Экономика | Ауылшаруашылық құрылымдарының экономикалық тиімділігін арттыру жолдары(«Кербұлақ - 3» ЖШС мысалында)

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Осы жəне басқа да мəселелерді шешу оларды зерттеудің тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де жеткілікті қарастырылмаған. Бəсекелестік қабілетті қалыптастыру туралы жəне бəсекеге қабілеттілікті дамыту проблемаларын шешуге теориялық көзқарастардың жаңа дайындамаларына қажеттілік көптен бері туындап отыр жəне осы бағытта əлемдік тəжірибені зерттеуді талап етеді. Бəсекелестік қабілетті дамытудың көптеген теориялары бар. Дегенмен, экономикалық дамыған елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық өсудің ең т¬иімдісі ауылшаруашылық құрылымдарын жетілдіру болып табылады.Бұл – экономикалық қызметтің ең т¬иімді жəне өзара байланысқан түрлері шоғырландырылған, яғни өзара іс- əрекеттескен топтардың, ойдағыдай бəсекелесе алатын кəсіпорындар жиынтығы.
Өндіріс көлемдері қысқаруымен төлем қабілеті бар сұраныстың төмендеуімен, бəсекелестік күрестің шиеленісуімен сипатталатын қаржылық- экономикалық дағдарыс жағдайында қаражаттарды жəне АӨК-і экономикасының субъектілерін біріктіру мүмкін болмай қалды. Əлемдік тəжірибе ауылшаруашылық құрылымдарын АӨК салаларының арасында өзара толықтыруды қамтамасыз ететінін көрсетіп отыр, соның арқасында оның 7 кəсіпорындарының бəсекелестік қабілеттерін арттырады. Бірақ кəсіпорындардың өзара іс-əрекет жүйесі туралы оларды құру тəжірибесінің болмауы осы жұмыстың тақырыбын, оның өзектілігін жəне халық шаруашылығындағы мəнін таңдауды анықтап отыр. Тұтыну сұранысы жағынан кері байланыстың болмауы азық-түлік өндірудегі ынталандырудың нашарлауына жəне оның нақты құлдырауына алып келді. Отандық рынокқа арзан шетелдік азық-түліктердің белсенді келуі ұлттық шаруашылықтың осы секторындағы дəстүрлі технологияның қирауына алып келді. Осы процестердің арқасында ұлттық шаруашылықтың біртұтастығы бұзылуда жəне азық-түлік кешенінің т¬иімді жұмыс жүргізуі бəсеңдеуде, ал ол елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. Мұндай жағдайда тек қана ұлттық шаруашылықтағы азық-түлік секторының қазіргі ахуалын жай түсіндіре салу мүмкін емес, оның себептерін түсіне салу оңай емес. Оның нақты бағыттарын құрастыруға мүмкіндік беретін, одан шығуды ұсынатын мəселелер өзекті болып отыр. Ұлттық экономикамыздың азық-түлік кешенінің т¬иімді жұмыс жасау механизмін қалыптастыру, онда бəсекелестік технологиялар құру бағытындағы зерттеу жұмыстары ерекше өзектілікке ие.....
Дипломдық жұмыстар
Толық