диктант бастауыш сыныпқа


 1-сынып Ана

 Жер бетіндегі ең әдемі сөз- ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Ананың қолы ең аялы қол. Ол нені болса да істей алады. 22 сөз

 

 

 2-сынып Көктем.

 Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. өзенде сең жүрді.

 Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)

 

3-сынып Наурыз көже

 Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Жаңа жылдың бірінші күні наурыздың 20-22-сі аралығында күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың ұлы күні» деп, жақсылық тілейді, еск жылдағы өкпе-араздықты ұмытады. Наурыз тойының мақсаты – халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурыз көженің құрамы көп дәндерден құралады. (50 сөз)

 

 Диқан

 Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Егінді жинауға оқушылар да көмектеседі. Диқанның еңбегі бағаланады. (44 сөз)

 

4-сынып Қанаттың күй құмарлығы.

Үй іші оңаша. Төрде жатқан бала домбыраны дыңғыр-дыңғыр еткізіп нақышына келтіре алмай әлек. Атасының қолында күмбірлей жөнелген домбыра басын ала қашып, қиюы келмей әуре – сарсаңға түсірді. Қанат атасы келгелі  айналдыратыны – осы үшқат қызыл домбыра. Оны  тартудан бір жалықпайды. Тұман ішіндегі елестей, қалаған әуені ұстатпай, айдалаға алып қалып, қос ішек титықтатып әурелейтіні бар. Інкәр буып, жанына Қанат атасы үйреткен шерпе күйлерді сағынтады. 64-сөз

        



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу