Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс: Қаржы  |  Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы  |  Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. БАНК МАРКЕТИНГІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
1.1. Банк маркетингісінің мәні және негізгі мақсаттары
1.2. Маркетингілік қызметті үйымдастырудың негізгі элементгері
1.3. ҚР-ғы банктердегі маркетингтік қызметтердің мәні, түрлері және негізгі бағыттары


2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА МАРКЕТИНГТІК ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның маркетингтік қызметін сипаттау
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның маркетингтік қызметінің ерекшеліктерін талдау


3. ҚАЗАҚСТАН БАНКТТЕРІНДЕГІ МАРКЕТИНГТІК- ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Банктегі маркетингтік қызметтің кейбір аспектілері
3.2. Business Unit Marketing технологиясының көмегімен банктегі маркетингтік қызметтің тиімділігін жоғарлату


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес¬керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті [1].
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін эсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктердегі маркетингтік қызмет бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік маркетингтік қызметті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың маркетингтік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «Маркетинг» деген тауар немесе қызметтің өндірушіден тұтынушыға дейін бағытталған оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік маркетингтік қызмет деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.
Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша озып шығады. Сондықтан банктердегі маркетинг қызметінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.
Банктерде маркетинг қызметі басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты
бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес - жоспарларды нарықтық механизммен несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банктің маркетинг қызметісіз болуы мүмкін емес.
1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің принциптеріне негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ, революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл - әміршіл басқару негізінде экономикаға пара - пар жаңа шаруашылық жүйесін күру.
18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуі, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.
«Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш - қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта - теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша - несие операцияларында, банктік жүйесінде банктерге қаржы маркетингінің қажеттілігі артты.
Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банктерге маркетингінің дамуын көрсету болып табылады. Жұмыстың обьектісі -«Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Ал диплом жұмысының тапсырмалары - банктерде қаржы маркетингінің түсінігін қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі банк маркетингінің ұйымдастыру шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк маркетингісін талдау ретінде қойылған.
Бірінші бөлімде банк маркетингісінің мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші бөлімде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесі мен банк маркетингісінің ұйымдастырылуы туралы баяндалады.
Үшінші бөлімде банк маркетингісінің шетелдік тәжірибесі зерттеледі. Сонымен қатар банк маркетингісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бар.

1. БАНК МАРКЕТИНГІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

1.1 Банк маркетингісінің мәні және негізгі мақсаттары

Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр.
Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.
Мэселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дукен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды.
XX гасырдың 20-30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Марккати маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бүл үлгі - тауар (ргодисі), баға (ргісе), нарық (рlacе) пайда (ргоfit) - негізгі төрт элемент бойынща «4-Р» атауына ие болды.
Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50-ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаггандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама кампаниясынан кейін ене бастады.
1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.
Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі ретінде ресімделеуімен сипатталды. Бүгінгі таңда банктер маркетингтің эдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.
Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласына енуіне не себепкер болды?
Америкалық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.
Маркетинг - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағынын өндірушіден түтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.
АҚШ-та маркетингке жұмсалатын шығын тауардың түпкі-лікті бағасынын, щамамен алғанда 60%-ін кұрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әл бетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мұндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндіруші) нарықтан өз орнын алып, бәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.
70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелесі стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін даланудың объективті қажеттілігін тудырды.
Бәселестіктін күшеюне әлем экономикасындағы белгілі теиденцияның дамуы себеп болды.
Оның негізгілері:
1. Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса
ауқымды өсу мүмкіндіктері мен дамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуына, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі кұнге дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.
2. Барлық елдерде банктерге бәсекеле болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.
3. Банк индустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы). Банк көрсететін қызмет спектрі ұлғайды әрі ақшалай қаражатт қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.
4. Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуықаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін
кеңейтті
5. Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институтгар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бәсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік өнеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда кешірек (кейін) пайда болса да, банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патентгік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.
6. Мемлекеттік реттеумен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында бағалық бәсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жоғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады. Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.
Әрине, бұл тек банктік қызмет көрсету нарығының және ондағы банк маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бәсекелестіктін жалпы даму заңдылығы ғана.
Осы тенденциялардың дамуы нэтижесінде қаржылық қызмет көррсетулер мен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі тұрпатқа (типке) айналды. Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа институттарының арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті. Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін жаңа позицияны жаулап алуы үшін өздері жүргізіп отырған несие ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары, дипломдык Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахс, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін