Жақсы адам!

 Жақсы адам!

Өзім жақсылық пен жамандық арасында таңдау жасайтын кезде, өмірдің тым қысқа әрі барлығының уақытша нәрсе екенін есіме түсіремін. Себебі, әр нәрсенің сұрауы бар. Бүгін біреуді қуантсаңыз, ертең сізді біреу ерекше құрметпен сыйлап, төріне шығарады. Біреуді жылатсаңыз, ертең күтпеген жерден төсек тартып жатып қалуыңыз мүмкін. Сол себепті, әрдайым адамгершілік сынды қасиетті жоғары ұстаған дұрыс. Тіпті, біреуге жасаған жақсылығыңыз бен жамандығыңыз бүгін қайтпаса, ертең соның барлығы балаларыңызға қайтады. Дәл қазір біреуге жамандық жасаған сәтіңізді есіңізге түсіріңізші. Сол нәрсе өзіңізге қайтып келген кезде қатты қиналдыңыз емес пе? Бір кездері мен де осылай жасап едім ғой деп сан соғып қалған кезіңіз болды ғой. Енді біреуге жақсылық жасап, оны қуантқан сәтіңізді еске алыңыз. Осыдан кейін бір қуаныштың артынан мың қуаныш ерді емес пе? Олай болса, таңдау еркі өзіңізде. Қысқа ғана ғұмырда хайуандардың қатарына қосылғыңыз келе ме? Әлде адам деген адал атқа лайық болып өткіңіз келе ме? Яғни мен жақсы адам болу үшін ең алдымен адамгершілік деген қасиетті дамытар едім. Қазақта “Адам болып келген соң, адам болып кету қиын” деген жақсы сөз бар. Мен үшін қасиеттердің ең жақсысы – адамгершілік. Себебі, жақсы қасиеттердің жиынтығы – адамгершілік деп аталады. Африкалықтардың “Жейдесіз адамның жейде сыйлағанынан, өзін сүймейтін адамның сені сүйемін деп айтқанынан қорық” деген жақсы мәтелі бар. Расымен де, біреуді сүйіп, біреуге жақсылық жасамас бұрын өзімізді сыйлап, өзімізге жанашырлық, адамгершілік сынды қасиеттерді үйрете білуіміз керек. Адамгершілік дегеніміз не? Ол – қиналған жанға жанашырлық таныту, жылаған адамды жұбату, біреудің ала жібін аттап өтпеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, табиғатты аялау, сүю, махаббатқа берік болу, сүйгеніңе адал болу, шынайылыққа ұмтылу, әділеттілік таныта білу және т.б. Біз өмір сүріп жатқан ғасырда адамгершілікті сақтап қалу өте қиын. Себебі, бізді азғыратын ақша бар, алтын бар, атақ пен даңқ бар, желідегі мыңдаған лүпіл бар. Осының барлығы біздің шынайы бет-бейнемізді көрсетіп, адамгершілік танытуымызға кедергі жасайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Ания
    Ания 12.10.2020 18:40
    0 + 1 -
    Түк түсініксіз мүлде түсінбедім осыда эссе бола ма?
  2. Бой
    Бой 21.10.2020 00:45
    1 + 0 -
    Керемет
    1. бой
      бой 09.01.2023 20:26
      1 + 1 -
      е қалай дос