Экономика | Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ дамуы

 Экономика | Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ дамуы

Мазмұны


1 тарау. Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері және мемлекеттің рөлінің негізі
1.1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы
1.2. Экономикадағы мемлекеттің рөлінің теориялық негізі
1.3. Дағдарыс кезінде ғалымдық тәуекелдің орын алуы

2 тарау. Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау
2.1. Дағдарысқа дейінгі Қазақстан Республикасының даму деңгейі (2006 жылмен салыстыра отырып 2007 жылға талдау)
2.2. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктері 2.3. Дағдарыстан кейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау

3 тарау. Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ дамуы.
3.1. Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралары және оны жүзеге асыру барысы
3.2. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының алдына қойған міндеттері
3.3. Жағдайдың жақсаруына байланысты мемлекет экономикадағы өз орнынан шығуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. "Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.
Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.
Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.
Қазіргі дағдарысқа себеп болған несие алғандар мен берушілер және қаржылық фирмалар, үкімет және органдарды тәуелсіз реттеушілердің құлдырауынан болған деп мәлімдеді. Бірақ бостандықтағы кәсіпкерлік жүйесінің құлдырауын туындатқан қызғанышпен салыстыруға болмайды. Дағдарыс нарықтың бостандық жүйесінің құлдырауының құбылысы емес. АҚШ өзінің шығындарын қаржыландыру үшін ақша шығару станоктарын еркін қолданды деді. Сонымен осы жағдай элемдік экономикалық қаржылық дағдарысты туындатты.
Экономикалық қаржылық дағдарыстың объективті және субъективті себептерін бөліп қарастыруға болады. Субъективті себеп екеу. Біріншіден, қаржылық пирамида принципі бойынша жүргізілген бақылаусыз долларды эмиссиялау. Ал екіншіден, жалпы соммасы 300 трлнды құрайтын қаржылық міндеттемелердің жинақталуы.
Объективті себеп біреу – ол 40-50 жыл сайын болатын, 3-5 жылға созылатын және технологиялық жаңарумен аяқталатын, экономикасы дамып келе жатқан құрылымдық жүйенің дағдарысы. Әлеуметтік ойдың жақтастары бұл жағдайдан капиталдық өндірістік қарым-қатынастық жүйесіне кіреді. Өндірістік капиталдық әдісінің негізгі мақсаты- максималды табыс табу және тұтынушы қоғамын қалыптастыру болып табылады.
Дағдарысты бастаушы болып бай мемлекеттер табылады деп мәлімдеуде. Осы мемлекеттерде капитал толық тәуелсіз болып кеткен. Олар экономикалық қаржылық дағдарыстан қорғану үшін мемлекеттік капитализмге көшу, толығырақ айтсақ, экономика салаларын ұлттық базаға көшіру керек дейді.
Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекеттің артқаратын қызметі, оның рөлі нарық жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Мемлекет нарықты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда,ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Мемлекетке «түнгі күзетші» рөлін беру XVII ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы еркін кәсіпкерлікке негізделген капитализм мен еркін нарық кезеңінің әлеуметтік-экономикалық қалыптасу және даму жағдайларымен байлынысты.
Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орны артып келеді, оның басты себебі үкіметтің жағдайды одан әрі құлазымауы үшін, компаниялармен қаржы ұйымдарынының, өндіріс орындарының белгілі бір бөлігін сатып алып немесе оларға қаржы құйып, тіпті мемлекеттендіріп, сол себепті аталған ұйымдарда мемлекет үлесін арттыру саясаты болып отыр.
Магистрлық жұмыстың мақсаты бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылысқа қарсы шараларды түбегейлі қарастырып, бұндағы мемлекеттің рөлін айқындау.
Магистрлық жұмыстың міндеттері:
1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы;
2. Экономикадағы мемлекеттің рөлінің теориялық негізі;
3. Дағдарыс кезінде ғалымдық тәуекелдің орын алуы;
4. Дағдарысқа дейінгі Қазақстан Республикасының даму деңгейі (2006 жылмен салыстыра отырып 2007 жылға талдау);
5. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктері;
6. Дағдарыстан кейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау;
7. Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралары және оны жүзеге асыру барысы;
8. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының алдына қойған міндеттері;
9. Жағдайдың жақсаруына байланысты мемлекет экономикадағы өз орнынан шығуы
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайы және дағдарыстың әсерлерін жетік қарастыру. Мемлекеттің экономикадағы рөлін және алатын орнын анықтау. Шетелдегі әлемдік дағдарыстың жағдайы. Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау.Елбасының дағдарысты алдын алу шараларын және дағдарысқа қарсы бағдарламалардың мәнін қарастыру.

1 тарау. Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері

1.1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс.
Тіпті бұрындары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.
Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.
Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, жаңғыртулық циклдық тұтыну және қайта құрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа. [1]
Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі. Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.
Ол белгілі бір саяси себептермен 1-суретте түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты. Оның себептері және дағдарыстың даму процестерінің басқару мүмкіндігі.
1-сурет
Дағдарыстың себептері

Қайнар көзі: Мировая экономика. Ломакин В.К. 1998г., 727стр.

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу. Және дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [2].
Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жұмсартып немесе оны өршітуі мүмкін.
Бұл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (2-сурет).
2-сурет
Дағдарыстың мүмкін болатын салдары

Қайнар көзі: История кризиса. Гришин Л.Л. Казанский университет. 1991г., 169 стр.

Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, құралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс типтілігі және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз өтуімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.
Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.
Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды /8/.
Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.
Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың өршуінен туьшдайды: жұмыскерлер мен жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал және менеджерлер және т.б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі