Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық құрылымдарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары(«Кербұлақ - 3» ЖШС мысалында)

Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық құрылымдарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары(«Кербұлақ - 3» ЖШС мысалында) казакша Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық құрылымдарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары(«Кербұлақ - 3» ЖШС мысалында) на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ............................................................................................................3
1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................
1.1 Экономикалық тиімділік мәні мен көрсеткіштері.......................... 6
1.2 Өндіріс тиімділігіне және рентабельділікке әсер етуші факторлар................................................................................................ 11
1.3 Нарық жағдайында ауыл шаруашылық тиімділігін бағалау..... 18
2 Шу ауданы, «Кербұлақ - 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнім өндірудің қазіргі жағдайы мен экономикалық тиімділігі..........................
2.1 «Кербұлақ - 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарихы және басқару құрылымы..................................................................... 32
2.2 «Кербұлақ - 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техника – экономикалық көрсеткіштеріне талдау.......................... 39
3 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................
3.1 Ауылшаруашылық құрылымдар тиімділігін арттырудың шетелдік озық тәжірибелері.................................................................46
3.2 Ауылшаруашылық құрылымдар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары.............................................................. 52
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................59

КІРІСП
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Осы жəне басқа да мəселелерді шешу оларды зерттеудің тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де жеткілікті қарастырылмаған. Бəсекелестік қабілетті қалыптастыру туралы жəне бəсекеге қабілеттілікті дамыту проблемаларын шешуге теориялық көзқарастардың жаңа дайындамаларына қажеттілік көптен бері туындап отыр жəне осы бағытта əлемдік тəжірибені зерттеуді талап етеді. Бəсекелестік қабілетті дамытудың көптеген теориялары бар. Дегенмен, экономикалық дамыған елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық өсудің ең т¬иімдісі ауылшаруашылық құрылымдарын жетілдіру болып табылады.Бұл – экономикалық қызметтің ең т¬иімді жəне өзара байланысқан түрлері шоғырландырылған, яғни өзара іс- əрекеттескен топтардың, ойдағыдай бəсекелесе алатын кəсіпорындар жиынтығы.
Өндіріс көлемдері қысқаруымен төлем қабілеті бар сұраныстың төмендеуімен, бəсекелестік күрестің шиеленісуімен сипатталатын қаржылық- экономикалық дағдарыс жағдайында қаражаттарды жəне АӨК-і экономикасының субъектілерін біріктіру мүмкін болмай қалды. Əлемдік тəжірибе ауылшаруашылық құрылымдарын АӨК салаларының арасында өзара толықтыруды қамтамасыз ететінін көрсетіп отыр, соның арқасында оның 7 кəсіпорындарының бəсекелестік қабілеттерін арттырады. Бірақ кəсіпорындардың өзара іс-əрекет жүйесі туралы оларды құру тəжірибесінің болмауы осы жұмыстың тақырыбын, оның өзектілігін жəне халық шаруашылығындағы мəнін таңдауды анықтап отыр. Тұтыну сұранысы жағынан кері байланыстың болмауы азық-түлік өндірудегі ынталандырудың нашарлауына жəне оның нақты құлдырауына алып келді. Отандық рынокқа арзан шетелдік азық-түліктердің белсенді келуі ұлттық шаруашылықтың осы секторындағы дəстүрлі технологияның қирауына алып келді. Осы процестердің арқасында ұлттық шаруашылықтың біртұтастығы бұзылуда жəне азық-түлік кешенінің т¬иімді жұмыс жүргізуі бəсеңдеуде, ал ол елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. Мұндай жағдайда тек қана ұлттық шаруашылықтағы азық-түлік секторының қазіргі ахуалын жай түсіндіре салу мүмкін емес, оның себептерін түсіне салу оңай емес. Оның нақты бағыттарын құрастыруға мүмкіндік беретін, одан шығуды ұсынатын мəселелер өзекті болып отыр. Ұлттық экономикамыздың азық-түлік кешенінің т¬иімді жұмыс жасау механизмін қалыптастыру, онда бəсекелестік технологиялар құру бағытындағы зерттеу жұмыстары ерекше өзектілікке ие.
Дипломдық жұмыстыңмақсатыменміндеті-– Жұмыстың мақсаты – халықты тамақ өнімдерімен, отандық өндірісті шикізаттармен қамтамасыз ететін ауылшаруашылық құрылымдарын қалыптастыру бойынша ғылыми-əдістемелік ережелер мен ұсыныстар дайындау. Мақсат мына төмендегідей міндеттерді қойып оларды шешуді анықтады:
- бірнеше экономикалық деңгейлерде өндірісті ұйымдастырудың кластерлік формасы беретін артық¬шылықтардың табиғатын ашып көрсету;
- ауылшаруашылық құрылымдарының оң жəне теріс сипаттамаларын құрастыру, аграрлық саясатқа сəйкес екеніне ұзақ мерзімге отандық азық-түлік өнімдерінің бəсекелестік қабілетін арттыру мақсатында оның тұрақтылығын арттыру;
- азық-түлік нарығының қазіргі жағдайын зерттеу жəне ауылшаруашылық құрылымдар негізінде азық-түлік секторын қайта құрылымдау тұжырымдамасын дайындау;
- азық-түлікпен қамтамасыз етуге талдау беру, оның ел азық-түлік қауіпсіздігімен өзара байланысын анықтау жəне ел азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін дайындау;
- Қазақстан азық-түлік кешенінің жағдайы мен дамуындағы негізгі үрдістерді анықтау.
Зерттеу объектісі - «Кербұлақ - 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Зерттеу пәні - ауылшаруашылық құрылымдардың экономикалық т¬иімділігі, өндіріс т¬иімділігіне және рентабельділікке әсер етуші факторларды анықтау және талдау, нәт¬ижесінде т¬иімділігін бағалау.
Диплом жұмысының теориялық және практ¬икалық мәні - зерттеудің теориялық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің зерттеу еңбектері мен Қазақстан Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және басқа да ресми деректер пайдаланылды.
Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық қағидасы, жүйелік талдау мен болжау, экономикалық-стат¬ист¬икалық салыстыру, құрылымдық, әлеуметтік және т.б. әдістер пайдаланылды.
Сонымен қатар, ғылыми еңбектің басты қағидаларын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, саяси парт¬иялар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми зерттеу инст¬итуттары, инновациялық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. саясат субъектілері іс жүзінде өз қажеттеріне жарата алады.
Ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығыЗерттеуден алынған нəт¬ижелердің ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:
- ауылшаруашылық құрылымдарының қазіргі заманауи жағдайындағы экономикалық т¬иімділігі анықталды;
- азық-түлікпен қамту концепцияларының негізгі ережелері жəне азық- түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің айырмашылықтары көрсетілді;
- ауылшаруашылық құрылымдар қызметінің экономикалық т¬иімділігін арттыру жолдарындəлелдеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңызыдылығы – жұмыста келтірілген зерттеулер нәт¬ижелері мен ұсыныстарды ауылшаруашылық құрылымдарын жетілдіру, ауыл шаруашылық т¬иімділігін бағалау.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, төрт бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде, ауылшаруашылық құрылымдардың экономикалық т¬иімділігінің теориялық негіздері, экономикалық т¬иімділік мәні мен көрсеткіштері, өндіріс т¬иімділігіне және рентабельділікке әсер етуші факторлар, нарық жағдайында ауыл шаруашылық т¬иімділігін бағалау мәселелері қарастырылған;
Екінші бөлімінде, Шу ауданы,Кербұлақ - 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнім өндірудің қазіргі жағдайы мен экономикалық т¬иімділігі, «Кербұлақ - 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарихы және басқару құрылымы, «Кербұлақ - 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техника – экономикалық көрсеткіштеріне талдаужүргізілген;
Үшінші бөлімінде,ауылшаруашылық құрылымдардың экономикалық т¬иімділігін арттыру жолдары, ауылшаруашылық құрылымдар т¬иімділігін арттырудың шетелдік озық тәжірибелері , ауылшаруашылық құрылымдар қызметінің экономикалық т¬иімділігін арттыру жолдарықарастырылған.
Төртінші бөлімінде, ауылшаруашылық құрылымдарында еңбек қорғау мәселелері қарастырылған.

1 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық тиімділік мәні мен көрсеткіштері
Қоғам талабы үнемі даму үстінде болады және бұлар арқылы өндірістік және өндірістік емес жинақтар қажеттілігі алдын ала анықталады, соның арқасында өндіріс пен құрылымдағы өзгерістер қамтамасыз етіледі. Өндірістің әртүрлі әдістеріне т¬иісті соңғы нәт¬ижелері тән. Өндірістің соңғы нәт¬ижесі - бұл қоғам талаптарын белгілі шығындардағы дамудың белгілі бір кезеңіне объект¬ивті сәйкес келетін олардың құрылымын ескере отырып жүзеге асыру. Қоғамдық өндірістің соңғы нәт¬ижелері бірыңғай халық шаруашылық кешені қызметінің нәт¬ижелері ретінде айқындалады және олардың түрі қоғамдық талаптардың сапалы белгіленген қандай түрін қанағаттандыратындықтарына байланысты болады [1, 35б.].
Халық шаруашылығының әрбір иерархиялық деңгейінде осы деңгейге тән соңғы нәт¬ижелер құрылады. Мұндай соңғы нәт¬ижелердің мәнін дұрыс түсіну үшін екі маңызды жайларды ескерген жөн: әр деңгейде дайын өнім алынады; өндірістің біріккен коғамдық өнімі оның шаруашылық тізбектері өнімдерінің қосындысы ретінде алынады. Соңғы нәт¬иже бұл жерде өндіріс процесінің қорытындысы ретінде болады.
Өндіріс процесінің соңғы нәт¬ижелерде бейнеленуі шартты өзгермейтін шығындар есебінде алынады. Шаруашылық жүргізу жағдайларында үнемі қозғалыста болатын өндіріс шығындары мен нәт¬ижелер қатынасының, динамикасы соңғы нәт¬ижелер бейнеленуінің ең маңызды түрі болып саналады. Конанов Н.Г., Воловой Д. қызметтің қол жеткізген нәт¬ижелері мен нақтылы және затқа айналдырылған еңбек шығындарының қатынасын нағыз т¬иімділіктің өзі деп санайды. Осы көзқарас таяу араға дейін ғалым-экономистер арасында басым болып келді. Т¬иімділік өндіріс құралдарын қолдану мен нақтылы еңбектің соңғы пайдалы т¬иімділігін, бірлескен салымдардың қайтарымын, алынған нәт¬иженің өндіріс шығындарына қатынасын көрсетеді. Көбіне т¬иімділік түсінігі мақсатқа жету үшін тәсілдерді пайдаланудың «нәт¬ижелілігін» сипаттайтын үнемділік түсінігімен теңестіріледі. Алайда олардың бұл көзқарасымен толық келісуге болмайды.
Қоғамдық формацияның дамуы өндіріс т¬иімділігі түсінігінің құрылуына әсер ететін экономикалық сала дамуына өз ізін қалдырады. Олардың толық, қамтылатын талдауынсыз т¬иімділік сияқты категорияға толық анықтама беруге болмайды. Бұрыңғы пайымдаулардың негізсіздігі өндірісті жүргізу ерекшеліктерінің толық көлемін қамтымағандықтарында.
Нарық экономикасын енгізуге байланысты халық шаруашылығы белгілі бір ерекшеліктерге ие бола бастады. Соның нәт¬ижесінде ол экономикалық тұрғыдан дербес тізбектердің өзара байланысы болып көріне бастады. Сондықтан өндірістік процесті қарастыру, осыған орай, т¬иімділікті жалпы халық шаруашылығы деңгейінде ғана емес, оның бөлек құраушысы деңгейінде де қарастыру қажеттілігі туындайды. Осындай деңгейлердің әрқайсысында олардың мазмұнына жауап беретін өз даму тетіктері жұмыс істейді. Сондықтан өндіріс т¬иімділігі еңбек құралдарының, еңбек затының және жұмыс күшінің жалпы халық шаруашылығы аясындағы болсын, оның бөлек өндірістік тізбектеріндегі болсын қызметінің нәт¬ижелілігі ретінде сипатталады [2, 15б.].
Белгілі бір түсініктің мазмұны туралы неғұрлым жалпылама ұғымын оның тілдік негізі беретіндігі белгілі. «Т¬иімділік» сөзі – нәт¬иже, нәт¬ижелілік. Сондықтан пайда әкелетіннің, қажетті нәт¬иже алуға мүмкіндік беретіннің барлығы т¬иімді болып саналады. Әдеби көздерді талдауға сәйкес, халық шаруашылығының құрылымдық деңгейі бойынша т¬иімділіктің айқындалу түрі халық шаруашылық және шаруашылық есебіндегі болып бөлінеді.
Халық шаруашылық аспектісі көмегімен өндіріс т¬иімділігін анықтау және бағалауда барлық халық шаруашылығының мүдделерін есепке алу қамтамасыз етіледі. Бұл деңгейде өндіріс т¬иімділігі ассорт¬имент түрлілігінде, өндірілген тұтынушылық бағаның сапасын жақсарту мен санын ұлғайтуда және ұлттық табыстың өсуінде белгіленеді. Бұл заттай және экономикалық алғышарт халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге қажетті шарт болып саналады.
Шутьков А.А., Сергеев П.В. т¬иімділік, кәсіпорын деңгейінде жоғары сапалы тауарларды ең көп өндіру мен кәсіпорындағы еңбек жағдайын жақсарту үшін қолда бар материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы айқындалады деп санайды.
Бұл екі жайт өзара тығыз байланысады. Қоғамның және бөлек шаруашылық есебіндегі бөлімшелер мен ұйымдардың еңбек ұжымдары мүдделерінің дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету үшін, халык шаруашылығы т¬иімділігін де, шаруашылық есебіндегі т¬иімділікті де бір мезгілде анықтау қажет және тек халық шаруашылығының немесе материалдық өндіріс саласының деңгейінде ғана емес, оның барлық төменгі деңгейінде анықтау керек. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндірістік т¬иімділіктің шаруашылықтар бойынша үлкен көлемде жіктелуін шамалайтын, шаруашылық жүргізудің табиғи-экономикалық жағдайларында біршама өзара ерекшеліктерімен сипатталатын болғандықтан, бұның ауыл шаруашылығындағы маңызы ерекше.
Қызметтік жүйе тармақтары бойынша өндіріс т¬иімділігінің жіктелуіне үш негізгі: технологиялық, экономикалық, әлеуметтік формалар кіреді.
Технологиялық т¬иімділік өндіріс ресурстарын пайдалануды, әлеуметтік дамуды, яғни өмір сүрудің мөлшерлік дәрежесін сипаттайды [3, 23б.].
Айқындалған аспектілер көбіне қоғамдық еңбектің шығындарымен салыстыруға болатын нәт¬иежелері бойынша өзара ерекшеленеді. Экономикалық т¬иімділіктің қоғамдық еңбек, нақтылы және затқа айналдырылған еңбек шығындарымен бірге өндірістік сипатталуында қоғамның өндірістік қызметінің әлеуметтік нәт¬ижелері емес, өндірістік нәт¬ижелері салыстырылады. Әрі бұл екі деңгей бір бірімен диалект¬икалық бірлікте болады. Олардың өзара байланысы - өндірістік нәт¬ижелердің ұлғаюы, қағида бойынша әлеуметтік мақсаттарға жету дәрежесінің көтерілуіне себепкер болатындығымен байланысты. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің табысты шешімі өндірістік нәт¬ижелердің өсуіне әсер етеді. Дегенмен мұндай бірлікте бұл аспектілер арасындағы қайшылықтар да болмай қалмайды. Мысалы, өндірістік нәт¬ижелердің тез өсуі әлеуметтік мәселелердің шешіміне қажетті назар аударылмағандықтан болуы мүмкін. Сондай-ақ, керісінше, белгіленген әлеуметтік мақсаттарға жетуді тездетуге қисынсыз ұмтылу өндірістік көрсеткіштердің өсуін баяулатуы мүмкін. Шаруашылықтың табысты жүргізілуі үшін басымдылықты өндірістік аспектіге беру қажет.
Қоғамдық өндіріс экономикалық т¬иімділігінің түсінігі екі шарттан:
- қоғамдық өндіріс әлеуметтік-экономикалық категория ретінде;
- қоғамдық өндіріс өзара тығыз байланыстағы бірқатар өзгежүйелердің: тәрбие, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және т.б.жиынтығы ретінде алынады.
Әлеуметтік-экономикалық категория өндірістің экономикалық т¬иімділігі сияқты шоғырланған түрін экономикалық заңдардан табатын белгіленген өндірістік қатынастар түрінде болады.
Екінші шартка сүйене отырып, өндірістің экономикалық т¬иімділігі өндірістік қызметпен қатар, идеологиялық, саяси-тәрбиелік, ғылыми және т.б. қызметтерді де қосатын барлық қогамдық қызметтің нәт¬ижелілігін бейнелейтін қоғамдық т¬иімділіктің неғұрлым жалпы түсінігінің бір бөлігін көрсетеді деп тұжырымдауга болады.
Кейбір зерттеушілердің пікірінше, т¬иімділіктің түрлерін бұдан да жете бөлшектеуге болады. Мысалы, жоғарыда көрсетілгендерге олар қайта өндірісті жалпы жинақтап қорытатын, жергілікті — бөлек аймақтар мен шаруашылық тізбектердің, жеке - өндірістік бөлек факторларының, қайта өндірістің бөлек кезеңдері - өндірістің, үлестірудің, айырбастаудың және тұтынудың т¬иімділіктерін қосады.
Өндіріс т¬иімділігінің мәселеллері көптеген ғалым-аграршылар жұмыстарында қаратсырылады. Алайда осы уақытқа дейін т¬иімділік критерийлері мен оның көрсеткіштері жүйесін негіздеудің бірыңғай жүйесі жоқ. Бұл жалпы т¬иімділіктің және бөлек ауыл шаруашылығы т¬иімділігі көрінісінің категориялары мен факторлары мазмұнының күрделілігімен және көпқырлылығымен түсіндіріледі. Ауыл шаруашылығы өндірісі т¬иімділігінің мәнін саланың қоғам тапсырыстарын қанағаттандырып қана қоймай, тұрақты ұйымдастыру-экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-рухани және экологиялық байланыстар мен қатынастар қызметінің негізінде үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін кеңейтілген өндірісті қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар кешені ретінде қарастыру қажет [4, 45б.].
Ұйым жұмысының т¬иімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі рентабельділік (пайда деңгейі) болып табылады. Рентабельділік табыс, пайда көлемі деген мағынаны білдіреді. Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорын қызметінің т¬иімділігін, қаржылық нәт¬ижелігін сипаттайды және пайданы құрудағы факторлық ортаның маңызды сипаттамасы болып табылады.
Рентабельділік тұтынылатын ресурстардың бірлігіне пайданың мөлшерін көрсетеді, сонымен қатар ол пайданың қызметтердің нәт¬ижелеріне қатынасы ретінде есептелінеді [5, 418б.].
Ұйымның қаржылық – шаруашылық қызметінің т¬иімділігін бағалау үшін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері қолданыла алады. Оларды шартты түрде келесідей топтастыруға болады:
- Капитал рентабельділігінің көрсеткіштері;
- Өндіріс рентабельділігінің көрсеткіштері;
- Сату рентабельділігінің көрсеткіштері;
- Ақ¬ша қаражаттарының түсімі негізінде есептелінген рентабельділік көрсеткіштері.
Капитал рентабельділігінің көрсеткіштеріне ақ¬ша қаражаттарының кез келген түріне қатынасып сипаттайтын көрсеткіштер кіреді. Авансталған капитал мен қаржының маңызды түрлеріне кәсіпорын акт¬ивтерін; құрамына жеке меншік қаражатын ұзақ мерзімді міндеттемелерді кіргізетің инвест¬ициялық капиталды жатқызуға болады.
Жоғарыда аталғандарға негізделетін болсақ осы топтағы рентабельділіктің негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады:
Акт¬ивтер рентабельділігі:

РА = *100%, (1)
мұнда:
П - Пайда
- Акт¬ивтердің орташа құны.
Өзіндік капиталдың рентабельділігі:

РСК = *100%, (2)
мұнда:
П - Пайда
СК - Өзіндік капиталдың орташа құны.
Көрсетілген рентабельділік көрсеткіштері қарызға алынған қаражаттардың мөлшерімен анықталады: бірінші көрсеткіш өзіндік және қарызғы алынған көздер есебінен қалыптастырылған қолданылған барлық акт¬ивтердің т¬иімділігі мен пайдалылығын көрсетеді; екінші көрсеткіш, өзіндік қаражаттардың т¬иімділігін көрсетеді.
Өндірісрентабельділігінің көрсеткіштері өндірістік ресурстарды қолдану т¬иімділігін көрсетеді. Оларға келесілері жатады:
Негізгі қызметтің рентабельділігі:
РЗ = *100%, (3)
мұнда:
ЧП - Негізгі қызметтен түскен таза пайда
З - Өткізілген өнім бойынша шығындар.
Сатылым рентабельділігінің көрсеткіштері әр түрлі пайданың өнімді өткізуден түскен түсімге қатынасымен анықтауға болады:
РП = *100%, (4)
мұнда:
П - Пайда
В - Сатудан түскен түсім.
Сатылым рентабельділігінің көрсеткіштері ұйымның әртүрлі қызметтеріне салынатын қаражаттардың т¬иімділігін бағалайды. Рентабельділікті зерттеу барысында факторлық талдау жасау керек, ол арқылы қаржылық жағдайға әсер ететін факторларды терең зерттеуге мүмкіндік береді [6, 101б.].
Акт¬ивтер рентабельділігінің өсімі сату рентабельділігінің көмегімен немесе акт¬ивтердің айналымын жеделдетумен қамтамасыз етіле алады.
Акт¬ивтердің рентабельділігіне сату рентабельділігі өзгерісінің әсерін базистік кезеңдегі акт¬ивтердің айналымына сату рентабельділігін өзгертуді жоғарлату жолымен есептеуге болады:

∆Рп = (РПФ - РПБ) * ОАБ, (5)

мұнда:
РПФ, РПБ - есеп берумен базистік кезеңдегі сату рентабельділігі;
ОАБ -базистік кезеңдегі акт¬ивтердің айналымдылығы. Акт¬ивтер рентабельділігіне акт¬ивтер айналымы (қайтарымының) өзгерісінің әсері есеп беру кезеңінде акт¬ивтер айналымының өзгерісінің сату рентабелділігіне көбейту жолымен есептеуге болады:

∆ОА = (ОАФ - ОАБ) * РПФ, (6)
мұнда:
ОАФ – есеп беру кезеңіндегі акт¬ивтердің айналымы (қайтарымы).
Факторлардың тұтас әсері акт¬ивтер рентабельділігінің жалпы өзгерісіне әкеледі:
∆РА = ~ ∆РП * ~∆ОА. (7)

Ұйымның жұмысының табыстылық мүмкіндігін жоғарлату үшін акт¬ивтердің орташа мөлшері негізгі және айналмалы капиталдың құны арқылы көрініс табады, ол пайда болса өнімді өңдіру мен өткізуге кеткен шығындар мен табыстардың айырмасынан анықталады. Мұндай жағдайда өнімді сатудан түскен пайда келесідей көрініс табады:
Сатудан түсетін пайда = Табыс (В) – материалдық шығындар (МЗ) -
- Еңбекшығындары (ЗТ) – Аморт¬изация (АМ)

Немесе, ПБ = В – МЗ – ЗТ – АМ. (8)

Осы жағдайда орташа жылдық акт¬ивтердің құны келесідей көріністе болады:
Акт¬ивтердің орташа жылдық құны (А) = айналымнан тыс акт¬ивтердің орташа жылдық құны (Ф) + айналым акт¬ивтердің орташа жылдық құны (О)

Немесе, (А) = Ф + О (9)

Ондаакт¬ивтердің рентабельділігі мынаны құрайды:

РА = (10)

Келтірілген көрсеткіштер бойынша акт¬ивтердің рентабельділігіне шығындардың әсерін есептеуге болады. Бірақ шығындардың абсолюттік мөлшері ресурстарды т¬иімді пайдалануды көрсетпейді. Біздің пайымдауымыз бойынша, ұйымның қаржылық нәт¬ижелерін жоғарлату үшін ішкі резервтерді мобилизациялау мүмкіндігін шығындардың пайдалану мүмкіндігін зерттегеннен кейін анықтау оңай болады.

1.2 Өндіріс тиімділігіне және рентабельділікке әсер етуші факторлар
Өндіріс қызметінің т¬иімділігі туралы сөз болғанда, деп атап көрсетеді Попов Н.А., факторлар, экономикалық жүйенің барлық жағдайын ескергендегі, біріккен салымдар қайтарымының өндіріс құралдары мен нақтылы еңбекті қолданудың соңғы пайдалы нәт¬ижесін сипаттайды.
Алынған өнім мен қоғамдық еңбек шығындарының арасындағы қатынасты анықтаушы жалпы өндірістің және бөлек ауыл шаруашылығы өндірісі т¬иімділігінің факторлары болып табылады [7, 21б.].
Өндірісті дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша топтастыру шығындар мен ресурстарды пайдаланудың нәт¬ижелілігін көрсетеді және келесі факторларды қат¬иды:
- өндірістің дамуын мемлекеттік реттеу жүйесі;
- ғылыми-техникалық серпілістікті жеделдету және ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске кеңінен енгізу;
- өндірістің салалық құрылымының т¬иімділігі;
- шоғырландыру, мамандандыру, бірлесу жәнге үйлестірудің негізінде өндірістің салалық және аймақтық ұйымдастырылуын жақсарту;
- өндірістік кадрлардың мәдени-техникалық және мамандық деңгейін арттыру және т.б.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Ауылшаруашылық құрылымдарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары(«Кербұлақ - 3» ЖШС мысалында) дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар экономика жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Ауылшаруашылық құрылымдарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары(«Кербұлақ - 3» ЖШС мысалында) дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные, Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық құрылымдарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары(«Кербұлақ - 3» ЖШС мысалында) дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін