Сатиралық ертегі: Қойшы мен Шайтан

Сатиралық ертегі: Қойшы мен Шайтан

Ерте-ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір қойшы байға көп жылдар бойы қой бағып, ешбір ақы ала алмаған соң байдың қорлығынан өлетін болған соң бір күні түнде қойдың ішінде қорып жатып, еліне қашып кетеді. Оны ешкім білмейді. Ертеңіне оны тек жоқтап қояды. Артынан аз уақыт іздейді, бірақ, таба алмайды.
Қойшы сол кеткеннен бір айлық жердегі еліне бет алып, жүріп отырады. Бірнеше күндер жүрген соң бір ауылдың шетіне келіп, түн болған соң шеттегі бір кішкене үйге қонайын деп, кіреді.
Үйге кірсе, үйде қарт пен кемпір тұрады екен дейді. Үйі әрі тар, әрі кішкентай болады.
– Ата, өте алыстан келемін, қонуға бола ма? – деп, қойшы ұлықсат сұрайды. Шал күрсініп:
– Үйіміз тар, өзіміз шақ отырмыз. Бұдан басқа бір кең үйім бар еді, онда кәзір шайтандар бар. Қысы-жазы содан шықпайды, жазда пішенімізді тауып береді, қызметімді бітіреді, ал, қыста қарымды күрейді. Күнде «Қызмет тауып бер», – деп, мазамды алады. Енді басқа бір үйге қонасың ғой, шырағым, – дейді.
Қойшы бір қызығын көргісі келіп:
– Ата-еке, ол үйіңе мен жатайын, талай рет шайтанмен жолдас болғанмын, – дейді. Қарт шайтан бар деген үйіне қойшыны кіргізеді.
Қойшы кіріп, үйдің төріне орналасып жата бергенде шайтандар жан-жағынан қойшыны кидірмелеп:
– Қызмет бер, қызмет бер, – деп, маза бермейді. Қойшы барлығына бұйрық беріп:
– Таң атқанша терезенің алдынан бір үлкен үй тұрғызыңдар, үйдің алды көл, онда жүзген қаздар, айнала ағаш өсіп тұрсын, – дейді.
Шайтандар түн ортасы болмай-ақ, қойшының тапсырмасын орындап тастап, маза бермейді. Қойшы мазасын ала берген соң барлық шайтандарды жинап:
– Кәне, барлығың қой болып, мына пештің ішіне қой болып кіріңдер де, үндемей жата қалыңдар, – дейді. Шайтандар пештің ішіне кірген соң пештің аузын да, тұрбасын да үлкен таспен қойшы бітеп қояды. Шайтандар шыға алмай:
– Тоқта, сен қашан қой баққаныңда бір кездесерміз, – деп, ұйқыға кіріседі.
Таң атқан соң қойшы шалмен қоштасып, жолға шығады.
Қойшы бірнеше күндер жол жүріп, туған еліне келеді. Әке-шешесі қуанып, той жасайды. Бірақ кедейлік, қойшы сол жердегі бір байдың қойын қыста далаға бағып шығуға екі қозылы қой, бір қайыс етік, бір шекпен киімге жалданады.
Күндерде бір күні қойшы қойларды қар астындағы тебінде жайып жүрсе, баяғы бекітіп кеткен шайтандары келіп, қойшымен амандаса бастайды. Қойшы бір құшақ қамысты алып жіберіп, өртей бастайды. Шайтандар қорқып кетіп:
– Ойбай, не істеп жатырсың? – дейді. Қойшы:
– Сендерді алтындарыңды тауып бермейді деп, өртейін деп жатырмын, – дейді.
Зәресі кеткен шайтандар:
– Ойбай, өлтірме, қазір алтындарыңызды әкеліп берейік, – деп жалынған екен дейді.
Қойшы отты сөндіре қояды. Көп кешікпей, шайтандар да алтынды алып келіп, қойшыға табыс етеді. Қойшы алтынды алып, шайтандарға қош айтысып, қала береді.
Қойшы алтынды даладағы бір иесіз үйге сақтап, байға жұдырықтайын әкеліп көрсетеді. Өмірінде алтын көрмеген бай қойшыға:
– Маған алтыныңды сат, – дейді. Қойшы:
– Төрт жүз қойға ал, – дейді. Бай қойын беріп, алтынды алады. Екінші күні әуелгіден көбірек алтын әкеліп, байға тағы көрсетеді. Бай оны да қойшымен келісіп, жалғыз арғымағына алады. Үшінші күні қойшы бір торсық алтын әкеліп, байға көрсетеді.
Бай ол алтынды жалғыз қызына сатып алып, қойшыны өз алдына отау етеді.
Күндерде бір күні қыс өтіп, жаз да шығады. Қойшы байдан тиесілі қойларын, заттарын алып, қалған алтыны, алтынға алған қойларын алып, өз алдына үй болып, шаруашылық құрады. Үрейі ұшқан бай қойшыдан қорқып, іргесін аулақтай береді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі