» » » Эссе: Замануи білім – менің болашақ капиталым

Эссе: Замануи білім – менің болашақ капиталым

Эссе: Замануи білім – менің болашақ капиталым казакша Эссе: Замануи білім – менің болашақ капиталым на казахском языке
Павлодар қаласы
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің
9 сынып оқушысы Амангелді Дияр

Мен, Амангелді Дияр, Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы жедел оқиғалар заманында, белсенді төртінші өнеркәсіптік революция даму үстіндегі мемлекетте өмір сүрудемін. Замануи білім - менің бастапқы капиталым екенін саналы түрде түсінемін, оның негізінде болашақта өмірлік және кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Болашақта жоғары білікті маман болғым келеді. Әрине, бірінші сыныптан бастап ата-анам маған ұстамдылық, тәрбие, қайсарлық, ұқыптылық, тәуелсіздік, көшбасшылық деген қасиеттерді бойыма сіңіруде. Болашақта кез-келген кәсіптік мәселелерді тиімді шешуді үйрену үшін үнемі өзіммен жұмыс жасаймын және кейбір пәндер бойынша жеке қасиеттерімді дамытудамын.

Еліміздегі білім берудегі төңкерістер тиісті уақытта болып жатыр деп санаймын. Біз білім мен дағдылардың негізін жинай бастадық, өмірлік жағдайларды сабақтарда шешеміз, ол педагогикалық тілде «функционалдық сауаттылық» деп аталады екен. Білім беру капиталы жан-жақты дамыған, мәдениетті тұлғаны талап етеді. Замануи білім - адамның өмірлік табысы, күнделікті наны, жанның әл-ауқаты, рухани бай мәдениетінің дамуының кепілі болып табылады. Әрине, қазіргі әлемде сіз байып кете аласыз, бірақ «білімсіз кәсіпкер» ретінде қаншалықты ұзақ өмір сүруге болады?. Мен небәрі 14 жаста болсам да, кез-келген қоғамда білім деңгейім белгілі бір орынға ие болатынын анық түсінемін, сондықтан шапшан өзгерістер толқынынан қалмауды жөн көремін. Болашақта мен ата-ана болғанда, ұрпағымның мәселесін шешуге көмек бере алмайтын, ақыл-парасатсыз жағдайға душар болғанымды қаламаймын.

Күшті мотивация болған кезде сіз мақсатқа жете аласыз. Жоғары оқу орындарында білім алу маған жақсы жалақы алуға, мансап пен материалдық өсуге есік ашуға мүмкіндік береді. Осыдан кейін ғана шетелге отбасымен демалу, әлемді өз көзіңізбен көру, өмір сүру деңгейін салыстыру, іс жүзінде қартайғанға дейін өмір жолында қолдануға болатын қосымша білім алуға мүмкіндік туады.

Білім беру капиталын дамыту адамның өзіне байланысты. Бір сабақтың өзінде өмірде қолдана алатын белгілі бір білім мөлшерін аламыз, алайда егер осы 40 минутты ескермесек, онда «білім үйінің» құрылысында бір кірпіштен айырыламыз. Бір «кірпіш» қайсы бір мәселені шеше алады?. Көп нәрсе... Тіпті бір «кірпіштің» өзінде құндылық, ақылдылық көп. Білімге деген сусынымыз қанатындай зор үлес қосып отырған Жанғазы Гүлнар Садыққызының көшбасшылығымен мектебіміздегі инновациялық өзгерістер табысты оқуымызға қол жеткізуде.

Білім менің болашақ капиталым екендігіне күмәнім жоқ. Ол маған өмірден өз орнын табуға, менің әлеуетімді ашуға, өмірден ләззат алуға және отбасымды қуантуға көмектеседі, алайда мен бұл үшін тоқтаусыз үйренуім керек, және бұл менің басты ұстанымым.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 21 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Эсселер жинағы, эссе сочинение про Замануи билим – менин болашак капиталым на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Замануи білім – менің болашақ капиталым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Замануи білім – менің болашақ капиталым, эссе сочинение про Замануи билим – менин болашак капиталым на казахском языке скачать бесплатно шығарма Замануи білім – менің болашақ капиталым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Замануи, Эссе: Замануи білім – менің болашақ капиталым эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы