Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің, мақала-зерттеулерінде жазушы ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейілінше аз сөз болады. классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақаларды айтпасақ, қазақ совет әдебитінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге ешнәрсе жоқ. Стильге бір тоқталмай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектерде де аз емес. Оларды бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді. Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы, мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн. Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше stylos. Дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша. ....
Протоколдар – деректер мен программалардың ұйымдасуын жүзеге асыратын (протоколдарды қолдайтын программалар) тордағы компьютерлердің қатынасы кезіндегі ақпараттық құралдардың (ақпараттық протоколдар) арнайы стандарттары. Протоколдарды қолдайтын программаларды жай «протокол» деп атайды, ал интерфейстер аппараттық протоколдардың функцияларын (разъемдар, кабельдер және т. б.) физикалық түрде орындайтын арнайы құрал болып табылады. 1983 жылы қабылданған басты халықаралық торлық қарым-қатынастар стандарты ашық жүйелер қатынасының жетісатылық эталонды моделі болып табылады. Ол TCP/IP (Transfer Communication Protocol, Internet Protocol) деп аталады. Модельдің әр сатысына әртүрлі торлық операциялар, жабдықтар және протоколдар сәйкес келеді. Әр сатының функцияларын қарастырайық: 1-саты физикалық саты, обьектілер арасында деректердің алмасуы үшін физикалық біріктіруді сонымен қатар деректерді кодалау мен декодалайды. ....
Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: “гонейа” – туылу деген мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль, эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар. Болжамдар бойынша галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер - гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде түзілген. Бұл заттар галактикалардың ядросында әлі де кездеседі деген жорамалдар да бар. Кеңейетін Ғаламның теориясы астрономияның прогресіне себеп болған, бірнеше қиындықтармен кездесті. Үлкен жарылыстан кейін шексіз тығыздығы бар нүктеден ұшып шыққан зат, өзара тартылыс әсерінен бір – бірін тежеп, олардың жылдамдығы төмендеу керек. Бірақ тоқтау үшін бүкіл Ғаламның массасы да жетпейді. Осыған байланысты ғылымда 1939 жылы Ғаламдағы “қара ойықтар” туралы гипотеза пайда болды. Бұл ойықтар көзге көрінбейді, бірақ олар Ғаламның массасының 9/10 бөлігін құрайды. Сонымен “қара ойықтар” дегеніміз не? Егер кез келген заттың белгілі бір массасы сол массаға шекті болып табылатын аз деңгейге жетсе, онда бұл зат өзінің тартылыс күші әсерінен тығыздала бастайды. Тығыздалу әсерінен затың массасы көбейіп, сәйкесінше заттың тартылыс күші де жоғарылай бастайды. Бұл тартылыс күшін жеңу үшін заттың жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан да жоғары болуы тиіс. Сондықтан да “қара ойық” сыртқа ештеңі де шығармай, ешқандай жарықты шағылыстармайды, яғни көзге де көрінбейді. Сондай ақ “қара ойықтың” ішінде кеңістік өз бағытынан ауытқып, уақыт баяулайды. Осы “қара ойықтар” галактикалардың ядросын құрап, өте қуатты энергия көзі болған және олар жұлдыздарға дейінгі зат, яғни олардан жұлдыздар пайда болған деп жорамалданады. 1963 жылы квазарлар (квазижұлдыздық радиосәуле көзі) - ғаламдағы радиосәулелердің аса қуатты қайнар көзі ашылды. Олардың жарығының күші галактикалардың жарығынан жүздеген есе артық, ал көлемі олардан ондаған есе аз. Квазарлар – жаңадан түзілген галактикалардың ядролары болып табылады, яғни галактикалар әлі түзілу үстінде деген болжамдар бар.....
Аралас экономика дегеніміз бұл мемлекетін тікелей аралсуы емес аралас деп атаймыз.Жеке меншікте бар және мемлекетін меншігіде бар. Мемлекетінменшігіне темір жол, космостық аймақтар және тағы басқалар жатады.Қазақстан Республикасын аралас экономика деп санауға болады. Өйткені мемлекетін үстемдігі бар. Біздің экономикада Нарықтық экономика белгіленген.1993-1995 жылдары қабылданған Конституцияда белгіленген жеке меншікті мойындады Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді. Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады. Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТР-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады. ....
Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүние жүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос»-көне, «литос»-тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (неолит). Археология ғылымысаласындағы мұндай ғылыми тұжырым ХІХ ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5-2,6 млн. жылдай бұрын басталып,б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. Алғашқы қауымдық құрылсытың екінші және үшінші кезеңдері-қола ғасыр-б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады. Кейінгі полеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады.....
Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға беруліде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Кіші комиссия Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет деген тұжырым жасады. Тиісті мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын бұлтарыссыз орындауды құқықтық жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуге тапсырма берілді. Бұл - бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе", - деді Т. Мұсабаев. Тараптар сонымен бірге Байқоңыр қаласындағы мектептерде білім беру процессіне қатысты мәселелерді талқылады. "Бұл да маңызды мәселелердің бірі және азаматтардың өз мемлекетінің мемлекеттік стандарттарына сай білім алу жөніндегі конституциялық құқықтарының сақталуына байланысты", -деді Т. Мұсабаев. "Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары Байқоңыр ғарыш кешенінің аумағынан көшкен немесе Ресей Федерациясының кешенді жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда олардың зейнетақы алу құқықтарына кепілдік беру мәселелеірн одан әрі дәйектеу жөнінде тапсырма берілді", - деді ол. Сондай-ақ, Т. Мұсабаевтың атап өткеніндей, "Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін реттеу жұмыстарын бірлесе жүргізуді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Өйткені, ол Қазақстандағы орташа тарифтерден жоғары екені белгілі . Сөйтіп, әлеуметтік мәселелер блогына баса назар аударылды". ....
Алдынғы тарауда көз жеткізгеніміздей, К. Маркс пен Ф. Энгельстен бұрынғы философтардың көзқарастары мен философиялық бағыттары ғылымға, шынайы әдіске және практикаға толық негізделмеген еді. Сондықтан олар дүниетаным мәселелерін арнайы ғалымдардың зерттеулеріне, қоғамның жалаң тәжірибесіне сүйенбей – ақ шешуге тырысты. Бұл – ескі мәндегі, адамды қоршаған дүниені өзгертуді мақсат еткен күреске кереғар келетін философия еді. Міне, ос жағдайда, ғылым жетістіктеріне сүйенген, практикамен, еңбекшілердің азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, бұдан бүрынғы философиялық ой – толғамдардың прогрессифті қасиеттерін бойына сіңірген мүлде жаңа сапалы философиялық жүйе жасау қажеттігі туды. XIX ғасырдың ортасына қарай оның тарихи әлуметтік және ғылыми алғы шарттары да пісіп жетілген еді. Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептетері де болады. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір – бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Тірі организімдердің микроскопиялық клеткалардан тұратынын, адам мен жалпы табиғаттың бірлігін көрсетеді. Энергияның сақталу заңы материя қозғалысының мәңгілік және құрып кетпейтін, қозғалыс түлері мен энергияның біріне – бірі алысып отыратынын дәлелдеді. Бұл дүниенің материялдық бірлігінде айқындап беруге мүмкіндік береді. ....
Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім, орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады. 1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұрапы хан ұлын езіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылмен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. 1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі. 1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының қүзырына бағынышты болып бекітіледі.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер Сабақ тақырыбы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 1-сабақ Сабақ мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы рөлінің маңызын анықтау.
Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем¬лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем¬лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік. Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда — мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. ....
Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды бодхидхарма (жапонша Да Мо) « Сақалды варвар» Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады. Оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айырылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді. Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға шыдай алмайтындығын байқады, содан кейін «ар хат қолдарының 18 қимылы» атты психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат – Оңтүстік Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монархтардың күші мен рухын ұзақ діни лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанды, сондай-ақ аспан астында жолында сенімді қорғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді. Бодхидхарма бүгінгі күнге жеткен әйгілі қоян-қолтық ұрыс өнері у-шу жүйесін жасаушы болып саналады. Кейінірек XI-ғасырда: жылан, айдахар, тырна, бағылан және жолбарыс. Бодхидхарманың Үндістаннан Қытайға әкелен тәсілінің түрлері «Шаолинь кэмпосы» атымен таралды және бірте-бірте қытайшаға айналды. Монах жекпе-жекшілері туралы сөз Шаолинь монастырынан бүкіл аспан астына аты шыға бастады, артынша сол жерге басқа жақтардан монахтар келе бастады. Шаруалар соғысы және азаматтық бүлік кезінде Бодхидхарма орт үстікте қаза болады, ал тірі қалған бірнеше «Бес Баба» Фукиен провинциясында қайта құрылған Оңтүстік Шаолиньге кетеді. Осылайша «Шаолинь кэмпосы» ұрыс өнері Империя төріне шығады және ешқандай да құпиялылығын қалдырмады. Осылайша екі бағыт дүниеге келді. Біріншісі «Тэ» деп аталады, оның жергілікті аристократтар мен қалалықтар тәжірибеледі. Екіншісінің алғашқыда ешқандай да аты болмады.....
Марфуға Ғалиқызы Айтхожина (25 тамыз 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қаласында туған) – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).
Өмірбаяны Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді.....
Су - маңызды табиғи ресурс. Ол тіршілік негізін құрайтын зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен өндірістегі маңызы зор. Ал оның адам, жануар және өсімдіктердің тіршілігіндегі ролі жалпыға мәлім. Көптеген тірі ағзалар үшін су мекен ету ортасы болып табылады. Қалалардың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының қарқынды түрде дамуы, егістік алқаптар ауданының артуы, халықтың мәдени-тұрмыстық жағдайының жақсаруы және басқа да көптеген факторлар сумен қамтамасыз ету мәселесін қиындата түсуде. Суға деген қажеттілік өте зор жэне жыл сайын арта түсуде. Жер шарын сумен қамтамасыз етудің жылдық шығымы 3300-3500 км3 құрайды. Соның ішінде 70% ауыл шаруашылығында қолданылады. Суды көп пайдаланатын өндірістер: химия жэне целлюлоза-қағаз жасау өнеркәсібі, қара және түсті металлургия. Энергетиканьщ дамуы да суды пайдаланудың күрт артуына әкеледі. Су, әсіресе, мал шаруашылығы саласына, халықтың тұрмыстық қажеттілігіне өте көп шығындалады. Шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке жұмсалған судың көп бөлігі қайтадан өзендер мен тұщы су қоймаларына келеді. Бүгінгі таңда тұщы су тапшылығы дүниежүзілік проблема болып отыр. Суға деген өндіріс және ауыл шаруашылығы қажеттілігінің артуы барлық елдердің, дүние жүзінің ғалымдарын бұл мәселені шешудің алуан түрлі әдістерін қарастыруға мәжбүр етуде. Қазіргі уақытта су ресурстарын тиімді пайдаланудың мынадай бағыттары анықталды: тұщы су ресурстарын молайту жэне толық пайдалану, тұщы суды аз пайдаланатын жэне су қоймаларды ластамайтын жаңа технологаялық процестерді табу. ....
Көп қабатты баспа плата (КҚБП) – БП, араларында талап етілген қосылыстары орындалған екі немесе оданда көп қабаттарында өткізгіштік суретімен оқшаулаушы заттардың кезектескен қабаттарынан тұрады. Өткізгіштер қабаттарының арасындағы электрлік байланыс арнайы көлемді затпен, баспа элементпен немесе химия – гальваникалық металданған тесіктерімен орындалуы мүмкін. Көп қабатты БП құрастыру тығыздығымен және сенімділігі жоғарылығымен, климаттық және механикалық әсерлерге тұрақтылығымен, өлшемінің шағындылығымен және түйіспелер санының аздығымен сипатталады. Жасағанда еңбек көлемі үлкендігінің, қабаттарды сәйкестендіру және суреті жоғары дәлдікте алу қиындығының, технологиялық құралдың күрделілігі және бағасының жоғарылығының технологиялық процестің барлық операцияларын басқарылуының, жөндеуге жарамдылығы төмендігінің әсерінен КҚБП – сы электронды есептеуші, авиациалық және космостық аппаратураның конструкциясы орындалған жерде қолданылады.....
Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.
1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген. Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған. Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған.....
Иран Ислам Республикасы – Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы – Тегеран қаласы (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн), Исфаһан (1 млн), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі – парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шиит тармағы. Ислам – діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министрлер Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган – бір палаталы парламент – ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан – Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі – риал. ....
Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді. А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар. Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші, Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, «Зар заман» өкілдері деп қарады. «Зар заман» деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан, олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді. Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің «Колокол» («Қоңырау») газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды. Дулат Қазақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық мінез-құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай толғап сынады: Мынау азған заманда, Қарасы – антқор, ханы арам, Батыры көксер, басы аман, Бәйбіше – тантық, бай – сараң, Боз баласы – бошалаң, Қырсыға туды қыз балаң. ....
Кіріспе Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық тауар айырбасының объективті негізі; мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, қоғамдық құрылымына қарамастан, саудада, ғылыми-техникалық салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде, өндірісік дамуда т.б. көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға жұмылдырады. Халықаралық шаруашылық байланыстарының типі XIV-XV ғысырда пайда бола бостады (орта ғасырда). Әрине, ондағы тауар айырбасы қарапайым түрде еді. Дүниежүзілік шаруашылық көптеген жылдар бойы екі қарама-қарсы системаның бір-біріне қайшылықтары салдарынан (саяси құрылымы жағынан) ұзақ уақыт бойы бір жүйеге түсе алмай жүрді. Социалистік лагерь өз бетінше, ал экономикалық байланыста капиталистік елдер өзінше дамыды. Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісі – мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі- ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі-оны бөлшектеу және қайта жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы және де аймақтық-өндірістік кешен болуға ықпал етеді. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты -өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды. Халықаралық еңбек бөлінісі- өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негізгі құралы.....
Ұлттық стандарттарда елдің ғылыми техникалық даму деңгейіне байланысты өз ерекшеліктері қамтылады.Сондықтан біртүрлі материалдар мен бұйымдарға қарасты әр елдің стандарт талаптары бір бірінен жиі айырмашылықта болады.Бұл жағдай халықаралық сауданы дамытуға үлкен кедергі келтіреді.Сондықтан сауда қатынасын жасайтын елдердің стандарттарын бір бірімен сәйкестендіру қажеттілігі туындайды.Яғни ұлттық стандарттарды халықаралық,аймақтық,мемлекетаралық стандарттар шеңберінде өзара сәйкестендіру қажеттілігі пайда болады.Осы қызметті атқару үшін стандарттау саласында әртүрлі халықаралық ұйымдар мен мекемелер құрылды. Стандарттау жөнінідегі ұлттық ұйымдардың жұмысын үйлестіру ма0сатында 09рыл5ан халы0аралы0 мекемелерд34 ат0ару органдары және өз жарғылары болады. Бұл жалықаралық ұйымдардың мүшелеріне осы халықаралық қызметті жүргізуге елеулі роль атқарушы айырықша дамыған елдер қабылданады. Дүние жүзінде тоуар саудасы мәселесімен айналысатын 4000/төрт мың/дай ұйым бар. Олардың 400дейі стандарттау мәселесімен айналысады. Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық 1921 жылдан басталған.Сол жылы 7 елдің қатысуымен болған стандарттау жөніндегі халықаралық Ұлттық қауымдастық федерациясы құрылды. 1946 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шешемімен стандарттау жөнінідегі халықаралық қауымдастық /ИСО/құрылып, жарғысы қабылданды. Ұйымдастыру әдістемесі мен құрылымы анықталады. ИСО-ның негізгі мақсаты халықаралық саудаға жәрдем ету. ИСО-ның басқару органдары: Бас Ассамблея, ИСО кеңесі, кеңес комитеттері, техникалық комитеттер, орталық хатшылық. Бас Ассамблея басқарудың жоғарғы ұйымы болып табылады. Ол жылына бір мәрте шақырылады. Бас Ассамблея сессия аралығында ИСО-ның жұмысын оның кеңесі басқарады.Кеңестің басшылық қызметін ИСО-ның президенті атқарады. ИСО кеңесіне стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері кіреді. Олар стандарттау жөнінідегі ғылыми мекемелердің өкілдері. Президент пен кеңес мүшелері үш жылдық мерзімге сайланады.ИСО комитеттер құрамында қызмет салалары бойынша 52 техникалық комитеттер мен жұмыс топтары кіреді.. ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдерінің жануарларға тигізер әсері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі Сабақтың мақсаттары: 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру 1.2.2.4 мұғалімнің көмегімен жануарлар туралы иллюстрациялы альбом әзірлеу......
Бүкіл көшпелі түркі халықтарына ортақ, көне заманда тасқа жазылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, оғыз заманында пайда болған “Оғызнаме”, “Қорқыт ата кітабы”, ноғайлы дәуіріне жататын “Қоблынды батыр”, “Ер Тарғын” эпостары”, Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін қорғаған Қабанбай батыр, Амангелді батыр да, Бөгенбай батырлар туралы тарихи жырлар, отаршылдыққа қарсы күрескен Кенесары, Сырым, Исатай батырларға арналған дастандар сияқты мол қазынамыз бар. Бірақ осы кезге дейін батырлар жеке тұлға ретінде ғана қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және әлеуметтік мәні дұрыс түсіндірілмей келеді. Адамзат қауымы қоғам, ел, мемлекет болып қалыптасқаннан бастап жаңа заманға, азаматтық қоғамға дейін, барлық халықтарда қоғамның негізін, үш үлкен әлеуметтік жіктер құрап келді. Олар - қоғамның негізгі қажеттіктерінен туындаған және сол қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет ететін, қоғамдық еңбек бөлісі барысында қалыптасқан кәсіби әскерилер әлеуметтік жігі (“әскери сословие”), дін қызметшілері (“діни сословие”) және түрлі еңбек иелері, яғни саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар және т.б., Еуропада бұл “үшінші сословие” деп аталды ....
Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.
2. Шығармалары Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы. Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.....
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық. Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық. Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт. Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым. Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу. «Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. Жалпы далалықтардың денсаулықтарын, олардың өнегелі өмірін оқушыларға таныстырып, ұлттық сананың қалыптасуына негіз қалау.....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді. Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.....
“Теңізшевройл” ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен “Шеврон” компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Содан үш күннен кейін-ақ, 6 сәуірде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығып, онда келісім және ТШО қызметіне байланысты шарттар мақұлданды. ТШО-ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген. Республикамыз¬дың тарихында бұдан “ұзын” келісім-шарт жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер бар, бірақ та бір жәйтке ешкім де дауласа алмасы анық: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестиция¬ларды жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім-шарт. ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Қаты¬сушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон” (50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко” компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген. – Парламент депутаттары “Теңізшевройл” ЖШС қызметінен келетін бюджеттік түсім¬дердің көлемі туралы мәселені қайта-қайта көтеріп жатады. Осыған байланысты біз өткен жылдың қаржылық көрсеткіштері туралы нақты да дәл ақпарат алғымыз келер еді. – 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі күрделі салымдар көлемі 10 млрд. АҚШ долларынан астам болды. Бұл айтарлықтай ірі сома және Теңізді сол кезде көрген және бүгін оның қандай болғанын білетін кез келген адам салымдардың тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұрынғы кеңестік бұрғылау орындарында Теңіздің ауыр мұнайын өндіру және өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық орталық пайда болды. ТШО қызметінің басынан бері салықтар мен роялти түрінде мемлекеттік бюджетке 9 млрд. доллардан астам қаржы, соның ішінде корпоративтік табыс салығына 3,8 млрд. доллар және роялтиге – 4 млрд. доллар төленген. Тек 2006 жылы ғана ТШО бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрінде 2,5 млрд. доллардан астам қаражат төлеген. – БК-ның қазірдің өзінде іске асырылған жобалары туралы не айтуға болады? Олардың тиімділігі қандай? – Өндірістік технологиялық желілер құ¬ры¬лысына, зауыт құрал-жабдықтарын және тиісінше инфрақұрылымды жаңғырта жаңар¬туға әріптестер күрделі салым түрінде іске асырған инвестициялар өндіру көлемін 1993 жылғы 1,5 млн. тоннадан 2004-2006 жылдар¬ғы 13,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкін¬дік берді. Бұл еуропалық сападағы сұйытыл¬ған газ өндірісін жолға қоюға, атмосфераға шығатын қалдықтарды және газды факелде жағуды әлдеқайда азайтуға, қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсартуға жағдай туғызды. ....
Гульмира Абдрашева – «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы.
2015 жылы құрылған «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысы қазір еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе сияқты ірі қалаларында жұмыс істейді. Бірлестікті Астана тұрғыны Гульмира Абдрашева басқарады.
Биография Гульмира Абдрашева Қостанай облысының Лисаков қаласында дүниеге келген. Әкесі – энергетик, анасы – медицина қызметкері. Отбасында екі қыз тәрбиеледі. Үлкені – Гүлмира. Қыздарды ата-анасы жастайынан үлкенге құрмет көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тәрбиеледі. Жергілікті № 5 гимназияны тәмамдаған Гүлмира Бизнес және басқару институтына оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін Астанаға қоныс аударды. «ҚазМұнайГаз» компанисында 9 жыл қызмет етті. Былтыр өз еркімен жұмыстан кетіп, бизнеске бет бұрады, көп уақытын «Клуб добряков» қызметіне бөледі. Тари ....
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетім- сіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді. Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала ел даналығы дариясында еркін жүзіп, уызғажарып, асыл байлықты ьойына сіңіре білген. Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп, шаруа күйттеп, тіршілік қарба- ласына араласып кетеді. ....
КІРІСПЕ XV ғасырдың алғашқы жартысында біздің халқымыз өзінің соңғы бұрыңғы тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастап өткереді. Бүкіл әлемдік шеруде айрықша орын алып отырған Евразиялық ұлы мемлекетіміз Алтын Орда ыдырайды. Алтын Орда шығыс бөлігін құраған құдіретті көк Орданың өзі қаққа жарылып, қазіргі Қазақстан шегінде қазақ ордасы аталатын қуатты жаңа ұлыс бөлініп шығады. Алғаш рет 1456 жылы ірге көтерген қазақ мемлекеті арада оншалықты жыл өтер- өтпесте атамекен жерінің біршама бөлігінде өзінің саяси, әкімшілік , билігін орнатып үлгерді. Тағы да қырық жыл озғанда бүкіл оңтүстік , орталық және Батыс Қазақстан өңіріне өкім етіп, халқының саны бір миллионға жетеді. Енді бірер ғасыр орайында қазақ халқы қазіргі Қазақстан жерін толығы мен иеленеді, өсіп- өніп, кейбір кезеңдерде ұзын саны үш миллионды төңіректеп, ата жұртта біржола тамыр жаяды. Көршілері тегіс таныған, алыс жақын түгел есептесетін.Бұл ұлыс жер көлемі жағынан алғанда да, халқының саны жағынан алғанда да, әлемдегі ең үлкен әрі қуатты мемлекеттердің бірі болып тұрды.Қазақ халқының жалпы түріктік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды.....
Көз алдыңызға мына бейнені елестетіп көріңізші, өзіңізге қажетті кез-келген ақпарат сіз қалаған түрде қол астыңыздан табылады. Үйде, кеңседе, мекемеде және басқа қаладағы қажетті құжатты көргіңіз келсе, міне ол көз алдыңыздан көрінеді. Бірер минут арасында келісім – шарт үлгісін қағазға басып алу, есепшот жайындағы мәліметті тікелей банкіден білу мәселесі шешіледі. Ақпарат жүйесіндегі жеке адам, кітапхана, мекеме, ұйыммен кез – келген жерден қосылуға болады. Олармен хат алмасу, тікелей сөйлесу, бейнесін көру мүмкіндігі туады. «Бұл ғажайып қиял ғой», - дерсіз. Қателесесіз, өйткені бұл бүгінгі күнгі шындық. Қолыңыздағы кішігірім «Офис»- дербес компьютер (Notebook) ұялы телефон арқылы дүние жүзілік компьютерлердің байланысы (Internet) жүйесіне қосылған. Ал, интернет арқылы дүние жүзін қамтыған тор (WWW- Word Wide Wed) қажетті ақпарат, электронды хат алмасу, әлемнің әр нүктесіндегі адамдар бір – бірінің бейнелерін көре отырып сұхбаттасу, электронды сауда – саттық жасау, оқу орындарынан қашық жерде білім мүмкіндігіне ие болады. Қысқасы, көзііңз көптен көруге, құлағыңыз алшақтан естуге, қолыңыз жетпей – ақ алуға, аяғыңыз баспай –ақ баруға жеткізген өркениеттің игілігі КОМПЬЮТЕР мен мәдениеттің ізгілігі АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ. Компьютер – бұл өте жылдам есептеуіш машина, аса күшті калькулятор. Бар мүмкіндігі санды қосу, салыстыру және жадыда сақтау деп компьютер маманы айтса. Компьютер бұл керемет ойлана алатын интелектісі өте жоғары машина деп компьютер сүюші айтады. Әрине екеуінің айтып отырғандары орынды. Біздің күнделікті естуімізде компьютер сандаған мәтіндер өңделіп суреттің талай түрі туындап, дыбыс пен музыкалар жазылып, бейне қозғалыстар жасалып жатыр емес пе ?! Дегенмен түбінде компьютердің мазмұны бүкіл ақпаратты тек сан түрінде ғана өңдейді және сақтайды. Компьютер саласын жан-жақты зерттейтін ғылым «Компьютер ғылымы» деп , ал ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жанқты зерттейтін ғылым «информатика» деп аталады. ХХІ ғасырда көптеген ақпарат көздерінде «ақпарат ғасыры», «ақпараттық қоғам» деген тіркестермен айтады, біз басты құралы компьютермен болғандықтан «компьютер ғасыры» деп атаймыз. Жаңа ғасырда зат пен энергия көзі емес ақпарат пен білім көзі қоғамның шешуші күштеріне айналады.Жаңа қоғамда ақпарат жайындағы ғылым пайда болары мүмкін. Сол ғылымның басты өзегі Информатика болуы мүмкін информатика ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жақты зерттейтін ғылым дәрежесіне көтерері хақ.....
Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері. 1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды. 2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті. 3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті. 4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды. Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері: Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII –VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина. Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады: 1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі - Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды. 2) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді. 3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді. Көне Греция философиясының негізгі өкілдері. Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анаксимен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Элея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. ....