Ертегі: Көбелек пен маса

Ертегі: Көбелек пен маса казакша Ертегі: Көбелек пен маса на казахском языке

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан масаның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді.

Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да сес көрсетеді:

— Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер - менің мекенім! – деп әкіреңдейді. Бұған көбелек саспайды.

— Бұл қораның үсті ғой, қоға емес!

— Тақылдама, мойныңды үзіп аламын! – дейді маса ызыңдап. Бұған көбелек сақылдай кеп күледі:

— Күшің жетсе...

— Мен саған көресіңді көрсетемін, – дейді маса тызалақтап. — Мына ұзын тұмсықты қалың теріңе сұғып жіберіп, қаныңды сорып аламын!

— Мұныңа сенбеймін! – дейді, көбелек әдейі қарсыласып. Маса ыза боп, қоқаңдайды:

— Сенбесең, көзіңмен көр!

— Қане, көрсетші...

— Қара да тұр!

Осыны айтады да маса ұшып барып байлаулы тұрған өгіздің құлағына қонады. Сонан соң тұмсығын сұға бастайды.

Сол кезде өгіз артқы аяғымен құлағын қасиды. Маса теріге сұққан тұмсығын қайта шығарып үлгергенше, тұяқ тиіп, мылжаланып қалады.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Көбелек пен маса туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Көбелек пен маса для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Көбелек пен маса казакша оку, Көбелек пен маса, ертегі Көбелек пен маса туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Көбелек пен маса для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Көбелек пен маса каз, Ертегі: Көбелек пен маса ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн