Лайфхак

Лайфхак

Сіркесуының құрамында түрлі микробтарды өлтіретін биологиялық белсенді заттар көп. Сондықтан оның пайдасын ертерек елеп-ескерген жөн.

✅ Тамақ ауруына қарсы
Тамақ ауруының қандай да бір белгілерін сезсеңіз, дереу ¼ кесе алма сіркесуын 1 кесе жылы сумен араласытрып, тамағыңызды шайыңыз. Бұл қоспа тамақ пен ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіріп, аурудың алдын алады.

✅ Қыжылға қарсы
Аздаған сумен араластырған 1 шай қасық алма сіркесуы қыжылдан арылуға көмек болады. Бұл – табиғи антацидтің өзі!

✅ Мұрын бітуіне қарсы
Егер тұмаудың алғашқы белгілері білініп, мұрын біте бастаса, 1 шай қасық алма сіркесуы қосылған 1 стакан су ішіп алудың пайдасы мол. Сіркесу құрамында А, В1, В2, В6, С дәрумендерімен қатар сіркесу, алма, сүт пен лимон қышқылдары бар. Бұл аталғандар мұрынның бітелуін болдырмайды.

✅ Қайызғаққа қарсы
Алма сіркесуы шаштың беріктігін арттырып, оған көлем береді және жылтыратады. Сонымен қатар бастағы қайызғақты кетіреді. Ол үшін басты жуып болған соң ¼ кесе сіркесуы мен сол мөлшердегі суды араластырып, шашты шаю керек.

✅ Терінің қышуына қарсы
Терінің дуылдап, қышуы кезінде мақтаға аздаған сіркесуын сіңіріп алып басқан жөн. Сіркесуының бактерияға қарсы күші түрі тері ауруларының алдын алып, қышуын басады.

✅ Сүйелге қарсы
Күнде-күнде сүйелді алма сіркесуымен сүртіп отырса, ол жоғалады. Бастысы, тұрақты сүртіп тұу керек.

✅ Аяқтың жағымсыз иісіне қарсы
Күнделікті кешкісін аяқты алма сіркесуы қосылған жылы суға салып отырса, онда аяқтың терлеуі басылып, жағымсыз иіс те жоғалады. Сондай-ақ өкшенің жарылуы мен тілімденуі де жазылады.

✅ Іштің кебуіне қарсы
Ол үшін тамақ алдында сіркесуы қосылған 1 стакан су ішу керек. Ол асқорытуды жақсартып, асқазан, ішек жолдарының жұмысын, зат алмасу процесін реттейді.

✅ Үйдегі жағымсыз иіске қарсы
Су мен сіркесуын араластырып, пульверизамормен бөлмелерге шашып шығыңыз. Үйдің ішіндегі жағымсыз иістен арылу оп-оңай.

✅ Кірге қарсы
Сіркесуының көмегімен кез келген кір, дақтан арылуға болады. Ол кез келген химиялық тазартыш құралдардан арзан екені есіңізде болсын.

✅ Киім қыртысына қарсы
Үтіксіз киім қыртысынан арылуға болады. Тек мұнда сіркесуының көмегі керек. Ол үшін сіркесуы мен суды 1:3 қатынасында араластырып, пульверизаторға құю керек. Ал оны қыртыстанған киімге шашыңыз. Киім кепкенде қыртыстың да жоғалғанына көзіңіз жетеді.

✅ Жиһаздағы дақтарға қарсы
Жиһаз бен кілем, маталардағы дақты сіркесуының көмегімен оңай тазартуға болады. Кілем мен маталардағы дақты тазалау үшін сіркесуы мен тұзды араластырып, дақ жұққан жерді сүртіңіз. Кепкеннен кейін шаңсорғышпен сорғызып тастаңыз. Дақ та кепкен тұзбен бірге жоқ болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі