Филология | Лингводидактикалық тестілеу

 Филология | Лингводидактикалық тестілеу

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТЫ
1.1 Тілдік білімді тестілеу әдісі мен тест тапсырмаларының сипаты
1.2 Педагогикалық тестілеудегі жүйелі бағыт
2 КВАЛИМЕТРИЯ ­ ТЕСТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗІ
2.1 Тест сапасының өлшемдері
2.2 Жарамдылық
2.3 Сенімділік
2.4 Үнемділік
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі – шетел азаматтарына қазақ тілін оқытатын оқу орындарында қазақ тілін өзге тіл ретінде игеру деңгейін сертификаттау стандартын бірізділікке салу, яғни коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру дәрежесін объективті түрде өлшей алатын және тілді игеру деңгейін анықтай алатын бақылауды негіздеу.
Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін өзге тіл ретінде оқыту тәжірибесіне тесттік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр.
Соңғы жылдардағы бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының өзге тілді игерудің нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді.
Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды:
- ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды;
- АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы;
- Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC);
- Кембридж университетінің емтихандық синдикаты;
Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан [1,12].
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тесттер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.
Қазіргі кездегі тесттер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік біліктілік – лингвистикалық біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.
Тестілеудің кең таралуы қазіргі заманғы әдістемеде, оның ішінде лингводидактиканың аса маңызды бағытының бірі екені анықталды.
Лингводидактика (латынша lingua – язык+ грекше didaktikos - оқытушы) шет тілін оқыту әдістемесі [2,360].
Лингводидактикалық тестілеу өзіндік мақсаты мен шет тілін оқыту мәселелеріне сай тесттік әдістемені қолдануда өзіне тән ерекшеліктерімен ерекшеленеді. В.А. Коккотаның көрсетуінше , «Лингводидактикалық тестілеу (language testing) тілдік және сөйлеу тестерін өңдеу және қолданумен айналысады, бір жағынан шет тілін оқыту әдістемесі саласына, екінші жағынанжалпы тестологияның бөлігі ретінде педагогикалық (пәндік) тестілеуге жатады» [3,173].
Тест жетістігі оқушының коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеуге бағытталған.
Тесттің орындалу нәтижесі сыналушының тілді игеру деңгейіне жеткен- жетпегендігінің куәсі бола алады. Осыған байланысты тест жетістігі өзінің құрылымына, мәтіндік материалдарға, тест тапсырмаларының түрлеріне, бағалау жүйесіне, сондай-ақ коммуникативтік бағыттың талаптарына толыққанды жауап беруі тиіс. Демек, коммуникативтік тесттік бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Коммуникативтік қабілет-құзіретті тестілеу мәселесі және сол бағытқа негізделген жаңа технологиядағы тесттік бақылаулар бүгінгі күні толық зерттелмеген мәселелердің бірі болып табылады.
Осыған орай, қарым-қатынасқа қатысты тестілеудің ерекшеліктері оған қоса қазақ тілін шет тілі ретінде игеру деңгейін сипаттау және айқындау мәселесі қарастырылады. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әкелді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері – коммуникативтік тесттік бақылауды, “коммуникативтік тест” түсінігінің анықтамасын негіздеу және тіл үйренушінің қазақ тілін өзге тіл ретінде игерудің анықталған дейгейіне сәйкес коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасуын тексеруші тесттерді құрастыруда технологиялық қадамдарды жетілдіру. Зерттеу мақсаты мен міндеті келесі мәселелерді шешу керектігін анықтады:
1) Лингводидактикалық тестілеудің ерекшеліктерін коммуникативтік бағыт аясында анықтау; “коммуникативтік тест” түсінігіне анықтама беру;
2) Коммуникативтік қабілет-құзіретті құраушыларды өлшеу үшін бақылау объектілерін бөлу;
3) Тесттік бақылау арқылы коммуникативтік қабілет-құзіретті бағалау;
4) Тест сапасын өлшеу параметрлерін айқындау.
Коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасуының объективті жағдайы коммуникативтік бағыт аясында ұйымдастырылған тестілеу арқылы орындалады.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: дайын материалдарды мақсатқа сай іріктеу, бір жүйеге келтіру, саралау, тесттерді өзара салыстыру, жинақтау және талдау, тест сапасының критерилерін анықтау, тестілеудің нәтижесін бағалау.
Диплом жұмыстың дерек көздері: Отандық және шет елдік диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, тестілеу мәселесі жөніндегі журналдардағы мақалалар, әдіскер-зерттеушілердің қазақ тілінің шет тілі ретіндегі тест тапсырмалары және сөздіктер.
Зерттеудің нысаны – тұлғаның коммуникативтік сөйлеу әрекетін тестілеу-бақылау формасы, ал пәні тесттік бақылау арқылы аталған салада коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптастыру.
Жұмыс нәтижелілігі. Жалпы жұмыс барысында лингводидактикалық тестілеудің келесі мәселелері анықталды:
-Қазақ тілі әдістемесінде коммуникативтік бағыттың алатын орны;
-коммуникативтік қабілет-құзіретті құраушыларды өлшейтін объектілер өзара жіктеліп, өзіндік сипаттама алуы;
-тіл үйренушінің коммуникативтік қабілет-құзіретін тесттік бақылау арқылы бағалаудың критерилері;
-тест сапасын өлшейтін параметрлер жіктеліп, лингводидактикалық тестілеудегі маңыздылығы айқындау.

1 ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТЫ
1.1 Тілдік білімді тестілеу әдісі мен тест тапсырмаларының сипаты
Қазіргі кезде қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер оқу ағарту саласының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Әсіресе білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге келтіру үшін, ескірген стандарттан бас тартып, білім деңгейі басқаша бағаланатын болды. Сондай тәсілдердің бірі – тестілеу.
Тестілеу бұл тілдік деңгейді игеруді арнайы тест тапсырмаларының көмегімен бағалау әдісі. Тесттер мазмұнына, түріне, тестілеу мақсатына қарай топтастырылады. Түріне қарай тесттер индивидуалды, топтық, ауызша, жазбаша, пәндік, құжаттарды толтыру (арнайы құжаттарды). Мазмұнына қарай интеллектті (тұлғаның немесе топтың сол не басқа әрекеттерді орындау мүмкіндігін анықтау үшін) және оқытылып жатқан пән бойынша білік-дағдысын тексеру үшін мәтіндерді ажыратады.
Тестілеуді әдіс ретінде қолдану оқушының оқу материалдарын игеру мүмкіндігі мен игеру тиімділігін анықтау үшін бағалы мәлімет береді. Тілді оқыту сабақтарында лингводидактикалық тестілеу көмегімен тестіленушінің тілдік және коммуникативтік қабілет-құзіретін білу де маңызы зор болып табылады. Педагогикалық практикада тестілеуді ең бірінші болып 1864 жылы Ұлыбританияда Дж. Фишер оқушылардың білімін тексеру үшін қолданды. Оған арнайы кітап шығарылып, онда сұрақтың жанына жауап берілді, оқушыдан оның дұрыс жауабын таңдау талап етілді.
Тестілеу – зерттеу әдісі ретінде ХХ ғасырдың басында психодиагностика аясында, психология саласында адамдардың психикалық даму ерекшелігін оқыту объектісі және осыған сәйкес шет тілінде сөйлеу әрекетінде көрініс тапты. Осы ғылым аясында құрылған тесттер тіл үйренушінің коммуникативтік мүмкіндігін, есте сақтау ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест алудың негізгі мақсаты – ұсынылған оқу материалдары негізінде жеткілікті мөлшерде әлеуметтік, қарапайым – тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби лексика бойынша игерілген коммуникативтік құзыретін анықтау және қарым-қатынастағы білімін жеткізе білу мүмкіншілігін тексеру. Бұл тесттер коммуникативтік тапсырмалардың барлығын, яғни тілдік және сөйлеу бірліктерін қамтуы қажет.
Тесттік тапсырмалар коммуникативтік тапсырмалардың біліктілікті байқау үшін сөйлеу әрекеттері (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) түрлеріне құрылған тапсырмаларды сол сияқты жазбаша және ауызша қатынасқа түсу, тактикалық қатынасқа түсу (телефон қоңырауы, өтініш немесе қарсы болу) сияқты дағдысын тексеру міндетін орындайды.
Тестілеу тек өз еркімен болуы керек. Еркін тестілеуде барлық тест тапсырмалар үшін нұсқалары, тапсырмалары, шарттары, интерпретация ережелері мен нәтижелерді бағалау, берілген уақыттың бірдей болуын талап етеді яғни көшіріп алуды және басқа да тәртіп бұзушылыққа жол бермеу. Оқушы білімін тест арқылы бағалаудың мақсаты:
1. Тіл үйренушілердің білім дағдыларын қалыптастырып, іскерлігін, шығармашылық қабілетін арттырып, ой-өрісін өсіруге, өзіндік ізденімпаздығын қалыптастыруға ықпал ету;
2. оқу процесінде алған білімін қорыту, қолдану, әрі қарай дамыту;
3. сабақ беру әдісін, бағдарламаның сапасын және оқыту мақсатын зерттеу;
4. оқытудағы кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол ашады.
5. тақырып арасындағы байланыстарды қамту және оқушылардың өткен тақырыптарды есте сақтау қабілетін арттыру;
6. тіл үйренушілердің базалық деңгейін анықтау;
7. базалық білім мазмұнын таңдай отырып бір аудиториядағы студенттердің жетістіктерін салыстыру, жетілдіру;
8. оқыту нәтижелерін белгілі бір қалыптарға салып, нормаға айналдыру.
9. студенттердің білімін бағалап, оқытудың міндетті нәтижесін меңгеру деңгейін анықтау.
Тест - тестілеудің әдісінің құранды бөлігі болып табылады. Тест бұл арнайы шкалалар нәтижесінің көмегімен орындау барысында тілді игеру деңгейіне сипаттама беруге мүмкіндік туғызатын тапсырмалар жүйесі [4,281].
Тестілеуде қолданылып жүрген тапсырма түрі – тест тапсырмалары. Тест тапсырмалары дегеніміз – білімді тексеру тапсырмалары деген сөз.Тест тапсырмалары дегеніміз – стандарттық білім беру негізіндегі берілетін тапсырмалар жүйесі. Тест тапсырушының алған білімі бойынша қалыптасқан дағдысы мен біліктілік деңгейін байқау.Тест тапсырмалары – тестік бірлікті құрушы тестің бөлшегі. Тест тапсырмалары өте көп беріледі. Тест тапсырмалары тілдік және сөйлеу компетенциясын сонымен бірге кәсіби құзыретін анықтауға құрылады. Тапсырмалар мынадай параметрге жауап беруі керек:
- тіл үйренушінің сабақтағы меңгерген, өтілген тақырыптарды игеру деңгейін анықтауға арналған лексикалық тақырыптарға құрылуы қажет;
- тапсырмалар мәтін мен сөйлемді толықтыруға, дұрыс не дұрыс емес жауабын табуға, топтау, интрепретациялау (ұлғайту), түзету, редакциялау негізінде құрылады.
Емтиханға берілетін тест тапсырмаларының барлығы орындалуы және есепке алынуы қажет: тақырып, ситуация, қатысымға түсу тапсырмалары, лексика, сөз байлығы, интелектіге құрылған білімді анықтауға арналған тапсырмалар. Тест тапсырмалары адамддардың танымын, логикасын, білімін анықтауға құрылған сөйлеу іс-әрекеті түрлерін қамтитын оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу дағдысы мен біліктілігін айқындауға құрылуы міндетті. Тест тапсырушы кез келген тақырыпқа жауап бере алатындай дайындықта болуы керек. Тест тапсырушының білімін тексеру 5 түрлі мазмұнда тексеріледі:
1. Сөйлеудің дұрыстығы: ақпаратты дәл, нақты беру. Сөз байлығы, танымы.
2. Тақырып мазмұны: тақырыпты толық баяндау және ашу.
3. Мәтін түрі: тақырыптың негізгі идеясын білу.
4. Іс-әрекет: сұрақ қоя білу, жауап беруге үйрену, баяндау, пікірін дәлелдеу, ақпаратты білу.
5. Контекст: бұл кез келген сұрақты қамтитын ситуациялық тапсырмалар, күнделікті өмірдегі, тіршіліктегі тұрмыстық лексиканы білуден бастап, ресми, бейресми ситуацияда білімін көрсету [5,133].
Тестілеу процесінің жетістікке жету-жетпеуі көп жағдайда осы тест тапсырмаларының құрылымымен, оның мазмұнына қатысты болады. Методикалық әдебиеттерде тест тапсырмаларының мына түрлері көп қолданылып жүр. Олар:
Жабық түрде өтетін тапсырмалар. Тапсырма негізгі мәтіннен (нұсқадан) жауаптың стимулы үшін қызмет ететін біреуі ғана дұрыс жауап варианттарынан тұрады.
Ашық түрдегі тапсырма. Мұнда дайын жауап варианттары толық берілмейді, тест орындау барысында тиісті сөздерді (сөздер тобын) жазуы керек.Тапсырманы орындау үшін оның игерген білімінің деңгейін анықтауға үлкен мүмкіндік туады. Тест тапсырмаларының типтік сызбасы төмендегідей болып келеді: 1) нұсқа; 2) негізгі мәтін; 3) элементтер тізімі [1,363].
Қ. Қадашева «Қазақ тілінің оқыту әдістемесі» атты еңбегінде тест тапсырмаларының құрамына енетін элементтерді және оның жасалу жолдарын жүйелеп көрсетеді: Сөйлеу әрекеті түрлеріне құрылған тестік тапсырмалар, мысалы: оқуда (чтение) мәтінді оқу, оны түсіну және негізгі ақпаратты анықтаумен қатысты болуы керек. Ал сөйлеуде тест тапсырушы сұрақпен ғана шектелмей, жауап түрінде жағдаяттық тапсырмаларға байланысты (болымды, болымсыз түрде, өтінішке жауап қайтару) өз ойын жеткізуге міндетті. Бұдан шығатын қортынды тестік тапсырмалар мазмұны студенттің шынайы коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын анықтауды мақсат етуі қажет. Әрбір тестік тапсырманың мақсаты, мәтіні, берілу уақыты және тапсырмаға берілген нұсқауы не бағдарламасы көрсетілуі керек.
Тест сұрақтарын түсініп, жаңа білім көрсеткішін білдіруде студент мынаны білгені жөн:
- тақырыптың негізгі мазмұнын, ақпараттың негізгі идеясын;
- мақсатын, себебін, қарсылық мәнін;
- ниетін, қалауын, мүмкіндігін, қажеттілігін, қажет еместігін;
- затқа тұлғаға және оқиғаға бара беру, сипаттау, сапасын көрсету;
- ауызша және жазбаша мәтін бойынша грамматикалық тұлғаларды игеру.
Оқытуға арналған тесттік тапсырмалар:
- газет бетіндегі мәтіндер бойынша студенттің оқу жылдамдығы арқылы информацияны ұғуы;
- болашақ жоспарлары туралы анықтама алу мақсаты;
- жарнамалар мен хабарландырулардан қажетті ақпарат алу мақсаты;
- интелектуалдық ақпарат алу (әлемдегі оқиғалар, ғылым, экология, денсаулық, білім, тамақ, мәдениет, жаңалық, спорт т.б.);
- дербес оқу: факс, телеграмма, хат т.б. құжаттар түрлері.
Жазуаға арналған материалдар бойынша студенттің коммуникативтік тапсырманы орындаудағы білімін анықтау үшін:
- құжаттарды, бланкілерді, анкеталарды дұрыс, сауатты толтыру;
- факс (телеграмма, хат жазу) материалдарын сауатты толтыру тапсырмалары беріледі.
Ол үшін студент сөйлеу әдебі түрлерінің басталуы не аяқталу түрлерін. Мысалы, құрметті Роза ханым, құттықтау хат мәтіні (шақыру, құптау, құптамау өтіну және т.б. әдебі түрлерін игерген білімін тексеретін тапсырмалар) берілген жөн....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 041



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!