Қыздарға тоқсан түрлі кеңес және жігітті қалай қарату туралы » ZHARAR © 2016 | жігітті қарату үшін, жигитті житті өзіңе қарату үшін не істеу керек, қыздарға кеңес , қыздарға кеңес, Қыздарға арналған 95 кеңес




  • »

Қыздарға тоқсан түрлі кеңес және жігітті қалай қарату туралы

Қыздарға тоқсан түрлі кеңес және жігітті қалай қарату туралы казакша Қыздарға тоқсан түрлі кеңес және жігітті қалай қарату туралы на казахском языке


  1. Барлық кемшіліктеріңді ұмыт. Ең бастысы өзіңнің ар-ожданыңды ойла.

  2. Басыңды салбыратпа. Жақсы көрінуді ұнататын қыздар алдына тік қарап жүреді.

  3. Үнемі белсенді және өзіңе сенімді бол. Мүмкіндігінше жан-жағыңдағыларға көбірек жақсы көңіл-күй сыйлай біл. Оларға үнемі күндей күлімдеп жүретін әсер қалдыр.

  4. Тыңдай біл. Өзгелердің пікірін сыйлай біл. Өзіңдікін айта берме.

  5. Қасыңа күтім жаса. Көз – жүректің айнасы. Күннен қорғайтын көзәйнекті де ұмытпау керек! Дұрысы қасты арнайы мамандарға жөндеткен дұрыс.

  6. Өзгеруден қорықпа. Алға қарай ұмтыл. Жан-жақты бол. Бірнәрсеге айналсоқтай берме. Байқап көр. Өзіңді таны.

  7. Жұпар аңқып жүр. «Өз иісіңді» тап та, үнемі соны бүркіп жүр. Иістер адамдардарға әсер қалдырады.

  8. Бет қызартатын далапты үнемде. Одан да таза ауада көп жүр. Аязда қыдырып жүрген сұлуды дереу жылытқысы келетіндер болады.

  9. Бір нәрсемен айналыс. Мысалы, таэквондоны үйрен. Кез келген жігіт суперқызбен кездескенді армандайды емес пе?

  10. Біреулерді көшірме. Өз стиліңді тап. Тек ақымақ қана жүретін қызын Мерилиен Монро немесе Анджелина Джолиға ұқсайды деп мақтанады.

  11. Хош иісті конфет алып жүруді ұмытпа! Барлық жарнамалар таза дем түсіністікті жеңілдетеді деп дәлелдейді. Онысы рас!

  12. Тамақты тәбетпен және әдемі же. «Диета» деген сөз жағымсыз.

  13. Аяқ алыс адымдарыңа қарап жүр. Жүрісің тартымды болсын. Аяғыңа қарама, асықпа, өкшеңді қисайтпа.

  14. Көлемді кішірейт. Сөмкелердің көлемін өзгерт. Тартымды кішкене сөмке тұрғанда үлкенін ұстаудың қажеті қанша?

  15. Көбірек оқы. Көп нәрседен хабары бар адаммен араласқың келіп тұрады емес пе?

  16. Мақсатыңа жетуге талпын. Өзіңе бір мақсат қой да, соған қарай ұмтыл. Ішкі дауысыңа сен. Мақсаты бар адамдар тартымды болады.

  17. Дәмдеуіштерді пайдалан. Ең болмағанда тағамның бір түрін жасапа үйрен. Тіпті ол қарапайым алма пирогы болса да, жақындарың мен достарыңды қуант.

  18. Шашыңа күніге қарап жүр. Үйлесімді, ұнамды етіп жасай біл.

  19. Басты нәрсені айтпа. Қыз баласы бірінші кездесуде-ақ өзі туралы түгел айтып тастауға болмайды. Кейбір жұмбақтарды қалдыр. Жігіттер жұмбақты шешкенді жақсы көреді!

  20. Даусыңды қатты көтеріп сөйлеме. Өз-өзіңді ұста.

  21. Ойна! Өзің туралы кино түсір, баст рөлде ойна, түрлі образға кіріп көр.

  22. Ақылгөйсіме. Қыздың өзін ақылды көрсеткісі келіп цитаталар немесе мақалдар қосып сөйлегені ашуды келтіреді.

  23. Сыйлықтар сыйла. Кішкентай немесе қолдан жасалған болса да достарыңа, таныстарыңа жайдан жай сыйлық сыйла. Өйткені сенің көңіл-күйің жақсы.

  24. Адаммен сөйлескенде қолынан ұста немесе арқасынан қағып жақында.. Психологтар мұның сөйлесушінің көңілін жайландыруға көмектесетіндігін айтады.

  25. Шұқылана берме. Үстелдегі ұнтақтарды домалатып, салфетканы бүктеме т.т. Бұлар өте жаман көрінеді. Оның орнына кекіліңді бетіңнен үрлеп жібер.

  26. Айырмашылықты сезін. Тартымды киін, бірақ әлем-жәлем болмасын. Мәселен, қысқа юбка, жабысқан кофта, қып-қызыл далап, қап-қара боялған көз қандай қызды елестетуі мүмкін?

  27. Қолыңа күтім жаса. Маникюрді ұмытпа. Жұмсақ, әдемі қолдарды ұстағың келіп тұрады.

  28. Көбірек күлімде. Сенің бақытты екеніңді бәрі көрсін.

  29. Өзің туралы аз айт. Адамдардың сен туралы өздері сұрасын.

  30. Жылама. Қыздар жыласа жігіттердің жаны ашиды деп ойлайды. Шындығында ол – керісінше.

  31. Аксессуар алуда үнем жасама. Кішкентай болса да сақина, алқа сияқты нәрселер тағып жүр.

  32. Ұнатқан жігітіңе үзіле қараған көзқарасыңмен сезіміңді білдір.

  33. Өзіңді қызықтыратын адаммен сөйлескенде тіке көзіне қарап отыр.

  34. Мақта. Шын мақта. Жан-жағыңдағыларға шын жүрегіңмен мақтаулы сөздермен қошемет жаса.

  35. Батыл жүр. Аяқ киім ыңғайлы болу керек. Биік өкше киіп жігіттің жүрегін жаулай алмайсың. Мықты «Адидас» киіп те (әрине, оған «Адидас» ұнаса) кез келгенін таң қалдыра аласың.

  36. Қалжыңбастықты да ұмытпа. Өзіңе күлуден қорықпа. Бұл сенің әзілқойлығыңды көрсетеді.

  37. Жігіттердің өз тілінде сөйлесіп, олардың қалжыңдарын түсінуді үйрен. Бұл маңызды!

  38. Қарапайым бол. Түймедейден түйедей жасама!

  39. Көп ізден. Дүниедегі қызықтар жайында достарыңмен бөліс.

  40. Бірінші болып сезіміңді білдірме. Алғашқы қадам жігіттен болу керек. Әйтпесе сені бағаламайтын болады. Өйткені ол қол жеткізем деп тырысқан жоқ.

  41. Үнемі қалай көрінеді екем деген ойдан арыл. Еркін рахаттан.

  42. Достарыңның туған күнін есіңе сақта немесе жазып ал да, құттықтап тұр.

  43. Киім киісіңнің белгілі бір үлгісін қалыптастыр. Топтан өзгешеленіп көрін. Бірақ тым әсірелеп жіберме.

  44. Қызғанба. Өзіңде бар нәрсеңді есіңе алып, қуан.

  45. Шын махаббатық сезіміңді білдір. Ол бырақ шын жақсы көретін адамың болсын.

  46. Сөзге емес, іске сен. Кейде бос сөз де болады.

  47. Дос бола біл. Өзіңе қымбат адамдарға тіл тигізуге жол берме. Бұл бағаланады.

  48. Қызығушылықтарыңды бөліс. Ол сені одан да жақсы көре түседі.

  49. Өзіңді және өз денеңді жақсы көр. Кішігірім мерекелер ұйымдастыр. Мысалы, көбік немесе тұз, гүл салынған ванна қабылда. Бұл теріні жұмсақ қылады, әрі өзіңді бұрынғыдан да жақсы көре түсесің.

  50. Мейірімді бол. Ондай адамдар балаларға, жан-жануарларға, тіпті енді ғана таныс адамдарға мейірім сыйлай біледі.

  51. Шынық. Номерден шатасып кетсе де, телефонға сыпайы жауап беріп үйрен. Сыпайылық аса қажет!

  52. Өзіңе шақ киімді ғана ки. Өз дене бітіміңнің қандай екенін бағалап үйрен.

  53. Фантазиялар? Аяқасты бір нәрсе ойдан шығаруды азайтуға тырыс. Ол жағымсыз жағдаяттардың болуына әкеп соғуы мүмкін.

  54. Дарынды болуға ұмтыл. Талантты қыздар әдемі!

  55. Эмоционалды бол. Көңіл-күйіңді жасырып қалмай, ашық айт . Бірақ театр қойылымын жасама.

  56. Бойыңды тік ұстап жүр.

  57. Уақытты бағала. Бос нәрсеге уақытыңды өлтірме. Тек пайдалыға жұмса.

  58. Жігітті қорлама. Оған сенің құқың жоқ.

  59. Кез келген жерде лидер бол. Ол қиын емес.

  60. Өркөкіректік қашырады.

  61. Шынайы бол!

  62. Жақсы көр! Адамдарға қайырымдылықпен қара. Бірақ қайырымды болам деп, аңқаулыққа жол берме.

  63. Бұрығы жүрген жігітің туралы сөз қозғаудың мүлде қажеті жоқ.

  64. Ұйықтап бара жатып, жақсы нәрсе ойла, тұрғанда көңілді оянасың.

  65. Өтірік айтпа, бұл жағымсыз жағдаяттардың алдын алады.

  66. Газды сусындарды аз іш, целлюлиттен сақтайды.

  67. Ішімдік ішпе. Аузында темекісі, өзі ішіп алған қыз өте жаман көрінеді. Жігіт ондай қызға қарамайды да.

  68. Шашыңды өз түсінен бір түс төмен ағартушы болма. Себебі өсіп келе жатқан түбіндегі шаш жаман көрінеді.

  69. Әрқашан педикюр! Қыс болса да, аяқтың ұшына дейін мінсіз болу керек.

  70. Таңда. Өзіңе жағымды адамдармен ғана қарым-қатынас жаса.

  71. Жабыса берме. Өзі шақыратындай жаса.

  72. Жасанды жесттерден сақтан. Шынайы бол.

  73. Минимум косметика! Сен «Мулен Руждағы» маматай емессің.

  74. Қарапайым этикет ережелерін үйрен. Оны орнымен қолдан.

  75. Кейде өзіңді еркелет. Өзің ұнататын нәрселерді жаса.

  76. Еңбектен! Жалқауланбасаң, тағы да бір жетістікке жетесің. Әр өзіңді тағы да сыйлай түсесің.

  77. Шыныққаның абзал! Денесі жинақы қыз тартымды келеді.

  78. Үндемей қалма. Өз көзқарасыңды батыл жеткіз. Жолдастарың да сыйлайтын болады.

  79. Адамның қадірін біл. Ескі достарыңды көп есіңе ал. Олардың қаншама рет қолдау көрсеткендігі жайында еске түсір.

  80. Өзіңді мақта. Әр таңды айнаға қарап күліп атырудан баста.

  81. Инициатива (бастамашыл) тастағыш бол. Сонда сені міндетті түрде есте сақтайды.

  82. Кешікпейтін бол. Өзіңді күттіріп қойма. Тек егер ол өте әдемі болса ғана 5 минуттан артық кешігуге болмайды.

  83. Өзіңе сен. Қалай дұрыс деп есептесең, солай жүр.

  84. Көмек беруден қашпа. Алғысын аласың.

  85. Шыншыл бол. Кейін ақталу керек болатын істен қаш.

  86. Тағдырыңа сен. Қалағаның болады.

  87. Асығыс шешім қабылдама. Адамдарға тағы да бір мүмкіндік бер.

  88. Сән үлгісін жаса. Өзіңді нық сезіне алатынындайын таңдап ки.

  89. Қайшылықтар мен ұрыс-керістерден қаш. Өте өртке қауіпті жағдайды қалжыңға айландырып жібер.

  90. Сыпайы бол. Өз пікіріңмен біреуді бөлектеме.

  91. Алғашқы қадамды қорықпай атта. Байқап көр, нәтижесі болады.

  92. Адамдарға сен. Олар да саған қарымын қайтарады.

  93. Қиыншылықтан шаршама. Ол қайта күшейте түседі.

  94. Барлық адамның көңілін табамын деп тырыспа, сен бәріне ұнайтын теңге емессің.

  95. Өзіңді қалыптастыр. Ақылды. Әдемі. Тәрбиелі. Сүйікті. Бақытты.



Санат: KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы | | 4 163
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .