Наполеон торты

Наполеон торты

Қамырына
Сүт – 200 мл
Сары май – 200 гр
Жұмыртқа – 1 бас
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – бір шым - шым
Сода – жарты шай қасық
Ұн – 500 гр


Қамырды дайындау тәсілі
Үлкен табаққа сүтті құйыңыз, жұмыртқа, тұз, шекерді салып араластырыңыз да ұнның жартысын салып қасықпен қою болғанша араластырыңыз содан соң соданы салыңыз (соданың дәмі шығып кеспес үшін уксуспен араластырып барып салыңыз). Сары майды қамырдың үстіне құйыңыз (сары майды алдын ала ерітіп қойған жөн) ұнның қалғанын салып жұмсақ етіп қамыр илеңіз. Қамыр жұмсақтау болуы қажет. Содан соң қамырды тоңазытқышқа 2 сағатқа салып қою керек. Екі сағаттан соң қамырды майда бөліктерге бөліп, жұп-жұқа етіп жайыңыз, қамырдың үстінен дөңгелек зат қойып шетіндегі артығын кесіп алған дұрыс. Сонда бәрінің өлшемі бірдей болып шығады. Жұқа қамырдың бетін шанышқымен тесіп шығыңыз, тегіс болып тұруы үшін.

Крем
Сүт – 0, 5 л (жарты литр)
Жұмыртқа – 2 бас
Шекер – 200 гр
Ванильді қант – 1 қалта
Ұн – 1 - 2 қасық
Сары май – 30 гр
Қаймақ 35 % – 200 мл


Кремді дайындау тәсілі
Жұмыртқаны, ванильді қантты, шекерді және ұнды жақсылап араластырамыз.
Дайын болған қоймалжыңның үстінен ыстық сүтті құю қажет ол үшін сүтті аздап - аздап құю керек және араластырып тұру керек жұмыртқа пісіп қалмас үшін. Барлығын жақсылап араластырып алған соң жай отта қозғап тұрып пісіреді, түбіне жабыспау үшін үнемі қозғап тұру керек. Крем қоюланған уақта оттан түсіріп, сары майды араластырып салқын жерге шығару керек. Ең соңынан қаймақты араластырыңыз.
Әр күлшенің арасына кремді жағып, 12 сағатқа салқын жерге шығарып қойыңыз. Ең соңынан күлшелердің қалғанын майдалап үгітіп торттың сыртын әсемдеп шығыңыз. Торт сонымен дайын болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу