Кітапханашылар күні құтты болсын


1) Кітап асыл қазына

Кітап — асыл қазына,
Кітапхана жүрегім.
Алтын орда киелі,
Рухани жер білемін!

2) Кітапхана асылым

Кітапхана — асылым,
Кітапты көп оқитын.
Білім алып, нәр алып,
Көңілге оны тоқитын

3) Кітапханашы апайлар

Кітапханашы апайлар,
Игі істерді жасайтын.
Еңбегіңіз жандансын,
Рухтандырар ап-айқын!

4) Кітапхана бесігім

Кітапхана— бесігім,
Білімімен тербейтін!
Кітапханашы апайлар,
Құлауға жол бермейтін!

5) Жақсы көрем мен сізді

Кітапханашы апайым,
Жақсы көрем мен сізді.
Игі істерге бастайсыз,
Қызықтырып сіз бізді.

6) Құтты болсын мерекең!

Кітапханашы апайым,
Құтты болсын мерекең!
Абыройың асқақтап,
Арта берсін берекең!

7) Өзің барда апайым!

Кітапханашы еңбегі,
Орасан зор деп білем.
Өзің барда апайым,
Мен мықтымын деп жүрем!

8) Бүгінгі бұл мереке

Бүгінгі бұл мереке,
Кітапханашы күні бұл.
Еңбегіңіз орасан,
Іс жасайтын күні түн!

9) Байлығымыз рухани

Байлығымыз рухани,
Кітапхана әлемі.
Кітапханашы апайым,
Жүзі сұлу, әдемі.

10) Арайлы таң қуантып

Кітапханашы апайым,
Құтты болсын мерекең!
Кітапханашы күнінде,
Арта берсін берекең!

11) Сыйласын таң арайын!

Кітапханашы апайым,
Жарқырай түс, жайнай түс!
Гүлді жайнап бағыңда,
Бұлбұл құстай сайрай түс!

12) Кітапхана әлемі

Кітапхана әлемі білім берер,
Рухани көп азығы күнін берер!
Кітапханашы апайым мөлдір бұлақ,
Сыңғырлаған ғажайып үнін берер!

13) Жарқырасын жүзіңіз!

Жарқырасын жүзіңіз,
Кітапханашы апайым!
Көңіліңіз жандансын,
Жүзің жайнап жоқ уайым!

14) Кітапханашы күнімен!

Құттықтаймын сіздерді,
Кітапханашы күнімен!
Бар жақсыны тілеймін,
Баурап алар үніммен!

15) Кітапхана жанымыз

Кітапхана — жанымыз,
Шуақты атар таңымыз!
Кітапханашы апайым,
Кіргізетін сәніміз!

16) Жиырма төрті қазанның

Жиырма төрті қазанның,
Кітапханашы күні бұл.
Жанымызға дем берер,
Кітаптардың үні бұл!

17) Кітапхана болмаса

Кітапхана болмаса,
Кірер ме еді сәніміз?
Кітапханашы болмаса,
Жанданар ма еді бағымыз?!

18) Кітапханашы апайлар!

Кітапханашы апайлар,
Рухы биік жан ізгі.
Кітаптармен тербейтін,
Шуақты атар таң ізгі!

19) Жабырқамай жаныңыз!

Жабырқамай жаныңыз,
Гүлдей жайна апайым!
Кітапхана рухты орын,
Дем беретін әрдайым!

20) Кітапханашы күнінде

Кітапханашы күнінде,
Мерекені тойлаймыз!
Кітапханашы апайға,
Ыстық сәлем жолдаймыз!

21) Жүрегіміз бір біздің.

Жүрегіміз бір біздің,
Кітапханашы апаймен.
Жақсы көрем, шынайы,
Кітапханашы апайды ең!

22) Еңбегіңіз жандансын!

Кітапханашы апайым,
Еңбегіңіз жандансын!
Сыйлай берсін шапағын,
Шуақ шашар таңдар шын!

23) Кітапханашы апайлар

Кітапханашы апайлар,
Көңіліңіз кең болсын!
Кітапхана үйінде,
Төрт құбылаң тең болсын!

24) Болсын шаттық мереке!

Болсын шаттық мереке,
Кітапханашы күнінде.
Рухы биік адамдар,
Сыйластық бар үнінде!

25) Қанатыңыз талмасын!

Қанатыңыз талмасын,
Кітапханашы апайым!
Жарқырай түс, жандана,
Қуанып тек, жоқ уайым!

26) Кітапханашы апайларым ардақты

Кітапханашы апайларым ардақты,
Әрбір сөзі баурап алар өзіне.
Рухани ол азық берер жаныңа,
Бұл өмірдің бар ғажабы сезіле!

27) Бүгін шаттық мереке

Бүгін шаттық мереке,
Жанымызға дем берер.
Кітапханашы апайлар,
Бар адамды тең көрер!

28) Кітапханашы апайлар сіздер барда

Кітапханашы апайлар сіздер барда,
Көңіліміз жанданып, шалқып тұрар.
Аман болшы апайлар, денің сау боп,
Апайларым ардақты, бақыттылар!

29) Жақсы көрем сіздерді

Кітапханашы апайлар жүзі жарық,
Іс-шараны өткізер күлім қағып.
Құтты болсын мерекең келіп жеткен,
Жиырма төрті қазан бұл, үкі тағып!

30) Жұмыстарың ұнайды

Кітапханашы апайлар,
Сіздемен таң шырайлы.
Жасап жатқан біз үшін,
Жұмыстарың ұнайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу