Қазақша Бата - тілек: Жастарға » ZHARAR © 2017 | жастарға бата беру, жастарга бата беру, Қазақша Бата - тілек: Жастарға, Қазақша Бата - тілек, Жастарға арналған бата беру




  • »

Қазақша Бата - тілек: Жастарға

Қазақша Бата - тілек: Жастарға казакша Қазақша Бата - тілек: Жастарға на казахском языке

Ақыл айттым, ұл – қызым, ұрпағыма арнадым,
Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.
Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,
«Ене көрген – тон пішер» деген сөзді жалғадым.
Жақсы ойланып, жастарым, мұның да байқа салмағын,
Біреулер мақтап жағынар, көре алмай біреу тарылар.
Ойдағыны айтты деп, біреулер мені сағынар,
Түсінетін сөз мәнін жақсы адамдар табылар.
Ағайын – туыс, құрбылар білгенін мақтап, жыр қылар,
Кейбіреуі жамандап, жегеніңді құм қылар
Ауыз бірлік сақтаған, берекені жақтаған
Ал туысқан ағайын, қайсыбірін жазайын -
Көре алмаған адамдар, өзі тартсын сазайын.
Жастарыма – аманат, тыңдасаңдар жамағат,
Жастарыма бұл сөздің қалғандары аманат.
Берекемен басқарып, біріңді – бірің қамдаңдар,
Білім менен өнерде тағы да артта қалмаңдар.
Жастар деп соққан жүрегім, туысты жақсы білемін,
Бақытты жастар болыңдар, қабыл болсын тілегім.

Құтты болсын бесігің,
Артық болып несібің.
Дастарқаның жайылып,
Ашық болсын есігің.
Өре берсін балалар,
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын,
Қуатты болсын бүгінгі,
Шілдехене тойларың.
Тілектерің қабыл боп,
Орындалсын ойларың.
Әумин.

Атың тұлпар,
Құсың сұңқар болсын.
Желің биелі,
Көшің түйелі болсын.
Ісің жүйелі,
Басың киелі болсын.
Қызың қияға,
Ұлың ұяға қонсын.
Сапарың сәтті,
Жегенің тәтті болсын.
Әумин.

Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші – адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші – тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол.
Төртінші – қатарыңда кемелді бол.
Бесінші – берекелі, беделді бол.
Алтыншы – арыстандай айбатты бол,
Жетінші – жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхаммедтің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.
Әумин.

Балалардың ұзақ болсын өмір жасы,
Бірге өссін біте қайнап мал мен басы.
Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,
Қасында жүрсін оның пір панасы.
Үйреніп өнер-білім өрге жүзсін,
Үлгі алсын қатар-құрбы замандасы.
Қондырып оң жағына отауларын,
Қызығын көрсін оның ата-анасы.
Алдынан шамшырағы қарсы жанып,
Гүлденсін жер мен көктің екі арасы.
Шалынсын періштенің құлағына
Біздердей қариялардың ақ батасы.
Әумин.


Санат: KZ портал » Қазақша Баталар жинағы | | 53 293
Рейтинг:
(голосов: 52)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .