Қазақ тілі | Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу ерекшеліктері

 Қазақ тілі | Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ. ТЕСТІЛЕУ ТЕХНИКАСЫ..................................................................4
1 ОҚЫЛЫМДЫ ТЕСТІЛЕУ................................................................................8
2 ЖАЗЫЛЫМДЫ ТЕСТІЛЕУ...........................................................................15
3 СӨЗДІК ҚОРДЫ ТЕСТІЛЕУ..........................................................................23
4 ТЫҢДАЛЫМДЫ ТЕСТІЛЕУ.........................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..............................................................37
ҚОСЫМША ........................................................................................................38

КІРІСПЕ
Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері
Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады?
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады.
2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді.
Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды.
Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады.
Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді.
Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б..
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.
Субъективтік, интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны тіл үйренушілер үшін сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауға тура келді. Субъективтік дәуірдегі тестердің тағы бір сипаты – берілген субъективтік тестер көптеген жазбаша жұмыстардан тұрды: диктант, эссе, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал бағалау негізінен, тілдік білімі (тілдік білім – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер салалары бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін сәйкес келді.
Ғылыми кезең субъективтік кезеңді алмастырды. Лингвистер мен мамандар тест жасау барысында өз арналарын таба бастады. Объективтік тест сөздік қоры мен грамматикалық құрылымдарды бағалады. Аталған тест түрі қатесімен ұсынылған ұзақ сөйлемдерді жиі қолданды. Тест тапсырушы дұрыс жауапты таңдай отырып, сөйлемді аяқтауға, қатесін жөндеуге тиіс болды.
Объективтік тестердің субъективті тестерді ауыстыру себебі, объективті тестер баллдық жүйе бойынша бағаланды, мұндай жүйемен тіпті тілді арнайы курстан оқымағандардың да тілдік білімі бағалана алды.
Қазіргі кездегі тестер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік білікітілік, лингвистикалық біліктілік, әлеуметтік-тілдік біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.
Тестілеудің коммуникативтік эрасында әр түрлі білік-дағдылардан қиыстырылған, құрастырылған емтихандарды жақсы деп санауға болады. Негізінен, коммуникативтік тестер тілдік (теориялық) білік-дағдыны емес, оқушының меңгерген екінші тілін, үшінші тілін пайдалана, қолдана алатындығын бағалау үшін қажет 1, 18 б..
Сондай-ақ, біз бүгіндері өткен уақыттардағы жетістіктерге мүлдем теріс қарамаймыз. Тестілеудің субъективтік те, объективтік те кезеңдеріндегі ілгерілеуді жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі тестер аталған екі кезеңнің де жақсы жақтарын пайдалануда.
Кейбір оқулықтарымыз бен оқу құралдарымыз да шаң беріп қалып жүрген тестің жаңа бір түрі – «жабық тест» жоғарыда айтқанымызды дәлелдейді: үзінді жолдарынан сөздер түсіріліп беріледі. Студент жоқ сөзді орнынан қоюы керек. Сондай-ақ, тест грамматика мен сөздік қорды да қамтиды, қойылған баллдар объективтілеу.
Жақсы тестер оқушыдан өткен уақыттарда кеңінен пайдаланылған лингвистикалық терминологияны талап етпей-ақ құрастырылуы мүмкін.
Екіншіден, емтиханның кейбір түрлері сирек қолданылады. Мысалы, аударма. Тестің бұл түрі тілдік білімі ілгері студент, оқушы үшін немесе аудармашыларға лайық. Диктант тестілеудің ғылыми кезеңінде сынға ұшыраған болатын-ды. Бірақ қазір кең қолданыста. Эссе де ортаңғы және ортаңғыдан жоғары деңгейлерді оқыту барысында, тестілеу барысында қолданылып жүр (өз пікіріңді, өз көзқарасыңды жаз деген тапсырма түрлері) 2.

Тестердің топтастырылуы

Біз мұнда тестердің топтастырылу жолын ашуға тырысамыз. Тестердің қарама-қарсы түрлерін түсіну – оқытушыларға көмегі көп пе деген ойдамыз. Себебі бір типтегі тест түрі әрқашан үлкен нәтижелерге әкеле бермейді. Сондай-ақ тестің бір түрін басқа түрімен алмастыру да әрқашан сәтті бола бермейді.
Тестің топтастырылуы туралы тест түріне бай ағылшын тіліне және Харолд З. Мадзенің зерттеуіне сүйенеміз.

Тестердің қарама-қарсы категориялары

Жалпы білімді бағалауға арналған тест -------------------Біліктілігін бағалау тесті
Субъективті тест -----------------------------------------------Объективтік тест
Тілдік (теория) білік тестісі ---------------------------------Коммуникативтік тест
Нормаға негізделген тест ------------------------------------Критерийлерге негізделген тест
Дискретті тест --------------------------------------------------Интегративті тест
Мамандық тіліне негізделген тест -------------------------Жетік тілдік білімін анықтауға арналған тест

1. Жалпы білім тестісі мектепте әр түрлі пәндерде – география, әдебиет, тіл, математикада да қолданылып жүргенін білеміз. Тестің бұл түрі оқушының тіл туралы фактілерді білетіндігін бағалайды.
2. Білік-дағдыны анықтауға арналған тест оқушының тілді пайдалана алатындығын көрсетеді.
3. Субъективтік тест - аударма, эссе-тестер тілді шынайы өмірде қолдана алу біліктілігін бағалайды. Бірақ оқушылар баллды жылдам әрі жүйелі қоя алмайды (дұрыс жауап).
4. Объективтік тест – таңдауға және сәйкестікті табуға негізделген тест оңай бағалануы мүмкін. Өнімді тест актив және креатив жауаптарды талап етеді (жазылым, айтылым).
5. Рецептивтік тест – оқылым бойынша таңдау тестері түсінуге негізделеді.
6. Тілдік біліктілікке арналған тестер тілдің жеке компоненттерін, сөздік қорын, грамматикасын, айтылымын бағалайды.
7. Коммуникатвитік тестер - пікір, ақпарат алмасу барысында тілді қолдана алуын анықтайды.
8. Нормаға негізделген тестер әрбір оқушыны, студенттің білімін студенттермен салыстырады.
9. Критерийге негізделген тест – белгілі бір стандарт бойынша бағалайды.
10. Дискретті тест - әрбір тармағында ерекше бір фактіні, мысалы, шылаудың бір түрін, етістіктің түрлеріне, сөздіктегі бір сөзге баса назар аударады.
11. Интеграциялық тест – бұл диктант сияқты әр түрлі тілдік білік-дағдыны қиыстырады, септестіреді.
12. Арнайы тестер белгілі бір салада, мысалы, автомеханика, экономика, межицинада тілді пайдалана алу дайындығын немесе жалпы тілдік білімін бағалайды 3.
Тілді білудегі жетіктігін анықтау тестері ілгерілігін (прогресс), дағдыларды меңгергендігін көрсетеді.
Коммуникативтік біліктілігін тестілеу.
Біз мұнда шынайы өмірдегі коммуникацияны айқындайтын, анықтайтын тест түрлерін қарастырамыз, интегративтік білік-дағдыларды бағалауға баса назар аударамыз.

1 ОҚЫЛЫМДЫ ТЕСТІЛЕУ

Оқылымды тестілеуде әр түрлі бағалау нысандары бар (оқу жылдамдығы, түсіну деңгейлері – сөз, сөз тіркесі деңгейін де, сөйлем деңгейін де, мәтін деңгейін де, яғни ақпараттық-таным мәнін де, бағалау мәнін де, ой-түртік мәнін де түсінуі).
Сөйлемді, үзіндіні түсінуін тестілеуді талдап көрейік.
Шектеулі жауап. Шектеулі жауап жеңіл тапсырмалар түріне құрылған тестерде кездеседі (сөз, сөз тіркесі, сөйлемді тануы). Дыбысталуы, айтылуы ұқсас, дыбысталуы, айтылуы бірдей сөздерді ажырата алуын тексеру тестерінің аты – «Ұқсайды» (7) - әр түрлі ... деп атаса да болады.

Сәт – сат (ә); алма (жеміс) – алма (болымсыз етістік) (ұ);
Шын – шың (ә); жаз – жаз (ұ);
Кен – кең (ә); ту – түу (ұ).
Күз – күс (ә);
Құс – қыс (ә);
...................................................................................................................................

1) Әкеммен бірге - әкеммен бірге (ұқсас, бірдей – ұ);
2) Әкем мен бізге - әкеммен бірге (әр түрлі - ә).
Сөз тануын тестілеудің келесі бір түрі қатардан басқа қатарға сәйкес емесін табу.
А. Күйлер, үйлер;
В. Кімдер, киімдер;
С. Үнділер, үндер;
Д. Күй, үй.

Нұсқау нақты, қарапайым болуы керек: мысалы, «әрбір жолда екі-үш сөзден бар». Кейбір жолда сөздер ұқсайды. Кейбір жолда сөздер әр түрлі. Егер сөздер ұқсайтын болса, сөздің қасындағы (ұ) белгісін дөңгелектеңіз, егер әр түрлі болса (ә) белгілерін дөңгелектеңіз. Жылдам орындаңыз Сізге тек қана 10 минут беріледі.

1. білім, ілім (ұ), ә
келіңіз, келініңіз ұ, (ә)
киіміңіз, киініңіз ұ, (ә)
үйіңіз, күйіңіз ұ, (ә)

Шектеулі жауаптардың артықшылығы:
1. Оларды оңай дайындауға және оңай бағалауға болады.
2. Оқушылардан дыбысты тану талап етіледі. Сондықтан бұл тапсырманың жеңіл түрі.
Шектеулі жауаптардың кемшілігі:
1. Бұл интегративті дағды емес, нағыз оқылым жоқ.
2. Бұл техникаға тым әуестену оқылым жылдамдығын төмендетеді.
Сөйлемді түсінуін тестілеу
Тестілеудің бұл тір жеңіл, өте жеңіл тапсырмалар түрінен тұрады. Яғни тілді сөйлем деңгейінде ғана, сөйлемді әрең түсінетіндерді осы тапсырмалар түрінен тани аласыз. Сөйлемді түсінуін тестілеу жазылымнан бұрын, оның алдында болады. Біз осы бөлімді сөйлемді түсінуін анықтайтын сұрақтардан бастаймыз, содан соң күрделі сөйлемдерді түсінумен жұмыс істейміз.
«Қорытындылау техникасы» («Elictation Techniques») 1; 4;
1-техника. Суретпен жұмыс істеу. Тест тапсырушы картина, суретпен келетін сөйлемді табуы керек. Мысалы «Шеше баласын велосипедпен ойнатып жүр». Тест тапсырушы сәйкес келетін картинаны көрсетеді, белгілейді.
Сұрақтар: «Иә» немесе «Жоқ».
Мысалы: «Әйел газет оқып отыр ма?» - Иә, Жоқ.
Осылайша бір картина бойынша бірнеше сұрақ қоюға болады.
Мысалы: Ұрының жолы болды, себебі –
А. Ол үйден ешкімді көрмеді.
В. Үйдегілер қонақ бөлмеде отыр.
С. Далада өте қараңғы.
Д. Ешкім оны естімеді.
Тапсырманың бұл түрінде оқылым көбірек қолданылады. Сұрақтың бұл түрі алдыңғысынан аздап қиынырақ.
2-техника. Фраза және сөйлем. Қарапайым сұраулы сөйлем – бұл шын және жалған деген сөйлем. Бұлар өте жеңіл тапсырмаларға жатады.
Мысалы: Күн шығыстан шығады ----------- (шын).
Айжан менің ағам ------------------(жалған).
Белгілерді түсінуді оқыту және оны тестілеу өте қызық. Нені тестілейтініміз – тіл үйренушінің қызығушылығына да байланысты. Бұл тағы да ұқсастығын, сәйкестігін табуға арналған қарапайым тапсырма. Тест тапсырушы белгілердің орнын табу керек.
Мысалы:
Самолет ------------------------------
Әуежай ------------------------------- белдіктеріңізді ілгектеңіздер
Қонақ үй ----------------------------- чектер қабылданбайды
Жол ----------------------------------- бұрылуға қауіпті
Супермаркет ------------------------ тіркелу уақыты
Сөйлемді басқаша құру – сөйлемді, фразаларды қабылдағанын, түсінгенін тексерудің жақсы амал-тәсілі.
Мысалы: Бос орынның бар, жоқтығын білу даяшыны (официантты) күтіңіз.
А. Даяшының қасына отырыңыз.
В. Даяшы Сізге қайда отыруды көрсетеді.
С. Дәл қазір орын жоқ.
Д. Даяшыны іздеңіз.
Кешенді грамматикалық құрылымның мағынасын түсінуге арналған тапсырмалар. Мысалы, шарт мәнді сөйлемдер сөйлемді басқаша өзгерткенде мағынаны түсінудің кілті болып табылады.
Ол келгісі келсе, келе алады.
А. Ол келе алады.
В. Ол келеді.
С. Оның келуге рұқсаты бар.
Д. Ол келуге рұқсаты болған.
Сіз сөйлем немесе бір фразаны құрып отырғанда мыналарды есіңізге сақтаңыз:
1. Сұрақты фактіні білуге құрмаңыз, бастысы – тілдік дағды болып табылады. Мысалы: Тест тапсырушыдан Қазақстан географиясына қатысты детальді білуді талап еткен «Шын» - «Жалғанға» негізделіп нашар құралған мысалды келтірейік:
«Алакөл Жетісудың шығыс жағында орналасқан». Бағаланушы не туралы екенін, не сұрап тұрғанын түсінуі мүмкін, бірақ көлдің орналасу мекенін білмегендіктен, ол тиісті балын жоғалтуцы ықтимал.
2. Егер сіз мәдениеттану, мәдени фактілерді білуін тестілеп, соған тест дайындап отырмасаңыз, онда жауапты арнайы бір мәдениетті білуіне тәуелді, байланысты жасамаңыз. Келесі сәтсіз мысал:
«Сәрсенбі сәтті күн». Тест тапсырушы мұсылман болмаса, қазақтардың сәрсенбіні сәтті күнге санайтынын, жоритынын білмейді ғой. Бекерге тағы балл жоғалтуы ықтимал.
3. «Таңдау» жауаптарын құру барысында нақты және қарапайым жауап түрлерін ұйымдастырыңыз. Нашар құрылған таңдау жауаптарын түсінудің қиындығынан бастысын, түйіндісін таба алмайсыз, яғни берілген сөйлемге сәйкесін таба алмайсыз.
Мысалы: «Көйлек те жоқ, аяқ киім де жоқ, сервис те жоқ».
А. Киімнің бұл түрлері жоқ.
В. Жоғарыда аталған киім түрлері Сізде жоқ болса, Сізге сервис көрсетілмейді.
С. Киімдеріңізді осы ситуацияда шешу керек.
Д. Осы киімдеріңізбен келу керек.
Нұсқауларды дайындау.
Егер қажет болса, ең оңай, ең қарапайым тапсырмалардың нұсқауын тест тапсырушының ана тілінде беруге болады. Егер сурет, картинаны пайдаланатын болсаңыз, онда мынадай нұсқауларды пайдалануға болады:
«Суретке қараңыз, содан соң сөйлемді оқыңыз. Ол картинаны немесе суретті сипаттайды. Дұрыс сурет немесе картинаны дөңгелектеңіз».
«Шын» - «Жалған» деп түйіндеудің нұсқауы:
Сөйлемді оқыңыз. Дұрыс пікірге «Ш» әрпін дөңгелектеңіз, дұрыс емес пікірге «Ж» әрпін дөңгелектеңіз. Қиындығы орташа, олрташадан жоғары тапсырма түрінде бұл нұсқауларды түрліше, басқаша құруға, пайдалануға болады. Әрбір сөйлемнен кейін төрт басқаша құрылған сөйлемдер берілуі керек. Басқаша құру тұтастай сөйлемге немесе оның бір бөлігіне қатысты болуы ықтимал. Басқаша, қайта құрылған дұрыс сөйлемді дөңгелектеңіз.
Сөйлемдерді түсінуін тестілеудің артықшылықтары.
1. Суреттермен байланысты сөйлемдердің шын – жалғандығын тез табады.
2. Ең жеңіл тапсырма құрудың жақсы техникасы.
3. Оқылымды тексерудің жылдам түрі.
Кемшін тұстары.
1. Жақсы суреттер табу қиын, уақыт кетеді.
2. Оқылымның барлық дағдысын қамтымайды.
Үзінділерді түсініп-қабылдауын тестілеу.
Жоғарыда біз оқылым дағдысы мейлінше шектеулеі оқушыларға арналған тестілердің жолдарын (техникасын) қарастырдық. Біз жауаптардың шектеулі түрлері мен сөздердің арасындағы айырмашылықты ажырата алу қабілетін тексеруден бастадық. Содан соң біз суреттерді пайдалану арқылы сөйлемдерді түсіну жолдарын қарастырдық. Сонан кейін сөйлемдерде басты идеяны көрсететін шын – жалған пікірлерді қарастырдық. Сондай-ақ, біз әдеттегі белгілерді оқылымды тестілеу барысында пайдалануға болатынын көрдік. Оған қоса сөйлемді басқаша құруды да (перефразирование) грамматикалық құрылым мағынасын түсінетінін тексеруге болатындығын байқадық. Енді біз «үзіндіні түсінуін тестілеуге» - тестілеудің қиынырақ нысанынан, интегративтік түріне көшеміз 5, 28 б..
Контексті таңдау.
Бүгіндері тіл үйренушілер, студенттер, оқушылар мәтіннің әр түрімен үзінділермен кездесіп жүр. Кейде мұндай әдеттегідей емес, кездейсоқ үзінділер қазіргі кітаптарда бар. Кейде оқушылар шынайы өмірдегі бар материалдардан (газет, радио, журнал) таңдайды. Бұлар негізнен мақалалар, жарналамалар, жұмыс іздеуге қатысты хабарландырулар, келісім-шарттар, келісімдер, тарихи, мәдени материалдар болып келеді.
Оқылымға арналған кейбір материал түрлері пәндерге (биология, химия, математика және т.б.) негізделеді.
Нені тестілеу – оқылым түріне байланысты. Әр түрлі тақырыптарда жазбаша жұмыс (жаттығу) орындағандарға (мектеп, университет, өз бетінше). Дәстүрлі эссе, дәстүрлі тематикалар мен тест сұрақтарын шектеудің қажеттілігі жоқ.
Оқылым үшін жарнамалық материалдарды пайдалану – тест тапсырушының осы саланы білуін және жарнамалық мақалаларды, қысқартуларды түсінуін талап етеді.
Жеңіл, қарапайым тест сұрақтарының техникасы
Қарапайым үзіндіні оқи алмайтындар үшін және оларды тестілеудің екі пайдалы жолы бар:
1) дұрыс – бұрысын белгілеу;
2) сәйкестігін табу.
«Дұрыс» - «бұрыс» немесе «шын» - «жалған» дайындау таңдауға негізделген тапсырмадан оңай үзінді беріледі, «Шын – Жалғанды» белгілейді, табады. Сәйкестікті табуда тест тапсырушы контекс үзіндісі мен сұрақтар арасындағы сәйкестікті табады. Үзінділерге құрылған қысқа тестер грамматика немесе сөздік қорға жиі назар аударатындығы байқалып жүр.
Айжан: Сайлау кейде гаражда жұмыс істемейді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 584



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!