» » » Тарауих намазы үйде қалай оқылады?

Тарауих намазы үйде қалай оқылады?

Тарауих намазы үйде қалай оқылады? казакша Тарауих намазы үйде қалай оқылады? на казахском языке

Әлем бойынша миллионнан астам адамды төсекке таңып, қаншамасының өмірін жалмап үлгерген аты жаман аурудың салдарынан биылғы қасиетті Рамазан айын үйде өткізбекпіз. Өкініштісі, жылдағыдай Жұма намазын оқып, кешкісін ауызашарда жүздесіп, тарауих намазынан бірге шықпағанымыз болмаса, үйде отырып та көптеген сауапты амалдар жасай алатынымызды «Карантин жағдайында рамазанды сауапты өткізудің құпиялары» атты мақаламызда тарқатып жаза кеттік. Ал бүгінгі әңгіме тарауих намазы жайлы болмақ. Алла Тағала пайдалы білім нәсіп етсін!Әмин!

Бір жылда бір-ақ рет келетін Рамазан айының түнін құлшылықпен безендірудің сауабы мен пайдасы ұшан-теңіз. Ал тарауих – өткен күнәлардың кешірілуіне жол ашатын, Алла Тағала үшін ең сүйікті намаз. Бұл ғибадат жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: (Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Мүслім)

Тарауих намазын мешітте жамағатпен оқу – сүннет. Алайда қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, ҚМДБ ғұламалары шешімімен мешіттерде уақытша намаз оқылмайды. Осыған орай, әркім таруих намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз.
ТАРАУИХ НАМАЗЫНЫҢ ОҚЫЛУЫ
Тарауих намазы – құптан намазының 4 рәкәғат парызы мен 2 рәкағат сүннетінен соң оқылатын жиырма рәкәғаттан тұратын құлшылық.
Оны 2 рәкағатта немесе 4 рәкағатта бір сәлем беріп оқуға болады. Дегенмен, Орта Азия аймағында 2 рәкәғат қылып оқу қалыптасқан. Абзалы да сол болғандықтан әр 2 рәкағат сайын сәлем беріп, намазды аяқтап отырасыз.
Егер сіз бұрыннан намаз оқып жүрген адам болсаңыз, таң намазының 2 рәкағат парызы сияқты ер адам имам болып, қалғандары оған ұйып оқи алады.
Ал намазды үйренгіңіз келсе, 2 рәкағат намаз оқу үлгісіне зер салыңыз.
Оқылу реті:
Алдымен «Ниет еттім Алла ризалығы үшін тарауих намазын өтемекке», деп ниет етесіз.
1 . Рәкәғат:
«Субханакәллаһумма уа бихамдик, уа тәбәракәс-мука, уә тағала жаддука, уә лә иләһә ғайрук» дегеннен соң,
«Әғузу билләһиминаш шайтаирражим. Бисмиллаһир рахманир рахим» деп «Фатиха» сүресін және қосымша сүре оқиды. Кейін рукуғқа барып, рүкуғтан бас көтергенен соң, екі рет сәжде жасалады.
2 . Рәкәғат:
Одан кейін қиямға тұрып (тік тұру) бисмилләны айтып, «Фатиха» сүресін және қосымша сүрені оқиды. Бірінші рәкәғаттағы рет бойынша, рүкуғтан соң екі сәжде жасалып, тәшәһһуд отырысына отырады. Тәшәһһуд отырысында «әттахияту» дұғасы мен «Салауат»«Раббәнә әтинә» оқылады. Кейін «әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһ» деп оң жағына, сосын «әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһ» деп сол жағына сәлем береді. Келесі екі рәкәғатты да осы рет бойынша оқиды.
Екі рәкағат намаздың оқылу үлгісін төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыз.
Намаз оқып үйренейік! Бейнелі намаз (2 Рәкәғат) / Ерлерге арналған:

Намаз оқып үйренейік! Бейнелі намаз (2 Рәкәғат) / Әйелдерге арналған:

Осылайша 20 ракәғат тарауих намазы өтеліп болған соң, 3 рәкағат үтір намазы оқылады. Соңынан әдебіміз бойынша зікір-дұға жасалады!
Тарауих намазын оқудың шарттары:
  1. Тек Алланың разылығын көздеу
  2. Пайғамбардың (өткен күнәлардың кешірілуі туралы айтқан) уәдесіне шынайы түрде сену, содан үміт ету
  3. Риядан алыстау
Сізді мазалаған сауалдар:
     1. Тарауих намазын онлайн оқуға бола ма?
     Қазіргі жағыдайға байланысты көп сұрақтың дені де осы төңіректе болып тұр. ҚМДБ ғұламалары бірауыздан Тарауих намазын онлайн         оқуға болмайды деген шешім шығарды.
       2. Тарауих намазы 20 рәкағаттан тұрса, 20 сүре білуіміз керек пе?
Жауабы: Білгеніңіз жақсы әрине, ал білмеген жағдайда бұрыннан білетін 3-4 сүремен оқи аласыз. Мысалы,  «Ықылас», «Фәләқ», «Нас», «Кәусар» сияқты қысқа сүрелер қысқа әрі жаттап алуға оңай.
3. 20 рәкағат намазды үзіліссіз оқу керек пе?
«Тарауих» сөзінің негізгі мағынасы - демалу, тынығу дегенді білдіреді. Яғни ұзақ уақыт оқылатын намаз болғандықтан 2 немесе 4 рәкағаттан кейін тынығып алуға болады. Тынығу уақытында үйіңіздегі жандарға уағыз-насихат айтып не бір хадис оқуға да болады.
Сөзімізді сахаба Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а) Рамазан айы келгенде айтатын мына бір өсиетімен аяқтағымыз келеді:  “Расында, Алла сендерге бұл айда ораза тұтуды парыз етті, бірақ түнгі намаздарды парыз етпеді. Алайда, шын мәніне келсек, Рамазандағы бұл намаздар - Алла Тағала хабарлаған қосымша амалдардың ең абзалы! Ал кім оларды оқығысы келмесе, өз кереуетінде жата берсін. Сондай-ақ, әрбірің: «Егер пәленше ораза тұтса, мен де тұтамын, егер түгенше түнгі намаздарды оқыса, мен де оқимын», – деп айтудан аулақ болсын. Сондықтан, кім ораза тұтса немесе түнгі намаздарды орындаса, оны тек АЛЛА ҮШІН ІСТЕСІН!» (Абдур-Раззақ 7748, Ибн Аби Шайба 8873. Иснады сенімді).
Алла Тағала осы айда сауабынан үміт етіп атқаратын әрбір игі амалымызды қабыл етіп, қатерлі індеттің құрсауынан аман-есен құтылып шығуымызды нәсіп еткей, әмин!

ZHARAR | 1 516 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Тарауих намазы қалай оқылады? (видео)
Тарауих намазы қалай оқылады? (видео)
Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?
Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?
Айлардың төресі - Рамазан
Айлардың төресі - Рамазан
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЫНДА АЙТҚАН МҮБӘРАК СӨЗДЕРІ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЫНДА АЙТҚАН МҮБӘРАК СӨЗДЕРІ
Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы
Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы
Рамазан айы. Ораза. Ауызашарды кешіктіру жаиз ба?
Рамазан айы. Ораза. Ауызашарды кешіктіру жаиз ба?
Рамазан айы. Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік
Рамазан айы. Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік
Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар
Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар
Рамазан айы. Ораза. Ауызашар (ифтар) берудің сауабы
Рамазан айы. Ораза. Ауызашар (ифтар) берудің сауабы
Рамазан айы. Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазының тасбихы, Тарауих намазы қалай оқылады? [видео])
Рамазан айы. Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазының тасбихы, Тарауих намазы қалай оқылады? [видео])
Қадір түнін құлшылықпен өткізген адам мол сауапқа кенеледі
Қадір түнін құлшылықпен өткізген адам мол сауапқа кенеледі
Ережеп айы – Рамазанның сүйіншісі
Ережеп айы – Рамазанның сүйіншісі
Ауызашар берудің пайдалары, құндылығы мен сауабы қандай?
Ауызашар берудің пайдалары, құндылығы мен сауабы қандай?
Жәннатқа бастайтын 18 жол
Жәннатқа бастайтын 18 жол
Алдымыздағы жексенбiден Дуйсенбiге караған түн Ашура түнi
Алдымыздағы жексенбiден Дуйсенбiге караған түн Ашура түнi
РАМАЗАН: ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ КЕҢЕС
РАМАЗАН: ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ КЕҢЕС

KZ / Пайдалы кеңес жинағы, тарауих намазы үйде оқу, тарауих намазы канша ракат, тарауих намазы қалай оқылады видео, тарауих намазы әйелдер қалай оқиды, тарауих намазы уйде оку, тарауих намазы окып уйрену, тарауих намазы үйде оқу тарауих намазы канша ракат тарауих намазы қалай оқылады видео тарауих намазы әйелдер қалай оқиды тарауих намазы уйде оку тарауих намазы окып уйрену, Тарауих намазы үйде қалай оқылады? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге