Әлемдегі атақты инвестор Уоррен Баффеттің 10 қағидасы

Әлемдегі атақты инвестор Уоррен Баффеттің 10 қағидасы

Уоррен Эдвард Баффетт (Warren Edward Buffett) – америкалық кәсіпкер, әлемдегі ірі және атақты инвестор. «Көріпкел» деген лақап атпен танымал. 2013 жылғы желтоқсанға оның байлығы 59,1 млрд долларды құрады. Уоррен Баффетт 2013 жылы 12,7 млрд. доллар тауып, көп табысқа қол жеткізген миллиардерлердің көшін бастады.

Ендеше Уоррен Баффеттің ұстанымдарымен танысайық:

1. Егер өткен уақыттың азғантай болса да маңызы болса онда әлемдегі ең бай адамдар кітапханашылар болар еді.

2. Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.

3. Кейбір адамдар қалың көпшілік акцияларға қызығушылық танытқанда көңіл бөле бастайды. Шын мәнінде, ешкім қызықпай тұрғанда көңіл бөлу қажет. Онсыз да танымал нәрсені сатып алып, табысқа кенелуге болмайды.

4. Бизнесте артқы көрініс айнасы алдыңғы айнадан әрқашан таза.

5. Ақшаны кез-келген ақымақ басқара алатын іске салу керек, өйткені күндердің күнінде оған бір ақымақ басшылық етеді.

6. Мен секіріп өтетін 7-футтық көлденең ағаш іздемеймін, мен аттап өтетін 1-футтық көлденең ағаштар іздеймін.

7. Сіз қанша жерден дарынды болып, қаншама күш-жігер жұмсасаңыз да кейбір нәтижелерге қол жеткізу үшін тек уақыт керек: Сіз тоғыз әйелді жүкті қылсаңыз да, бір айда бала таппайсыз ғой.

8. Акцияларды сатып алудың әлемдегі ең ақымақ және мағынасыз дәлелі – олардың бағасының өсуі.

9. Нашар басшылықтың нашар нәтижелерге реакциясы көп жағдайда нашар бухгалтерия болып жатады.

10. Өзіңнің терең орда жатқаныңды түсінсең, ең алдымен қазуды доғар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу