Психология | Дiн психологиясындағы (ислам) психикалық гигиена

 Психология | Дiн психологиясындағы (ислам) психикалық гигиена

Мазмұны

КІРІСПЕ
І.МУХАММЕД ПАЙҒАМБАР(С.А.У) ҚЫСҚАША ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ДІН ТАРАТУДАҒЫ РУХАНИ ТӨҢКЕРІСІ
1.1 Исламды таратудағы Мухаммед Пайғамбар (с.а.у) психологиясы
1.2 Исламды халық санасына сіңірудегі,бес парыздың рөлі мен маңыздылығы.
ІІ.ИСЛАМ ДІН НЕГІЗДЕРІ, ИМАННЫҢ ШАРТТАРЫНА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ИСЛАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ
2.1 Ислам дін негіздері, иман шарттарының адам психологиясына әсері мен пайдасы
2.2 Діни сенімнің жеке адам, және этнопсихологиялық әлуметтік қалыптасуына діннің тигізетін әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КIРIСПЕ
Бүгiнгi таңда дербес Қазақ мемлекетiнiң қалыптасуы өте күрделi тарихи кезеңдерде жүрiп жатыр. Жас мемлекетiмiздiң қалыптасуында, әлеуметтiк қиыншылықтар аз емес.
“Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары”–деп, Қазақстан Республикасының конституциясының бiрiншi бабында тұжырымдалған.Ғ.Мұстафин ағамыз айтқандай “Бiз бұған дейiн ұлтшылдыққа қарсы тұрдық, ендi ұлтсыздыққа қарсы. Бұған дейiн дiншiлдiкке қарсы тұрып келдiк, ендi дiнсiздiкке қарсы тұратын мезгiл жеттi”. - дегендей. Кеңес империясы құрдымға кетумен басталған әлеуметтiк өзгерiстер мен дағдарыстар ой-сана, тәрбие, сенiм жағынан жаңа қоғам, жаңа психология қалыптастырды.
Осы айтылғандарға орай бiздiң зерттеуiмiздiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгi елiмiздегi тәуелсiздiкпен бiрге қайта оралған ата-бабаларымыз ұстанған Ислам дiнi екендiгiнде дау жоқ. Коммунизм идеологиясының қою қараңғы түтiнi адамдардың санасын улап, дiндi – апиын, құдайларды – үрей жаратады, бiлiмсiздiк, – дiнсiздiктiң себебi, дiн – құр идеология деп түсiндiрдi.
Қолмен жасалған тар идеологиялар адамзаттың рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз ете алмады. Құдайға шүкiр қазiр тәуелсiз мемлекетiмiзде адамдар өзi еркiнше дiндi ұстанып, рухани аштықтарын қанағаттандыруда. Алайда, жақсылық пен жамандық қашанда бiрге жүредi. Соңғы кездерi исламды бүкiл адамзаттың алдында қаралап, террорим және экстремизм десе ислам дiнiне тиесiлi болып көрiнетiн психология қалыптасты. Және де елiмiзге көптеп келген жат ағымдар мен секталар, өз діні мен иделогияларын телу де.Жартты ғасырдан астам уақыт шынымен дін апин, деген психология, мен көзқарас болды.Қазіргі уақытта, керісінше дінсіздіктің апин, діннің психикамызға гигиена екенін нақтылау.
Қазiргi мақсатымыз – Ислам дiнi ақылдың, бiлiмнiң тазалықтың, сондай-ақ, бейбiтшiлiк пен тәртiптiң дiнi және адамдарды жағымды көркем мiнездiлiкке, абзал әдептiлiкке тәрбиелейтiнiн- “Дiнсiз iлiмнiң ақсақ, iлiмсiз дiннiң соқыр”.- екенiн айқындау. Және еліміз қоғам дамуын арттырғысы келсе, өнеркәсiптiк технологияны, мәдениеттi ғана емес, дiни руханилықты да өркендету керек екендiгiн баса ашып көрсетемiз.
Зерттеу мақсаты мен мiндеттерi:
Бүкiл адамзат тарихындағы ең үлкен тұлға, Мухаммед Пайғамбардың жеке тұлғасы мен дiн таратудағы психологиясына талдау жасап, оларды теориялық жағынан негiздеу.
Осы мақсатқа орай туындаған басты мiндеттер деп мына төмендегiлердi айтуға болады.
Мухаммед Пайғамбардың өмiрi, ой толғамдары мен дiн таратудағы психологиясы, әдiстерiн талдай отырып мазмұны мен мәнiне үңiлу
Мухаммед Пайғампардың Пайғамбар болған VI ғасырдың аяғы мен VII ғасырдың басындағы дүниенiң халi, адамдардың рухани әлемiне, дiни сенiмдерiне, дүние танымдарына, мәдениетiнiң даму деңгейiн әсер еткен, Ислам дін негіздерін айқындау.
Ислам дін, психологиясының мәнін зерделеп діни сананың руханилық мүдделерін қалыптастыру.
Ислам дінінің негіздері мен шарттарының адам психологиясына әсері мен мәнін ашу.
Зерттеудiң болжамы:Бүгiнгi қоғамдағы кейбiр етек жайған кiсi өлтiрушiлiк, тонау, зәбiр жапа, ашкөздiк, қылмыстың не бiр түрлерi жезөкшелiк, нашақорлық, маскүнемдiк бәрi-бәрi рухани салауатсыздықтың яғни дiнсiздiктiң салдары және рухани немесе психикалық иммунитетiмiздiң жоқтығы. Бұл иммунитеттi тек дiни тәрбие арқылы қалыптастыра аламыз.
Сондықтан имандылық пен ұждандылықты, көркем мiнездi бойға сiңiретiн дiни тәрбие мен дiни iлiмдердi отбасында, бала-бақшада, мектепте, жоғарғы оқу орындарында пән болғызып оқыту керек және ғылыми оқу әдiстеме жасап оны бүкiл қауым пайдаланатын болса, бұл жайт адамдардың жүрегiнде иман, қоғамда тәртiп орнатып, психикалық иммунитетiмiздi кеңейте түскен болар едiк.
Зерттеу обьектiсi: (Ислам) дiн негіздері және психологиямызға әсерi.
Зерттеу пәнi: Ислам дiн, негiзi болған исламның бес шарты мен иманның жетi шарты.
Зерттеудiң теориялық маңызы: Елiмiздiң тәуелсiздiк алғанына онбес жыл толуға жақындады. Тәуелсiздiгiмiз бен бiрге қайта оралған құндылықтарымыздың бiрi және бiрегейi ата-бабаларымыз ұстанған ислам дiнi екендiгiнде сөз жоқ. Жетпiс жылдай қара түнекте бодандықтың азабынан салт-дәстүр, мен тiлiмiздi, дiнiмiздi ұмытып дүбәрә мәңгүрттiкке түсiп едiк.
Сондықтанда қазiргi Қазақстанда дiни сана сезiм мен дiн психологиясының теориялық мәселесiнiң қалыптасуы өте күрделi процесте жүруде, тек елiмiзде ғана емес жалпы әлем де асыл дiнiмiз исламға жат терроризм және экстремизм ұғымдары мен қара күйелер жағылу да сол себебтi ислам дiнiнiң негiзгi құндылықтары болған шарттары мен сенiмдерiне теориялық жағынан ерекше көңiл бөлдiк.
Түптеп келген де дінді, психологиялық тұрғыдан қарасақ дiн негіздерін, идеяларын саралағанда , Ислам дiнi тек бейбiтшiлiк пен татулықты кiшпейiлдiлiктi, адамгершiлiктi, имандылықты қалыптастыратынын көремiз.
Тақырыптың жаңалығы: Жалпы дiн, және дiн психологиясы, саласы осы күнге дейiн толық зерттелiнген жоқ сол себебтi бiз зерттеуiмiзде мына мәселелердi қарастырамыз.
1. ислам дiнiнiң негiзi болған иман, намаз, ораза, зекет, қажылықтың тек құдайға жасалынатын құлшылық пен ғибадат қана емес психикамызға әсерi, сондай-ақ психикамызға психикалық гигиена екенiн айқындау.
2. ислам дiнiнiң негiзi болған иман шарттарына, сену және оның адам психологиясына әсері мен пайдасын жан-жақты айқындау.

3. Егер осы Исламның бес шарты болған парыздарды бойымызға сiңiрсек (атам қазақтың ер қаруы бес қаруы дегендей) психикамызға да бес қару болатын, өте үлкен психикалық иммунитет екенін көрсету.

I-ТАРАУ МУХАММЕД ПАЙҒАМБАР (С.А.У) ҚЫСҚАША ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ДІН ТАРАТУДАҒЫ РУХАНИ ТӨҢКЕРІСІ.

1.1. Исламды таратудағы Пайғамбардың психологиясы:

Ислам дiнi Аллаһ тарапынан адамдарға жiберiлген ең соңғы хақ дiн және Мухаммед (с.а.у) ең соңғы Пайғамбар екенi тарихтан мәлiм.Пайғамбарымызға дейiнгi дәуiрде жер бетiнде жамандық пен зұлымдық үстемдiк құрды.Сол кезде адамдар құдды кiр-қоқыс пен надандық шалшығында едi.
Адамзат әдiлет және өркениеттен мақұрым рухани көр-соқыр надандық батпағына көмiлген жезөкшелiк пен ардан безушiлiк, зорлық зомбылық белең алған тiптi кейбiрулер жабайлықтың шегiнен шығып сәби қыздарын тiрiдей көметiн, ұятсыздық пен қараңғылық жайлағаны соншалық бiрнеше еркек бiр әйелдi әйелдiкке алатын, сондай ақ қоғамда әйелдiң титтей қадiрi болмады. Ақшаға сатылатын бұйым мен пара- пар едi. Адамдар бiр бiрiне тiсiн қайраған топтар халiнде тайпаларға бөлiнiп қан төгiс тыйылмады .Адамзаттың осы халiн ақын Махметаниф екi жыр жолы мен тамаша суреттейдi:
Бiрiн -бiрi талап жеп қырқысқанда,
Асып түстi адамзат жыртқыштан да.
Мiне тап осындай дәуiрде 571 жылда рәбиүл әууәл айының 12 –сi күнi таңға жуық Пайғамбар (с.а.у) дүниеге келдi.Пайғамбарлар шоғырының соңғы жұлдызы, Мухаммед (с.а.у) ға Пайғамбарлық мiндет қырық жасында келгенi мен, ол мiнез-құлықның байлығы мен дүйiм жұртқа үлгi өнеге бола бiлдi.Ол өтрiк пен екiжүздiлiк атаулыдан аулақ болды.
Сол бiр ешкiм, ешкiмге сенбейтiн шақта барлығы оған сенiп сенiм артатын, дау тудырған мәселелер де оның қара қылды қақ жарған билiгiне жүгiнетiн тiптi оған шыдамайтын дұшпандары да адамгершiлiгi мен туралығын мойындайтын мiне содан берi ғасырлар озып, ғылым дамып, мәдениет өркендесе де күллi адамзат Оның бойындағы асқақ та биiк қасиеттерiне қайран қалу мен келедi.Тарихта оның өмiрiндей ешбiр дақ түспеген таза да пәк ғибратқа толы екiншi бiр тұлға жоқ Абай атамыз Пайғамбарымыздан үлгi алуға былай деп үндейдi.
“Аллаһ мінсіз әуелден пайғамбар қақ,
мүмин болсаң үйреніп сенде ұқсап бақ”.- деген.
Американдық ғалым Майкл Харт өзінің “Адамзат тарихындағы ұлы жүздік”- атты кітабында адамзат баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын жазған еңбекте Аристотел, Платон, Евклид, Архимед бастаған топтың алдында ең бірінші болып, Майкл Харт Мухаммед (с.а.у) көрсеткен екен. Аллаһ Құранда “сен керемет мінез-құлыққа иесің”- деп Аллаһ елшісінің бойындағы осы қасиеттерді нұсқайды.
Иә, Пайғамбарымыз өмірден өткеніне он төрт ғасыр өтсе де еш ескіріп тозбайтындай әрі ахретке дейін келіп кетер күллі адамзатты тәнті еткен осы ұлы қасиеттер мен көрем мінез-құлықты қайдан үйреніп қайдан алды? Пайғамбарымызды осылай етіп кім тәрбиелеп, кім өсірді?Тосын бұл сұрақтың жауабы ретінде Әке-шешесі дейін десек Пайғамбарымыз Әкесінен, анасының құрсағында алты айлық кезінде шешесінен алты жасында айырылып, тұл жетім қалды.
Демек, Аллаһ елшісінің тәлім тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес.Ал, оған бұл көркем мінез, жалпы тәлім тәрбиені өскен ортасы өмір –сүрген қоғамы берді дейін десек ,ол қоғамның тарихта “надандық, қараңғылық”- дәуірі деп қаратаңбасы мен орын тепкені бәрімізге мәлім. Зұлымдық пен қатыгездік билік құрған бұл қоғамда, қыз бала тірідей көміліп, әйел атаулы қорланып базарларда бейне бір саудаланатын, тіпті зина жасаушы осы ұятты ісі мен халық алдында мақтанып атақ абыройға кенелетін.
Ата-тегі шежіресі белгісіз көптеген балалар өз әкесінен бейхабарды. Әлсіздер құлға айналып, мүдделері адам бейнесіндегі жыртқыштардың аяғында тапталып жатты.Міне осындай бір қоғамда жалпы адам баласын бойындағы асыл қасиеттері мен таңғалтып, көркем де сұлу мінез-құлқы мен тәнті еткен адамзаттың асыл тәжі Аллаһ елшісі (с.а.у) тәрбиелеп жетілдіру мүмкін бе? жай қатардағы бір адам бұл қоғамның тыныс алған зиянды вирусы нан еш зақымданбай дін аман сау құтылу мүмкін бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ, қасиеттерді басқаға қалай бермек, демек Пайғамбарымызға бұл көркемде әсем қасиеттерді беріп арнайы тәрбиелеп жетілдіріп, сол арқылы біз құлдарында, тәрбиелеп тура жол көрсетуші Аллаһ болмағы еш күмәнсіз.
Енді пайғампарымызды қырық жасына дейінгі өміріне көз жүгіртіп зер салсақ, Ол қырық жасына дейін адамдардың арасында ең сенімі тұлға деп қабылданғандықтан, Мекке халқы оны “Мухаммед әмин”- “сенімді Мухаммед”- деп атаған Мекке халқы кез келген сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды заттарын еш күмәндан бастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыратын.Пайғамбарымыз аманатқа қиянат ету уәде де тұрмау және де жалған сөйлеу,екі жүзділіктен ада болған.Осылай Мекке халқы Мухаммед(с.а.у) қырық жасына дейін бір рет болсада жалған сөйлеуіне куә болмаған .
Осындай күндердің бірін де Мухаммед өзіне ғана таныс әлемге шомған сәтте, Жәбірейіл(с.а.у) Аллаһтың әмірі мен оған Пайғамбарлық міндетін білдіруге келді.Ол адамзатты тура жолға бастаушы Аллаһтың сүйікті құлы Мухаммед(с.а.у) ға Құранның алғашқы аяты “Ей Мухаммед! Оқы! Жаратқан Раббынның атымен оқы! Ол Аллаһ, адамды ұйыған бір тамшы қан түйірінен жаратты! оқы! Раббың аса жомарт, Ол адамға қаламмен жазуды үйретті Адамға білмеген нәрселерін үйретті”.- (Ғалақ сүресі 1-5 аят) Осылайша Мухаммед (с.а.у) пайғамбарлық міндет жүктелді.
Осы ретте Бәкір Сыдық “қырық жасына дейін бірде-бір өтірік сөйлемеген адам, мінез- құлқы өзгерместей толық қалыптасып, тұрақтаған осы жасынан кейін қалайша өтірік айтсын”- деп Пайғамбар болғанын уағыздаған дінін, еш куәсіз қабыл етіп, мұсылман болған. Иә, Пайғамбарымыз керемет ұстаз, тамаша тәрбиеші. Оның теңдессіз ұстаздығымен тәрбиешілігінің алдында бүкіл әлем бас иеді. Тағы тарихқа көз жүгіртсек.
Пайғамбарымызға дейін Араб түбегі және әлем жағдайы қалай еді!? міне, Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамда бар-жоғы жиырма үш жылдың ішінде тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі болар қоғамға айналдырды.
Оның тәлім- тәрбие сабағы адамзат тарихындағы барлық кезеңдермен әр тайпаны жинаған бір мектеп сияқты еді. Барлық ұлттар тілдерінің, түстерінің және даму дәрежесінің айырмашылығына қарамастан, осы топқа қосылып жатыр еді. Әділет ләззаттарының дәмін татып көрді. Халыққа салауаттылықты және тыныштылықты жайды.
Адамдарды бір- бірімен бауырмалдықпен өмір сүруге үйретті. 1789 жылғы Ұлы Француз төңкерісінің негізгі пікірлерін дайындаған философ Лафает “Адам хақтары баяндамасы” жарияланбай тұрып, бүкіл заң жүйелерін зерттеген. Ислам заңының өзгешелегін, үстемдігін көріп “Ей, Мұхаммед! Сенің әділетті орнату, іске асыру жөніндегі жеткен жетістіктеріңе әлі ешкім жете алмады” - деп тебіренген. Пайғамбарымыздың сыртқы ортадағы қоғамға берген тәрбиесі және ішкі жан- дүниесінің әсері күшті бір дәрідей, жартылай жабайы көбі адамгершіліктен хабарсыз надан бір қауым мен қоғамды адамзат тарихының аңсаған - “сахаба” сипатымен елестетуге де мүмкін еместей мәртебеге жеткізді.
Оларды бір діннің, бір тудың, бір заңның, бір мәдениеттің және бір басшылықтың астына біріктірді. Надан жабайы, қанішер адамдарды мәдениетті, қылмыскер және рухы кембағал мінезділерді яғни, Аллаһқа деген махаббатпен және одан қорқумен және ғибадат, құлшылық қылатын иманды, таза адамдар дәрежесіне жеткізді.
Ғасырлар бойы назар аударарлықтай бірде бір адам шығара алмаған қауым оның тәрбиесінен, нұрмен безенген өте көп адам шығарды және ол адамдарды білімді, парасатты, иманды ғылым және темірқазық шырағы етіп, дүниенің төрт бұрышына алып барды. Шөлге түскен сәуле нұры мәңгілікті қанатына алып, бүкіл адамзатқа таратылды. Әлемнің жаратылу мақсаты жүзеге асты.
Ол қысқа уақыттың ішінде дүниеде ешбір Патша жете алмаған жетістіктерге жеткен, асқан ұлы тұлға бола білді. Адамдардың рухы, иманы көтерілген кезінде де аяғының астына жайылған кең дүниенің еш біреуіне көңіл аудармай, бұрынғыдай қарапайымдылықпен “Ұлық болсаң, кішік бол”- деп жарлы түрде кірпіштен қаланған кішкентай үйінде өмір сүре берді.
Құрма жапырақтарымен төселген төсекте ұйықтады. Қарапайым және таза киімдер киді. Жарлы адамнан да төмен өмір сүрді. Кейін бүкіл мемлекеттер өз қалауларымен оның басқаруына кірді. Арабстанның ол жағы мен бұл жағына әкім болды. Қалағанын істеуге мүмкіншілігі болды. Ол сонда да қарапайымдылығын тастамады. Өзінің ешбір нәрсенің иесі емес екенін, барлығының да Аллаһтың құдіретті қолында екенін айтатын.
Бір күні Хазіреті Омар Пайғамбарымыз (с.а.у) үйіне келеді. Бөлменің ішін көзбен шалып шығады. Үйдің ішінде көзге көрінетін ештеңе көрінбейді. Құрма жапырақтарынан өрілген бір көпшік бар екен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) соған сүйенгенінен оның тәніне батып, із қалдырған екен. Бұрышта бір уыстай арпа, оның қасында ілулі тұрған ескі су қабы бар. Міне, бары осы-ақ.
Бұл уақытта бүкіл Араб түбегіндегілердің Хазірет Пайғамбарымызға мойын ұсынған, бұл кезде Пайғамбарымыздың дүние мүлкі тек қана осы заттар еді. Бұларды көрген Омар ішін тартып, өзін ұстай алмай, көздеріне жас келеді. Хазірет Пайғамбарымыз “Неге жылайсың ей, Омар?”-деп сұрайды. Ол да: “Неге жылаймын, Ей Аллаһтың елшісі?” Рим және Парсы патшалары дүние нығметтерінің ішінде жүзеді. Ал Аллаһтың Пайғамбары кепкен көпшіктің үстінде өмір сүреді дейді. Сонда Ей, Омар! Кисра мен Қайсар қамсыз дүние нығметтерінен ләззат ала берсін бізге ақырет нығметтері жетеді ... деп айтады.Және де бір мысал беріп, Мен және дүниенің мысалы “жаздың ыстық күнінде бір ағаштың астында ұйықтап алып ,өз жолына кететін бір жолаушы адамдай” деп айтқан.
Өйткені, Аллаһ ол мүбәрәк құлын, бүкіл адамзатқа бір яғни ең кәміл үлгі өнеге етіп жаратқан. Сондықтан оны әлсіздер мен жарлы жақыбайлардың ең төменгі сатысы болған “тұлдыр жетімдіктен” бастатып өмірдің барлық кезеңдерінен өткізіп құдыреті мен билік жағындағы ең жоғарғы саты яғни Пайғамбарлық пен басшылыққа дейін көтерген.
Пайғамбардың іс-әрекеттері адамзат үшін ең кәміл үлгі өнеге болып табылады. Мысалы, Философ Нисе “Супер Хуман” яғни кәміл адам ой пікірлері мен талай беттік көзқарасын баяндаған. Бірақ бұл кәміл адам түсінігін, өмірдегі іс-әрекеттері мен күшейте алмаған ол тек бір ой көзқарас болып қалған. Ал, Аристотель мінез-құлық философиясының бір топ заңдары мен ерекшеліктерінің тегін қалағанына қарамастан оның философиясына сеніп, іске асырып бақытты болған бірде, жан көре алмаймыз. Ал хазреті Пайғамбарымыз өзінің елшілік міндетін бастаудан бұрын өзін халыққа сүйдірген және барлық болмыс парасатымен халықтың сенімді Мухаммед, деп айтатындай бір кәмілдікке жеткен.
Сонымен қатар, ол дінді таратып жаюды бұл сипаттар берілгеннен кейін бастаған. Халық оның жақсы мінез-құлығын, қайрымдылығын, ақылдылығын, адалдығын, пайғамбар болмай тұрып білген және оны ұнатып сүйген еді. Хз.Пайғамбар “мен тек қана мұғалім ретінде жіберілдім”- деу арқылы, Пайғамбарымыз адамдарға білмейтіндерін үйретіп, әдептіліктің озық үлгісін көрсететін елші екендігін білдірген.
Барлық Пайғамбарлар жіберілген қауымына киіну,үйлену,тамақ жеу,сәнденуіне ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына,сауда саттығына,әдеп-ғұрыптарына үлгі өнеге болған.Осы шындықты Құранда былай баяандайды “Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неден тыйса одан тыйылыңдар, әрі Аллаһтан қорқыңдар”-деп бұйырған.Пайғамбарымыз(с.а.у) Аллаһ тағаланың тәрбиесінен өткен адамдар арсында теңі жоқ мұғалім һәм тәрбиеші адамдарға тура жолды көрсететін көкірегі ояу, кәміл адам.
Сондықтан Пайғамбарымыз өзіне түскен Құранның көрсеткен жолы мен жүріп негізгі қызметін оқыту әрі тәрбиелеу арқылы адамзат баласын кемелдікке жеткізу үшін бар күшін салған.Хз.Пайғамбарымыз сахабаларын һәм үммбетін тәрбиелеген де ұстанған жолын жеке-жеке қарастырайық [44,15-33б.]
1. Ақырын біртіндеп сатылап тәрбиелеу әдісі:
Пайғамбарымыз сахабаларын тиімді тәрбиелеудің бірі ретінде сатылап тәрбиелеу әдісін айтуға болады.Қыруар білімді бірден адамның санасына сіңіріп жіберу психология мен педогогиканың қағидаларына қайшы келеді.Оқушыға білімнің бірден әрі артығымен берілу қиынға соғады, ал білім аз-аздан берілер болса, оны оқушы тез арада меңгере алады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 812



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі