Еркін күрес, гректер заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады. Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. ....
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады. Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды.....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].....
Тақырыптың өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салал іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қаббаттаса жүреді. Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым-қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. ....
Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру. Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. ....
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады. Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі. Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет. Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.....
1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор. Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады. Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2]. Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады. Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей: «... ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады» [1]. Осы орайда ұлттық компаниялардың алатын орны да ерекше. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде алға қойған міндеттер шешімін табады. Бірінші бөлімде - «мемлекеттік меншікті басқарудың теориялық негіздері». Мұнда меншік, мемлекеттік меншік категорияларының мәні, оның атқаратын қызметтері, мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесі және ұлттық компаниялар қызметінің маңыздылығы сипатталады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады. Қандай да болмасын көлемде кез келген ел экономикасына мемлекеттік сектор қажетті және әлемнің барша елдерінде мемлекеттік секторға маңызды орын берілетіндігі айқын көрсетілген. Екінші бөлім - «Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың дамуын талдау». Қазіргі таңдағы мемлекеттік мүлікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды басқарудың жағдайы талданып, бірнеше ұлттық компаниялар қызметіне сипаттама берілген. Сонымен қатар, мұнай-газ саласында қызмет ететін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметін талдауға баса назар аударылған. ....