Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-сапалы білім кепілі

 Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-сапалы білім кепілі

Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз
іздену-бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға
қажет. Әрбір мұғалім Л.Толстойдың: «...мұғалімнің өзі неғұрлым көп
оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластырса және оны оқушының
шама-шарқымен салыстыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл
соғады» деген сөзінің мәні жойылмағанын түсіну керек.
Оқушыны оқыта отырып, қабілетсіз оқушы болмайтынын, оқушылардың
дара қасиеттерін танып – білуге мүмкіндігі шектеулі әдістеме барын ұстаз
түсінеді және өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді. Сондықтан,
ұрпақ болашағы – ұстазға байланыстылығын түсінеді.
Мұғалім алдынан бір –біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік
ерекшілігі бар мыңдаған шәкірт өтеді. «Балам деген жұрты болмаса,
жұртым дейтін бала қайдан шықсын», - деп А.Байтұрсынып айтқандай бала-
біздің болаша- ғымыз. Жаңа әлем болашағын даярлайтын мұғалім атағына
өз білімін табан- дылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске адалдықпен,
сүйіспеншілікпен қарайтын, жоғары моральдық қасиеттері бар мұғалім
ғана бұған лайықты бола алады. Мұғалім қазіргі өте алғыр балалардың
бойындағы дарындылық- ты таба алады және тұтанып тұрған отты
мезгілінде үрлеп, дұрыс бағыт-бағ- дар беріп, талабын қанағаттандырып
отыратын асқан шеберлігін жүзеге асыра білуі қажет. Мұғалім жеке
көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға болуы қажет.
Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін
жетік біліп, қызметін табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол
жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады,
азаматтық ар - ожданын үнемі қорғай алады.
Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар,
сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние
жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейе-
ді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қа-
тысты кез – келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Бүгінгі таңда
еліміз бен әлемде болып жатқан экономикалық – әлеуметтік дамулар білім
беру саласына өзіндік ықпал тигізуде. Қазақстанның болашақ дамуына
арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда

еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі
және ел экономикасын бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие,
білім алуы қажеттілігіне баса назар аударылған . Келешек ұрпаққа білім
берудің міндеттері мен мәні, мазмұны мен түрлері жан- жақты қайта
жаңартылып, инновациалық білім негізінде жаңа сапаға жету міндеті көз-
делуде. Білім мазмұнын анықтауда, толықтыруда, оқу - әдістемелік тұрғы-
да жаңалауда педагогикалық жолмен дидактикалық міндеттерді белгілеуге
тірек болады. Алдынғы қатарлы педагогикалық іс – тәжірибеде шәкірттер-
дің жалпы білімдік біліктілігі және дағдысымен қатар креактивтіліктің де
қалыптасуына назар аударуды қажет етеді.
Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты-
мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұр-
пақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып,
инновациялық түрлі тәсілдерін, педагогикалық білімдерді жетілдіре отыр-
ып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір
ұстаздың міндеті болуы керек. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша
ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл- ой және шығармашылық әлеуметі
қалыптасқан, рухани -адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл ұстаз
қажет. Қазіргі қоғамдағы мұғалім - шығармашылық дамуға, ұшқыр ой-
лауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман бола
алатын, мақсат қойып және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылатын тұлға.
Ең алдымен, мұғалім - адамгершілігі өте жоғары адам.
Заман талабына сай қазіргі педагог педагогикалық, психологиялық
ғылымның озат идеялары мен ғылыми теорияларын өз іс- тәжірибесінде
сыннан өткізіп, талдап, оны тәжірибелік тұрғыда қолданып, әр күн сай-
ын толықтырып отырумен де ерекшеленеді. Біртұтас педагогикалық
үрдістегі креативтілікті дамыту, біріншіден , педагогикалық идеяларды
жүзеге асырудан басталады. Озат тәжірибелерді зерттеп, жинақтаудың
кез келген түрінде жетістікке жету тікелей педагогтың ғылыми теория-
лық білімдарлығы мен шығармашылығына байланысты. Сонымен қатар
оқушылардың мектеп бағдарламасындағы материалдардың негізгі
бөлімдердің толық көлемде игеріп, әрбір тақырыпты, өзгелерге түсіндіре
білу, өз ойын жеткізе білу, яғни сөйлеу мәдениетінің жоғары болуының
маңызы зор.
Атақты Аристотель сөйленер сөздің үш элементтен құралатынына - яғни
шешеннің өзі, ол тілге тиек етер негізгі нысан және тыңдаушылар
екенінен ерекше мән берді. Бүгінгі таңда шешен ретінде- мұғалім,

тыңдаушы ретінде – оқушы, ал тілге тиек етер нысан- пәндік бағдарлама,
оқулық мазмұны болмақ. Шынында да оқытудың сан алуан құралдары
ішінде оқулықтың орны ерекше. Оны мектептегі білім- тәрбие беру қыз-
метінің бірегей педагогикалық, әрі оқыту, әрі оқу құралы деп түсінеміз.
Мұғалімнің кәсіби шеберлілігі алған білімнің көптігінен емес, сол
білімді практикада қолдана алуымен маңызды. Мұғалімнің басты мақсаты
тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан –жақты зерттеліп, сараланған
білім беру үлгісінің басын бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің
өркениеті негізделген білім саясатының стратеиялық мақсаттарын жүзеге
асыру.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі