Экономика | Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау

 Экономика | Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау

Мазмұны


1. БӨЛІМ. НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ
1.1. Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі
1.2. Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері
1.3. Негізгі қорларды бақылау
1.4. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы

2 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1. Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау
2.3. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау
2.4. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау

3 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ КӨТЕРУ
ЖОЛДАРЫ МЕН РЕЗЕРВТЕРІ.
3.1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері
3.2. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында функциянирленеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ал негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келессі экономист ғалымдардың Е.Е. Савицкая, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және т.б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде «Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың мәні және мағынасы» таңдалған тақырыптың теориялық негіздері беріледі, яғни негізгі қорлар нені көрсетеді, кәсіпорынның техникалық потенциалы қалай, негізгі қорлардың классификациясы, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның жәй-жәй қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі анализ жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші бөлімнің бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің анализі, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері, оларды өзгертетін факторлар зерттеледі.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың анализін және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін анализденетін кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту перспективалары және тенденциялары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және анализі сұрақтарын қамтитын нормативтік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
Бөлім 1. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы

1.1. Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.

Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе оперативті басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның функционирленуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.
Өндірістің әр бір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбекке заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс процесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек процесінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектен ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.).
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдер ішінде пайдаланады, олар жәй-жәй тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
● өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
● өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
● меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;
● арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.
● қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;
● тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
● запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
● мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);
● мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.
Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
I. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер учаскісіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.
II. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспанап және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі