Жануарларды жіктеу (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

 Жануарларды жіктеу (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер мен жануарлар
Сабақ тақырыбы: Жануарларды жіктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3. Жануарлар. Жануарлардың көптүрлілігі
2.3.1.1 Жануарларды жәндіктерге, балықтарға, қосмекенділерге, бауырымен жорғалаушыларға, құстар мен сүтқоректілерге жіктеу
2.3.1.2. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер терминдерінің мәнін түсіну
2.3.1.3 Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай отырып, жануарлар топтарын сипаттау
2.1.1.1. Түрлі жануарларды бақылай отырып сұрақтарға жауап беру
Мәліметтерді алу және таныстыру
2.1.3.3.Жануарлардың түрлі топтарын бақылау мен салыстыру арқылы жазбалар түсіру
Нәтижелерді түсіндіру
2.1.4.1. Салыстырулар жүргізіп, өткізілген бақылауларды түсіндіру
Сабақ мақсаттары: оқушылар жануарлардың топтарға бөлінетінін, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері туралы біледі.

(Ұ) Оқушылар шеңберге жиналады. Алдарына әртүрлі жануарлардың қима суреттері қойылады. Оқушылар осы бөліктерден жануарларды құрастырып, жапсырмалайды.

(Ұ) Ойын «Топтастыр» Шарты: оқушылар жапсырмалаған жануарлардың суреттерін олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айта отырып топтайды және аттарын айтады.
(МК) Оқушылардың топтаған суреттердің астына үш тілде жазылған сүтқоректілер, жорғалаушылар, қосмекенділер, құстар, балықтар жәндіктер деген сөздер қойылады. Оқушыларға жануарлар топтарға жіктелетіні және олардың өздеріне тән ерекшеліктері болатыны түсіндіріледі.
-Жәндіктердің денесі үш бөлікке бөлінген, үш жұп аяқтары болады.
Құстардың қауырсыны, сүтқоректілердің жүндері бар.

Балықтарда судың астында тыныс алуы үшін желбезектері, ылғалды қабыршақтары болады, жұмыртқаларын суға салады (уылдырық шашады). Бауырымен жорғалаушылардың қабыршақтары құрғақ, желбезектері жоқ (бауырымен жорғалаушылар су астында тыныс ала алмайды, себебі олардың өкпесі бар), жұмыртқасын жерге салады. Қосмекенділердің терісі ылғалды, жұмыртқасын суға салады, салқынқанды, суда да, жерде де өмір сүре алады.
(ОТ) Оқушылар жануарлардың осындай топтарға бөліну себебіне жауаптар іздейді.
/Мысалы, сиыр неге сүтқоректі деп аталады, ал түлкі ше?/, /Қарлығаш неге құстар тобына жатады, ал пингвин ше? т.с.с/

(Ұ. ОТ) Оқушылар мектеп маңына серуенге шығады. Денсаулыққа байланысты қауіпсіз ережелерін сақтау ескертіледі: мұғалімнің рұқсатынсыз жәндіктерді ұстамау, белгіленген аумақта серуендеу, қолды жуу.
Оларға кез келген көзіне түскен құстар мен жәндіктерді фотоға түсіру тапсырылады. Тапқан жәндіктерді ыдысқа салып бақылайды. /Соңында жәндіктердің басқа жануарларға қарағанда өте ұсақ болатынын, денесі үшке бөлінгенін қорытындылайды/
Суретке түсірген құстар мен жәндіктердің тізімін жазады.

(Ұ.Қ) Сынып бөлмесіне келіп «Құстарды неге жәндіктер сияқты ұстай алмадық?» және «Сүтқоректілер, жорғалаушылар, балықтар, қосмекенділерді неге таба алмадық? -деген сұраққа жауап іздейді.

(Ұ) Оқушыларға жануарлар әлемі туралы танымдық фильм көрсету.
(Дифф.) Оқушыларға анықтама мен жануарлар тобын біріктіру үшін жұмыс парақтары беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар бұл жұмысты өздері орындайды.
(Ұ) Ойын «Артығын ал» шарты: оқушылар суреттегі жануарлардың ішінен артығын алып тастау керек..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 483



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі