Халықаралық қатынастар | Жаңа әлемдік геосаясаттағы Иран факторы

 Халықаралық қатынастар | Жаңа әлемдік геосаясаттағы Иран факторы

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................2

Тарау 1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан халықаралық қатнастардағы Иранның саяси экономикалық дамуы......7
1.1 Иран және оның «Позитивті ұлтшылдық» саясатының мәні........................7
1.2 Аймақтық қауіпсіздік және Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары...................................................................................................17

2 тарау. Жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі Иран.................................25
2.1. Иранның қазіргі кездегі ядролық саясаты...................................................25
2.2. Иранның аймақтық және мұнай саясаты.....................................................36
2.3. Иран-Қазақстан қатынастары.......................................................48

Қорытынды ......................................................................................................52

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .......................................................................56

Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазіргі қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда Иран Ислам Республикасының алатын орны ерекше. Иран өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешеді. Диплом жұмысының өзектілігі жаңа әлемдік тәртіппен және Иран Ислам Республикасының (ИИР) қалыптасқан жағдайдағы алатын орнымен ерекшеленеді.
Иран – Оңтүстік Батыс Азиядағы аса ірі елдердің бірі. Ауданы бойынша ( 1648 мың шаршы шақырым) онымен шекаралас Түркия (солт батыс ), Ауғаныстан мен Пәкістан (шығысында), Ирак (батысында) елдерінен анағұрлым басым болып келеді. Егер Иранды Еуропа елдерімен салыстырсақ, онда оның аумағы Англия, Швецария, Италия, Флоренция, Испания территорияларын бірге алғандағымен тең болады.Солтүстігінде Иранды Каспий теңізі жуып өтеді, ал оңтүтігінде Парсы және Оман шығанағы жатыр.Азияда бұл көрсеткіш Қытай және Индонезия аумағымен тең. Шекара ұзындығы ,шамамен, 80000 шаршы шақырымға тең. Иран – арийлер елі деген мағынаны беретін « Ариана » сөзінен шыққан ел атауы. Бұл атау Сасанидтер мемлекетінің ( б .з. д І І І –ҮІІ ғғ) негізгі бөлігінің аты болған. Ирандықтар өз елін барлық уақытта Иран деп атаған, ал батыс елдері және АҚШ оны бұрындары Персия деп атаған. Себебі онда негізгі халық парсылар болып, сәйкесінше көпшілік парсы тілінде сөйлеген.Сонымен қатар мұның себебі , елдің орталық аумағы Фарс немесе Парсы деп аталған. 1935-жылы Иран үкіметі елдің бұрынғы ұлылығын көрсету үшін әлем мемлекеттеріне елді ресми түрде Иран деп атауларына өтініш білдірді. Елдің қазіргі астанасы – Тегеран. Иран көпұлттылығымен ерекшеленеді. 34 млн халықтың негізгі ядросы – парсылар халықтың небәрі 50 % -н ғана құрайды,одан кейінгі орында әзірбайжандар , күрдтер тұрады. 1905- 1906 – жылдары қабылданған конститутция бойынша мемлекет басында шах отыратын және ол қарулы күштердің бас қолбасшысы болтын. Иран конститутциялық монархия болған еді. Шахтың сол конститутцияға бірнеше рет өзгеріс енгізуінің арқасында шахқа жеке бас тәртібін орнатуға мүмкіндік беретін айрықша құзіретке ие болды. Кейіннен бұл жағдай әлеуметтік саяси дағдарысқа соқтырған көпшілік наразылығын тудыруға себеп болды. 1975 – жылы шах енгізген бір партиялық жүйе ауқымды наразылықтар туғызып, 1978 – жылы өз күшін жойды. Осының бәрі жиналып , шахтың биліктен кетуіне себеп болды, яғни халық көтерілісінің нәтижесінде шах тәртібі жойылды.Осылайша Иран капиталистік даму жолын таңдаған дамушы елге айналды. Мұнай экспортынан алынатын ірі табыстарды пайдаланып, елдің басқару орталығы жасаған әлеуметтік-экономикалық реформаларға сүйене отырып, Иран соңғы жылдары шаруашылық дамуында үлкен секіріс жасады, енді оны артта қалған аграрлық ел болды деп атауға ауыз бармайды. 1972 –жылы аяталған аграрлық реформадан кейін жер иеленушілердің ұстанымдары жойылып, 15 млн шаруалар жер иеленді ( оның бағасы 15 жыл ішінде төленуі қажет ), бірақ негізгі жер иеленушілер ауылдағы үкімет таянышы болған шаруалар еді. Осы реформаға дейін іргі жер иеленуші болғандар, елден құн сатып алу арқылы ірі өнеркәсіп акцияшыларына айналды. Иран қазіргі таңда аграрлық – индустриялық ел болып саналады. Мұнай сатудан (1976 – жылдан 20 млд. доллар ) түсетін қаржыдан Иран өзінің өндіріс саласын жедел қарқынмен дамытып келеді,оның жаңа салаларын құрды ( мұнайхимиялық, машина құрылысы, соның ішінде автомобилдік, авиацалық, әскери ),металлургия-саласын кеңітіп жатыр. Иран алдығы қатарлы капиталисттік елдердің ірі монополияларымен тығыз байланысты. Осы елдермен бірлесе отырып құрған өнеркәсіптердің тауарларын Иран тек өз ішінде ғана емес,сонымен қатар белгілі дәрежеде Таяу Шығыс ,Оңтүстік- Шығыс Азия және Орта Азия аумағындағы тауар айналымға қосу көзделіп отыр. Алғашқы кезде сырттан ағылып келген қаржыны игере алмай , шетке шығара бастады. Ол дамыған және дамушы елдердің арасында қаржылық көмек көрсететін ірі елге айналды. 1970 - жылдары Иран Англия ( 1.2 млд долл) ,Үндістан( 1 млд ), Египет (1 млд) , Пәкістан, сондай ақ Зайр және т б елдерге қарызын санкциялады. Иранның басқа елдерге берген қарызының жалпы саны 10 млд .долларды құрап, Иран Халықаралық Валюта Фондының қарыз берушісіне айналды. 1978- 1979 – жылдардағы әлеуметтік саяси дағдарыс ел экономикасын әлсіретті
Таяу, Қиыр Шығыс, Кавказ, Каспий теңізінің зонасы, Орталық Азия кіретін жер шарының маңызды аймағы – Батыс Азияда ИРИ жетекші роль атқаратынына ешкім күмән келтіре алмайды. Иран бірдей уақытта Үнді мұхитының Парсы, Оман шығанағымен қоршалған, орташығыстық, кавказдық, орталық-азиаттық, каспийлік ел бола отырып, маңызды әскери-стратегиялық, жағдайға ие. Аймақтың бүкіл жаралы жерлері Иранға байланысты болды. Аймақтың жеке бөліктерініңі ішкі мәселелері, этникалық немесе діни, әскери немесе экономикалық, есірткі саудасы мен босқындар мәселесі, сепаратизм, терроризм мәселелерінің қайсысы болсые тек Иранның қатысуымен ғана нәтижелі шешіле алады. Иранның көмірсутектік табиғи қазбалардың қайнар көзі ретінде және мұнай-газ өнімдерін тасымалдаушы шекара ретінде жоғары дәрежелі құндылықтарға ие екендігің ескерту артық болар еді. Иранның қаралған ішкі мұнай қоры 90 миллиард баррельді құрайды. Бұл оны әлемнің ең ірі мұнай өндіруші елдерінің біріне айналдырады. Бүкіл мұнай шығу орнына жоғары өнімділік және табыстың өз бағасының төмендігі тән. Иран ОПЕК елдерінің арасында мұнай өндіру көлемі бойынша екінші орында келеді. Иран Ресейден кейін газ қорлары бойынша әлемде екінші орынды алады. Қазіргі уақытта оның барланған және зерттелген қорлары әзірге 21 триллион метр кубты құрайды, бұл 14% әлем қорынан асып түседі.
Жаңа халықаралық қатнастардағы Иран факторы екі анықтаушы фактор-ислам және иран ядролық қаруы әсеріне байланысты болды. Бұл екі фактор бір бірімен тыіғыз байланысты болып отырды. Сондықтан диплом жұмысында халықаралық қатнстардағы Иран факторының пайда болуының маңызы такырыбы жеке зеррттелді.
«Персия» журналының бас редакторы Мехди Санои былай деп жазды: «Иран халкы өздерінің ежелгі дәстүрін жалғастырушы жақын, туыс ілім ретінде ислам дінін қабыл алды. Сол уақьптан бастап ирандықтардың барлык ғылыми, мәдени жетістіктері ислам атымен, ислам игілігі үшін жасалынды, оның ары карай гүлденіп, таралуыны мүмкіндік туғызды. Осы кезеңнен бастан Иранды исламсыз, исламды Ираисыз қарастыру мүмкін емес».
1979 ж. Иранда жеңіске жеткен Ислам ревюлюциясы, қазіргі заманның маңызды окиғаларының бірі болғаны даусыз. Имам Хомейни басшылығымен жүзеге аскан бұл төңікеріс ислам өркениетінің тағы бір жеңісі болды. Иран коғамы бұрынғы революциялық қозғалыстардың тәжірибесін талдап-зерітеуден кейін батыстық ұлтшылдық пен шығыстық социализм негізімен терең таныстыктан соң, өз мемлекетіне қолайлы ерекше даму жолын таңдап алды. Бұл революциянын тамыры исламнан нәр алды, сондықтан ол дінді қайта жаңарту, қоғамда діни бағыттағы билік орнату мақсатымен жүзеге асырылды.
Бітіру жұмысының зерттеу нысаны халықаралық қатнастардағы Иран факторы.
Бітіру жұмысының мақсаты тақырып аукымына сай қазіргі геосаяси жағдайдағы ИИР ролін және аймақтық қауіпсіздіктегі орнын анықтау болып табылады.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылды:
• Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан халықаралық қатнастардағы Иранның саяси экономикалық дамуын зерттеу;
• Иран және оның «Позитивті ұлтшылдық» саясатының мәні ашу;
• XX ғасырдың аяғымен XXI ғасырдың басындағы геосаяси жағдайды сараптау ;
• Иранның ядролық саясатын талдау;
• Аймақтық қатынастардағы пайда болған жаңа проблемаларды шешудегеИИР ролін айқындау.
Бітіру жұмысының деректік негіздері. Атлмыш диплом жұмысының деректік негіздерін автор өз ойынша төмендегідей топтарға топтастырады.
Жирмысыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындаға ИИР ң сыртқы саясатының қалыптасыу мен дамуына байланысты деректердің бірінші тобына дипломатиялық құжаттар мен заң актілері жатады. Бұл деректердің ішінен негізінен ҚР мен ИИР ң арасындағы дипломатиялық ққ орнауы туралы құжаттар, ИИР ң сыртқы саяси стратегиясының деректерін атап өтуге болады.
Деректердің екінші тобын белгілі мемлекет басшылары мен дмпломаттардың сөйлеген сөздері құрайды. Бұл деректердің ішінд ҚР Президенті ННА екі мемлекет арасындағы қарым қатынастары туралы сөйлеген сөздері, қазақстан дипломаттары К.К. Токаев, ҚР ИИР ғы бұрынғы төтенше және өкілетті елшілері И.Гиззатов және М.Ж. Жолдасбековтың еңбектерін ерекше атауға болады.
Деректердің үшінші тобын мемуарлар мен естеліктер құрайды.Бұл деректердің қатарында Иранның саяси қайраткерлерінің естеліктерін ерекше атап өткен жөн (Хомейни, Рафсанжани, Хаттами). Бұл деректер Иранның тарихи длмуын және сыртқы саясатын терең зерттеуге көмектеседі.
Деректердің төртінші тобын Ирандық және шет елдік информациялық құралдарының деректері қалыптастырады. Бұл деректердің тобына ресми БАҚ- ры жатады.
Тарихнама. ИИР ның ХХ ғ. тақсаныншы жылдары сыртқы саясат және оның эволюциясы туралы жарық көрген тарихнамалық деректерді автор шартты түрде отандық, ресейлік және шет елдік деп бөледі.
Отандық зерттеулер ішінде ИИР сыртқы саясатының дамуы, стратегиясы туралы еңбектерлің қатарында Н.А. Назарбаев, Қ. Токаев, И.Гиззатов, М.Ж. Жолдасбеков, С. Батырша ұлы. Қазақстандық зерттеулер негізінен ИИР сыртқы саясатын 1991- 2006 жылдар аралығында қарастырады. Әсіресе Иранның Каспи мәселесі бойынша ұстанымына көбірек көңіл бөледі.
Ресейлік авторларды ресейлік және кеңестік зерттеушілер деп еіге бөлуге болады.Кеңестік тарихшылар негізінен КСРО мен Иран арасындағы қарым қатынасты, АҚШ-Иран қарым қатынасын зерттеуге көңіл бөлсе, қазіргі ресейлік зерттеушілер Ресей Федерациясы мен ИРИ арасындағы қарым қатынастарды зерттеп, Иранның саяси жүйесін сараптайды. Кеңестік-ресейлік авторлардың ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: Л.С. Васильев, А.Дугин, В.Ушаков, С.Л.Агаев және т.б.
Шет елдік авторлар зерттеулерін шартты түрде англосаксондық, европпалық зерттеушілер деп қарастырған жөн. Американдық зерттеушілер Иранның XIX-XX ғасырлардағы тарихын, сытқы саясатын, қырғи қабақ соғыс кезіндегі Иранның ұстанымына көңіл бөледі.Бұл авторлардың ішінде: Д. Фуллер, М. Олкед, Г. Глиссон және т.б.Ал Иранның Орталық Азиядағы рөлі туралы Киссенджер, З. Бзежинскийдің еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі Иранның сыртқы саясатының тарихнамасын сараптауда автор сонымен бірге проблемалық принципті пайдаланды.Бұл принципке сәйкес қазіргі жарық көрген еңбектерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:
 ИИР-ғы исламдық фактор;
 Дін мәселесі;
 ИИР-ың сыртқы саясатының өзекті мәселелері;
 Каспи мәсәләсі;
 АҚШ- Иран қатынастары
 Иран- Ресей қатынастары
 Қазақстан-Иран қатынастары
ИИР сыртқы саясатының өзекті мәселелеріне байланысты жарық көрген тарихнамалық зерттеулерді са раптай келе бұл мәселе туралы арнаулы монографиялық еңбектердің тапшылығын атап өткен жөн.
Бітіру жұмысының теориялық әдістемелік негіздері. Аталмыш диплом жұмысының теориялық әдістемелік негіздерін жалпы ғылыми әдістер құрайды. Мұның ішінде автор тарихи салыстырмалы әдісті, контент-анализ әдісін және социялогиялық әдісті пайдаланды.
Тарихи салымтырмалы әдіс ИРИ ың сыртқы саясатының эволюциясын анықтауға көмектеседі. Контент анализ әдісі ИИР қазіргі сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.Ал социологиялық әдіс ИИР ың ішкі саяси жүйесін зерттеуге көмектеседі.
Бітіру жұмыстың құрылымы.Дипломдық жұмыс кріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Дипломның жалпы көлемі бет.

Тарау 1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан халықаралық қатнастардағы Иранның саяси экономикалық дамуы

1.1 Иран және оның «Позитивті ұлтшылдық» саясатының мәні
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады. Шетел тауарларының елге кігізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды.
40- шы жылдардың ортасында Иранда феодалдылықтың қалдықтары мен үлкен әлеуметтік бөлініс әлі де орын тапты. Көптеген артықшылықтарға ие әлауқаттылар және халықаралық сауда монополиясына қолы жеткен шексіз байлыққа кеңеліп өмір сүрді.Ал ұсақ буржуазия өкілдері мен ауыл тұрғындары және де басқа әлеуметтік топтар кедейшілік жағдайда өмір сүруге мәжбүр болды.
Экономикалық зерттеулердің нәтижелеріне қарайтын болсақ, Иранның Исфахан, Мазендеран, Лурестан,Хузестан қалаларында жұмысшылардың табысы күніне 50 риалдан аспаған ресми мәліметтер бойынша мамандандырылған жұмысшылардың айлық еңбекақысы 1961-1962 ж.ж. орта есеппен 2500 риалды құраған, ал шын мәнінде бұл көрсеткіш әлде қайда төмен болған. 1961 ж. 29 мамырындағы «Кейхан» газетінің мәләмдеуі бойынша барлық жұмыспен қамтылған халықтың 87 проценті 2500 риалдан төмен кіріс алған, яғни бұл ресми төменгі өмір сүру көрсеткішінен 12 есеге артық болған, ал осы жылдар ішінде өмір сүру индексінің құны 12 есеге өскен.
Бағаның тоқтаусыз өсу қарқынында халықтың көп бөлігі аштық жағдайында өмір сүруге мәжбүр болуы кедейшілік, аштық, антисанитария өз ізін қалдырмай қоймады. Елде эпидемиялық аурулар өршіді, көптеген аймақтар медициналық көмекке қолдары жетпеді. Жалпы ел ішінде 20 мың дәрігерлік орын болса соның 8 мыңы Тегеранда орналасты. Жағдайды медициналық жұмысшылардың тапшылығы ушықтырды. Елдегі 5 мың дәрігердің 4700 Тегеран және басқада ірі қалаларда жұмыс істеді, ал 45 мың ауылды мекендерге небары 300 дәрігер тура келді. Балалар өлімінің көрсеткіші өте жоғары болды , жас балалардың 80 процетке жуығы 4 жасқа дейін жетпей өліп отырады. [14; 23-28 б.]
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу және орта Шығыс халықтарының ұлт-азаттық және демократиялық қозғалысы Иранды да қамтыды. Елде демократияландыру күресін 1945 ж. құрылған Иранның ұлттық партиясы (Туде) басқарды. Осы ретте өз биліктерінен айырылғысы келмеген және елді демократияландыруға қарсы шыққан Иранның билік өкілдері импералисттік державалардар көмек сұрады. Олардың ерекше сенім білдіргендері АҚШ болды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өзін ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?