Дипломдық жұмыс: Бағалау | Әктас жер қойнауын бағалау

Дипломдық жұмыс: Бағалау | Әктас жер қойнауын бағалау казакша Дипломдық жұмыс: Бағалау | Әктас жер қойнауын бағалау на казахском языке

Мазмұны


1 ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ КЕНОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Жер қойнауын бағалау әдістемесі
1.2 Жер қойнауын пайдалушылардың негізгі құқықтары

2 ӘКТАСТЫ ӨНДІРУ ҮШІН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТАЛДАНЫЛУЫ
2.1 Геологиялық және өндрістік жағдайлардың талдануы
2.2 Кенорынның қысқаша геологиялық мінездемесі
2.3 Үй және өндірістік әктастың технологиясы
2.4 Қоршаған орта бойынша бағалау шаралары

3 ШЫҒЫН ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАУ
3.1 Пайда тәсілмен бағалау
3.2 Бағалау обьектісінің нарықтық құнын шығару және қорытындыларды келістіру

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР


Жер қойнауын бағалау қазіргі күнде өте маңызды болып келеді. Мұнда белгіленген кәсіпорын пайдалы қазбаларды өндеу жұмыстарымен айналысады. Осы жұмыстарда пайдалы қазбалардың құнын және жалпы мүліктік кешеннің ( бизнес) бағалынады. Пайдалы қазбалар кенорындарда табиғи жатыс ретінде қорланып жатады. Пайдалы қазбалардың қорлану сандық және сапалық қатынасында өндірістік талаптарға жауап беретін экономикалық тиімділігі үшін минералды шикізат алу кенорын деп аталады.
Кенорынның пайдалы қазбалардың теориялық түсініктемелері жазылған. Пайдалы қазбалар, кенорын, минералды шикізат, жер қойнауын пайдаланушылар анықтамалары жазылған.
Кенорынды бағалау әдістемесінде жалпы бағалау тәсілінің үш түрі және амал тәсілдері келтірілген.
Жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы және жер қойнауын пайдалануға салық салу заңдары өте кең түрде жазылған. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуда бонустар, роялти, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заңдары толық келтірілген.
Қатты пайдалы қазбаларды кенорындардан шығару үш негізгі тәсілі арқылы жүргізіледі:
1. Ашық жұмыстар ( ашық тау жұмыстары);
2. Жер асты жұмыстар ( жер асты тау жұмыстары);
3. Геотехнологиялық жұмыстар ( заттарды сұйық фазаға ауысуы)
Тау технологиялық жұмыстарында негізгі үш жұмыс бар: ажырату, массивтен өндірілген тау массасын айыру, көлік сыйымдылығына ажырылған тау массасын тиеу, массаны күндізгі жер бетіне шығару.
Кенорын Алматы облысы, Ескелді ауданында Құсақ көлінің сол жағында Төленгент ауыл жерінен батысқа қарай 18 км Текелі қаласынан 1000- 1130 м биіктікте теңіз деңгейі үстінде орналасқан. Ең жақын елді мекен Екпенді ауылы болып табылады. Кенорыннан 3 км солтүстікте Талдықорған- Текелі көлік
жолы бойынша әктасты қант зауыттарына жеткізеді. Кенорыннан Екпенді ауылы жағынан бастап асфальт салынған.
Кенорынның қысқаша геологиялық мінездемесінде жалпы әктастың орналасу жері, пайдалы қазбалар қорлары жалпы көрсетілген.
Өндірістік әктас және үй әктастың технологиясы жалпы технологиялық кешен операцияларын анықтайды.
Тау - көлік жұмыстарын жүргізу барысында қатты және газ күйіндегі заттардың шаң болуы мен шығарындылары атмосфераға зиян келтіреді. Шаңның қалыптасуы кен шығару орында экскаватор, бульдозер, автокөліктің жұмыс кезінде қозғалудан пайда болады. Рекультивациялық жұмыстар басталуына дейін кен шығару орнында жел соғудан, шаңның көтерілуі мүмкін. Шаңның қалыптасуынан басқа атмосферада газ күйіндегі ластауыш шығарындылары, көмірқышқыл, азот қышқылы, ангидрид сияқты заттар болады. Атмосфераға ластауыш заттардың шығарындылары мен қауіпті әрекет жасау комбинация қосымшалары, қауіп- қатер сыныптары, атмосфера ауасына бірнеше ластауыш заттардың жіберілетін Концентрациясының (ПДК) тізімі көрсетілген.
Шығын тәсілінің әдістері барлық тозу түрлерін есептеп шығара отырып, жылжымайтын мүлік обьектісінің толық ұдайы өндірісінің немесе оны ауыстырудың құнын шығарады. Үймерет, ғимарат және табыстау қондырғыларын, жер пайдалану құқығын, машина, станок, негізгі құралдарды, өндірістік қорлар, тауарлар, дайын өнім және тауар - материалды құндылықтардың бағалау құны жүргізіледі.
Табыс тәсілдері келешекте пайдаланудан күтілетін табыстарды анықтауға негізделген жылжымайтын обьектісінің құнын анықтау.Ақша ағымдардың дисконттау, табыс капитализация, Гордан, Инвуд, Хоскольда әдістері арқылы есептелінеді.
Бағалау обьектісінің нарықтық құнын шығару және қорытындыларды келістіру барысында әдістердің құн көлеміне меншікті салмақ қолдану арқылы мүліктік кешеннің ( бизнес) бағалау құнын шығару.

1. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕНОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ

Кенорын бизнесі тау өндіріс өнеркәсібінде кәсіпкерлік қызметті көрсетеді. Өндірістік үрдісте минералды шикізатты жүзеге асырылады.
Минералды шикізат - кенорындарға өндіру қорытындысында алынатын тауар өнімі.
Пайдалы қазбалар - минералдар немесе табиғи минералды агрегаты болып табылады. Өзінің табиғи түрінде қазіргі заман өндірісінде немесе химиялық, физикалық құрамына сәйкес қолданылады. Шикізат ретінде бір немесе бірнеше құнды құрамбөліктерді шығару үшін пайданылады.
Пайдалы қазбалар кенорындарда табиғи жатыс ретінде қорланып жатады. Пайдалы қазбалардың қорлану сандық және сапалық қатынасында өндірістік талаптарға жауап беретін экономикалық тиімділігі үшін минералды шикізат алу кенорын деп аталады.
Пайдалы қазбалардың кенорны - бұл табиғи қойылым, материалды және қаржылық құн.
Пайдалы қазбалардың кенорнының обьектісі тау өндірісі өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Мұндай обьектілердің өзіндік ерекшеліктерімен иеленеді.
Пайдалы қазбалар кенорны жылжымайтын мүлік болып табылады, олар тек табиғат жаратылған жерде ғана орналасқан. Кенорын орналасқан ауданның жағдайы өндірістік кәсіпорындарын құру үшін қолайлы емес.
Кенорынның пайда болуы табиғи геологиялық үрдістер қиын және көптүрлі. Сондықтан тәжірибеде кенорындар жеке құрылыс ерекшеліктерімен, кенорындағы пайдалы қазбалардың сапасы және бөлінуі өндірістік енгізуде жеке инженерлік және технологиялық шешімдері арқылы мінезделінеді. Тау кәсіпорындарынның кенорындардың технико - экономикалық көрсеткіштері әртүрлі құрылуына байланысты үлкен айырмашылықтары бар.
Әрбір кенорынның пайдалы қазбалардың соңғы саны мен анықтамасы ( қорлардың анықталу мінездемесі) бар.
Кенорын қорларды өндірістік енгізу үрдісінде біртіндеп өндіріледі, ал соңғы есептеуінде жойылады. Тау кәсіпорынның кенорны қорларды өндіру және жұмыс істеу уақыты анықталады. Бұл мерзім ұсақ обьектілерде 5 - 10 жыл, ал үлкен обьектілерде 30 - 60 жыл жұмыс істейді. 60 жылдан астам кенорын өндіру жұмыстары әлемде бір рет ғана болады.
Кенорын пайдалы қазбалары жер қойнауында жасырылған. Олардың тау кәсіпорындардың жобалаудағы бастапқы мәліметтердің ерекшеліктері мен сапалық мінездемесі геологиялық зерттеулердің арнайы жұмыстарында анықталынады.
Жер қойнауындағы жеке аудандағы, мемлекеттегі, континенттегі, мұхит және теңіз астындағы, жер бетіндегі өндірісте қолданылатын пайдалы қазбалар жиынтығы минералды ресурстар деп аталады.
Минералды ресурстардың бөлігін өндіруге дайындығын минералды шикізат базасы деп аталады.
Минералды ресурстар өндірістік өнеркәсіп саласындағы дамудың негізі болып табылады. Олар энергетика, металлургия, химиялық өнеркәсіпте, құрылыс индустриясында салаларында кең қолданылады.
Минералды шикізатты өндіру және экпорттау табыс бөлімінің негізі болып табылады.
Сала бойынша қолдану шикізаттардың негізгі топтарды көрсетеді:
1. Қуат көзі ( мұнай, газ, көмір, ыстық тақтатастар, торф, уран);
2. Металл кені ( қара, түсті, жиі емес, асыл);
3. Химиялық шикізат ( калий, натрии, және магний тұздары, фосфат, күкірт);
4. Техникалық шикізат ( графит, асбест, табиғи от, пигметтер, керамика шығару үшін компонент, табиғи абразивтер, сорбенттер);
5. Құрылыс материалдары ( тас, құм, цемент шикізаты);
6. Асыл, техникалық арнайы қолдану үшін тастар ( алмаз, түсті тастар, пьзооптикалық минералдар)

1.1 Жер қойнауын бағалау әдістемесі

Мүліктің құны анықтауда ең басты кілтті мәселесі бағалау әдістерін қолданатын таңдаулар болып табылады. Мүлік құның бағалау әдістерінің көптеген жіктеулері бар.
Бағалау тәсілдемесі (көзқарасы) – бұл бағалау объектінің құнын бір біріне бағалау әдісімен нарықтық немесе басқа құнды анықтау болып табылады.
Бағалау әдісі – бұл заңды, ұйымдық – техникалық немесе қаржы экономикалық сипатымен Бағалаушылар қызметтерінің тізебегі анықтау немесе жинақтау, баға объектісінің нарықтық немесе басқа құнының орындалуын белгілеу.
Баға әдістерін былай жіктеуге болады:
- есептеу базасын қабылданған ақпараттар осы уақыттағы немесе объектісі өткен жылдардағы мазмұны.
- шығын, кіріс немесе нарықтық (салыстырмалы сату) бөлімдерде қолданылатын тәсілдер.
Бағалаудың әр түрлі әдістері оқшауланған түрде қолданылмайды. Керісінше олар бір-біріне қатынастарын толықтырады, әдетте бағалау күніне бірнеше әдістер қолданылады. Содан кейін әр түрлі әдістерін алынған бағалау нәтижелері қорытынды баға үшін өзара салыстырылады. Бірақ кейбір әдістер бағалаудың анықталған құндарының құнын бағалауды баға объектінің түзетілген баламалы құнының әдісін қстанады, ал тұрақты пайда әкелетін кәсіпорындар мен жылжымайтын мүлікті бағалауды – капитализациялық қалыпқа келтірілген пайда әдісі болып табылады.
Бағалауда шығыс әдісімен алынған нәтижелер баға объектілерінің нарықтық құнын негізделген бағдары болып қызмет етуі мүмкін, біреуі Бағалаушылардың пікірі бойынша кіріс және нарықтық салыстырмалы тәсіл мен есептеу болып табылады.
Шығын әдісі. Бұл әдіс мына ұстанымда негізделеді, ақпаратталған сатып алушы мүлікке, соның құрылымына немесе басқа аналогтық мүлікке кеткен құнынан жоғары төлейді. Бағалаудың пайдалылығы және сапасымен салыстырады.
Шығын тәсілінде база ретінде «ұдайы өндіріс құны» түсінігі қолданылады. Бұл түсінік физикалық, функциялық және экономикалық тозудың мүліктің құнын жоғарлатуын көрсетеді. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Әктас жер қойнауын бағалау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Бағалау дипломдық жұмыстар, Әктас жер қойнауын бағалау, дипломдык Әктас жер қойнауын бағалау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобалар Бағалау, Дипломдық жұмыс: Бағалау | Әктас жер қойнауын бағалау дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін