Информатика | «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру

 Информатика | «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................. .....7
1 Астрологиялық білім және тәлиғынәма туралы түсінік ........................... .....9
1.1 Тәлиғынәма туралы және тарихи шолу ................................................... .....9
1.2 Қазақ халқының астрономиялық және астрологиялық білімдері ......... ...14
2 HTML тілі көмегімен Web-жоба жасау технологиясы ............................. ...17
2.1 Интернет компоненттері ........................................................................... ...17
2.2 HTML тілінің негізгі тэгтері ..................................................................... ...21
2.3 «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру ...................................... ...48
Қорытынды ....................................................................................................... ...56
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. ...58
Қосымшалар...................................................................................................... ...59

Кіріспе
Қазақ халқының атадан балаға мұра болып жеткен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ескінің қалдығы деп ескерілмей келді. Әсіресе мұсылман күнпарағы (Ай күнпарағы) емделу үшін өте қажет екендігі, дәрі қабылдау үшін, сәтті мерзімдер туралы айтылады. Қазақ халқының ертеден келе жатқан ескі ұғымы жұт, апат, індет, қырғын соғыс туралы мәліметтері жұлдызнәма (астрология) арқылы түсіндіріледі. Бұл күнде халық сол мұраларды құрметтеп тарих қатесін түсіне бастады.
Астрология о баста жұлдыздар туралы ғылым болған. Оның жетістігі- аспан денелерінің орнына қарап адамның, халықтың, қоғамның, оқиғаның болашағын болжап айта алған. Астрологияның негізгі мәселесі- тәлиғынәма (гороскоп) жасау. Адамзат тарихы пайда болғаннан бастап, астрологиямен шұғылдана бастаған ғалымдар болған. Олар шығыста, одан соң батыста өте көп болды. Б.э.д. 2154 жылдардағы қытай әміршілерінің аспан әлеміндегі құбылыстарға мән бергендігі кесдеседі [1].
Біздің Қазақстанда Алматыда «Халық емшілерінің Орталығы» ашылды. Конституцияға халық емшісі туралы заң қабылданды. Қайта құру кезінде, нарықтық экономика кезінде дәрі-дәрмек таптырмайтын, таптырса өте қымбат баға кезінде халық өз денсаулығын өзі күтуді үйренсе, өз денсаулығын өзі сақтауды үйренсе, ол да халық үшін пайдалы.
ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы, компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Информацияның таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының информацияны алу әдістерінің ескіруіне алып келді [2].
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары компьютердің дамуына Internet және WWW жүйелері үлкен әсерінен тигізді. Қазіргі кезде осы бағытта компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Сол жылдары мәтіндік редакторды және көптеген программалық кодтарды пайдаланып, Internet-те өз ойын жариялау үшін, HTML тілін оқып үйрену қажет болатын. Ал бұл тілде жұмыс істеу өте көп уақытты талап етеді.
WWW жүйесінің негізгі қызметі қажетті информацияны іздеу, жинастыру және экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтері Web-құжат түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында.
Web-құжат – кішігірім мәтін немесе үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Web-құжат ретінде қарастырылады. Бұл Web-беттер белгілі бір ретпен байланыстырылып, тұтас Web-жоба түрінде көрсетілуі де мүмкін. Яғни Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі енгізіліп қойылады. Internet-тегі Web-жобаларға назар аудартып, пайдаланушылардың санын көбейту үшін, олар аса шеберлікпен безендірілген болуы тиіс [3-5].
Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы браузер-программалар қажет. Қазіргі кезде кеңінен таралған браузерлер қатарына Internet Explorer (Microsoft) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp.) программалары жатады. Браузерлер WWW-тен басқа Интернеттің басқа да ресурстарымен (Usenet, FTP) де байланыса алады.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру технологиясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: HTML тілін пайдаланып Интернетке арналған компьютерлік жұлдыз жорамал бойынша Web-жоба құру. Бұл Web-жобаны құрудағы мақсат жұлдызнәмамен шұғылдануға қабілеті бар адамдардың өз мүмкіндігін іске асыруға жағдай жасау және өз бетінше білім аламын деушілерге жол сілтеу еді. Әрбір пайдаланушы Web-жобадағы материалдарды пайдаланып өзінің туылған күні датасы бойынша өз картасын жасай алады және оны талдай алады. Дүниедегі ең қымбат калитал адам болса, адам үшін ең кымбатты нәрсе денсаулық. Әрбір адамның денсаулығы өз колында, әркім өз денсаулығын өзі күте алады. Жарық дүниеде мәнді және сәнді өмір суру үшін әрбір адам сақтана білуі керек, табиғаттағы, өз бойындағы құбылыстар сырын білуі керек.
Зерттеу жұмысының кұрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Web-жобада кестелер тізімі берілген. Ол кесте бойынша әрбір адам - өзі туылған күні, айы; жылы бойынша өз шоқжұлдызын, өз нысанын, ағашын, жәндігін, пайдалы шөбін, тамақтану ережесін, жылдың қай мезгілінде неден сақтану керек екендігін таба алады. Егер адам сол көрсетілген нәрселерді естен шығармаса аурудың, апаттың алдын алуға болады. Web-жобада 12 шоқжұлдызға байланысты беттер жасалынды.
Зерттеу объектісі: Астрологиялық білім және тәлиғынәма туралы түсінік, HTML тілін пайдаланып Web-жоба құру технологиясы.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі – Қазақ халқының астрономиялық және астрологиялық білімдері. Қазақ тілінде жұлдызнәма (астрология) туралы Web-жобалар жоқ деп айтсам қателеспейтін шығармын. Соңғы кезде халық емшілері көбейіп келеді, әр жерде оқып куәлік алуда, бірақ олар оқитын ана тілінде еш жерде ешқандай әдебиет жоқ. Менің жасаған Web-жоба тек емшілерге емес, көпшілік қауымға, жастарға пайдалы болар деп сенемін. Web жобада астрология тарихы, оның емшілікке қолданылуы, аурулардың түрлерін анықтауда, емдеу кезінде күннің, айдың, шоқжұлдыздың мерзімдері ескерілуі керек дегендігі айтылды.

1 Астрологиялық білім және тәлиғынәма туралы түсінік

1.1 Тәлиғынәма туралы және тарихи шолу

Бұрынғы өткен заманда жұлдызнәма (астрология), медицина және дін бір пән, бір ілім болған, бірге дамыған [1].
Астрология о баста жұлдыздар туралы ғылым болған. Оның жетістігі- аспан денелерінің орнына қарап адамның, халықтың, қоғамның, оқиғаның болашағын болжап айта алған. Астрологияның негізгі мәселесі- тәлиғынәма (гороскоп) жасау. Адамзат тарихы пайда болғаннан бастап, астрологиямен шұғылдана бастаған ғалымдар болған. Олар шығыста, одан соң батыста өте көп болды. Б.э.д. 2154 жылдардағы қытай әміршілерінің аспан әлеміндегі құбылыстарға мән бергендігі кесдеседі.
Астрономия жұлдыздар туралы ғылым болса, жұлдызнәма (астрология) сол жұлдыздардың адамға, қоғамға, Жерге, жер бетіндегі тір-шілікке әсері туралы ғылым. Адам денсаулығы, өмірі ұрпаққа тікелей байланысты. Адам мен ғарыш бір заңға бағынады. Адам организмі үш бірліктегі ғарыш—табиғат—адам болып, сол бірліктегі үш нәрсе бірге өмір сүреді. Егер сол бірлік ережесі бұзылса адамда ауру пайда болады, адамның өмірі кысқарады.
Адам мен табиғат арасындағы катыс, адам мен ғарыш арасындағы қатыс ет пен тырнақ сияқты бөлуге, бөліп қарауға болмайтын нәрсе, ол қатыс үндестікте және гармонияда болуы керек. Себебі олар бір заңмен, бір ережемен жаратылған. Сол қатысты түсіну үшін жұлдызнәманы білу керек оны өмірде қолдана білу керек. Ол қатыстың ережелері мыңдаған жылдар бойы сұрыпталып дәлелденген, ата-бабалардан ұрпаққа жеткен даяр мұра болып қалған. Ғарыштағы құбылыс Жерге, жер бетіндегі тіршілікке, адамның денсаулығына әсе етеді. (Соғыстар, апаттар, індеттер, зілзала, магнит борандары, т.с.с.).
Ғылым үшін адам сыры ашылмаған дүние. Адамның тәні зерттелгенімен адамның жаны зерттелмеген, ол туралы ілім жоқ. Адам дегеніміз кішкене ғарыш. Адамның шын құрылысын (структурасын) білместік нәтижесінде әртүрлі апаттар (ядролық апат, экологиялық апат, жан-дүниесі апаты...) болуда. Адамның сырын (ойының сыры емес, структурасының сыры) шешпейінше адамның миының құдіреті, мүмкіндігі туралы дәл айта алмаймыз. Кейбір ғалымдардың зерттеуі бойынша жай адамдарда мидың қуатының мүмкіндігінің жеті проценті, ал Ванга сияқты көріпкел адамдарда он төрт проценті ғана іске асады екен.
Дәрігерлер емдейді, емшілер (целитель) ауруды дауалайды (исцеляет). Оның себебі ауру ең алдымен жанға түседі, орныққан соң тәнге өтеді. Аурудың себебі жанда, аурудың салдары тәнде болады. Медицина тәнді емдейді, халық емшілері тәндегі аурудың себепшісін емдейді. Ол үшін адамның ағзасының ауруына себеп болған, сол ағзаға қуат беретін ішкі дүниені көре білу керек.
Жұлдызнәма адамдардың өте ертедегі білімінің куәсі. Жұлдызнәманы ғылыми астрономияның жаны деп те айтады. Үнді халқының айтуы бойынша жұлдызнәма туралы ілім өте ертеде пайда болған. (Б.з. бірнеше ондаған мың жылдар бұрын). Өте ертеде жұлдызнәма барлық жерде құрметтелген, қолданылған. Ол туралы бізге жеткен мына мәліметтер куә бола алады. Мысалы жұлдызнәма күнпарағы Халдей мен Мысыр елінде бұдан 2780 ж. бұрын, үнді елінде 2608 ж. бұрын, қытай жерінде 2630 ж. бұрын, Вавилонда 4000 ж. бұрын жасалған. Араб елінде, грецияда, рум елінде жұлдызнәма орта ғасырда шарықтаса, Еуропа елінде 14-15 ғг. ғылым ретінде дамыды. Тарихқа көз жіберсек ғылымның әртүрлі саласында шаңалық ашқан ғалымдардың дерлік барлығы жұлдызнәмамен шұғылданған. Бұрынғы кезде оқу орындарында жұлдызнәма пәні оқытылған. Жұлдызнәманы білмеген адамды шетелге елшілікке жібермеген.
Әлемге аты әйгілі ғалымдарымыз Омар Хайям, Әл-Фараби, Әбу Әлі Ибн Сина, Әбурайхан Бируни, Ұлықбек, т.б. жұлдызнәмамен шұғылданған және ол туралы еңбектер жазып сол ғылымға үлес қосқан.
Дүниенің қалай жаратылғанын білгісі келген адам өмірінің сыры неде екенін білгісі келген діндарлар; ғұламалар, пәлсапашылар, т.б. барлығы жұлдызнәманы білген, оны ғылымға қолдана білген. Аристотель өз пәлсапасына жұлдызнәманы қолданған. Ресейде І-Петр кезінде «Брюс күнпарағы» болған. Сол күнпарақ бойынша әрбір адам әрбір қалаған күні не күтіп тұрғанын, немен шұғылдануға болатынын, болмайтынын кестеден оқи алған.
Ол күнпарақ тарихи құнды нәрсе ретінде музейде сақталуда. Біздің ата-бабаларымыз да жұлдызнәмадан хабардар болған, жұлдызшылар есебін өмірде қолдана білген. Атап айтқанда жұттардың болуын, ауа-райын болжауды, қуаншылық пен астықтың мол болуын болжай алған.
Өкінішке орай біздің елімізде жұлдызнәманың материалдары жарияланбайды. Тек биылғы қазақша жыртпа күнпарақта тұңғыш рет «Астролог кеңесі» деген мәлімет көрсетілген. Әр күнге арналған нысандардың (жұлдыз, планета) орны туралы кестелер берілсе адамдар өзінің талиғынәмасын жасай алар еді, соған қарай денсаулығын, немен ауыратынын білген болар еді, Адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде кездесетін түрлі-түрлі оқиғаларды да алдын-ала білген болар еді. Бұл есептеулер аурудың алдын алу үшін, сақтану үшін, емделу үшін қажет. Шетелдерде жұлдызнәма қоғамдары бар, олардың журналдары шығып тұрады, әдебиеттері де жетерлік.
Жұлдызнәмадан мәліметтер әрбір отбасы үшін, оқырман үшін, өте қажет. Себебі ол мәліметтер күнделікті өмірде, бала тәрбиесінде, денсаулықты күтуде, ауруды емдеуде жол көрсетеді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 920



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?