Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ.
1.1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет. .
1.2. Банктер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының ажырамас институты ретінде. . . . . . . . . . .

2. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
2.1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеудің түсінігі, түрлері. . .
2.2. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы арнайы құзірлі мемлекеттік органдар. . . . . . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
• нормативтік-құқықтық актілер. . . . . . .
• арнайы әдебиетте

Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады...»1.
Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады.
Аталмыш мәселе қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр, өйткені республикамызда банктік қызметтің дамуымен қатар жеке тұлғалардың салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі де өсу үстінде. Сонымен қатар, банктер мемлекеттегі төлем айналымының дамуына өз септігін тигізеді.
Бүгінде, Қазақстандағы банктік қызмет аясындағы мемлекеттік басқару процестері өтпелі нарықтық кезеңдегі аса күрделі реформалар мен ұзаққа созылатын әр қилы түрлендірулер ауқымында жүзеге асырылуда. Егемен елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан нарықтық түрлендірулерге орай нарықтық экономиканың аясындағы банктік қызметті басқару реттеуге айтарлықтай назар аударылып, тиісті заңдар шығару ауқымын кеңейту шаралары көзделіп отыр. Сонымен бірге банктік қызмет аясын мемлекеттік басқару мемлекеттік қаржы, валюта, ақша-кредит саясатын, оның ішінде монетарлық саясатын, оның ішінде монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғандықтан және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті проблемалары мен мәселелері көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ мемлекет пен қоғам мүдделері тұрғысынан алғанда қажеттілігіне байланысты қазіргі кезде алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан –– 2030» –– барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: «экономиканы ілгерілеті мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтаруға, фискальді және монетарлық
қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» 1 А. Г. Сайденов. «Развитие финансового сектора Қазахстана» // Банки Казахстана № 10. 2006 г. стр 3.
деген болатын.
Орта ғасыр ойшылы Монтескье «Мемлекеттерде адамдардың меншігі қорғалатын болса, онда адамдарда түрлі кәсіптерге баруға тәуекел етеді. Себебі олар өз меншігіне ешкім қол сұқпайды деп санайды және сондықтан өз байлығын айналымға жіберуге қорықпайды, себебі олар сол тауар айналымынан үлкен кірісті көздейді» дейді.1
Қазіргі таңда мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар, банк жүйесі мен банктік қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде.
1Сейтжанов А. А Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация – Алматы, 2005.
1.1.Мемлекеттің пайда болуының алғашқы кезеңінде қаржының ешқандай бөлімшелері болмады және ол тек «қазына» деген жалпы түсінікпен айқындалған. Мемлекет функциясының кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың және әкімшілік аумақтық бөліністердің күрделенуіне байланысты мемлекеттің қаржылық қызметінің шеңбері кеңейе бастайды, ал мемлекетті қаржы құрылымдана және белгілі бір жүйеге топшылана түсті.
Материалдық мағынада қаржылық жүйе ақша қорларының жиынтығы болып табылады.1
...экономикалық тұрғыда әрбір қор ақша қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруға байланысты қатынастар жиынтығын құрайтын қаржылық-экономикалық институт болып табылады.
Қаржылық жүйе белгілі бір (анықталған) қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы болып табылады.
Қаржылық жүйе туралы сөз қозғағанда «қаржы» ұғымының қай мағынада қолданылып тұрғанын айқындап алу керек.
Егер ол кең мағынада қолданылса (яғни мемлекеттік қаржымен қатар жекені де қамтыса), онда қаржылық жүйе, қаржыны осылай түсінуді жақтаушылардың көзқарасы бойынша, институттардың үш тобымен айқындалады.
1. халықтың ақша –қаражаттары (олар қорға бірікпейді);
2. заңды тұлғалардың (мекемелердің) ақша қорлары;
3. мемлекеттің ақша қорлары.
Қаржыны тар мағынасында түсінгенде экономистер үш үлкен сфераны бөліа көрсетеді.
1. кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қаржысы;
2. сақтандыру;
3. мемлекеттік қаржы
Белгілі ғалым А. И. Худяновтың пікірінше, бұл жүйеде банктік кредит туралы мәліметтің болмауы белгілі бір түсінбеушілік жағдайға алып келеді.
Көпшілік экономистердің және заңгерлердің пікірінше қаржылық жүйе келесі институттардан тұрады.
1. бюджеттік жүйе;
2. бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3. кәсіпорындардыі, мекемелердің, ұйымдардың, халық шаруашылығы салаларының қаржысы;
4. мүліктік және жеке сақтандыру;
5. кредит (мемлекеттік және банктік).
Қаржы жүйесін аталған институттарға бөлуге қазақстандық ғалымдар тарапынан қатаң сынға ұшырады.2
«... мемлекеттің қаржылық жүйесінің қалыптасуынегізінде қаржыны жеке мемлекеттік деп бөлу жатыр. Сонымен қатар, жалпы елдің қаржылық жүйесін және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу жүйесі
1 А.И. Худяков. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть- Алматы, ТОО «Баспа», - 2001. стр. 31.
2 Там же. Стр. 35.

және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу қажет» –– деп А. И. Худянов ой топшылайды. Біз өз тарапымыздан бұндай пікірге толығымен қосылып құптаймыз.
Жеке қаржы келесідей негізгі институттардан тұрады:
1. ұйымдар қаржысы (коммерциялық және коммерциялық емес);
2. сақтандыру ұйымдарының қаржысы;
3. банктер қаржысы;
4. мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржысы (мысалы, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары).
Әлбетте жоғарыда атап өтілген жағдайларда мәселе өздеріне тиесілі қорларды жеке меншік құқығында иемденетін мемлекеттік ұйымдар туралы болып отырғандығы анық.
Мемлекеттік қаржы келесідей қаржылық-экономикалық институттардан тұрады:
1. бюджеттік жүйе;
2. бюджеттен тыс мақсаттағы қорлар;
3. мемлекеттік сақтандыру қаржысы (егер мемлекетте мұндай сақтандыру түрі болса);
4. мемлекеттік банктер қаржысы (егер осындай банктер болса);
5. мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің сондай-ақ шаруашылық жүйе, орталықтарының (басқару органдарының мемлекеттік басқару органдарының ) қаржысы.
Жеке және мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар елдің толық қаржылық жүйесін құрайд, ал мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар мемлекеттің өз қаржылық жүйесін құрайды.
Жоғарыда аталған институттарға жекелей тоқталатын болсақ, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңының 4-бабына сәйкес, сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Ал, сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.
Аталмыш заңның 11-бабына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) инвестициялық қызметтi;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi «өмірді сақтандыру » саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi ("өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн) ;
11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тағы бір кең таралып келе жатқан институты инвестициялық қорлар болып табылады. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бюджеттен тыс инвестициялық қорларға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Осы заңның 1-бабының 10-тармақшасына сәйкес, инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу, дипломдык Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын диплом, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін