Есеп және аудит | Өндіріске кеткен шығындар есебі

  Есеп және аудит  |  Өндіріске кеткен шығындар есебі

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Өндіріске кеткен шығындар түсінігі, жіктелуі
1.2 Өнімнің өзіндік құны түсінігі, экономикалық мәні
1.3 Ұйымның сипаттамасы және өндіріс шығындарының есеп
саясатында қаралуы

2 ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ
2.1 Өндіріске кеткен шығындардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі
2.2 Өндіріске кеткен шығындарын есепке алу мен өзіндік құнды калькуляциялаудың әдістері
2.3 Үстеме шығындар есебі және олардың бөлініп таратылуы

3 ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Өнімнің өзіндік құнын талдау
3.2 Өндіріске кеткен шығындарды азайту көздерін анықтау әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» жөніндегі заңға сәйкес барлық шаруашылық ұйымдары бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілікті тиісті ұйымдарға ұсынуға міндетті. Оның ішінде ірі бизнес өкілдері үшін халықарылық қаржылық есептілікке сәйкес есеп жүргізу мен есептілікті құрастыру міндеттелсе, орта және кіші бизнес өкілдері үшін ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша есеп жүргізу міндеттелген.
Бухгалтерлік есеп өндірістің жағдайын, экономикалық тиімділігін анықтап, негізгі міндеттерін нақты сипаттайтын бірден –бір ақпараттық жүйе. Қазіргі қалыптасқан дағдарыстық экономикалық қатынастар жағдайында елбасымыздың халқымызға жолдауының бағыттарын ұстанып, өндірістік салада өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымынын неғұрлым азайтып және өзіндік құнды дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт болып отыр.
Осы мәселеге орай ұйымдарда өндіріске кеткен шығындардыесептеу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін басқарудың заңдылықтары сақталған жағдайда халық шаруашылығының өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Ішкі шаруашылық есептеулерде ең басты рөлді бухгалтерлік есеп атқарады, өйткені, жоспарлау және мөлшерлеу - бір ғана қолданатын дискретті үрдістер, ал ішкі шаруашылық есеп үзіліссіз және тұрақты, осы жүйедегі кері байланыс элементі ретінде көрініс тапты.
Пайда табу ұйымды басқару жұмыстарының тиімділігіне, өндірісті нақты ұйымдастыруға, ресурстарды үнемдеу саясатының жүргізілуіне одан ары тәуелді бола бастады. Ол ұйымдағы бухгалтерлік есептің барлық жүйесін қайта құруды талап етті.
Бухгалтерлік есептің бәсекелестік экономикаға, сыртқы тұтынушыларға неғұрлым ақпаратты көбірек беруге, сонымен қатар коммерциялық құпияны сақтауға сай келу қажеттілігі ұйымның бұрынғы біртұтас бухгалтериясын жеке екі бөлікке - қаржылық және калькуляциялық бөлікке бөлуге итермелейді.
Нарықтық экономика жағдайында осы мәселе өзекті болып тұрғандықтан диплом жұмысында өнімнің өзіндік құнын анықтау және калькуляциялау әдістеріне терең мән берілген. Ұйымдар өздерінің есеп саясатында пайдаланылатын ең тиімді өзіндік құнды калькуляциялау тәсілін таңдап көрсетуі қажет.
1 Өндіріске кеткен шығындар есебінің теориялық мәселелері

1.1 Өндіріске кеткен шығындар түсінігі, жіктелуі

Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты .
әдетте, шығындар деп белгілі-бір тауарлар мен қызметтер үшін төленген, яғни, жұмсалынған ресурстар немесе ақша қаражаттарын түсінеміз. Шығындар – есепті кезеңдегі активтердің кемуі немесе капиталдың кемуіне әкелетін міндеттемелердің пайда болуы түріндегі экономикалық пайданың азаюы. (заң)
ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Халықаралық қаржылық есептіліктің №2 «қорлар» стандарты сәйкес шығындардың жіктелуін келесі кестеден көреміз.
1 кесте
Топтық белгілеріне қарай шығындардың жіктелуі*

№ р\н Жіктеу белгісіне сәйкес тобы Шығындар түрлері
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл бойынша • Негізгі
• Үстеме
2 Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша • Тікелей
• Жанама
3 Құрамы бойынша (біртектілік) • Бір элементі
• Кешенді
4 Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша • Өзгермелі
• Тұрақты
5 Пайда болу кезеңі бойынша • Ағымдық
• Біруақыттық
6 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару қызметі бойынша) • Өндірістік
• Әкімшіліктік
• Коммерциялық
7 Тиімділігі бойынша • Өндірілетін
• Өндірілмейтін
8 Бақылау мүмкіндігі бойынша • Реттелетін
• Реттелмейтін
9 Орташалау деңгейі бойынша • Жалпы
• Орташа
10 Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды рет-ретімен көшіру • Өнімге
• Кезеңге
*дерек көзі: шеремет а. Д. Управленческий учет:учебное пособие. М.:фбк-пресс, 1999.-33бет

кестеден калькуляция туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, эконоикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу осы шығын жіктеулерінің көмегімен жүргізілетінін көреміз:
1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:
- Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты.
- Үстеме - өндірісті ұйымдастыруда, қызмет көрсету мен басқару барысында пайда болады;
- Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
- Жанама – жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
- Кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы);
- Біткен (шығынға кеткен материалдар).
2. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
- Айнымалы, өзгермелі – оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді (пропорционально) өзгереді;
- Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
- Қайтарылмайтын - өткен кезеңнің табысы мен шығыны;
- Міндеттік (вмененные) – ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
- Айыптық (өсетін) – қандайда бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлық ақы төлеу);
- Маржиналдық (шектеулі) – қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
- Релеванттық – тапырыстардың (заказ) сақталуы мен орындалуына байланысты.
3. Шығындарды басқару мақсатында бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
- Реттелетін;
- Реттелмейтін;
- Тиімді (өндірімді, өнімді);
- Тиімісіз (өндірімді емес);
- Бақыланатын;
- Бақыланбайтын.
Сонымен қатар, шығындар мыналарға жіктеледі:
1. Пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет.
2. Өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша – оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек.
3. Шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша – экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен [3].
Экономикалық элементтері бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. Эконмикалық элементтер ретінде анықталған:
- Материалдық шығындар;
- Еңбекақы шығындары;
- Аударым;
- Құралдың тозуы;
- Басқадай шығындар;
Калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады:
- Материалдар;
- Еңбек ақы;
- Аударымдар;
- Үстеме шығындар.
Экономикалық элемент және баптар бойынша шығындарды топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты бағытталуы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипатайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялу баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп, элементік қимада қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және ұйым шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндіріске кеткен шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру ұйым шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Шығындар жіктемесінің тағы келесідей түрлері белгілі:
- Ағымдағы – жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар
Шығыны);
- Бір жолғы – демалыс төлемі, жөңдеу жүргізу және т.б. Ол сметаның
Бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады;
- Өндірістік – тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік
Құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім);
- Әкімшілік – жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы
Шаруашылық, әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
- Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен
Байланысты шығын;
- Өндірушілік (жоспарланған) – ұтымды технология мен өндірісті
Ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын;
- Өндірушілік емес (жоспарланбаған) – технологияның жетіспеушілігнен
Және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы);
- Реттелетін – атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі
Ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді);
- Реттелмейтін – қызметкер оның деңейіне елеулі ықпал ете алмайтын
Шығын (дайындау учаскесінің мастері кострукторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды);
- Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығындарды
Білдіреді;
- Орташа – есепте бір өнімнің бірлігіне кететін шығын;
- Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын);
- Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары,
Тауарларды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).
бұлардың ішіндегі ең маңыздылары өнімге және кезеңге қатысты шығындар болып табылады. Оларға нақты қандай шығындарын жататынын келесі сызбалардан көреміз.

Өнімге қатысты өндіріс шығындары



Негізгі материалдар Еңбек шығындары Өндірістік үстеме шығыстар

Бастапқы (алғашқы) шығындар Қосылған шығындар

1 сурет. Өнімдерге қатысты шығындар құрамы

Бірінші сызбадан өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тікелей шығындар, яғни, шикізаттар мен материалдар, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбегін төлеумен байланысты шығындар жататынын көреміз. Бұлар ең алғаш өндіріске жұмсалатын болғандықтан оларды бастапқы шығындар деп те атайды. Көмекші өндірісте пайдаланылатын материалдық қорлар, жөндеу жұмыстарымен айналысатын еңбеккерлердің ақысы, коммуналдық шығыстар, өндіріс жабдықтарының амортизациясы қосылған шығындар деп аталады, бұларды басқаша маетриалдарды дайын өнімге айналдыру мақсатында жұмсалған өңдеу шығындары деп атауға болады.(уу1)
келесі сызба кезең шығындарының құрамын көрсетеді, өнімнің өзіндік құнына қосылмайтын, есепті кезең шығындары ретінде қаржылық нәтижеге апарылатын шығындар.

Кезең шығындары (өндірістік емес шығындар)

Сатумен байланысты шығындар Әкімшілік шығындары

2 Сурет. Кезең шығындарының құрамы

сатумен байланысты шығындарға тапсырыстарды қамтамасыз ету, дайын өнімді тасымалдап жеткізу, клиенттерге қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Оның ішіне комиссиялық төлемдер, жарнама, сауда жабдықтарының, көлік құралдарының амортизациясы, тасымалдап жеткізу мен дайын өнімді сақтау шығындары да кіреді. Әкімшілік шығындарына ұйымдағы басқарудың жүзеге асырылуымен байланысты барлық шығындар жатады.
жалпы және өнім бірлігіне қатысты шығындар әртүрлі сипатта болады. Оны келесі кесте арқылы көрсетуге болады [1].
2 кесте
Шығындардың өндіріс көлеміне қатысты сипаттамалары*

Шығындар Шығындар сипаты (тәртібі)
Жалпы шығындар Өнім бірлігіне келетін шығындар
Айнымалы (өзгермелі) шығындар Айнымалы шығындардың жалпы сомасы өндіріс көлемінің өзгерісіне тура пропорционалды өзгереді Өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар тұрақты болады
Тұрақты шығындар Жалпы тұрақты шығындар өндіріс көлеміне тәуелсіз тұрақты болып қалады Өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгерісіне кері пропорционалды өзгереді
*дерек көзі: usaid/pragma. Управленческий учет 1.2005-11 бет

енді осы кестеде келтірілген мәліметтерді графиктік тәсіл арқылы суреттеп көрсетуге болады.

Шығындар, мың теңге
өзгермелі шығындар
300

200
тұрақты шығындар
100
өндіріс көлемі, мың дана
30 60 90 120

3 сурет. Шығындардың өндіріс көлеміне қатысты өзгерісі (шығын мөлшері мен өндіріс көлемі мәндері мысал ретінде шартты түрде алынған)

осы арада, шығындардың жартылай тұрақты болатыныдығын айта кеткен жөн. Олар өндіріс көлеміне тәуелді болғанымен оған қатысты тура пропорционалды өзгермейді. Жартылай тұрақты шығындар:
- сатылы түрде өседі, яғни белгілі бір өндіріс көлеміне дейін тұрақты, ал одан кейін айнымалы болып кетеді,
- оларды есепке алуды жеңілдету мақсатында немесе тұрақты, немесе айнымалы деп алады.
графиктік әдісті қолдана отырып жартылай тұрақты шығындар сызығын көрсетуге болады.

өзгермелі шығындар
300

200
тұрақты шығындар
100
өндіріс көлемі, мың дана
50 100 150 200

4 сурет. Жартылай тұрақты шығындардың өндіріс көлеміне қатысты өзгерісі (шығын мөлшері мен өндіріс көлемі мәндері мысал ретінде шартты түрде алынған)

екінші суреттен жартылай тұрақты шығындардың өндіріс көлемі 50 мың данаға жеткен сайын тағы да қосымша шығындарды қажет ететндігін көреіп отырмыз.
ендігі кезекте осы айтып отырған тұрақты, айнымалы, жартылай тұрақты (айнымалы) шығындардың нақты шаруашлық бірлігінің саласына қатысты әртүрлі болатындығын келесі кесте арқылы көрсетеміз.
3 Кесте
Тұрақты, айнымалы, жартылай тұрақты (айнымалы) шығындардың мысалдары*

Шығындар Өндіріс компаниясы үшін Банктер үшін
Айнымалы - Тікелей материалдық шығындар;
- Тікелей еңбек шығындары;
- Жанама еңбек шығындары;
- Құралдар, аспаптар шығындары, т.б. - Компьютерлерді жалдау (лизинг) шығындары;
- Операторлардың еңбек ақылары;
- Дискета және басқа жинақтағыштардың шығындары, т.б.
-
Тұрақты - Үйлер мен жабдықтардың амортизациясы;
- Басқару аппаратының
- Еңбек ақысы;
- Мүлік салығы. - Үйлер мен кеңсе жабдықт. Амортизациясы;
- Бағдарламашылар еңбек ақысы;
- Үйлер жал шығындары, т.б. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі