Әлібек Әлмадиев

 Әлібек Әлмадиев

Әлібек Әлмәдиев – музыкант

Әлібек талантты әнші, музыкант, домбыра, саксафон, гитара және фортепиано тартады. Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді. 2011 жылы 17 жасында халықаралық «Фабрика звезд» музыкалық байқауында финалист болған, кейін «Туған елiм», «Біргемiз» әндеріне танымал патриоттық клиптер түсірген.

Әлібек Бекболатұлы Әлмәдиев – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Гнесиндер атындағы Ресей музыкалық академиясының «магистр» үздік дипломдарының иегері, Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының стипендиаты, Республикалық «Дарын» талантты жастар орталығының түлегі, Ұлттық Дельфий ойындарының алтын жүлдегері, халықаралық және отандық музыкалық байқаулардың, ғылыми олимпиадалардың, эстрадалық және патриоттық әндер фестивалінің «Қазақстан дауысы», «Золотой микрофон», «Феличита», «Надежды Европы», «Россия-Казахстан: 21 век. Новые имена», «Хочу к Меладзе» және т.б. телевизиялық музыкалық бағдарламалардың лауреаты мен дипломанты. Әлібек Nazarbayev University, Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қоры мен мұражайы, мәдениет және спорт, білім және ғылым, ҚР сыртқы істер министрліктері, РФ, АҚШ, Франция және Куба елдерінің Қазақстандағы елшіліктері мемлекет басшыларының қатысуымен ұйымдастырған салтанатты шаралар мен концерттердің жүргізушісі және солисті, сондай-ақ қазіргі танымал «Хор Турецкого» музыкалық ұжымындағы жалғыз Қазақстан өкілі.

Әлібек шығармашылығын отандық және шетелдік ЖОО-лардағы оқуымен үйлестіреді. Ол Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің экономика және бизнес магистрі дипломын алған. Оның үстіне осы жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясына «халықаралық экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсті.

Әлібек Әлмәдиевтің қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту, шығармашылық және еңбек қызметі, оның түрлі салалардағы жарқын жетістіктері мен табысы қазіргі Қазақстанның бейнесі іспеттес, еліміздің дамуына нақты үлес болып табылады және ол басқаларға үлгі болуға лайық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?