» » » Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы казакша Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ ............................................................................................................
1 Ақша нарығы ................................................................................................
1.1. Ақша жүйесінің мәні және түрлері ...................................................
1.2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс ..............................................................
1.3. Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы ...................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 АҚША НАРЫҒЫ

1.1 Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, иена, крона және т. б ) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.

Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Меттал ақшалар аиналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз аұша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтының өзін айналымнан ығыстырады.

Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде 16-19 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. 19 ғасырдың соңында куміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметтализмді монометаллизм мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш тірі белгілі: біріншісі- алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. Екіншісі- алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшінші- алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның аиырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығаруы; жеке кәсіпкерлерге, мемлектке несие беру мақсатында ақша эммисиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз бен несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымының белсенді – активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экокномикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып алушы чекпен несие карточкасы арқылы банктерге өз депоизитінен қажетті сомманы сатушының есепшотына аударады немесе қолма қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұймдарын қаржылар, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненнтері «квази-ақша» деп аталады. Ақша айналымы құрылымдағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П.Самуельсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түрінде айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға – үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды «мұздатылған» құралдар деп атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымды мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды. М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша «ескерлік ақша» деп атайды. Бұл қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М2 – кең мағынадағы ақша, ол М1-дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады, бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есепшоттағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2-лердің айырмашылығы М2-квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категорияларды ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негіздельді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзак мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.
12-кесте АҚШ-та ақша агрегаттары мен өлшемді ақша айналымының динамикасының өзгерісі көрсетілген.
Кесте 1 – АҚШ-тағы ақша массасы және оның жылдық
өсу қарқыны, млрд. долл.

жыл М1/М2 М1 Өсімі % М2 Өсімі %
1960
1970
1980
1981
1982
1983
1984
1985 45,4
34,4
25,4
24,6
24,6
24,1
23,5
23,4 141,8
216,6
414,8
441,8
480,8
528,0
558,5
626,3 0,6
5,2
6,6
6,5
8,8
9,8
5,8
12,1 312,3
626,2
1631,4
1794,4
1954,9
2188,8
2371,7
2654,1 4,9
6,6
8,9
10,0
8,9
12,0
8,4
8,1

Бұл деректер АҚШ-та 1960-1985 жылдар арасында ақша массасының едәуір өскенін көрсетеді. Осы кезде М1 көлемі 44 есеге, ал М2 көлемі 8,5 есеге артқан, демек квази-ақшалардың өсу қарқыны қолма-қол ақшалардан әлдеқайда жоғары болған.
Ақша массасы көлемінің тез ұлғаюы себебі неде?
Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік банктің эмиссиялық қызметінен тыс ақша массасының өсуі коммерциялық банктердің несие беруін кенейту есебінең жүреді. Банктер жаңа ақшалар шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын қайтару кезінде байқалады. Банктің жаңа ақша жасау процесін кенірек мына мысалдан көруге болады. Нью-Йорктегі «Нэшнлсити банктің» 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына болады, бірақ ол төленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және ол шешуші –реттеуші рөл атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін болады). Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, «Нэшнлсити банк» клиенттерге қарызды 90 мың долл. Көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв қорына қалады. Қарыз бергенде банк сомманы ағымдағы есепке аударады, оны клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Банк әрекетінің нәтижесі 90 мың долллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру арқылы 90мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап отырады. Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке қайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек. Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады. Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта «Нэшнлсити банкісі» депозитіндегі алғашқы ақшаның соммасы ең сонында мультипликациондық нәтиже арқылы жаңа ақша қорының жасуына әкеледі. Айталық «Нэшнлсити банктің» 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және қызмет көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды «Ферст трест банкінің» депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің өсуі оғон жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке депозит соммасының 10% дейін жіберу керек (9 мың доллар) . Демек 81 мың доллар көлемінде жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі банк операциясын қоса есептегенде) 171 мың долларға тең болады.
Келесі кезеңде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да оларды «Сити-трест» банк депозитіне салады, ал енді берілетің қарыздың көлемін 72,9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында қалады деп есептегенде). Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша соммасын 243,9 мың долларға көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі: банктердің жаңа ақша жасау процесі жалғаса береді, бірақ белгілі шамаға дейін бұл процесс банктің депозиттер ұлғаюының мультипликациондық әсерін сипаттайды және оны резервтік талапты ескере отырып есептейді.
Банктік депозиттердің ұлғаюы шегі:
100 мың долл. + 90 мың долл. + 81 мың долл. + ... -100мың долл.

Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейндегі 100 мың доллар алғашқы депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн долларға жеткізеді.
Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы нақты бақылау мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультипликатор (m) арқылы жүреді.
Ол мына формуламен есептеледі m= 1/r*100 мұндағы r- түріндегі міндетті резервтік норма % немесе m=M/k мұндағы М- депозиттердің өсуі, R- резервтердің өсуі.
Біздің мысалымызда m=10, резервтегі әрбір доллар депозиттінің 10 долларға өсуіне әкеледі. Демек, мультипликатордың көлемі міндетті резервтік талаптарға кері тәуелділікте. Егер резервтің ставкалары 5 процентке төменднсе, онда m=20, ал 20проценке көтерілсе m=5-ке төмендейді.
Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты, өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қайтарылмай қолма-қол ақша ретінде де жүре береді. Біздің мысалымызда клиенттердің ағымдағы есепшоттан алғандары ескерілмецді, ал олар банктердің қарыз беру мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әсер етеді. Мысалы, коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар мемлекеттік облигацияны сатып алу банктің резервтік ресурсын осы соммаға азайтады, нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі (10проценттік резерв ставкасында).
Банктердің жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінің негізгі факторларына мыналар жатады: резерв ставкасының ең төменгі мөлшері және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік банктің ақша массасы көлемін қалай ретейтінің көрсетеміз.

1.2 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс

Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалацды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға дегн сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мекткптің «монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанан көрсетеді.
Ақша деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, 18 ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30-40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсынастырын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршал, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патанкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хансен. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50-60 жылдардағы еңбектерінен көрінеді. (М. Фридмен, К. Брунчер, А. Х. мельтцер).
Монетаристер экономиканы даиытуда ақшаның рөліне үлкен мән берді. Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны – ақшаның маңызы бар (moneg matters) ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды (money is all that matters). Кейінірек қазіргі монетвристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық вариандық сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі пастулаты (жорамалы) мынала: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, ақшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А. Пиггу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:
M-S = KPY
Мұнда М-s – ақшаның номиналды саны: к – номиналды табыс пен қажетті ақша қалдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы пропорция P- бғаның абсолютті деңгейі, Y – нақты табыс.
Егер K мен Y - өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның номиналды санының өзгеруі M-S бағаның абсолютті деңгейінің өзгеруі әкеледі деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің «Ақшаның сатып алу күші» (1991) деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп шығарады: M-SV=PY дағы V – ақша айналымының жылдамдығы. Осындай жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда қозғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге бөлсек, мына формуланы аламыз: Демек, V мөлшері кембридж формуласындағы k мөлшеріне кері әсері бар. Бұл қисын былай түсіндіріледі: егер индивидтер аз ақша қалдықтарына сақтаса (k-төмен) онда сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының жылдамдығын арттыру керек (V жоғары).
Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теорися математикалық тұрғыдан үш теңдік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста (толығырақ қараңыз: Харрис Л. Денежная теория. М., 1990; 137-бет). Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша қалдығына сұранысты суреттейді:
M2 = KPY
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды: MS = M-S
Үшіншіден, бұл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді: MS = MД яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның рыноктағы тепе-теңдігін сақтайтындай жоспарланған ұысынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, ноеклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономикалық үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс дәрежесінің қызметі (PY), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 188 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: Экономика | Ақша нарығы
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Ақша нарығы
Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы
Дипломдық жұмыс: Қаржы  |  Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналымы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналымы
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналысының кұрылымы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналысының кұрылымы
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің мәні және түрлері
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің мәні және түрлері
Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША НАРЫҒЫ ОНЫҢ ТЕПЕ ТЕҢДІК САҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША НАРЫҒЫ ОНЫҢ ТЕПЕ ТЕҢДІК САҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның қажеттілігі пайда болуы және мәні
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның қажеттілігі пайда болуы және мәні
Курстық жұмыс: Экономика | АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды
Qazaqstan жаңалықтары
Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды
Тақпақ: Ақшақар
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Ақшақар
Тақпақ: Ақшақар
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Ақшақар
Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?
Пайдалы кеңес жинағы
Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?
Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Ақша
Қанатты (нақыл) сөздер, афоризмдер жинағы
Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Ақша
Қазақстандықтар доллар мен рубльді сатып алуда
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстандықтар доллар мен рубльді сатып алуда

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін], курстык Ақша нарығы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қаржы курстық жұмыстар, Ақша нарығы, курстык Ақша нарығы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Қаржы курстық жұмыстар Ақша нарығы, Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін