Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» Коммерсиялық емес акционерлік қоғамыТашкенбай Қ.М.Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шараларыДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Мамандығы 5В120200 – «Ветеринарлық санитария»...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.
Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы “Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында” (1995), “Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында” (1996), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы” (1997), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) құжаттарында басты орында тұр. Экологиялық тәрбие - “табиғат- адам- қоғам” жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруінің нәтижесінде қалыптасқан жалпы білімнің бөлшегі (1: 2:3).
Экологиялық тәрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапекершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М.Қашқари және т.б.
Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, Т.Песталоцци атап көрсеткен болатын.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы – ғалымдары мен ақын жазушылары Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.
ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный, Н.А.Рыков, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева, Ә.А.Тұрдақұлов және т.б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.С.Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, Н.С.Сарыбеков, Қ.Аймағамбетова, Ә.С.Бірмағанбетов, Қ.Ж.Жүнісова, К.А.Сарманова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаева және т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.
Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық мәдениет мәселесіне философтар, социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.
Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов, Д.С.Лихачев, А.Г.Маслеев, Н.Ф.Реймерс, К.О.Стошкус, А.Д.Урсу зерттеулерінде ашып көрсетілді.
Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, М.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев, Қ.Ш.Нұрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К.Шалабаева және т.б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам” жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақ әдебиеті газетінің тарихы

"Қазақ әдебиеті" газеті алғашқы санынан бастап ұлт мүдесін ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді жазып келе жатқан басылымның бірі. Осы басылымға сол кезеңде газеттің бас қасында болған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов және өзге көптеген тұлғалар мен қатар, публицистикалық мақалаларын да жариялап келгені де жұртшылыққа белгілі. Сөйтіп «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы санынан бастап, күні бүгінге дейін публицистика жанры тұрақты орын алып, қазақтың ұлттық мүдесін қорғау жолындағы күресте алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Иә, еліміз егемендік алғаннан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті жаңа сапалық белестерге көтерілді. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жасаған рухани мұрасын енді ұлттық мүде тұрғысынан саралау ісін көтеріп, әдеби-мәдени ой-пікірдің орталық қазынасына айналды. Әсіресе, қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы арман-аңсарлары көрініс тауып, күрес жолдары жырланған шығармаларды қалың оқырманға жеткізген де осы басылым.
«Қазақ әдебиеті» газеті қашан да ұлт мүдесі жағынан табылып келген газет. Газет бүгінгі күні де қай жағынан болмасын терең тақырыпта өзекті мақалаларды жазып халық көңілінен үлкен орын алуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі

Тақырыбы: Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесіМАЗМҰНЫКІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------I-ТАРАУ. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері--------------------------------------...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шыныктыру | Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері

Зерттеудің өзектілігі. Адамның негізгі қозғаушы қасиеттерінің бірі ретіндегі төзімділіктің қандай да бір қызметті, әрекетті оның нәтижелілігін төмендетпей, ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттіліктен көрініс табатындығы белгілі. Төзімділік организмнің бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігінің критерийі болып табылады – төзімділік неғұрлым жоғары болған сайын, жұмыс соғұрлым ұзағырақ орындалады және қажып, болдыру соғұрлым табыстырақ жеңіп шығарылады.
Қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамытудың ең тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіру мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті шешу - қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуына қол жеткізуіміз деген сөз. Сондықтан да оқушылардың жан-жақты қимыл-қозғалыс қабілеттерін қамтамасыз ету бұдан әрі қоғамдық пайдалы еңбекке және қорғаныс қызметіне даярлау үшін қолайлы жағдайлар тудыра алатын қажетті алғышарт, функционалдық база болып табылады. Төзімділіктің құрамдас бөлігі болып жалпы аэробтық төзімділік табылады, ол бұлшық ет жүйесінің глобальды қызмет етуі кезінде қарқындылығы орташа жұмысты ұзақ уақыт бойы орындауға деген қабілеттілікті анықтайды. Сондықтан да жалпы аэробтық төзімділік бастауыш сынып оқушыларының дене қасиеттерін жан-жақты даярлаудың бір бөлігі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объектілер

Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объектілер МАЗМҰНЫКІРІСПЕ 1. ПРОФ. Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 1.1.Қ.Жұбановтың өмірі 1.2 «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің екі басылымы (айырма шылығы)1.3 Қ.Қ.Жұбанов шығармашылығының тақырыптары 2 Қ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жалпы орта мектептерде сабақтан тыс мектептен тыс бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жағы балалардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі- тұтас педагогика процесінің бір бөлігі. Оқыту нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жоғары сыныптағы оқушылардың физикалық дайындығы және оның даму динамикасы

Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр

Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүрЖоспарКІРІСПЕІ ТарауКүлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісіОрхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуіІІ Тарау2.1. Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы2.2. Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстарҚОРЫТЫНДЫПайдаланылған ...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Компанияның баланс өтімділігін талдау

Диплом жұмысының өзектілігі. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады . Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілетілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі , егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айнаддыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді....
Дипломдық жұмыстар
Толық