардан аса ерекшелеулігі. Балабақшадаға бармаған балалардың дамудың деңгейі көбіне көп баланың тәрбиесіне және оның таным қабілетінің көзқарасымен анықталады. Кейбір отбасыларында балаларға кітап оқып береді, ертегілер мен әңгімелер айтады, олардың жалпы өсіп – жетілуіне арнайы көңіл бөлінеді. Ал енді біреулерінде баланың денсаулығына кейде әкесі тәрбиесіне, анасы денсаулығына көбірек қамқорлық жасайды, ал қалған рухани тәрбиесі мен жан- дүниесінің өсіп жетілуі оның өз еркіне берілген. Үшінші бір шаңырақта балаларды бақылау, күтіп тәрбиелеу істері тәжірибесі жеткіліксіз, білімі де аз, бала тәрбиелеумен арнайы шұғылдануға ниеті жоқ адамдарға тапсырылады. Мектепке, балабақшаға келген балалардың тіпті де біркелкі емес екендігі де сөзсіз. Сондықтан да бастапқы кезде бүкіл. Оқу – тәрбие процесін біртұтас арнаға салып бағыттау үшін өте көп жұмыс істеуге тура келеді. Осыған байланысты неғұрлым жас болған сайын, сол тәрбиешіден педагогтік білім соғұрлым көп талап етіледі және баланың жасы өскен сайын бұл талап артпайды, қайта кеми түседі деген педагогтік ұлағатты пікір еске түседі. Сөйтіп, бала неғұрлым кіші болған сайын соғұрлым күрделі тәрбие қажет екен. өйткені бастапқы балалаық әсер адамның бүкіл өмір бойына із қалдырады.
Отбасында, балабақщада ата-ана тәрбиесі айтылған, көрсетілген зейін қойып тыңдауына ерекше мән бергені жөн. Ол үшін айтылған әңгіме не ертегіні жүйелі баяндап беруге; әрбір сөзді анық, нақты айтуға дағдыланып, баланың зейінін біржолата меңгеріп алу жақсы сәбилердің тілін дамытуға зор пайдасын тигізеді.
Сондай –ақ неғұрлым ертерек еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән берген жерде оны жан-жақты баулуға қол жеткізу қиынға түспейді. Ескертін нәрсе баланың атқаратын жұмысы оның шама- шарқына сай болуы. Егер жұмыс шамадан асып кетсе, бала тапсырманы орындай алмайды және өзінің күші мен қабілетіне сенімін жоғалтады яғни еңбекке деген қызығу сезімі әлсірейді.
Балалардың істейтін жұмыс түрін тым жеңілдетіп жіберсек ол да орынсыз. Жеңіл еңбектің пайдасы аз, кейде тіпті зиянды, өйткені балалар жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге дағдылануы мүмкін.
Бала тәрбиесі оларға талап қоя білуге де көп байланысты. Кейде талап қояды да, оны орындауға жағдай жасамайды. Мысалы, олар ойыншықтарын, кітаптарын шашпай, жинастырып қояды да оны бөлме ішін ыбырыстырмауды талап етеді де, оның ойнайтын, кітап оқитын орыны көрсетпейді, ауызша әңгіме айтып беруді ұйымдастырмайды. Қазақ бес-жеті жастағыдларды ойын баласы деп та атайды. Бұл жаста баланың белсенділік белгілері көрініп, іс-әркентіне деген қызығушылықтары дами бастайды осы кезеңде оларды әрдайым қолдап, қолпаштап отыру қажет.
Дана халқымыз балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше мән берген:
- баланы бес жасқа дейін мырза патшаңдай көр зекімеуді жұмсамауды меңзеген;
- он бес жастан кейін құрдасындай көр әрбір мәселені балаңмен ақылдаса, кеңесе отырып істеуге нұқсаған деп кеңес берген;
Бала сезімі – нәзік ұшқыр сезім. Онымен тіл тауып сөйлкесу, мінезіне қарай, жас ерекшелігімен санаса отырып қатынас жасау ата-ана, тәрбиешілер және жалпы ересек адамдардың борышы.
«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Бұл бейнені сөз жасөспірімдердің есейіп үлкен өмірге жолдама алар алдында ата-ананың, тәрбиелеушілердің аялы алақанында, ыстық ықыласын да, қамқорлық құшағында, жанашыр тәрбиесінде болатын туса керек. Өйткені жаңа отырғызған жас кеше те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш боп үлкейгенше мәпелеп күтуді керек етеді. Осы ретте Ыбырай Алтынсариннің «Қисық ағаш» атты әңгімесе ойға оралады.
Балаға өз өскен ортасы, ата-анасы, жалпы ересек адамдардың әсері мол. Егер әке-шешелері, жақын туысқандары, сол секілді көршілері не болса соған баланың көзінше жүз жыртысып, бірін- бірі дөрекі сөзбен тілдеп жатса, мұның бәрі жас жеткішектің санасына жақсы із тастамайтынын айдан анық. Ал кейбір ата-ана бұған көңіл аудармайды. Мысалы: көрші үйдің балаларымен қиянат жасап тұрғанын көре тұра, өзгенін ісін теріс шығарып, ара түсіп, байбалам салатын ата-аналар да кездесіп қалады. Мұндай қамқорлық баланың үнемі өз дегенін ғана жөн деп тұратын қиқар болып өсуіне әкеп соғуы әбден мүмкін. Сол секілді жас жеткіншектердің көзінше үлкендердің орынсыз әзіл- оспақты қалжың әңгімелері де жақсы әдетке, жақсылыққа әкеп соқпайды. Ойын кезінде балалардың ұжымдасып іс-әрекет жасағанының пайдасы зор. Өз құрбыларымен қызыға ойнайды, ой – қиялдары дамып, әділдік, шындыққа үйренеді.
Тіпті тұйық, ынжық балалардың өздері ынтасы оянып, белсенділік белгілерін көрсете бастайды, ал белсенділер одан да белсенді бола бастайды. Ал бала қашан да балалығын көрсетпей тұрмайды, оларға әрдайым ата-ана, тәрбиешілер тарапынан қамқорлық, басшылық ауадау қажета-ақ. Халықтық «Баланы – балалығынан ажыратса, даналығынан да ажыратасың» деген мақалы көп нәрсені аңғартса керек. «Қыз бала «қуыршақ» деп ойнаса, ұл бала «құлыншақ» деп ойнасын» деген ата-бабамыздың қанатты сөзінің астарында көп сыр жатса қажет.
Сәби шыр етіп өмірге келген сәттен – ақ бөбектің рухани жан дүниесінің ірге тасын қалау қарастылған. Ол бала құлағына алғаш ана әлдиі арқылы сіңеді. Яғни бесік жыры бала жүрегіне ана сүтімен даритын рухани уыз. Бесік жырының басты қызметі баланы тыныштандыруды, ұйқыға ұйыту ғана емес, сәби құлағына ана тілінің нәрін, халық музыкасының дыбыс сыңғырын сіңіру. Балаларға арналған халық фольклорының бастау бұлағы да осы бесік жырынан басталады.
Сәбиді суға шомылдыру, аяқ- қолын созып, майлау - сылау әлпештеу сияқты істердің барлығы мақсатсыз атқарылмайды.
Өс, өс балам, өс балам,
Батыр бол балуан білекті,
Батыл бол таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық,
Етті болсын балтырың
Епті боп өс, жарқыным, немесе:
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап.
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің? –
- деп келетін өлең жолдары осындай сәттерде өзіндік балаға жайлы үн, жайлы ырғақпен айтылады. Баланың күн сайын өскен әрбір қадамы нақты адал еңбекке, өнер – білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасы ауыл- аймақтық, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндеттер қазіргі мектеп пен тектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу айналуы тиіс.
Данышпан Абай: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата- анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан», - деген екен. Баланың деген ыстық ықылас, ата-ананың мейірім, ақыл- кеңесі халықтық тәрбиеде бұрыннан бар нәрсе. Әсіресе, көпті көрген қариялар, көкірегі құйсандық жайсаңдар жас ұрпақты жаңсақ қадамдардан сақтандырып, кемшіліктен қақпалап, жақсылыққа жетелеушілер болады.
Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен – тұлға әже мен ана. әжелердің ұстамдылығы,төзімділігі, сабырлылығы, қиыншылық атаулыға қажырлықпен қараулары үнемі үлгі. Олар немерелерін аңыз-әңгімелермен қиыншылық мақал – мәтелдермен таныстырад. Шоқанның Айғаным әжесі, Абайдың Зере, Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер. Ал, көпті көрген көне аналар, ардақты қариялар өз балаларының, немере шөбелерінің ғана тәрбиесі емес, иісі қазақтың ақылшысы, кемеңгерлері ғой.
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балалры өріскел мінез-құлық көрсетсе, өз баласындай көріп тұрысын айтып түзетуге өздерінің міндеттерін санаған. «Қызға қырық үйден тыю», «Ұлың өссе жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген баланың қауым болып тәрбиелеу мақсатында шыққан. Отбасындағы тәрбиеде туыстық қарым- қатынастардың да мәні бар. Үлкен кішіні қамқоршы да, өнеге де, болуы тиіс. Олардың бір-біріне қолғанат сүйеу болуы құпталған. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» немесе «Ағаның үйі – ақ жайлау» дегенді айтады.
Қазақ халқы балалрының тіл ұстартуына, өнер үйренуіне көп көңіл бөлген. Бұл үшін жаңылпаш айту, ән алу, күй шерту сияқты өнер түрлеріне баулиды. Мұның өзі баласының бойындағы талаптарын төз білу байқауларына мүмкіндік береді. Балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындардың да берері мол. «Санамақ» немесе «Жылдам айт» сияқты сияқты тартымды ойындарды үйрету сияқты өнерінде негіз салады деп есептьеледі. Халқымыз «Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Қақарлы сөз қамал бұзхар» деп, сөз өнерін дәріптеп, балаларын уытты да ойлы сөйлей білуге баулыған.
«Адамға үш жұрт бар» дейді халық. Бірі - өлім, екіншісі – кәрілік, үшіншісі – тексіз бала. Біріншісі алмай қоймайды, кәрілік келмей қоймайды, ал баланың тексіз болуы, болмауы –тәрбиеден. Баланы яғни болашағымызды тексіздіктен, оған ана тілін, ел тарихын білмейтін, оған неғұрлым қарайтын, ұлттық тәрбиеден мақұрым қалған. Мәңгүрт етіп жібермеу өз қолымызда.
Ақсақалдар ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау инабаттылықтың көріністері. Сондықтан ақсақалдар алқасын құрып, оны нағыз тәрбие отауына айналдыру керек. Оның біріншісі мақсаты – жастар арасындағы теріс қылықтарды жою.
....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык ж, Курстық жұмыс: Психология | Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін