І кіші «ДАРЫН» топ бүлдіршіндері мен аналар сайысы. Қатысушылар: Бүлдіршіндер аналарымен бірге Сайыс мақсаты: «Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру» Сайыс 6 кезеңнен тұрады. І кезең: «Өзін - өзі таныстыру» ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық. ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі - 2019 IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т. б.) Өз шеберліктерін көрсету. V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал - мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру).....
Тақырыбы: Актер деген кім? Мақсаты: актер туралы түсінік беру, сөздік қорын, сөйлеу мəдениетін, ойлау қабілетін дамыту, ым - ишараларды қолданып кейіпкердің бейнесін жасауды үйрету, шығармашылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. Алдын ала жұмыс: қуыршақ театрынан қойылымдар көрсету, цирктегі күлдіргіштің өнерін көрсету. Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі қойылымы бар дискі, қуыршақ күлдіргіш, Айару қуыршақ, əліппе - дəптер. Сөздік жұмыс: күлдіргіш, актер, комплимент. Билингвальді компонент: күлдіргіш – клоун, актер – актер.
Педагогтің басқару іс - əрекеті Психологиялық сəт. «Комплимент» ойынын ұйымдастыру. Педагог балаларға шеңберге тұрып, жанында тұрған баланың атын атап, комплимент айту керектігін түсіндіреді. Таңғажайып сəт: күлдіргіш кіреді......
Мақсаты: Балабақша мен ата - аналар арасында тығыз қарым - қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата - аналар, әріптестер! Адам үшін ең аяулы, ең қатерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі. Ана деген ыстық қой әрбір жанға Теңеймін аналарды нұрлы жанға Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын! Анадан артық адам бар ма, сірә! Асылдай әжелерім қартаймашы Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы Өздеріңді мәңгілік аялаймыз Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы. Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. Құрметті қауым! «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем!» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Наурыз тойын аңсап дәйім Ата – бабам жырлап келген. Той – думандар жалғассын деп Той бастарды дәстүр еткен – дейді дана халқымыз. .....
Мақсаты: Балаларға өсімдіктер әлемі жайында түсінік беру. Бау – бақшада өсетін жеміс – жидектерге тоқталу, жылдың қай мезгілінде өсетінін балаларға түсіндіру. Балалардың көргендерін өз бетінше айтуға үйрету. І кезең Дәлелдеу - ояту Жылулық шеңбері: Қуыр, қуыр қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Бас бармақ, Сен тұр - қозыңа бар! Балалы үйрек, Сен тұр - лағыңа бар! Ортан терек, Сен тұр - құлыныңа бар! Шылдыр шүмек, Сен тұр - бұзауыңа бар! Кішкене бөбек, Сен тұр - ботаңа бар! Балалар бір - біріне қарама - қарсы тұрып саусақ ойынын ойнайды.
II кезең Іздену, ұйымдастырушы Өсімдіктер қайда өсетіні жайлы әңгімелесу. Жемістермен көкөністердің қайда өсетінін айту. Тәрбиеші: Балаларға бау - бақшада, ағашта өсетін өсімдіктердің қай мезгілде отырғызып, қай мезгілде пісіп, қай мезгілде жинап алынатынын көру үшін «өсімдіктер әлеміне» саяхатқа баратынын хабарлайды. Саяхатқа барғанда балалар кедергілерден: судан, көпірден, ұзын - қысқа ирек жолдардан өтеді. Көктем, жаз, күз мезгілдеріне кездеседі. .....
Алақай қыс келді! Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Психологиялық сәт Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алақай қыс келді!» Аяз қысып, Өрнек сызып Терезені торлайды. Қарда омбығып, бет домбығып Балалар сырғанап ойнайды. Кейде ұлып кейде ысқырып ұйқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Суық, аяз болады......
Мақсаты: 1. Құстар тіршілігі туралы түсінік беру; 2. Адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелей отырып, ынтымақты болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. 3. Оқушылардың ой өрісін дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға, ізденуге машықтандыру. Көрнекілігі: Құстардың суреті, плакаттар, үнтаспа слайд, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы: Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Құстар біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Мен баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын! Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. 1 - сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияда жариялағаннан бері аталып келеді.
Біздің еліміз құстарға бай. Сондықтанда біз оларды қорғап пайдалана білуіміз керек. Құстардың еті тамақ болса, мамық қауырсыны киім, көрпе жастық болады. Енді біраз құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауылшаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өзалдына бір төбе. Талай сазгер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. Содан бері көптеген авиаконструкторлар құстарды негізге алып, талай ұшақтар жаса шығарды емес пе?! Еліміздің көк байрағында да қыран құс қалықтайды. Астана төріндегі «Бәйтерек» самұрық құс пен алып жұмыртқа да құспен байланысты. Құстар туралы айтар әңгіме көп. Дәл қазір құстар туған жеріне жылы жақтан ұшып келуде. Қанатты достарымызды құрметпен қарсы алайық. Ән: Құстар қайтып барады» 1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, достар! Сіздерді бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сабағымызды тамашалауға шақырамыз. .....
Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу. Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын. Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу сәті: Сәлеметсіздер ме! Апайлар. Бақшамызға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе, міне мен, Доспын енді сенімен.
Қазір жылдың қай мезгілі? Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен? Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды. Жиі жиі не жауады? Күз туралы кім тақпақ айтып береді. \Аруна, Ақниет, Ақниет\ Жаңбыр. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы болмақ. Дайынсыңдар ма? .....
Тақырыбы: Жайлауда. Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері, ағаш үйдің құрылысымен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрап өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Дамытушылығы: Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа баулу. Ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелілігі: Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу. Көрнекілік: Жайлау суреті, киіз үйдің құрылысы, төрт түлік малдың және жабайы жануарлар суреттері, малдан алынатын өнімдер суреті. Әдісі: Әңгімелеу, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақтар, мадақтау.
1. Ұйымдастыру бөлімі. - Қане, балалар, апайлармен сәлемдесіп алайық: Балалар: Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде Сәлеметсіздер ме!- деп Сәлемдесіп аламыз. - Жарайсыңдар балалар. Бәріміз орнымызға отырайық. Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады? - Далаға, өріске, жайлауға шығады. - Көктем шығысымен малдарды жайлауға бағады. Олар жайлауға киіз үй тігеді. Киіз үйдің құрылысына кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық жатады. - Ал, балалар үй жануарларын маған кім атап береді? - Түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі т. б. - Балалар, бізге жайлаудан төрт түлік малдың бірі түйе келіп тұр екен. Бізге әкелген көптеген тапсырмалары бар екен. 1 - тапсырма: Суретке қарап әңгіме құрау, ат қою.(Жайлауда) .....
Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру Дамытушылығы: еңбек ету дағдыларын дамыту Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Көрнекілігі: Суреттер әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті.
Мотивациялық – қозғаушы кезең Шаттық шеңбері Педагог балалармен бірге А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады. Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай Болайықшы, досым - ай. Балалар шеңбер бойына жиналып бір – бірімен амандасады. Өлең жолдарын қайталау. Ұйымдастыру шылық ізденушілі кезең. .....
Сабақтың мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып,топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру.Еңбектерің жемісін көрсету.
Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ,қырман. .....
Еңбек - бәрін де жеңбек Мақсаты: Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, нан, дирмен, бидай, ұн, тоқаштар.
Шаттық шебері. Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Амандасу. Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз, Қонақтарды көргенде, Сәлеметсіздер ме! – деп сәлемдесіп аламыз. Балалар жылдың қай мезгілі? Қыс. Қыс мезгілінің неше айы бар? Үш айы бар; желтоқсан, қаңтар, ақпан. Ауа - райы қандай болып тұр? Балаларға жаңа сабақты түсіндіру. Біз бүгін жаңа сабақта еңбек жайлы білетін боламыз. Тақтадан еңбек туралы суреттерді көрсетіп түсіндіру, сұраққа жауаптар алу. Еңбек түрлері көп: жазғы еңбек, күзгі еңбек, қысқы еңбек және көктемгі еңбек болып бөлінеді. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері бар екен. .....
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Менің ойыншықтарым Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Әртүрлі ойыншықтар. Билингвальды құрағыш: Ойыншық – игрушка
Сабақтың барысы: - Сәлеметсіздер ме балалар. Қайырлы таң. Бүгінгі күніміз көңілді, шуақты, cәтті өтсін. Шаттық шеңбер: Кішіге де сіз Үлкенге де сіз Баршаңызды құрметтеп Бас иеміз біз Ойыншықпенен денеміз Шынығамыз, өсеміз Жылдан - жылға Бір жылға Үлкен болып өсеміз - Балалар айтыңыздаршы қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі. - Қыс мезгілі неше айдан тұрады? - Үш айдан тұрады. - Аттарын атайықшы. - Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Ауа - райы қандай болады? - Қыс мезгілінде күн суық, аяз, боран, көк тайғақ болады, арасында қар жауады. - Өте жақсы балалар. - Ал енді балалар бос уақыттарыңызда не істейсіңдер үйде, балабақшада? - Ойнаймыз. - Немен ойнайсыңдар? - Ойыншықтармен. - Ия, дұрыс. .....
Тақырыбы: Достық неден басталады Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету. Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу.. Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау. Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.
Шаттық шеңбер Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз. Балалар: Сәлеметсіз бе. Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын. Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.
Әңгімелесу Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін - өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады. Балалар: Бұл суреттен бір - біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз. Біз осы «Өзін - өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір - бірімізбен достасуды үйренеміз. .....
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. .....
Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау. Қажетті құралдар: 2 шана, 2 кәрзеңке, картоннан жасалған сәбіздер, 2 шырша, саңырауқұлақтар, көз - мұрын жасау үшін материалдар, ойыншықтар, лента, туннель, отырғыштар.
Жүру барысы: Екі топқа бөлінген балалар ортасынан топ басшыларын сайлап ап, бір - бірімен амандасады. І топ: «Алғырлар» тобы ІІ топ: «Аңшылар» тобы
І. Эстафеталық ойын: «Қояндар» Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді. Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. .....
Мектепалды даярлық тобы Егеменді елім менің Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер! Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.
Жүргізуші: Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды. Ел халқының елбасына айналып Шықтың қайта төр басына сайланып Тәуекел деп абройға сүйенген Қазағыма жетер дейсің қай халық Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін Ардақтаған адал достар сүйсінсін Тұғырына қайта қонды елбасым Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын .....
Сабақтың мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсінік бере отыра оларды табиғатты аялауға , қамқорлық жасауға шақыру. Табиғаттың адам өмірі үшін пайдасын түсіндіру. Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін қалыптастырыу. Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірбиелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту.Экологиялық тәрбие беру.Тәжірбиелік жұмыстар арқылы ойларын тиянақтау. Саусақ моторикаларын дамыту. Қисын ойлау қабілеттерін дамыту, еркін қарым – қатынас жасауға дағдыландыру. Ұжымшылдыққа және бір – біріне көмектесе білуге үйрету .
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар «Күнбағыс», «Жемістер пайдасы», сүт, ас бояулары, қант, тіс шұқығыш, пластмасс ыдыстар, терезе алдында өскен жұмыстар.....
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: Жомарт өлкем Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта Сөздік жұмыс: Композитор, нота Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький Оқу іс - әрекетінің кезеңдері: Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті Мотивациялық қозғаушылық: Жетеккші балаларды «Көк тудың желбірігені» әнімен (И. Ескендір) қарсы алады. Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, жүріп келіп орындарында тұрып әуен ырғағымен теңселеді. Туған жердің жырларын Қызғалдақтай терейік. Кең өлкенің қырларын Жүр аралап келейік - өлеңін оқып береді. Ақын «Туған жеріне» деген әнін осылай жырлаған екен. Ақын М. Әлімбаевтың суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, таныстырады. Музыка тыңдау«Атамекен» Р. Рымбаева теледидардан тыңдату. - Қане балалар экранға назар аударайық .....
Гүлдене бер Астана Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы туралы слайд. Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, ән, тақпақтар айту, слайд арқылы түсіндіру.
Жүру барысы: Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар! - Қайырлы таң, қонақтар! - Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз! Жылулық шеңбері. - Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық. - Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер ана! Амансың ба, Астана! Келдік саған қуана! - Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық. Деніміз сау болсын! Күніміз күлімдесін! Еліміз аман болсын! .....
Мақсаты: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл - күйін көтеру. Адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, үлкендер еңбегін бағалай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, олардың әдеби сөздік қорын молайтумен қатар дүние танымдарын кеңейту. Балалардың ой өрістерін дамыту. Керекті құралдар: Екібастұз туралы суреттер, кітаптар, көмір тас. Сөздік жұмыс: Туған қалам, Екібастұз Богатырь көмір кені.
Сабақ барысы: Тәрбиеші: Армысың шапағатты күн ана Армысың шапағатты аспан ана Құт дарытқан елімізге жерімізге Армысың мейірімді жер ана Осы шапағатты күн анамен, мейірімді жер анадан бойымызға дарытқан мейірімді жүрегіміздің жылуын бір бірімізге, қонақтарға сыйламақшымыз. Біз доспыз, татумыз. Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз. Ал, балалар енді орнымызға отырайық. Бүгінгі біздің сабағымыз: «Менің сүйікті қалам» Осы кезде Дымбілмес кіреді. Тәрбиеші: .....
Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.
Көрнекі – құралдар: АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
ҰОІӘ дайындық
Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация» Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу», «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр» _ Мақсаты: балаларға күз мезгілінде болатын өзгерістердің бірі – күзгі жаңбыр туралы мәлімет беру. Міндеттері: Білімділік: қарапайым эксперимент жасауға үйрету, жаңа ертегімен таныстыру; Дамытушылық: тақырып төңірегінде әңгімеге тарта отырып, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұсақ қол моторикасын дамыту; Тәрбиелік: ұқыптылықпен, сабырлықпен жұмыс жасауға баулып, достарына деген жылы және мейірімді қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: «жаңбыр себелеп тұр», «нөсер жаңбыр» Үштілдік компоненет: күз – осень – autumn , жаңбыр – дождь – rain, Керекті құрал – жабдықтар: жаңбырдың дыбысы жазылған үнтаспа, ғылым орталығында жұмыс жасауға : ысқыштар(әр бала санына), қол сүртетін майлық, тарелкелер(губка тұратын, суы бар), үстел –үсті театры(Саңырауқұлақ – үйшік ертегісі) Әрекет Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- Қозғаушылық Шаттық шеңбер: Амансың ба, алтын Күн! Амансың ба, көк Аспан! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам! Жарты шеңберге тұрады, бірге айтады. Бір – бірімен құшақтасып, амандасады.
Ұйымдастыру– іздестіру Әңгімелесу. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Иә, дұрыс айтасыңдар! - Күз орыс тілінде – «осень», ал ағылшын тілінде – «autumn» болады Өлең оқу. Күз, күз, күз келді, Жел мен жаңбыр әкелді. Күз, күз, күз келді , Жер көйлегін сары түске өзгертті. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Аспанды бұлттар жауып, жерге тамшылап жаңбыр жаудырады. (Осы кезде жаңбырдың дыбысы естіледі) - Ой, балалар мынау ненің дыбысы? (Таңдана жан – жағына қарайды) - Кәне тынышталып, тыңдайықшы. - Бұл ненің дыбысы екен? - Иә, дұрыс таптыңдар. Бұл жаңбырдың дыбысы. - Жаңбыр орысша не деп аталады? Кім айтады? - Иә, дождь! Ал ағылшын тілінде жаңбыр rain деп аталады. - Ой , балалар, біздің топты да бұлттар басып, жаңбыр жауайын деп тұр екен. Кәне оларды үрлеп қуып жіберейікші. Тыныс алу гимнастикасы. Балаларға бұлттардан жіптермен салбырап тұрған тамшыларға үрлеуге ұсыныс жасайды. Жаңбыр жайында мәлімет. (Жаңбырдың суреттерін іледі) - Білесіңдер ме, жаңбыр ақырын жауып, тамшылар кішщкентай ғана болса, жаңбыр себелеп тұр дейміз. - Ал, үлкендеу тамшылармен қатты жауатын жаңбырды – нөсер жаңбыр дейміз. (Қайта жаңбырдың дыбысы естіледі) - Далада жаңбыр жауса да, күн шығып тұрса да біздің балалар ойыннан жалықпайды. Мен сендерді бір ойын ойнауға шақырамын Саусақ жаттығуы : «Қызықты серуен» - Кәне , біз серуенге бара жатырмыз ждеп ойлайық. • Баспалдақтармен абайлап түсіп келеміз. Ақырын! Абайлап! • Далаға шықтық. Жүгіріп келеміз. • Енді, қояндар сияқты секіреміз. Міне осылай көңілді секіреміз. • Кенет жаңбыр жауа бастады. Міне былай себелеп. • Жаңбыр нөсерлетіп, қатты жауып кетті. • Балабақшаға кіріп кетейік - Міне қандай қызықты серуен болды. Сергіту сәті: - Алақай! Балалар, бұлттар бізді айналып өтті. Келіңдер ән салып, демалып алайық. Ән «Тырс - тырс» (сергіту сәтінде ән айтылады) - Балалар, жаңбыр қалай жауатынын білгілерің келеді ме? Тәжірибе. - Ендеше, қызықты тәжірибе жасап көрейік. - Ашық күні бұлттар мына алдарыңдағы ысқыштардай жеп – жеңіл болады. Олар аспанда ұшып жүріп, өзендер мен көлдерден бойларына су жинайды. Сосын ауырлап кетеді. Өздерінде суды ұстай алмай, жерге жаңбыр болып жауады. - Кәне, біз де жаңбыр жауғызып көрейік. Жеңдерімізді түреміз. Ысқышты алайық. Енді суы бар ыдысқа батырамыз. Алып шығамыз да, қысып, сығып суларын шығарып көрейік. - Міне жаңбыр осылай жауады екен. - Күз туралы, жаңбыр туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы. (Тақпақтар тыңдайды. Бірнеше баладан сұрайды.)
Ертегі айту. - Мен сендерге «Саңырауқұлақ – үйшік» деген ертегі айтып берейін.
Әңгімелесу. - Сендерге ертегі ұнады ма? - Саңырауқұлақ астына нелер тығылды? - Барлығы неге тығылды? - Күз мезгілі. - Күн суық. Жылы киім киеміз. Жапырақтар сарғайып , жерге түсіп жатыр. Жаңбыр жауа береді.
Үш тілдегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.
Мұқият, қызыға тыңдайды.
Тыңдап, ойланып, жауап береді.
- Бұл – жаңбыр.
- Дождь.
Тыңдап, бірнеше рет қайталайды. Есте сақтауға тырысады.
Тамшыларға үрлеп, тыныс алу жаттығуын орындайды.
Қызыға тыңдайды.
Тәрбиешіге ілесіп үстелдің бетінде саусақтарымен тез және баяу ырғақпен, ақырын және қатты соғып саусақ жаттығуын орындайды.
Қуана келіседі. «Тырс - тырс» әнін орындайды.
- Иә!
Ұсынысты қуана қабыл алады. Мұқият тыңдап, қарап, бақылап тұрады.
Жеңдерін түреді. Ыдыстан құрғақ губканы алады, оны суы бар ыдысқа батырып көреді. Сығып, қысып суын шығарып көреді.
Күз, күз, күз келді, Жаңбыр мен жел әкелді. Кап – кап- кап, кап-кап-кап, Жаңбыр мен жел әкелді.
Жасыл бағымыз сарғайды, Жапырақтар ұшты. Шу-шу-шу, шу-шу-шу Жапырақтар ұшты.
Ертегіні үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Белсене қатысып отырады.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаның әсерімен таныстыру. Күз мезгілінің байлығын, жомарттығын іс - әрекет іздену арқылы шығармашылығын дамыту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, табиғатқа байланысты халық болжамдарын сөз қорына енгізіп, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін сипаттау. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау. Балаларды табиғатты қорғауға, күтіп – баптауға тәрбиелеу. Керекті құралдар: Жапырақтар, жеміс ағашы, слайд арқылы балалардың даладағы бақылау кезіндегі іс - әрекетінің суреттерін көрсету. Күн, бұлт, торғайлар, шегірткелер. Қолданылатын технология: ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану. Әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, әңгімелесу, қайталау, жұмбақтар жасыру, сахналау. Балалар шаттық шеңбер құрып келген қонақтармен бір - бірімен амандасу.
Армысың, қайырымды Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана Армысың алтын күн! Қайырлы таң, қайырлы күн Армысың достарым Армысың қонақтар Музыкамен жел кіреді. Жапырақ шашып, шығып кетеді.
Ой жаттығуы: - Балалар қай уақытта жел тұрғанда жапырақтар ұшады, төгіледі. Шашылған жапырақтың құпиясын ашу. Әр жапырақта көрсетілген суреттен тапсырмаларды жұмбақтап айту. - Ол жәндік - Табиғатқа зиянын келтіреді - Өзіне тән ерекше дыбысы бар - Ұшады, әрі секіреді ол не? (Шегіртке) .....
Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жамістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы сіздерді бүгінгі өлкеміздің «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілейміз! Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз болыпты. Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін алыпты. Ақ үзіктер жауыпты.
Сахнаға күз ханшайымы келеді(қолында жеміске толы себет, үстінде толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған шляпа) Сәлеметсіңдер ме балалар, ата - аналар, ұстаздар! Мен мына жақтан өтіп бара жатқан едім. Сендердің дауыстарыңды есітіп келдім. Мен жалғыз емеспін, қасымда менің туыстарым да бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша. Сендер бұлар туралы жақсы білетін шығарсыңдар......
Тақырыбы: «Ән, күй, шежіре» Мақсаты: білімділігі: Музыканың мәнерлеу құралдарын қабылдап, ажырата білуге үйрету. Ән, әнші, күй, күйші, сазгер, ақын сөздерінің мағынасын түсіндіру, меңгерту. дамытушылығы: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту, дауысын жетілдіру. тәрбиелілігі: Ән тыңдау арқылы, ән айту арқылы музыканы сүюге тәрбиелеу Методикалық әдіс тәсілі: Ән тыңдау: Жаяу Мұса «Ақ сиса» әні, Д Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі Ән айту: Б Ғизатов «Біздің ән» Әуенді қимылды би: «Домбыра» биі Музыкалық дидактикалық ойын: «Даңғыраға тез жет» ойыны Музыкалық аспапта ойнау: Даңғыра аспабы Көрнекілік құралдары: Әнші, ақын, сазгерлер, күйшілер туралы дайындалған слайд. Күй үнтаспасы, ойын атрибуттары. даңғыра аспабы.
Әрекет кезеңдері: І Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру Саз жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады, амандасады.....
Мақсаты: «Дос» және «достық» деген ұғымды терең жеткізе отырып , достық сезімін қалыптастыру мақсатында бір- бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу.»
Эпиграф: «Достық керек өмірде, Ашық сырлы көңілде. Дос жолдасың болмаса, Өмір сүру жеңіл ме?» (3 слайд)
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат Мақсаты: балаларды музыка әлемімен жете таныстыру. Әуенді сергек айту, тыңдау, ойын - қимыл арқыл ырғақты сезіндіру. Дауыстың ұзақтықтарын, биік және төменгі дыбыстарын ажыратуға баулу. Балаларға көңіл - күй сыйлап, музыка оқу іс - әрекеті бойынша білімдерін бекіту. Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, орындау, қайталау. Көрнекілігі: баян, синтезатор, интерактивті тақта, ноутбук, балалар аспаптары. Билингвизм: жай - медленно - slowly, тез - быстро - fast, жоғары - высокий - alt, төмен - низкий - low
Мотивациялық қозғаушы бөлім Балаларды залға көңілді әуемен кіргізеді. Шеңбер бойына орналасып әуенді амандасады. «Саламатсыздар ма балалар» Шеңбер бойында ырғақтық жаттығулар орындату. 1. Марш 2. Аяқ ұшы 3. Аяқ өкшесі 4. Секіру - Балалар сіздер сиқырлы музыка әлеміне саяхаттағыларыңыз келеме? - Ендеше музыка әлеміне «Полька» биімен жетіп алайық .....
Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту. Шуақты көңіл - күй сыйлау. Жазғы табиғат ерекшелігін би өнерімен байланыстыру. Би билеу техникасының негіздеріне үйрету: топтаса және дара билеу. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу. Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудиожазба, биге арналған әуендер. Жүру барысы: Балалар марш әуенімен залға кіреді, жүру, жүгіру қимылдарын жасап ортаға тұрады. - Балалар, алдымен амандасып алайық! (Амандасу жаттығуы) - Балалар, бүгінгі іс - әрекетімізді «тыныштық сәтімен» бастайық! Тыныштық сәті. - Өте жақсы, рахмет балалар! Енді аяғымызды алшақ қоямыз, қолымыз белде, менімен бірге қайталаңдар. Жаттығу Әуенмен. - Басымызды оңға, солға қозғалту (8 рет), алға - артқа (4 рет); - Қолымызды түсіреміз, екі иығымызды бірге көтереміз (8), иықты кезек кезек көтереміз (4); - Қолымыз белде, аяғымызды алшақтатамыз. Екі жағымызға жеңіл иілеміз. (8); - Аяғымыз бірге, секіреміз. (8); - Аяғымызды алшақтатамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жан жаққа қозғалту. (8); - басымызды иыққа жәй тигізу. (4); .....