Дені сау адамның көңілі орнықты


АУЫРҒАНДА НЕ ІСТЕМЕУ КЕРЕК?
Ауа райы суыта бастағанда айналаңда мұрны бырқырап, пысқырып - түшкірген адамды көргенде қандай ой келеді? «Сақтасын, жұғып кетпесін, ауырып қалсам ем - домға дүниенің ақшасы кетеді». Рас па? Ендеше бүгіннен бастап маусымдық аурудың алдын алайық және сырқаттанған кезде қандай іс - шара жасамау керектігін біле жүрейік. Төменде көрсетілген ескерту - кестесін басып шығарып, көрнекті жерге іліп қойыңыз.




Медицина ғылымдарының кандидаты, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ - нің қалыпты анатомия кафедрасының доценті Нұргүлім Сағидолла қызы Ахмадтың айтуынша, емделуді бастамас бұрын қыс маусымындағы ауруларды ажырата білу керек.
▪ Грип
Бас ауру, бұлшық ет пен буын - буынның құрысуы, әлсіздік, дене қызуы 39 ⁰ С, тамақтың жыбырлауы, мұрынның білтелуі, бірақ тұмау болмаса, ол – грип.
▪ Тұмау
Мұрыннан сұйықтық ағу, жағдай қалыпты, дене қызуы 37 ⁰ С, ол риновирустық жұқпа, қарапайым тілмен – тұмау.
▪ Бронхит
Жеңіл сырқаттан соң дем алудың қиындауы, құрғақ жөтелден соң азаппен жөтеліп, кейін қақырық шыға бастаса, дене қызуы түспесе, ол – бронхит.
▪ Ангина
Жөтел, тұмау және тоңып, қалтырап дірілдеген үшінші күні көздің бүріп ауыруы, тамағың мен жұтқыншақ бадамшалары қабынып, сұр немесе ақ ірің пайда болса, демек ол – ангина.
▪ Ларингит
Дауыстық қарлығуы, күркілдек жөтел, көмекейдегі шырышты қабықтың қабынуы.

Ескерту! Жедел жәрдем шақыр:
1. Дене қызуың 38 градустан жоғары болса, санаң тұманданып, талып қалып жатсаң, ұзақ уақыт қалтырап, ауа жетпесе, денеңде бөртпе пайда болса – міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет.

2. Өз бетіңмен дәрі - дәрмек, әсіресе аспирин мен антибиотикті орынсыз қабылдама! Дене қызуын аспириннен көрі парацетамолмен түсірген дұрыс. Бұл бала ауырғанда өте маңызды, себебі аспирин - Рейе синдромына (ми мен бауырды құртатын ауыр дерт) әкеп соқтырады.

3. Есіңде болсын, антибиотикпен тек бактериялық инфекциялы асқынған ЖРВИ - ны (ОРВИ) емдейді. Антибактериялық терапия вирустармен күресте қолданылмайды. Сондықтан оны суық тигенде қолданбайды. Антибиотиктер вирусқа дәрменсіз болғанымен, адамның ішек микрофлорасын бұзады.

4. Бір - бірімен үйлеспейтін дәріні қатар қабылдама! Мысалы, жөтелге қарсы және қақырық шығаратын дәрілер. Жөтелге қарсы дәрі бронхыда жиналған қақырықты шығармай тежеп, ауруды одан әрі асқындыруы мүмкін.

5. Дене қызуы кезінде спиртпен және спиртте тұндырылған дәрілік шөптермен науқас адамды сылауға болмайды. Жоғары температурада мұндай сылау тамырды тарылтып тастайды. Ал кішкентай бала мұндайда комаға түсіп кетуі мүмкін.

6. Өзін сәл жақсы сезінген науқас жазылдым деген оймен, емдеу курсын тоқтатып тастайды. Суық тигенде толық ем алу қажет! Әйтпесе ауру қайталанады. Сондықтан ем - дом курсын толық алып болған соң, ағзаң толық қалпына келмейінше, үйде бірнеше күн демалған жөн.

7. Дұрыс емделмей, ем - домды созып алсаң, ауру асқынып, минусит, отит, трахеит, тонзиллит, өкпенің қабынуына әкеп соғады. Менингит және неврит болуы да мүмкін.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дені сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын орындайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ, ағайын!

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу