Өміріңізден нені алып тастар едіңіз? » ZHARAR © 2018 | қаншасы, Солардың, беретін, ауыртпалық, мүмкін, оларды, арқылы, сатып, өміріңізге, артық, заттар, қажетсіз, немесе, келеді, болуы, сізге, айналсын, салтқа, болсаңыз

Өміріңізден нені алып тастар едіңіз?

Өміріңізден нені алып тастар едіңіз? казакша Өміріңізден нені алып тастар едіңіз? на казахском языке


Жан-жақтан тоқыла беретін, шырмала беретін әлемде қажетсіз заттар қаншама... Әдеттер... Солардың қаншасы (іздеп көрсек) сіздің бойыңыздан табылады екен? Солардың қаншасы өміріңізге ауыртпалық салып жүр немесе көлеңкелі тұстарын түсіріп келуде? Қазақта "ештен кеш жақсы" деген тамаша сөз бар. Қайырымды оқырман, өміріңіздің күнгей тұстарынан арылыңыз. Жақсы өмір салтқа айналсын.

* * *

Ендеше, бас тартуға тиіс азды-көпті кедергілер:

1. Ыңғайсыз киім

Кейбір киімдер үстіңізде керемет көрінуі мүмкін, бірақ, бір жері қысып, бір жері үлкен көрініп тұратын болса, онда ол - сіздің жауыңыз. Олардан тез арада құтылыңыз және оларды қорқынышты түстей ұмытып кете барыңыз.

2. Сізді өкпелететін "әзілдер"

Үнемі біреудің мазасын алып, әзілмен қытыққа тиіп қоймайтын адамдар тобы бар. Олар сол арқылы өздерінің жеке бағаларын арттырғысы келеді. Айтқан әзілдері біреу-міреудің жанды жеріне тиіп кетуі мүмкін. Кейде олар тіптен артық қағытпаларды айтып, өзгелерге күлкілі көруіні үшін және артық ауыз сөзден ада болуы үшін өздері күледі-ай келіп. Егер сіз мұндай адамға ескерту жасар болсаңыз, ол бірден ат тоқымын ала тулап, сізде юмордың жоқ екендігін және жанжалқой мінезіңізді бетке басады. Мұнымен қалай күресуге болады? Сондай бір "әзіл" ренжітулерден өзіңді азат етудің жалғыз жолы - ондай адамдармен әңгімелеспеу. Өміріңізден сызып тастаңыз.

3. Сатып алынған қажетсіз заттар

Жаңа жейде сізге кіші ме, кеше сатып алған шалбар сіздің стиліңізге сай келмейді ме? Онда оларды сақтауда не мән-маңыз? Оларды сатып алу арқылы қателескеніңізді еске салу үшін бе? Дүкенге қайтарып беріңіз немесе хабарлама арқылы сатыңыз. Ал ең дұрысы, сатып алу кезінде жақсылап ойланып алыңызшы - сізге мына зат шынымен керек пе?

4. Жаман әдеттер

Жаман әдеттерден арылуға ешқашан кеш емес. Тіпті, егер сіз ақыр аяғында беріліп, сол әдеттерге мойынұсынар болсаңыз да, әр уақытта тағы бір бастап көруге мүмкіндік бар. Таңдау жасаңыз.

5. Несиелер

Несие алудан басқа амал болмайтын кездер болады. Бірақ, кейбір адамдар несиеге бой үйретіп кеткендіктен, жай ғана алғылары келеді де тұрады. Әдетке айналып кеткен. Тіпті, оларға мұның аса қажеті жоқ болса да. Былай алып қарағанда, мұнда тұрған еш сөкеттік жоқ сияқты, алайда, несие қай жолғы қарыздай сіздің өміріңізге негативті әсер етіп, арқаңызға ауыр жүк болып батады. Одан қалса, артық ауыртпалық.

6. Сіздің қуатыңызды ұрлайтын азық-түліктер

Қант, кофе, энергетикалық өнімдер - аталған өнімдердің барлығы сіздің өміріңізде болуы мүмкін және өзіңізді сергек сезіну үшін оларды тұтынып тұратын боларсыз. Уақыт жетті. Ішіп-жемге тәуелділіктен құтылатын кез келді. Қайыры болып тұрған кезде.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, қаншасы, Солардың, беретін, ауыртпалық, мүмкін, оларды, арқылы, сатып, өміріңізге, артық, заттар, қажетсіз, немесе, келеді, болуы, сізге, айналсын, салтқа, болсаңыз, қаншасы, Солардың, беретін, ауыртпалық, мүмкін, оларды, арқылы, сатып, өміріңізге, артық, заттар, қажетсіз, немесе, келеді, болуы, сізге, айналсын, салтқа, болсаңыз, Өміріңізден нені алып тастар едіңіз? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге