Артық май жиналу себептері

Артық май жиналу себептері

Іштегі қабаттанған май әйел адамның сыртқы пішініне зиян келтірмейді. Бұл – қалыпты жағдай. Оның себебін түсіндіреміз. Егер белгілі бір себептермен іштегі майдан арылғыңыз келсе, сіздерге мынадай кеңес береміз.

Әйелдердің 90%-ы майды қарнына, беліне жинайды. Әйел ағзасының бір ерекшелігі табиғатынан сондай. Оның бір пайдасы жүкті болған кезде құрсақты сыртқы күштерден немесе суықтан қорғайды. Демек, майдан қорқудың қажеті жоқ.

Майдан арыламын деген қыздар ең алдымен ағзасына мән бергені жөн, жиі күш жұмсап, дұрыс тамақтануы керек. Күш жұмсау дегеніміз – жиі жаттығу жасау. Бұның бәрі ниетке байланысты: егер қыздар май орнына текшелер шығарғысы келсе немесе майдан толық арылғысы келсе, жаттығуды жиі әрі көп жасауы тиіс. Майдан толық арылғым келеді дегендері бимен (әсіресе шығыс биімен), жеңіл жаттығулармен шұғылданса болады, ал егер кішкене текшелер шығарғысы келсе, жаттығу залынан шықпай, көп тер төгуі тиіс.

Бір-ақ рет жасаған жаттығу аздық етеді: егер сіздің ішіңізде бұрыннан текшелер болып, көрінбей тұрса, онда олар май астында жасырынған. Мұндай жағдайда дұрыс тамақтануға мән беру керек және кардиожаттығуларға жүгінген абзал. Тез тарайтын көмірсу мен қанттан алшақ болыңыз. Ақуызға бай тағамдарды көкөністермен жеу керек, қарақұмық, күріш секілді зат алмасуға көмектесетін тағамдарды рационға көптеп қосу керек. Сонымен қатар, сұйықтықты тамақтан бөлек ішіңіз. Аш қарынға вакуум жаттығуын жасаңыз. Вакуум жаттығуы дегеніміз – іштегі ауаны бір деммен алып, ұстап тұру.

Іштегі майдан арыла алмаудың 5 себебі

Шулы аймақта тұрасыз

Көліктің, дабылдың, адамдардың шуы – бәрі-бәрі адам ағзасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Тек ағзаға ғана әсер етпейді. The Journal Occupational and Environmental Medicine журналының зерттеуі бойынша терезеден естілген шудың әсерінен майдың 25%-ы белге жиналады екен. Әйелдер қоршаған ортадағы барлық дауысқа елеңдегіш болады. Зерттеушілер елеңдеудің әсерінен кортизол деп аталатын күйзеліс гормоны бөлінетінін айтқан. Бұл гормонның көбеюі белдегі майдың көбеюіне әкеледі.

Қазір, яғни жазғы мезгілде терезелер ашық тұрады, көше шуынан арылу мүмкін емес. Бұл шуды баяу әуен алмастыра алады. Асүйде жүріп, классикалық ән, симфониялық әуендерді тыңдаған жөн дейді зерттеушілер.

Газдалған сусын ішесіз

Калориясы төмен тағамдарды тұтынған адамдар калориясы көп тағам жеген адамдарға қарағанда салмақ қосуға әуес келеді екен. Бұл туралы The University of Texas Health Science Center орталығы зерттеу жүргізген. 9,5 жыл құрамында диеталық сода қоспасы бар газдалған сусын ішіп келген адамның белі 8,1 сантиметрге өскен. Ал қарапайым газдалған сусын ішіп жүрген адамның белі 2,5 сантиметрге өскен екен. Зерттеу авторы Хелен Хазуданың сөзіне сенсек, жасанды сода миға ағзаның тойғаны не ашыққаны туралы ақпарат бермейді екен. Сондықтан, диеталық сусынды тоқтаусыз іше беретін көрінеді.

Кальций аз

Егер сіз спортзалда көп жаттығып жүрсеңіз, ал ішіңіз әлі тартылмай жүрсе, ағзаңызда кальций элементі аз деген сөз. Бір зерттеуде бір топ адам 12 апта бойы 3 порция сүт тағамдарын жеген. Ал екінші топ бұл мөлшерден аз жеген. Зерттеу соңында сүт өнімдерін көп жеген топ мықынға жиналған бір килограмм майдан арылған екен. Кальций тек сүт өнімдрінде ғана емес, жеміс-жидекте және көкөністерде де болады.

Жұмысқа баратын жолыңыз тым ұзақ

Жұмыс орныңыз үйіңізден тым алыс болса, мықындағы май соғұрлым көп болады. Вашингтон университетінің зерттеушілері мынадай тәжірибе жасап көріпті: зерттеуге 4300 жұмысшы қатысқан. Жұмысқа дейін көлікпен, метромен, маршрутпен, таксимен қатынайтын адамдар аз қозғалады, яғни көп жүрмейді. Жұмысқа жаяу не велосипедпен баратындары бар, бірақ санаулы ғана. Сондықтан, жұмысқа қалай барсаңыз да, алдыңғы аялдамадан түсіп қалып, жаяу жүріңіз.

Ұйқыңыз тыныш емес

Ұйқының қанбауы немесе ұйықтамау адамға пайда әкелген емес. Бұл туралы көптеген жазбалар жарық көрді. Зерттеушілер қанбаған ұйқы мен майдың арасындаға байланысты тапқан. Егер қорылдың кесірінен немесе қорқынышты түстен, баланың жылаған даусынан оянып кетіп, ұйықтай алмай жатсаңыз, уайымдамаңыз. «Неге ұйықтай алмай жатырмын?» деген мазасыз сұрақтың өзі жоғарыда аталған кортизол гормонын бөледі екен. Сол себепті, оянып кеткеніңізде сағатқа қарамаңыз, жақсы нәрселер ойлаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?