Алғыс айту, рахмет айту, ризашылық білдіру күні 1 наурыз туралы тақпақ
Құрметті оқырмандар! Алғыс айту күніне арналған 1 наурыз туралы тақпақтар жинағын ұсынамыз! Балабақшаға және мектептегі балаларға арналған Жібек Ысқақова жазушы арнады. Алғыс айту күні құтты болсын!
1) Мың алғыс саған Жаратқан!
Мың алғыс саған, Жаратқан,
Өмір бердің біздерге!
Шуағын шашты әр ақ таң,
Саулық беріп ізгі елге!
2) Құтты болсын, қазағым!
Құтты болсын, Қазағым,
Алғыс айту күні бұл!
Алғашқы айы көкемнің,
Ең алғашқы күні бұл!
3) Мың алғыс сізге, Анашым!
Мың алғыс сізге, Анашым,
Бар жақсыны бересіз.
Мейіріммен аялап,
Мені жақсы көресіз!
4) Алғысым көп Әкешім!
Асқар тауым Әкешім,
Жетелеген өмірде.
Алғысым көп Әкешім,
Мұң болмасын жүзіңде!
5) Алғыс айту күнімен!
Құттықтаймын сіздерді,
Алғыс айту күнімен!
Жаны жайсаң Қазағым,
Нұр кетпесін жүзіңнен!
6) Алғашқы күні көкемнің
Алғашқы күні көкемнің,
Құтты болсын, мереке!
Мың алғыс, рахмет сіздерге,
Арта берсін береке!
7) Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде,
Жадырасын жанымыз.
Мың алғыс игі жандарым,
Жоғалмасын сәніміз!
8) Алғыс туған еліме!
Алғыс туған еліме,
Күндей жылу беретін!
Алғыс туған жеріме,
Жанымдай жақсы көретін!
9) Мың алғыс!
Мың алғыс Ата-әжеме,
Ертегі айтып беретін.
Мың алғыс Әкем- анама,
Мені жақсы көретін.
Мың алғыс Ағам-әпкеме,
Маржан сөзін теретін.
Мың алғыс Інім-бауырға,
Соңымнан кеп, еретін.
Мың алғыс туған-туысқа,
Сыйластығын көрсетер.
Мың алғыс Дос пен көршіге,
Самал желдей тербетер!
10) Мың алғыс, рахмет айтамын
Мың алғыс, рахмет айтамын,
Ұстазыма, досыма.
Мың алғыс, рахмет айтамын,
Үлкені мен жасына!
Мың алғыс, рахмет айтамын,
Мерейіңді асыра!
Мың алғыс, рахмет айтамын,
Мерейтойға асыға
Мың алғыс, рахмет айтамын,
Сөйлемеймін тасына!
Мың алғыс, рахмет айтамын,
Бақ орнасын басыңа!
11) Мың алғыс айтам, сізерге!
Мың алғыс айтам сіздерге,
Алғыс айту күнінде!
Атам, әжем, ата-анам,
Мұң болмасын жүзіңде!
Бауырларым, туысым,
Мың алғыс айтам, рахмет!
Оңды болып әр ісің,
Жүріңіздер күлімдеп!
12) Мың алғыс саған туған ел!
Мың алғыс саған, туған ел,
Тәуелсіз ел барыңа!
Бас ием саған туған жер,
Әр күн сайын тағы да!
Мың алғыс саған Аташым,
Мейіріммен өсірген!
Мың алғыс саған Әкешім,
Қатем болса кешірген!
Мың алғыс саған, Бауырлар,
Құлап қалсақ демейтін!
Мың алғыс туыс-достарға,
Жамандыққа бермейтін!
13) Алғыс айтам сіздерге
Алғыс айтам сіздерге,
Ұстаздарым киелі!
Мың алғыс апай, ағайлар,
Қолдап жүрер үнемі!
14) Мың алғыс достарым
Мың алғыс айтам, достарым,
Ашық болсын аспаның!
Алғыс күні айтатын,
Таусылмасын жақсы әнің!
15) Мың алғыс саған сыныптас
Мың алғыс саған, сыныптас,
Рахмет көп өзіңе!
Бірінші Наурыз бүгінгі,
Нұр сыйласын жүзіңе!
16) Жадырасын жаныңыз!
Жадырасын жаныңыз,
Алғыс айту күнінде!
Баршаңызға мың алғыс,
Нұр ойнасын жүзіңде!
17) Алғысым көп сіздерге
Алғысым көп сіздерге,
Ұстаздарым, апайым!
Көп рахмет, мың алғыс,
Жүзі жылы ағайым!
18) Бірінші наурыз күнімен!
Құттықтаймын сіздерді,
Алғыс айту күнімен!
Рахмет барша, асылдар,
Сусындатар біліммен!
19) Рахмет Ата-әжеге
Рахмет Ата-әжеге,
Бар тәттісін беретін.
Рахмет Әкем-анама,
Шуақ болып енетін!
20) Рахмет Аға-ініге
Рахмет Аға-ініге,
Қолтығыңнан демейтін!
Рахмет Әпке-сіңіліге,
Құлауға жол бермейтін!
21) Рахмет Қарындасыма
Рахмет Қарындасыма,
Еркелейтін қасымда!
Рахмет бауырларыма,
Болар әркез осында!
22) Рахмет, Жаттықтырушыға
Жаттықтырушыға, рахмет,
Үйрететін тәлімін!
Мың алғыс барша адамға,
Еңбегі көп бәрінің!
24) Рахмет, Ұстаз анаға!
Рахмет ұстаз анаға,
Үйрететін білімін!
Рахмет ұстаз әкеге,
Биіктетер тұғырын!
25) Рахмет көрші, достарға!
Рахмет, көрші достарға,
Табылатын қасымнан!
Мың алғыс айтам сендерге,
Жаралған жан, асылдан!
26) Рахмет, Әке өзіңе!
Рахмет, Әке өзіңе,
Өсірдің баптап, жетелеп!
Рахмет Ана өзіңе,
Жүрмін сізге еркелеп!
Мың алғыс айтам сіздерге,
Адамсыздар ең керек!
27) Рахмет, алғыс айтарым!
Рахмет алғыс, айтарым,
Ағайын, туыс бауырға!
Рахмет игі жақсылар,
Жаны жайсаң қауымға!
28) Рахметім көп менің!
Рахметім көп менің,
Сыныптастар, достарым!
Мың алғыс айтам, жасай түс,
Ашық болып аспаның!
29) Жарқырасын жаныңыз!
Жарқырасын, жаныңыз,
Гүлдей жайнап бағыңыз!
Айтарым тек мың алғыс,
Атсын сәтті таңыңыз!
30) Мың алғыс, және мың алғыс!
Мың алғыс және мың алғыс,
Барша Қазақ еліне!
Мың алғыс және мың алғыс,
Баурап алар жеріне!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?