Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не?


2020 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізіледі. Бұл дегеніміз, біз оңайлатылған немесе кеңейтілген түрде табыс туралы бастапқы (кіріс) декларациясын тапсырамыз және осыған байланысты салық төлейміз.

"Жеке тұлғаларға арналған жалпы декларация"деген не?
Жеке тұлғаларды декларациялау - бұл ҚР аумағында да, шетелде де алынған табыс пен сатып алынған мүлік туралы барлық жеке тұлғалардың ақпаратын міндетті түрде ұсыну.

Неге бұл дәл қазір басталып отыр?
Жалпы декларация туралы әңгіме бұрыннан жүріп келеді. Қазақстандық мамандарды 2000 жылдың басында шетелдік тәжірибені зерделеу үшін шетелге жіберді. 2005 жылы бұл туралы айта бастады және 2010 жылы декларация енгізуді жоспарлады, бірақ жалпы декларациясын енгізуді 2020 жылға дейін қалдырылды.

Декларацияның кімнің қатысы бар?
Бұл Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматтарына, оралмандарға және тұруға ықтияр хаты бар азаматтарға, сондай - ақ машиналар, үйлер, пәтерлер мен депозиттер рәсімделген кәмелетке толмағандарға қатысты болады.

Бұл не үшін қажет?
Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін. Декларация адамдарда ресми емес, көлеңкелі табыстар бар-жоғын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, бұл жеке тұлғалар үшін салықтарды қысқарту мүмкіндігі. Мұндай мүмкіндікті іске асыру үшін жеке тұлғалар өз шығындарын (фискалдық чектер немесе банктік үзінділерді көрсету арқылы) дәлелдей алады. Осы құжаттар көрсетілген соң салық тексерісі жүргізіледі және нәтижелері бойынша табыс пен расталған шығыстар арасындағы айырмаға салынатын салық сомасын қайтарады.

Мысалы, егер сіздің табысыңыз жүз мың теңгені құраса, Сіз салық ретінде осы соманың 10%, яғни он мың теңгені төлеуіңіз қажет. Егер сіз 83 000 теңге сомасына шығындарды растасаңыз, салықты қайтару 8 300 теңге мөлшерінде: он пайызға көбейтілген расталған шығындар есебінен жүргізіледі.

Үшіншіден, бұл көлеңкелі бизнесті айналымын шығару. Ол былай жүзеге асырылады:

►Өзін-өзі жұмыспен қамтыған барлық азаматтар, сондай-ақ пәтерін жалға беретіндер, репетиторлықпен айналысатындар, жеке тасымалдаушылар өз табысын көрсетуге міндетті болады.

►Салықтар бойынша өз шығындарын азайтқысы келетін азаматтар дүкендерде және базаларда фискалдық чектерді талап етеді немесе өз шығындарын растау үшін төлем картасымен сатып ала бастайды. Нәтижесінде барлық дүкендерде және сатушыларда базарда ресми түрде кіріс пайда болады, оны жасыру мүмкін емес, өйткені барлық кассалық аппараттардың салық органдарына деректерді онлайн - беру функциясы болады. Ал фискалдық чектерді беруден бас тартатын немесе картамен төлемді қабылдамайтын дүкендер клиенттік базадан айырылып қалу қаупі бар. Өйткені, азаматтарға чек берілмейтін жерлерде тауарларды сатып алу тиімсіз. Сондай-ақ базарда дүкендерде немесе сатушыларда тауарды заңды түрде сатып алу қажеттілігі туындайды, өйткені олар да салықты төмендету қажет. Барлық тауарлар мен қызметтердің соңғы жеткізушісіне дейін тізбек бойынша және нәтижесінде көлеңкеден айналымды шығару 90% - ға дейін жетеді.

Жеңілдетілген және кеңейтілген декларацияны кімдер тапсырады?
Студенттер мен зейнеткерлер, белгіленген жалақы алатын атына тіркелген ірі мүлкі жоқ қызметкерлер жеңілдетілген декларация тапсырады.

Бірақ егер сіз қандай да бір кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, мұраға, дивидендтерге, өтеусіз мүлікке ие болсаңыз, кеңейтілген декларацияны тапсыруыңыз қажет. Бұл Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, шетелде де мүлік пен табысқа қатысты.

Декларацияны қалай тапсырса болады?
2019 жыл үшін декларацияны қағаз түрінде 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін, ал электронды нұсқада 1 қыркүйекке дейін тапсыруға болады. Дайын нұсқасы үкімет порталдарында бар. Салық бөлімшелерінен декларация бойынша кеңес алуға болады. Қазір мемлекет egov жүйесін жетілдіруде, ол жүйе арқылы декларация тапсыруға және сол жерден салық төлеуге болады.

Мен студентпін және апта сайын менің ата-анам маған картаға ақша жібереді. Бұл да табыс болып есептеледі ме?
Иә, мұндай түсімдер студенттің табысы ретінде есептеледі және осы сомадан салық төлеу қажет. Салықты табыс алған тұлға төлейді.

Қарызға ақша беруге бола ма, әлде енді оған тыйым салынады ма?
Заңнама бойынша жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың, егер бұл екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан басқалары қарыз беруге құқығы жоқ. Бірақ мемлекет бір жылдан аспайтын мерзімге және пайызсыз уақытша қаржылық көмек туралы қарыз шарттарын жасасуға рұқсат береді.

Не үшін бұлай жасалынады? Мемлекетке жеке тұлғалардың бір-біріне қарыз беруі тиімсіз. Азаматтар өз кезегінде мемлекетке салық төлейтін қаржы ұйымдарына жүгінуі мемлекет үшін әлдеқайда тиімді.

Маған декларацияны оңай тапсыру үшін ақшаны қолда ұстаған дұрыс па немесе картада жатқаны дұрыс па?
Әрине, карта арқылы төлеу ыңғайлы және декларациялау кезінде банктен үзінді алу арқылы шығындарды растау оңайырақ. Алайда барлық жерде қолма-қол ақшасыз төлем жасауға болмайды, сондықтан мемлекет ақшаны қолма-қол ақшамен сақтауға рұқсат береді. Лимит АЕК 5880 еселенген мөлшері шегінде (2019 жылы - 14 847 000 теңге) сомамен шектелді.

Салықты қалай азайтуға болады?
Мемлекет сізге таңдау құқығын береді: немесе сіз табыстың 10% төлейсіз, немесе шығын бөлігін есептеп растау арқылы аз салық төлейсіз. Мұны қалай істеу керек, төменнен оқыңыз.

Іс-шара кезінде ақша алсам немесе жұмсасам (үйлену, туған күн), не істеу керек?
Егер Сізге қандай да бір іс-шарада ақша берсе, сіз оларды басқа табыс ретінде көрсетуге және салық төлеуге міндеттісіз. Егер сіз ақшаны сыйласаңыз, онда салықтарды қайтару кезінде, бұл сома есепке алынбайды.

Біз ақшамызды баланың депозитіне аударамыз. Бұл қаржыны декларациялау қажет пе?
Егер депозит балаға ашылған болса, ата-аналарға ол үшін декларация тапсыру қажет. Бұл депозиттер де декларацияланатын болады, бірақ кіріс декларациясында депозиттердегі сомаларды көрсету қажет емес, өйткені осы депозиттер сақталатын екінші деңгейдегі банктер автоматты режимде осы ақпаратты өздері ұсынады. Әрі қарай біз депозиттен алынған табысты ғана көрсететін боламыз.

Қандай жағдайларда жеке тұлға мүліктік жай-күйі және табыстары туралы декларацияны тапсырудан босатылуы мүмкін?
Егер сізде мүлік болса немесе кез келген түрдегі табыс тапсаңыз, сіз алынған табыстар туралы декларацияны тапсыруға міндеттісіз. Декларацияны тапсырудан босату қарастырылмаған.

Декларацияға қалай дайындалуға болады?
►Жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы барлық шарттар мен құжаттарды ретке келтіріңіз. Әжелерге, аталар мен мүгедектерге рәсімделген үйлер, пәтерлер мен машиналар келешекте сізге проблема тудырмас үшін өзімізге рәсімдеңіз.

►Егер қандай да бір қолма - қол ақша болса, оны депозиттер, шоттар және т.б. арқылы жария етіңіз.

►Егер сіз фрилансер немесе қызмет көрсететін жеке тұлға болсаңыз, сізде үш жол бар: азаматтық - құқықтық сипаттағы шарт жасау, өз бетінше жұмыспен айналысатын тұлға ретінде салықты (қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК) төлеу немесе патент бойынша ЖК ашу (немесе оңайлатылған режимде ЖК ашу).

►Егер сізде бұрын берілген дебиторлық/кредиторлық берешектің қандай да бір займдары бар болса, оларды заңды түрде заңдастыру керек. Егер сіз (жеке тұлға) тармағына сәйкес басқа жеке тұлғаға қарыз берсеңіз, онда мүмкіндігінше мәмілені нотариалды куәландырылған жөн (қолмен жазылған болмайды). Егер қарыз 500 мың теңгедей болса, нотариусқа жүгірудің ешқандай мағынасы жоқ, ал егер сіз берген қарыздардың жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын болса, сіз оларды мәміле туралы құжатпен растауға міндеттісіз.

►Егер сізде басқа да сұрақтарыңыз болса, сіз онымен айналысатын салықтық немесе консалтингтік компанияларға жүгіне аласыз.


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу