Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Біраз жылдар бұрын бұл сұрақтың жауабы бәріне белгілі болатын. Себебі неке тойынан кейін, өз тегінде қалатын қыздар аз болатын. Тек, атақты қалыңдықтар ғана өзінің аты-жөнімен қалуды қалайтын. Ал, қазір керісінше көпшілігі тегін ауыстыруды мақұлдамайды. Оның бір себебі, құжаттарды ауыстыру қиын шаруа болып тұр. Бірақ, бір текті иемдену-ер мен әйелді бір-біріне жақындастыра түсетін себеп сияқты…

Әрбір қыз баласы бойжетіп, күйеуінің үйіне аттанар тұста осы мәселеге көп алаңдайтын көрінеді. Сонымен бірге туыстарына айтуға да ыңғайсызданатын сияқты. Ал, кейбір қыздар мұны мүлде қабылдай алмайды. Өзін басқа фамилиямен атаса, бөтен адам сезінетін жағдайлары да бар. Қыздардың тегін ауыстырғысы келмеуіне негізінен түрлі себептер бар. Бұл оның жарының пікіріне де байланысты болуы мүмкін. Кейбір еркектер әйелінің өз фамилиясына өтпегеніне ренжиді, ал біреулері үшін ол маңызды емес. Осы орайда тегін ауыстыру қаншалықты маңызға ие екенін зерделеп көрсек.

Психология ғылымында әйелдің күйеуінің тегіне өтуі сол отбасының тіршілігіне сіңісуіне жеңіл болады деп таниды. Әрі күйеуін силап, кішірейіп тұратының белгісі іспетті екен. Бұл, әрине бір жақтама ғана пікір. Себебі тегін ауыстырып ажырасып кеткендер бар, ал әркім өз тегінде қалып бірге ғұмыр кешіп жатқандар да аз емес. Бұл жердегі нәтиже екеуінің түсініктеріне байланысты сияқты. Ал, Еуропа елдерінде тұрмысқа шыққан қыздың есіміне «Миссис» сөзі жалғанады. Яғни, басы бос емес екенінің айғағы. Мұндай жағдай да оларға құжаттын ауыстырып керек емес.

Тегін ауыстыру мәселесіне келгенде астрологтардың пікірі де психологтарға жақын. «Негізінен тегіңізді ауыстыруға байланысты тақырып, бос дүние емес!»дейді олар. Өйткені, сіз оның фамилиясынан бас тарту арқылы оның қағидаларынан да бас тартып тұрғандай боласыз. Жаңа өмір бастайтын уағыңыздағы отбасылық байланыс осы бір жерден басталатынға ұқсайды.

Осы мәселеде сіздің ойыңыз қандай?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі