Балам жақсы азамат болып өссін десеңіз… » ZHARAR © 2016 | ата-анаға арналған кеңестер, ата аналарға арналған кеңес, аналарга кенес, жас аналарга кенестер, жас аналарға кеңес, әкелерге арналған кеңес, акелерге кенестер




  • »

Балам жақсы азамат болып өссін десеңіз…

Балам жақсы азамат болып өссін десеңіз… казакша Балам жақсы азамат болып өссін десеңіз… на казахском языке

«Тәрбие тал бесіктен басталады» дейді халқымыз. Расында, баланың тәрбиесіне дер кезінде көңіл бөлмесек, есейіп, ер жеткенде тым кеш болуы мүмкін. Сондықтан бала тәрбиесінде келесі маңызды жәйттарға мән беруіміз керек:

1. Баладан мейіріміңіз бен махаббатыңызды аямаңыз.

2. Әр нәрсенің орны мен өз уақыты барын білдіріңіз. Мысалы, бала өз төсегіне ұйықтап үйренуі керек, үстел басында тек өз орнына отыруы тиіс, уақытты босқа өткізбеуін, уақыттың қадірін білуге баулыңыз.

3. Жауапкершілікке үйрету. Ең алдымен өзінің, содан соң отбасының, қоғам мен Отан алдындағы жауапкершілікке үйретіңіз.

4. Балаңызды жиі мақтаңыз.

5. Уақытыңызды көбірек балаңызбен өткізуге тырысыңыз.

6. Мейірімділік пен жомарттық – жақсы азаматтарға тән қасиет. Сондықтан балаға 2-3 жасынан бастап «ол сенің ағаң, інің немесе қарындасың», «оларды жақсы көр, сенің бауырың» деп, үйге бірнәрсе сатып әкелсеңіз «бөліп жеңдер, бірге ойнаңдар» деген сияқты сөздерді жиі айтып, оны бауырмашылдыққа, мейірімділікке үйретіңіз. «Мен сені жақсы көремін, сен ақылдысың, жақсысың» деген сөзді жиі айтыңыз.


Санат: Қазақша Әкелерге пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы | | 363
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .