Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылатуда тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық, экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі. Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын, экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі [1]. Тұқым шаруашылығында биотехнология жетістіктерін пайдалану арқылы дақыл сорттарын сауықтыру және олардың сыртқы орта ықпалдарына төзімді (ыстыққа , суыққа, топырақ ортасына және тағы басқа) жаңа сорттарын алу Қазақстан Республикасында 1995 жылдардан бері қолға алынып келеді. Өйткені, тұқым шаруашылығында биотехнологияны қолданып, дақыл өнімділігін 15-30 пайызға дейін жоғарылатуға болады [2]. Оңтүстік Қазақстан жалпы картоп дақылының өсіп-дамуы үшін қолайсыз болып табылады. Механикалық құрамы орташа саздақты болатын сұр топырақтар, түйнек түзу кезеңіндегі тым жоғары температура және ылғалдың жетіспеушілігі картоп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады [3]. Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау тұқымдық материалдарды қолдану керек. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп шаруашылығын дамытудағы алғашқы міндеттердің бірі оның тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Картоптың өнімділігінің деңгейі отырғызатын тұқымдық материалдың сапасына тікелей байланысты болғандықтан, дақылдың тұқым шаруашылығын тиісті жағдайға келтіру бүгінгі күннің басты өзекті мәселесі болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары жоғары температуралық ықпалдармен сипатталатындықтан картоптың тұқым шаруашылығын жүргізу және элиталық тұқымдық материал өндіру кәдімгі клондық таңдап алу тәсілімен оң нәтиже бермей отыр. Ыстық ауа-райы жағдайында вирус ауруының аз ғана мөлшері дақылдың өнімділігі мен сапасына айтарлықтай кері әсер етеді.....
Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні»Республика күні дегеніміз не?• Республика күні – Қазақстанның мемлекеттік мерекесі.• 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданды.• Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігінің бастауы.Егемендік деген не?• Егемендік – өз елін өзі басқару ...
«Бекітемін»Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: ___________________Білім беру ұйымының атауыПедагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)Сабақтың тақырыбы:Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні»Мақсаты: Оқушыларға Республика күні туралы түсінік беру, оның тарихи маң...
Менің Отаным Қазақстан Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған, кешімізді ашық деп жариялаймыз!Қайырлы күн, кұрметтi достар!Республика! Ерiктi ел Қазақстан!Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.Гиорды бұзған, мен...
Сабақтың мақсаты:1.ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру;2.Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру;3.Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту; Құндылықтарды дарытуБілім алушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарытуРесімдеутапсырмалар жасырылған суреттер...
Іс жүргізуде ұйымдастыру кәсіпорындағы іс қағаздарды жүргізу және оларды басқару жұмыстарының жиынтығымен сипатталады. Құжат дегеніміз кез келген кәсіпорындағы заңды немесе заңсыз тұлғамен толтырылған, арнайы басылып шыққан іс қағаздарына жазылған ақпараттар. Құжат жазбамен бірге туындады, алғашқыда мүліктік қарым-қатнас құралы ретінде кейіннен жазбаның дамуына байланысты, араласу құралы және ақпарат тарату арқылы қолданылды. Құжат адам ақыл ойының ең қажетті қоймасы болып саналады. Бұрыннан бері бізге әр түрлі жетті. Соның көмегімен, сол бұрынғы кездегі атомымыздың тарихын, тұрмыс ерекшелігін және әр түрлі қарым-қатынастарын біле аламыз. Іс құжаттарын толтыру мемлекеттік стандартттарға сай орындалу, реквизиттердің дұрыс орналасуы болып табылады. Толтырылған әрбір құжаттың өзіне тән реквизиттері болады. Іс қағаздары басқару қызматіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет ету барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіруді, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты . Іс қағаздарын жүргізү – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Іс қғаздарын жүргізу – мекеме жұмыстарының нақты құжаттармен, деректер мен реттелеген, дәйектелген жүйесі. XXI ғасырда тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірде үлкен өзгерістер болып жатыр. Солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны – қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қоғамдық қатнастардың барлық саласында жүзеге асыру. Қазқастан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезінде негізгі төрт бағытта іс шаралар жүргізеді. Соның бірі – ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезкң- кезең мен көшірудің нақты негізін жасау. Қалай десек те, республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізүге бет бұрды. Бұл үкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы – орыс тіліндегі нұқаларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіп орындарды мемлекеттік тілде іш жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда, құжат айналымын іске асыру – бүгінгі таңда өткір тұрғын мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы саладағы істі жандандыру керек, ал бұл мемлекеттік деңгейде енді - енді қолға алынып жатқан шара. Қазақстан республикасындағы халықтар мәдиниетінің өзара әсері ең алдымен олардың тілдерінің бір – бірімен қарым қатынасы негізделеді. Біздің мемлекетіміздің саясаты еліміздегі барлық тілдердің гүлденіп өркендеуіне, өмірдің барлық саласында қолданылуына лайықталған бағыт ұстап отыр. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасындағы «тіл туралы» заң қабылданып, 1998 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Призиденттің жарлығымен оны жүзеге асыруды мемлекеттік бағдарламасы ....
Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәніЖоспарКІРІСПЕ........................................................................................................І тарау. ҚҰЖАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ1.1.Құжат түсінігі мен мақсаты...................................................................