Қазақша Бата - тілек: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы » ZHARAR © 2016 | 22 наурыз бата , 22 наурыз бата беру , 22 наурыз туралы бата , 22 наурыз наурыз мейрамы туралы бата , наурыз мейрамы туралы баталар, наурыз мейрамына арналган баталар,




  • »

Қазақша Бата - тілек: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Қазақша Бата - тілек: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы казакша Қазақша Бата - тілек: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы на казахском языке

Өркендеудің өрін бер!
Әз-Наурыз - Жаңа жылым.
Жаңа жылым – жаңа күнім!
Барша жұртты шаттандырып,
Шарықтаған көңіл бер!
Жан бітіріп табиғатқа
Тіршілікке шеру бер!
Су сіміріп, жер бусанып,
Қаулап өскен көгін бер.
Сай сылдырлап, өзен тасып,
Аппақ айдын көлін бер!
Бетегесі белден болып,
Көк балауса көделері
Шабындығын шөбін бер!
Төскей толы төрт түлікке,
Қора толы төлін бер.
Алтындайын сары бидай,
Толқып өскен егін бер!
Емірентіп жердің төсін,
Астығын бер – өнім бер!
Елім өсіп, алға басып,
Өркендеудің өрін бер!
Үздік деген әлемдегі,
Отыз елдің ортасынан
Ойып тұрып орын бер!

Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!

Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кезеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!
Мұзафар Әлімбаев

Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!

Наурыз келіп қар кетті,
Ақ қар, көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен зар кетті.
Наурыз келіп жаз кірді,
Жаз періште «Әз» кірді
Күнеске тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Арық-тұрақ төрт түлік,
Көк жеп жапа-тармағай
Қабырға жаппай қалмағай.
Көтеремнің төрт бұты,
Ербегей де сербегей
Енді шығын бермегей.
Бізге келген бәлекет –
Қармен бірге қаңғырып,
Таудан ары өрлегей,
Мұсылман бетін көрмегей.

Жарапазан батасы
Қонақтасын берекет,
Қаша берсін пәлекет.
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет.
Ақыретке барғанда,
Қыл көпірден аман өт!

Міне, бата, ақ ниет,
Бола берсін берекет.
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет,
Құлшылық қыл Аллаға,
Қыл көпірден таймай өт.
Кірсін дәулет,
Шықсын бейнет.
Алла атымен бейнет ет.
Жоқ-жітікке рақым ет.
Тәңір сені қолдасын,
Уайым-қайғы болмасын.
Қабыл болсын оразаң,
Әулетіңді оңдасын!

Ұлыс күні құтты болсын,
Ақ кетпесін таңдайдан!
Ел іргесі мықты болсын,
Бақ кетпесін маңдайдан!
Аллаһу акпар!

Бай қылсын,
Төрт түлік сай қылсын,
Кетпес дәулет берсін,
Отауыңа сәулет берсін.
Бастарыңа бақыт қонсын,
Қастарыңа нөкер толсын.
Дұшпандарың жоқ болсын.
Көре алмаған қаскөйдің,
Іші күйіп шоқ болсын.
Ризық, нәсібің тасып,
Көңілдерің тоқ болсын.
Туған балаларың ер жетіп,
Өсіп үлкен ел болсын,
Бақталасың кем болсын.
Дәулетің шалқып, сел болсын,
Дастарқаның кең болсын!


Санат: KZ портал » Қазақша Баталар жинағы | | 7 266
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

. .