Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз казакша Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз на казахском языке
Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұрғаны белгілі. Тіпті кейбір дәрілерді алып ішуге қалтамыз көтермей жатады. Мұндай оқиға бәріміздің де басымызда болған шығар. Соны ескере отырып, біз бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым халық кеңестерін ұсынғымыз келіп отыр.

1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса.

0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

2. Басыңыз ауырса.

0,5 шай қасық кептірілген жанжабіл өсімдігі мен азғантай ыстық суды араластырып, паста дайындаңыз. Кейін сол пастаны маңдайыңызға қойып жатыңыз. Аздап күйдіру мүмкін, бірақ басыңыздың ауырғанын қойдырады.

3. Арқаңыз ауырса.

1 ас қасық жанжабілді ұнтақтап, 200-250 мл жылы суға араластырып, арқаңызға компресс қайыңыз.

4. Тамағыңыз ауырса.

200 мл ыстық суды 1 ас қасық шатыраш шөбімен араластырып, тұнбамен тамағыңызды шайыңыз.

5. Безеу мен бөртпелер шықса.

1 ас қасық алоэны ¼ шай қасық куркумаға қосып, күніне екі рет теріңіз таза болғанға дейін жағыңыз.

6. Деміңіз таза болсын десеңіз.

Фенхельдің дәнін шайнаңыз немесе бір стақан қайнаған суға 1 шай қасық ұнтақталған кардамон, даршын және лавр жапырағын бірдей көлемде салып, салқындатып ішіңіз.

7. Бұлшықетіңіз созылып кетсе.

0,5 стақан ұнтақталған жанжабіл мен 0,5 стақан сода қосып, 15 минут ыстық ваннаға шомылыңыз. Ауыратын жеріңізге күніне екі мәрте компресс қойыңыз. (1 шай қасық жанжабіл + 1 шай қасық куркума + аздаған ыстық су)

8. Жарақат алған жеріңіз ісінсе.

Денеңіздің ісіп кеткен жерінің бір бөлігіне куркума, тағы бір бөлігіне тұз сеуіп, бинтпен байлап тастаңыз.

9. Ұйқысыздыққа ұшырасаңыз.

0,5 шай қасық теңіз жаңғағын бір стақан сүтке қосып ішіңіз. Сонымен қатар 1 шай қасық қуырылған, ұнтақталған куминді (зира) піскен бананның жұмсағымен араластырып, ұйықтар алдында жеңіз.

10. Есте сақтау қабілетіңіз нашарласа.

Күніне 3 грамм ұсақталған калинджи дәнін 10 грамм балға араластырып жеуіңізге болады.

11. Күйіп қалсаңыз.

Бір шөкім куркуманы алоэ шырынымен араластырып, күйіп қалған жеріңізге жиі жағып тұрыңыз.

12. Салқын тигенде немесе тұмауға шалдыққанда тоңып қалтырасаңыз.

0,5 шай қасық жанжабіл мен 1 шай қасық ұнтақталған даршынды 10 минут қайнатып, үш сағат сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Бал қосуды ұмытып кетпеңіз.

13. Мұрыныңыз бітіп қалса.

Ыстық куркуманың түтінімен дем алыңыз. Ол сіздің мұрыныңыздағы қоқысты шығарып, тез арада тазалайды.

14. Тұмауратсаңыз.

Кептірілген жанжабілден шай ішіңіз және куркуманы сүтке қосып, күніне 3 рет тұтыныңыз. Ол сіздің ауруыңыздың алдын алып, иммунитетіңізді нығайтады.

Жоғарыда айтылған кеңестердің сіздің денсаулығыңызға пайдасы өте көп. Сондықтан оны ешқашан есіңізден шығармаңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!

Автор: araylym94 | 29 | 20.01.2019



Загрузка...

KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз, пайдалы Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер , Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге