Дипломдық жұмысҚазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары Дипломдық жұмысты атқарушы______________________________ _________________________________дайындаған диплом жұмысына РЕЦЕНЗИЯ Диплом жұмысының тақырыбы: ««ҚР кітапханал...
Синтаксис (грек. sintaxis–біріктіру)–грамматиканың үлкен бір саласы. Синтаксис сөйлемдегі жеке сөздердің байланысын, сөз тіркесінің заңдылықтарын, сөйлем құрудың амал-тәсілдерін қарастырады. Егер де жеке сөздер морфология саласында статикалық (сол тұрған қалпында) тұрғыдан зерттелсе, синтаксисте олар динамикалық (қозғалыста) тұрғыдан қарастырылады. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді. Синтаксис–сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім. Жай сөйлемге қатысты үлкен мәселенің бірі – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері әр тілде әр түрлі зерттелген. Лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызметті атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлемдегі сөздердің саны аз болса да, көп болса да, бір-бірімен мағыналық, тұлғалық байланысқа түсіп, сөз тіркесін жасайды. Ал сол сөз тіркесінің жеке сыңарлары сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады. Сөйлем мүшелерін дәл анықтап, дұрыс ажыратудың басты шарттары мыналар: 1. Сөйлемнің әр мүшесінің өзіне тән жеке сұрақтары болады. 2. Сөздердің бір-бірімен байланысына қарай басынқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойылады. 3. Ол сөздердің қандай грамматикалық тұлғада тұрғандығын білу шарт. Қай тілдің болмасын синтаксистік категориялары мен морфологиялық категориялары бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Сөз синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен арадағы қатынасын сөйлем құрамында көрсетеді. Кейде сөздің лексикалық мағынасының өзі сөйлем құрамы арқылы айқындалады. Сөйлем белгілі бір ой желісін білдіріп, тыңдаушы жұртқа түсінікті болу үшін, ондағы сөздер өзара берік синтаксистік байланыста тұруы тиіс. Сөйлемдік қоршаудағы әр сөз өзіне лайықты орында тұруы және жалғау, шылау сияқты дәнекерлік қызмет атқаратын тұлғаларды дұрыс қабылдауы керек. Осы талаптар дұрыс орындалмаса, сөйлемдегі сөздер өзара берік байланыса алмайды да, айтылған ой түсініксіз болады. Демек, айту, тыңдау процесі өз мақсатына жете алмайды. Сөйлем құрамына енген сөздерді өзара таптастырғанда, оның рөлі мен маңызы ескеріледі. Осы тұрғыдан қарағанда, тұрлаулы, тұрлаусыз болып екі топқа бөлінеді. Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады.
Ι ТАРАУ Пысықтауыш және оның зерттелуі Түркологияда Н.К.Дмитриев, М.Балақаев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырса, Г.Д.Санжеев пен Л.П.Поцелуевский пысықтауышты формалық белгісінің негізіне сүйеніп және тек үстеу үшін арнайы сөйлем мүшесін қарастыру қажет емес дейтін пікірді негізге ала отырып, пысықтауышты сөйлем мүшесі деп танымайды.....
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес. Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!....
Кіріспе Тау-кен өндірісі ғылым мен техниканың жер қойнауын игер,пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстарын қамтитын сала.ежелден келе жатқан салардың бірі болып табылады. Негізінен өндірістің бұл түрі жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Барлау жұмыстары жүргізілген сон ғана кен қазу жұмыстары(кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б. жүргізіліп, тағайындалған технологиялармен қазыла бастайды. Қазіргі таңда кез-келген өндіріс түрінде ақпараттық технологиялар қолданылады. Тау-кен өндірісіндегі ,ақпараттық технологиялар, өндіріс жағдайында жасалынатын жұмыстарды тез әрі сапалы етіп жасауға зор үлесін қосады. Пайдалы қазбаларды өндіруден қалыптасатын , өндірістік процесстердің ақпараттық қолдауды дайындағанда оларды өңдеудің әртекті модельдері мен алгоритмдері қолдануы тиіс. Әлемдік нарықта интеграцияланған тау-кен жүйелеріне арналған көптеген бағдарламалық өнімдер ұсынылады. Мысал ретінде, үш өлшемді кеңістікте тау-кен жыныстарының визуалициясы, кен орындарының геостатикалық анализі,жер асты және жер үсті жұмыстарын жоспарлау сияқты бағдарламалық өнімдер ұсынылады. Тау техникаларының көптеген түрі өндіріс кезінде автоматтық басқаруды және де бақылауды қажет етеді. Бұл талаптарды орындау үшін басқарудың авматтандырылған жүйелері қолданылады. Ол тау техникаларында орналасқан мобильді компьтер мен орталық диспетчер пультынан құралады. Дипломдық жобада SCADA жүйесі негізінде тау-кен жыныстарын жарылу процесіне дайындау технологиялары қарастырылады.....
Б.Күлеевтің шығармашылық өрісі және лирика жанры МАЗМҰНЫ Кіріспе1 ТАРАУ. БЕРНИЯЗ КҮЛЕЕВТІҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ2 ТАРАУ. БЕРНИЯЗ - АБАЙ ҮЛГІСІНДЕГІ АҚЫН3 ТАРАУ. АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІҚорытындыСілтеме көрсетілген әдебиеттерПайдаланылған әдебиеттерКіріспе "...
Тақырыптың өзектiлiгi. Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған. Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты. Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде. ....
Зерттеудің өзектілігі. Көп уақыттан бері фирмалар өз имиджі туралы ойламаған. Олар бизнес тек ақша түсіру мен пайда табу үшін арналған деп түсінді. Ең бастысы табыс табу үшін фирманың имиджі басты рөл атқаратынын түсінбеді. Американдық зерттеушілер Т.Питерс пен Р.Уотерманның пікірінше, өзіне тек қана қаржылық мақсат қойған фирмалар қаржылық жетістікке жетпейтінін түсіндірді/1/. Олардың ең басты құндылықтары фирманың идеологиясы, оның ішкі және сыртқы имиджі екенін айтып өтті. Жиырмасыншы ғасырдың төртінші ширегінде компаниялар, фирмалар, корпорациялар өздеріне бір жаңаша күш ашты. Олар оны фирманың атағы, не болмаса, имиджі деп атады. Қазір имиджді жеңіске жетудің бір сатысы ретінде қарауға болады. Ешкім де имиджге салынатын шығынның көлемін білмейді. Имидждің ең үлкен түрлерін аса ірі фирмалар мен атақты ұйымдар иеленеді. Мұндай ұйымдар әр уақытта қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болады. Олардың қоғамдық қатынастан, қоршаған ортадан құтылуға ешқандай мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан, ірі ұйымдар әр уақытта халықтың пікірімен санасады. Өз пікірлерімен қатар қоғаммен байланыстың белгілі ....
Каспий теңізі – жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Теңіз Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені – Жайық. Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады. Жайық өзені Орал тауының Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды. Жайық өзенінің ұзындығы 2534 км., оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км, ал су жиналатын алабы 220 млн. км2. Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады. ....
КIРIСПЕ Бүгiнгi таңда дербес Қазақ мемлекетiнiң қалыптасуы өте күрделi тарихи кезеңдерде жүрiп жатыр. Жас мемлекетiмiздiң қалыптасуында, әлеуметтiк қиыншылықтар аз емес. “Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары”–деп, Қазақстан Республикасының конституциясының бiрiншi бабында тұжырымдалған.Ғ.Мұстафин ағамыз айтқандай “Бiз бұған дейiн ұлтшылдыққа қарсы тұрдық, ендi ұлтсыздыққа қарсы. Бұған дейiн дiншiлдiкке қарсы тұрып келдiк, ендi дiнсiздiкке қарсы тұратын мезгiл жеттi”. - дегендей. Кеңес империясы құрдымға кетумен басталған әлеуметтiк өзгерiстер мен дағдарыстар ой-сана, тәрбие, сенiм жағынан жаңа қоғам, жаңа психология қалыптастырды. Осы айтылғандарға орай бiздiң зерттеуiмiздiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгi елiмiздегi тәуелсiздiкпен бiрге қайта оралған ата-бабаларымыз ұстанған Ислам дiнi екендiгiнде дау жоқ. Коммунизм идеологиясының қою қараңғы түтiнi адамдардың санасын улап, дiндi – апиын, құдайларды – үрей жаратады, бiлiмсiздiк, – дiнсiздiктiң себебi, дiн – құр идеология деп түсiндiрдi. Қолмен жасалған тар идеологиялар адамзаттың рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз ете алмады. Құдайға шүкiр қазiр тәуелсiз мемлекетiмiзде адамдар өзi еркiнше дiндi ұстанып, рухани аштықтарын қанағаттандыруда. Алайда, жақсылық пен жамандық қашанда бiрге жүредi. Соңғы кездерi исламды бүкiл адамзаттың алдында қаралап, террорим және экстремизм десе ислам дiнiне тиесiлi болып көрiнетiн психология қалыптасты. Және де елiмiзге көптеп келген жат ағымдар мен секталар, өз діні мен иделогияларын телу де.Жартты ғасырдан астам уақыт шынымен дін апин, деген психология, мен көзқарас болды.Қазіргі уақытта, керісінше дінсіздіктің апин, діннің психикамызға гигиена екенін нақтылау. Қазiргi мақсатымыз – Ислам дiнi ақылдың, бiлiмнiң тазалықтың, сондай-ақ, бейбiтшiлiк пен тәртiптiң дiнi және адамдарды жағымды көркем мiнездiлiкке, абзал әдептiлiкке тәрбиелейтiнiн- “Дiнсiз iлiмнiң ақсақ, iлiмсiз дiннiң соқыр”.- екенiн айқындау. Және еліміз қоғам дамуын арттырғысы келсе, өнеркәсiптiк технологияны, мәдениеттi ғана емес, дiни руханилықты да өркендету керек екендiгiн баса ашып көрсетемiз. Зерттеу мақсаты мен мiндеттерi: Бүкiл адамзат тарихындағы ең үлкен тұлға, Мухаммед Пайғамбардың жеке тұлғасы мен дiн таратудағы психологиясына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негiздеу. Осы мақсатқа орай туындаған басты мiндеттер деп мына төмендегiлердi айтуға болады. Мухаммед Пайғамбардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн таратудағы психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу Мухаммед Пайғампардың Пайғамбар болған VI ғасырдың аяғы мен VII ғасырдың басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни сенiмдерiне, дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiн әсер еткен, Ислам дін негіздерін айқындау.....